Тоғызыншы бап. Намаз қылмақ баяны дүр
Қаулуһу тағала: «Ақимис салатә лидулуукиш шәмси илә ғасәқил ләйли» (Түс қиғаннан түннің қараңғылығына дейін намаз оқы) деп харсы Салман рази аллаһу рауаят қылды. Расул лиллаһи мұстафа саллалаһу әлейһиссалам, мен барғанда бір ағашты сілкіді, жапырақтары төгілді. «Салман әр момын кісі намазда рукуғқа ия сәждеге барса күнәлары осы ағаштың жапырағындай төгіледі» деді. «Егер намаз үшін таһарат қылса әр тамшы суындай жақсылық болар» деді және «намаз қылса ол кісіге Құдай тағала ырза болар, періштелер досы болар, қиямет ыстығында көлеңке болар, мизан[1] таразыда сауабы ауыр болар, пейіштің есігін ашушыдай болар».
Әркім бес уақыт намазын жамағатпен оқыса ол кісіге 5 нәрсе пайда болар:
1) көр азабынан,
2) көрі жарық болар,
3) намасын оң қолына бергейлер,
4) Сираттан оңай өтер,
5) пейішке кірер, зинһар намазға жалқау болмаңдар, намаз діннің ұстыны[2] дүр.
Расул құда айтты: «Әссәлату ъимадуддин мән ақамаһә фақад ақамаддин» (Намаз – діннің тірегі, кім оны бекітсе, ол дінді бекіткен болады) деп мәнісі «әркім намаз оқыса діні өзінде тұрар. Намаздың ұстыны дүр. Кімде кім намаз оқымаса діні ойран болар» және айтты «мислә салатил хамс камислә нәһри жари ғамрин әлә баби әхәдикум иағтасилу минһу кулла иаумән хамса марраат» (Бес уақыт намаздың мысалы күніне бес уақыт жуынатын біреудің есігінің алдында ағып жатқан өзен сияқты.
Пайғамбар құдай айтты: «Бұл бес уақыт намаз есігіңнің алдында ағып жатқан су секілді, бір кісі әр күні ол суға бес мәрте шомылса оның денесінде кір қалады ма?» деді. Сахабалар айтты: «Кір қалмас» деді. «Олай болса бес уақыт намаз қылыңыздар, осы айтылғандай күнәларың жуылар» деді. «Қаулуһу иннәл әсәнәтс ауіз іитінәс сай әте» мәнісі «жамандықты кетірер» деді.
Тағы хадис шариф бар дүр: «мән һаиизә олә әуб ләһес салатә камсе мәкті вәте пін жамате кәнә әубәлмән йәжузо олә сратіл варе ілләмәә уа әлуәр әллдһу таал мәә әубәл зумрате мнәесәвкинә уәкәнәләһу ти кулле иәумә ләйлә иіән уә әиызе иллинә ләһу әжурун кәжіріш шәйт» мәнісі бір кісі парыз намазды жамағатпен бірге оқыса ол кісі сират көпірден жай сияқты ағып өтер және ол кісіні жақсы адамдар қатарына бірінші тұрғызар, әр күні түні Құдай тағаланың ырзасы үшін шәйіт болған кісінің сауабын берер және бір хадис «әннәл әбд изә қама салату футихәт иләһу әбуәбул жаннәтә уа кутбә ләһул ижубу бәйнәһу уә бәйнә рәббиһи уә әстәғһәлул һурул һайн» мәнісі «қашан бір пенде намаз оқуға тұрса ол кісіге пейіш есіктері ашылар, перделер көтерілер, хор қыздары даяр болар һәм қарсы күтіп тұрар. Енді бес уақыт намазды жамағатпен бірге таһаратпен мұстажап[3] уақыттарында оқу керек. Жалқаулықпен оқуға сақтаныңыздар. Себебі намаз оқығанда Алла тағаламен сырласқандай, Алламен сырласқанда көңілді Аллаға беріп тұру керек және кіммен сырласып тұрғаныңды ойланып тұру керек, ғапыл болмау керек, намазда көңілді басқа нәрсеге бұрмағай.
Егер бір кісі намазға жалқау болса тоғыз бәлеге кез болар.
1) ырызғысы кем болар,
2) дұғасы қабыл болмас,
3) дүниеден кетерге себеп болғай,
4) Мүңкір-нанкір сауалына жауап бере алмағай,
5) көр азабы қатты болғай,
6) көрі қараңғы болғай,
7) амал намасын сол қолына бергей,
8) таразыда күнәсы ауыр келер,
9) Сират көпірінен оңай өте алмағай және бұдан басқа жаманшылықтың есебі жоқ дүр.
Зинһар өне бойы ойланыңдар, шын ықыласпенен намаз оқуға, әркім жамағатпен намаз оқыса Алла тағала пейішке бір сарай пайда қылар және Расул құдай айтты: «Нәпіл намазды көп оқыңдар, әр рәкат намаз тозақ отына перде болғай, әркім сәскелік намазын көп оқыса оның намасына хаж сауабын жазар, бұл намаз оқымақтың қасиеттерін тегіс тамам ғып жазып болмас».
Хикаят
Расул саллалаһу әлейһесаламға бір кісі келді де айтты: «Ия, Расул Алла осы дүниеде көп кәсіп қыламын, бірақ ісімнің берекесі жоқ, – деді. – малым көбеймейді» деді. Пайғамбар айтты: «Үйіңде бейнамаз[4] кісі бар шығар» деді. Бұл кісі айтты: «Үйімде бейнамаз жоқ дүр». Расул Алла айтты: «Айналаңда бейнамаз бар шығар». Ол кісі айтты: «Рас, айналамда бар» деді. Пайғамбар айтты: «Ол бейнамаз намаз оқысын, я болмаса кетсін, егер ол кетпесе, сен кет. Айналаңда бір бейнамаз болса ол жерде берекет болмас» деді. «Егер бір шаһарда намаз оқымайтындар болса, ол шаһар көпке тұрмас, ойран болар» деді. «Заманның бұзылмағы халықтан, береке кетуі, түрлі бұзықшылық шығуы бейнамаздың көбеюінен, өтірік һәм зина көп болғандықтан болар» деді.
Ей, мұсылмандар, намаздың сауабын естідіңдер, қашан қиямет күні болса момын құлдар көрден тұрғанында Хақ тағала әмірімен көрлеріне пырақ келер, түйеден кішілеу, аттан үлкенірек болғай, нұрдан жаратылған, аяғын ол пырақ бір басқанда 500 жылдық жолды басар. Ол пырақ айтқай: «Ей, Хақ тағаланың сүйген пендесі, ол дүниеде ұйықтап жатқан ұйқыңды бөліп, шайтан сөзін сындырып, таһарат[5] алып ерте бамдат намазын оқып едің, мен сол намазыңның сауабымын дер. Кел маған мін». Ол құл пыраққа мініп, хазіреті атамыз Адам әлейсалам қасына алып барар. Онан соң одан жақсырақ бір пырақ келер. «Ей, Алланың сүйген пендесі, маған мін, мен бесін намазының сауабымын. Сен істейтін ісіңді қойып, Алла тағаланың ырзалығы үшін бесін намазын оқыдың» дегей. Ол пырақ хазіреті Ибраһим әлейһесаламға апарар және бұдан да жақсырақ бір пырақ келер, айтар: «Ей, момын пенде, маған мін, мен намаздыгер намазыңның сауабымын» дер. Ол пырақ хазіреті Мұса әлейһесалам қасына апарар және одан да көркемірек пырақ келер, айтар: «Ей, Хақ тағаланың сүйген пендесі, маған мін, мен намазшам намазыңмын» дер. «Оқыған сауабың үшін келуім» дер. Ол Иса әлейһесаламның қасына алып барар және одан да жақсы пырақ келер: «Ей, Хақ тағаланың сүйген пендесі, мен құптан намазыңның сауабымын» дер. Ол хазіреті Мұстафаның қасына алып барар. Расул саллалаһу әлейһесалам айтты: «Ей, момын пенде, нендей тілегің болса иншалла орнына келер, мен саған шапағат қыламын» деп сүйіндіріп, қуантар. Хазіреті Әли кәрәмуллаһи анһу айтады: «Әркім намазды жамағатпен оқуға әдет қылса, қиямет күні оның намазын таразыға салса, 7 аспан, 7 қат жерді, барлық тау-тасты, барлық дүниеде бар нәрселерді екінші басына салса, ол намаз ауыр келер». Иншаллаһу тағала: «Ей, мұсылмандар, кімде кім осы намаз қасиеттерін естіп, жамағатқа келмесе, ол кісі батпақ бұзықтардан болар және ей, мұсылмандар, қатын, ұл-қыздарыңа, әулеттеріңе намаз оқуға бұйырарсыз».
Таһарат баянында
Расул саллалаһу әлейһесалам айтты «туәси ырзық» мәнісі таһаратпенен жүрмек ырызғыны көбейтер. Егер таһаратта жүргеніңде өліп кетсе шәһит болар.
Хикаят
Хазіреті Иса әлейһесалам заманында бір қатын өне бойы таһаратпен жүрер еді. Күндерде бір күні қатын ерте тұрып нан пісірейін деп ошаққа от жақты да өзі намаз оқуға кірісті. Жас баласы бар еді. Ошақ алдында отыр еді. Шайтан әләйһи лағнат келіп азғырды да айтты: «Ей, қатын, ошақтағы наның күйді» деді. Ол қатын намазын бұзбады. Шайтан ол қатынның баласын отқа тастады да: «Ей, қатын, балаң отқа күйді» деді. Ол қатын намазын бұзбады. Хақ тағаланың құдіретімен ол бала ошақ отына ойнап отырды. Біраздан соң атасы кірді де көрді, қатыны намаз оқып тұр, баласы от ішінде ойнап отыр. Атасы тез Иса әлейһесаламның қасына барып: «Менің үйімде бір іс бар, жүріңіз» деді. Иса әлейһесалам көріп тамаша қылды. Ол қатыннан сұрады: «Сенің қандай кереметің бар?» деді. «Балаңыз отқа күймеген» деді. Қатын айтты: «Менде түк те керемет жоқ дүр, бірақ мен үш істі істеймін» деді. Иса әлейһесалам айтты: «Ол қандай істер?» деді. Қатын айтты: «1) дәретсіз жүрмеймін» деді. «2) ақырет ісін істеп, дүние ісін істемеймін» деді. «3) Алла тағаланың бергеніне шүкір қылып, разы боламын» деді. Онан соң Расул әлейһесалам айтты «Ей, қатын, егер еркек болсаң Пайғамбар болар едің» деді.
Хикаят
Хазіреті шайхы әбу Мәнсұр раһмәтулләһи таһаратсыз еш жүрмеген еді. Бір күні ауырды, іші өтті, еш дәрі ем болмады. Бір түнде 70 мәрте таһарат алды. Ақыры өлді. Бір жақсы кісі бұл шайхыны түсінде көрді. Пейіштен пырақ келіп әбу Мәнсұр хазіретті мінгізіп кетіп бара жатыр, қасында 700 пырақ бар дүр. Ол кісі сұрады: бұл пырақтар кімдікі деп шайхы айтты: «менікі дүр. Бір түнде 70 мәрте таһарат алдым, Құдай тағала әр таһаратқа 10 пырақ берді. Айтты мұсылмандар таһарат намаз ашушы дүр, ақирет нұры дүр. Пайғамбар әлейһесалам айтты: «мән сәлләс сәләтәл хамсә фил жамаъат жилуллат тағала би әрбәъәтин нур нурин жуажси нурин фиауил ахират» «әркім бес уақыт намазды жамағатпен оқыса 4 нұр берер Алла тағала. Әуелі ол халық арасында беті нұрлы болар, 2) көңілі нұрлы болар, 3) қабірі нұрлы болар, 4) ақиретте нұрлы болар. «Әссалату мәул иман кәмә ләйәнбутуз зәру иллаил мәл кәзәликәл иману ләйәнбуту иллә биссалати» мәнісі «намаз иманның суы дүр. Егін суға қалай көгерсе, таһаратпен иман да солай көгерер, түрлі жеміс берер, намаз да солай дүр, намаз оқығанның иманы нұрлы болар және пайғамбар әлейһесаллам айтты: «мән тәрәкәс сәләта мутәъәмидән бақиа фин нари саманинә хуқбән» мәнісі «бір кісі қасастан бір намазды қаза қылса тозақ ішінде 80 хақаб болар, әр хақаб 80 жыл болар. Есеп жасаңдар барлығы 6400 жыл болар. Бір намаз қазасы сондай болса, ешбір зінһар намазды тәрік қаза қылмаңыздар.
[1] Мизан – таразы
[2] Ұстын – тірек
[3] Мұстажап – лайық
[4] Бейнамаз – намазы жоқ, намаз оқымайтын
[5] Таһарат /а/ – жуыну, тазару
Карамат.
Мукіматіл муслимин кітабы
Қазан баспасы Мукімат Әли қаражаты илән 190 лз: басылған
6/Х-70