Білген Шайыр айтады

Дүниені махшарға келтіргені

47-ФАСЫЛ

Ол күні құдіретіңнен һайиу әкрам,

Махшарға келтірділер дүниені һәм.

Ақ басты, қара жүзді кемпір болып,

Әр заман қорқытатын шығарар дәм.

 

Аузынан шыққан демі кеткей сасып,

Тұрғайлар сасықтығы хәдтен асып.

Иісінің жаманына шыдай алмай,

Айтарлар махшар халқы зар жыласып.

 

Деп айтар: «Е, Құдая, хакімі құл,

Біздерге қайғы болды артықша бұл.

Иісінің сасығынан тұра алмадық,

Пазылыңмен бұл кемпірден алысқа қыл».

 

Пендеге періштелер айтады сөз:

«Кемпірден қашасыздар баршаңыз тез.

Жүзіне назар етіп қараңыздар,

Ілгері көрдіңіз бе бұны әркез?»

 

Пенделер періштеден мұны естіп:

«Біз мұны білмейміз» дер ауаз етіп.

Мәләк дер: «Осы кемпір дүниең дүр,

Дүниеде сүйердіңіз хәдтен өтіп.

 

Өміріңіз мұныменен өтті бәрі,

Тынбастан жүр едіңіз іздеп мұны.

Неге сіз енді мұны танымайсыз,

Жаман деп иісі сасық бұл дүниені».

 

Пенделер мұны естіп қапаланар,

Дүниенің кәрденіне зәнжір салар.

Тозаққа тастамаққа сүйрегенде,

Арзы етіп осы сөзді аузына алар.

 

Дүние айтар: «Е, Құдая, әкімі құл,

Ырзамын не қылсаң да үкіміңе бұл.

Ешкімге зұлым етпейтін падишасың,

Маған да зұлым етпей әділдік қыл».

 

Алла айтар: «Көңліңде бар не мүддаға,

Мәлім ет зұлым етпейін әркез сәңә».

«Дүниеде тірлігінде бірге жүрген,

Бар еді құлдарыңда жолдас мәңә.

 

Көп жандар алдауыма көңіл бөліп,

Артымнан ашық болып жүрген еріп.

Әділ етсең оларды да сал тозаққа,

Менімен бірге жатсын тозаққа еніп».

 

Алла айтар: «Сенің болса жолдастарың,

Шақырғын аузыңа алып атын оның.

Үкімім сол қасыңа ерген адам болса,

Тозаққа бірге алып бар оның бәрін».

 

Дүние һәм бұл тозаққа ырзаланып,

Шақырғай бір мәртебе айғай салып.

Дүниеқор пенделерді шақырады,

Аттарын баршасының аузына алып.

 

Алланың жамалына ашықтар бар,

Дүниені ойламаған тақуа құмар.

Қышқырған ол ауазды естіместен,

Көңліне қауіп, қатер келіп тұрар.

 

Айтады жолдастарым менің қайда,

Дүниесін сарып қылған арам жайға.

Біреудің басын кесіп, қанын төгіп,

Зұлым етіп мол алғандар қылып пайда.

 

Мені іздеп тұтпағандар ораза, намаз,

Малынан бермегендер зекетті баз.

Өзіне парыз болған хажға бармай,

Артымнан іздеп жүрген мені қыс-жаз.

 

Дүниеде алғандар бар бірі бірін,

Алмаған ата-ананың әркез тілін.

Қоңсысын, жақындарын азарлантып,

Бермеген кедейлерге қайыр пұлын.

 

Мені іздеп күндіз рахат көрмегендер,

Көзіне түн ұйқысы келмегендер.

Зина қып, шарап ішіп, құмар ойнап,

Хақ әмірі құлағына енбегендер.

 

Алладан баршаңызға болды пәрмен,

Бұл күні бір жүресіз менің бірлән.

Сіздерді жолдас қылып алып барып,

Деп айтар тозақ ішіне жатадүрмән.

 

Есітіп дүниеқорлар қалтырап көп,

Орнында ойланса да тұрайын деп.

Ағаштың жел аударған жапырағындай,

Кемпірдің тұрадүрлар қасына кеп.

 

Муаккил періштелер алып барар,

Дүние мен баршасын һәм тозақ салар.

Бір бірі күнәсінің мықдарынша,

Тозақта азап көріп отқа жанар.

 

Дүниені сүйгендердің ахуалы бұл,

Тозақта біргелесіп жатадүр біл.

Бір адам сауал етсе бұл күндерде,

Сасығы білінбес деп қалайша бұл.

 

Жауабын білдіреді қылып ызһар,

Бір туған тері илеген дүкендер бар.

Ол үйге тысқарыдан біреу барса,

Білініп жаман исі тұра дүрлер.

 

Білмейді үй егесі ешбір исін,

Әуелден біргелесіп тұрған үшін.

Ол үйдің сасығынан сауал етсе,

Егесі білмейміз дер жаман исін.

 

Дүниеде жүргендердің мысалы сондай,

Іздейді сасық исін пәруа қылмай.

Дүниеге басқа жайдан келер болса,

Иісінен қашар еді ләһза тұрмай.

 

Сасығы білінбеген бұл дәлелі,

Айттылар ілгеріден және бірі.

Әзірет Адам ата, Хауа анамыз

Жәннаттан осы болып түскен күні.

 

Дүниенің жаман исін көңлін алып,

Қырық күн-түн есін білмей жатты талып.

«Мүзәккір нәуиіс» атты бір кітапта,

Бұл сөздер айтылады мәулімденіп.

 

Құдая аты аталған бұл дүниені,

Жүремін күні-түні іздеп оны.

Ақырғы халатымда тауфиқ беріп,

Кемпірге жолдас қылма ол күн мені.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button