Асыл мұра

Құран оқымақ ғұламаларды құрмет қылмақ баяны дүр

Қаулуһу тағала: «Иннәһу ләқурәнун кәриим фии китәбим мәкнуун лә йәмәссуһу илләл мутаһһәруун[1]» (Шын мәнінде ол ардақты Құран. Кітапта «Лаухы Махфұзда сақтаулы. Оны тап таза болғандар ғана ұстайды) мәнісін Әбділла ибн аббас әнһума рауаят қылды.

Расул саллалаһу әлейһесалламнан бір кісі Құранда 200 аят оқыса Құдай тағала дүниедегі мақлұқат санынша сауап берер және дұғасы қабыл болғай. Қиямет күні Құран шапағат қылғай. Жан берерде жанын оңай қылып алғай. Көрі нұрлы болар. «Ей, момындар, тозақтан құтыламын десеңіз, Құран оқыңыздар. Құранды құрмет әм ізет қылыңыздар. Енді ылайық дүр, оқушы ықыласпен оқымақ. Егер мәнісін білген кісі болса, мәнісін ойлап оқымақ, мәнісін білмесе бұл Алла тағаланың тәбәрік сөзі дүр. Хақ рас, шын сөйлер. Әрбір Құран әрпінде он сауап болар» деді. Ниет қылып Алла разылығы үшін оқыңдар. Құбылаға қарап отырып Құранды жоғары қойып, көңілі қайғырып, жылап оқысын. Егер жылай алмаса жылаған кісі секілді болып оқығай. Расул әлейһесаллам айтты: «ләм тун ку фәтәбәку» деді, мәнісі «таһарат алып оқығай», үммет аяттары келгенде орнында Алла тағаладан сұрағай «уә кур куле» аяттары келгенде Құдай тағалаға сиынғай, «уәсәббуһу» аяты келгенде тасбих айтқай, субһан аллаһу, уалһәмдулиллаһи, уа истиғфар қылғай және де аят келгенде аумин дегей. Ілімді танып, ілімді құрмет қылғай. Әркім ілімді һәм ілім оқушыны дұшпан көрсе, әрине ақыр түбі көр болғай. Нәғуузу биллаһи минәзәлик пайғамбар саллалаһу айтты: «мәнһәне талыбіл ілуне пахат кәпәрә уә талукат имрәһәтуһу» деген, мәнісі «бір кісі ілімді һәм ілім оқушыны қорласа қатыны талақ болар». «Аллаһу тағала әғләм калән нәббиу әлейс салам мән йухиббул улама мисқала зәррәтин дахаләл наре мәжәннән» деген хадис бар. «Әр кісі ғұламаларды кішкене дос тұтса, ол жәннатқа өмірлік мәңгі кірер. Әр кісі ғалымды жаман көрсе, өмірлік тозаққа кірер». Иншаллаһу тағала және Пайғамбар әлейһесаллам айтты: «мән әкрәма алима фақад әкримни» мәнісі «бір кісі ғалымды құрмет қылса, мені құрмет қылғанмен тең» және де рауаят бар қиямет күнінде һәм арасат[2] күндерінде әр пенденің жақсы жамандықтарын сұрағанда мысалға әр кісіні келтіргенде бірде жақсы амалы болмағай. Ол бишара басын төмен салып тұрғай. Еш сөз айта алмағай. Періштелер оны сүйреп тозаққа алып барғай. Алла тағала тарапынан бір нида[3] келгей «қайтарыңыз тозақтан» деп қайтарар. «Ей, бишара пенде, дүниеде бір ғалымды тәуір көрдің бе?» дегей, ол бишара пенде айтқай: «бір ғалымды сүйген едім» дегей. Сол заман нида келгей. «Сол ғалымды тәуір көргенің үшін пейішке кіргіз» дегей.

Сүре Ясынның қасиеті пазилатының баяны

Әр кім сүре Ясынды оқыса, Хақ Алла оның күнәсін кешкей. 10 мәрте Құран хатым қылғандай болар, кедей болса бай болар. Әр кісі бәле-жалаға кездеспейін десе, ерте оқыса күн батқанша һәм күн батқан соң оқыса азанға шейін Құдай тағала панасында болғай. Егер өлсе шәйіттер қатарында болғай. Егер жан берерде оқыса 2000 періште келіп жақсылық тілегейлер. Әзірейіл әлейһессалам ол пенденің жанын оп оңай алғай. Әр кісі сүре Ясынды күніне 7 мәрте оқыса қиямет күні ол пендеге Хақты Алладан нида келгей:

«Ей, момын пенде, сізге пейіш есігін ашып қойдым, қай есікке қаласаңыз кір» дейді және Расул әлейһессалам рауаят қылды. «Әркім таһарат алып, ықыласымен Ясын сүрені оқыса оның амал намасына 10 мың жақсылық жазғай. 10 мың күнәсын жарылқағай және әр күнде «Фәтиһә» 100 мәрте «Ықылас» сүресін һәм және бір «Ясинді» оқыса ол кісінің орны пейіш болғай және Расул әлейһесаллам айтты: «Әркім жатар уақытында 5 істі қылмай жатпасын. Әуелі 4000 мың теңге пақырларға садақа берсін. 2) Құран хатым қылмайынша жатпасын. 4) ғаріп көңілін шат қылмай жатпасын. 5) пейішті сатып алмай жатпасын.

Хазіреті Әли айтты: «Ия, расул Алла, бұл 5 істерді бір күн кеште қалай істеуге болады» деді. «Бұл өте қиын іс қой» деді. Хазіреті Расул саллалаһу әлейһесаллам айтты: «Ия, Әли, 4 мәртебе «Фәтихә» сүресін оқыса 4000 мың теңге садақа қылмақпен барабар. 3 мәрте «Ықыласты» оқысаң барлық Құран хатым қылғандай болар. 10 мәрте салауат оқысаң қағбаны тауап қылғанмен барабар болар. 4 мәрте калиманы тәухитті оқыса ғаріпті күш қылғаның, 10 мәрте «астағфирулләһи азим әу әтубу иләйһ[4]» десе пейішті сатып алған болар. Ибн Аббас рази аллаһу әнһумә рауаят қылды. «Расул саллалаһу әләйһи саламның әр кім баласына ілім үйретсе, ұстазға берсе баласы бір мәртебе бисмилляхи рахмани рахимді айтса тозақтан азат қылғай» және расул Алла айтты «парыз намаз соңында Аятул күрсіні оқыса, ол пенденің орны пейіш болғай», уа тағы да бір кісі расул Алладан сұрады: «Баласына Құран үйретсе пайдасы бола ма» деді. Расул саллалаһу әлейһесалам айтты: «өте сауабы көп дүр, әр әрпінің сауабына жетіп болмас». Сол заман хазіреті Жәбрейіл әлейһесалам жетіп келді, айтты «Ия, расул Алла, Құдай тағала сізге сәлем деді және әр кім баласына ілім үйретсе 10000 мәрте қағбаға тауап қылғандай болар. 10000 мың аш адамды аухат жегізгендей болар. 10000 жалаңаш адамға киім бергендей болар». «Е, мұсылмандар, біліңдер уа әғәһ болыңдар жан бермектің ащысынан қорқыңдар. Мүңкір-нанкір[5] айбатынан, көр қараңғылығынан, қиямет уайымынан, тозақ азабынан қорқыңдар. Істеген күнәларыңа тәубе қылып, оқыған бес уақыт намаздарыңды жамағатпен оқуға тілек қылыңдар. Уа, нәпіл намазын оқуға әдет қылыңдар. Түнде тұрып тәһәжут намазын оқыңдар». Күн найза бойы шыққан соң сәскелік намазын оқыңдар. Күн батқан соң ауабын намазын оқыңдар. Уа сүннәт муккәуәні қоймаңдар. Уа тағы да күні-түні намаз, Құранды оқымақты әдет қылыңдар. Егер өзіңіз оқып білмесеңіздер, оқып білетін кісіні шақырып оқытып тыңдаңыздар. Егер бір кісі Құран оқыса естушілер тыңдап отырса, ол кісіге Құран оқығанның сауабын берер. Егер мәнісін білсе, мәнісін пайымдап аңғарып отырсын, білмесе Алла тағаланың мүбарак кәләмі дүр деп әр бір әрпіне он сауап болар деп үміт етіп тыңдап отырсын. Істеп жатқан іс болса ол ісін қойып тыңдасын. Құран оқылғанда зікір тәсбихын да айтпасын. Әлбетте тыңдап отырғанда сауап көп дүр.

[1] «әл-Уақиъа» сүресі, 77-79-аяттар

[2] Арасат /а/ – қиямет күні адамдар жиналатын орын

[3] Нида – дауыс, үн

[4] Алладан кешірім сұрау, тәубе келтіру

[5] Мүңкір-нанкір – о дүниеде, қабір ішінде адамнан сұрақ-жауап алатын періштелер

Карамат.

Мукіматіл муслимин кітабы

Қазан баспасы Мукімат Әли қаражаты илән 190 лз: басылған

6/Х-70

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button