Дотанның ханға айтқан жауабы:
«Тақсырхан, уағадаңнан жаңылмағын,
Жазира алады деп қамқылмағын.
Жазира өлгеннен соң қызың бермей,
Қалаңды бекер-босқа шаң қылмағын!»
Калмаққа жүрмек болды «тәуекел» деп,
«Оңдаса Жаппар Алла, алайын»,– деп.
Патшаның Телқоңыры жетекке алды,
«Алдыңа басын әкеп салайын»,– деп.
Алмады жалғыз жолдас осы бала,
Оңдасын ердің жолын ХақТағала.
Ер Дотан «Иә, Алла!»– деп түсті жолға,
Айдады Жаппар Алла, барма шара?
Сауыт киіп, садағын қолына алды,
Алланы мінәжат қып көңіліне алды.
Жалғыз барып қалмақпен соғыспаққа
Бастарын қос тұлпардың жолға салды.
Жалғыз кетті жас бала,
Бір Құдайға жалбарып,
Қылады күнде көп нала.
«Бағымды, Құдай, ашқын!– деп,–
Дұшпанның көңілін басқын!»– деп,
Айтады күнде мың сана.
«Талап қылдым қалмаққа,
Шаһарын бұзып алмаққа,
Жаратқан Тәңірім, бол пана!»
Жөнеді бала, жөнеді,
Шәкпір ұрып келеді,
Құдайға пенде болғансын,
Не салсада көнеді.
Тоғыз күн ұдай жол жүріп,
Азғана емес, мол жүріп,
Қалмақтың шаһарын көреді.
Құбыладан соққан борандай,
Қос тұлпардың тозаңын
Бұрқыратып келеді.
Шаһардың күндік жерінде
Тоғыз кісі аң аулап,
Қарауылда жүреді.
Келе жатқан жас бала
Бұларға жетіп келеді.
Бірін-бірікөреді,
Жолын сұрай береді.
Сонда бала сөйлейді,
Сөйлегенде бүйдейді:
«Менің өзім баламын,
Оттай қаулап жанамын,
Жасымнан қайғы көргенім,
Ішім толған сәнамын.
Ханыңа барып сәлем айт,
Алламаған жар болса,
Басын кесіп аламын,
Жұртыңа бүлік саламын.
Іздегенім – шәджағат,
Мұсылманға панамын».
Сонда бұлар сөйлейді:
«Тұра тұр енді сіз,– дейді, –
Баралық елге біз,– дейді.–
Жапа-жалғыз жас бала,
Майдандын егеіз дейді?!»
Бала тұра қалады.
Олар шауып желбіреп,
Ханына жетіп барады.
Кіріп барып ханына
Енді сөйлей береді,
Тоғызының ішінен
Біреуі жауап береді:
«Келді жалғыз бір бала,
Он сегізде жасы бар.
Мен байқасам, баланың
Мың кісілік басы бар.
Қол астыңдағы еліңнен
Бір кісі шықпа соған пар.
Қаңтарда жауған бұлттай
Заһарлы суық түсі бар.
Іздеп келді өзіңді,
Соғысатұғын ісі бар.
Бұл жұрттан бөлек тұрпаты,
Сан кісілік күші бар».
Жүз байталды апарып,
Хан алдына салады.
Жылқыны көріп, Шынтемір
Елі-жұртын жияды.
Екеуінде бітірді,
Екі қайта сынады.
Әр түліктен мал сойып,
Енді тойын қылады.
Қызын неках қылмаққа
Дотансынды батырға
Ақылына сияды.
Жаратқан барша жандыҚұдайым-ды,
Жамандар көп ойлайды уайымды.
Той қылып Шынтемірхан гулеп жатыр,
Болады бір бұзықтан сөздайын-ды.
Тойқылып Шынтемірхан гулеп жатыр,
Жиылды тамашаға өңшең батыр.
Бар екен ханның биі Орман деген,
Тойына шақырған соң келе жатыр.
Отырды хан қасында дардай болып,
Шөктірген жота жерге нардай болып,
Аздырмаққа ол ханды ойқылады,
Сөз аңдыған ұрғашы қарыдай боп.
Оңашаға ол ханды шақырады,
Естуге бидің сөзін хан тұрады.
«Жалғыз жүрген жолаушыға қыз берме!»– деп,
Патшаны шайтан болып азғырады.
«Ай, тақсыр, ой ойламай, неге састың?
Малыңды неге сойып, бекер шаштың?
Алдалық амал менен ол баланы,
Ұят-ты қыз алғаны жалғыз бастың!
Жалғыз басқа қыз берме, тақсыр ханым,
Қызың берсең, бұл жұртқа кетер сәнің.
Жүз байталға қызыңды неге саттың?
Атасы хан болмаған, білсең, оның».
Патшаңыз мына сөзге тоқталады,
Бұзуға уағдасын оқталады.
«Кім аты озса, қызды алады!» – деп,
Балаға Шынтемірхан сөз салады.
«Той болған соң ат шаппай жараспайды,
Жақсыға жаман кісі жанаспайды.
Аты қалса, қызымнан құр қалғаны»,–
Деп Шынтемір тағы да сөз бастайды.
«Бұл сөзің,– Дотан бала,– жарар,– дейді,–
Не айтсаңда бәрі аузыңа қарар,– дейді. –
Бәрекелді, ат шаппақ жақсы кеп!»– деп,
Ер Дотан мақұл көріп, «барам»,– дейді.
Патшамыз уағдасынан неге тайған?!
Қорқытып Жазира хан жүрек шайған.
Уағдасынан патшаның тайғанысол –
«Аты озған алсын»,– деп жауап айтқан.
Дотан бала патшаға кісі салды,
Қаракөкті егерлеп мініп алды.
«Аты озған жан қызыңды алмақ болса,
Шығар,– деп,– бәйге атыңды!»– айқай салды.
Бұл сөзді хан есітті хабар барып,
Ат жиды хан еліне қаһар салып.
«Екі қонып, үшінші күн қайтыңыз»,– деп,
Айдады үш жүз тұлпар жиып алып.
Тартады үшінші күн аттың басын,
Сөзіме тыңдаған жан таңырқасын.
ЕрДотан Қаракөкке өзімінді,
Көрінді үш жүз аттан күші басым.
Ат қайтты Сары жазықтан шұбатылып,
Жалғызға қылсын Алла жәрдемшілік.
Сан қолдан жеке-дара озып кетті,
Дотанның Қаракөгі жалғыз шығып.
Аруағы ЕрДотанның асады енді,
Қамшыны Қаракөкке басады енді.
Сан қолдан жалғыз келген көк тұлпарды
Көргенсін, Шынтемірхан сасады енді.
Көк тұлпар үш жүз аттан жеке келді,
Бір Құдай бейшараға медет қылды.
Құдайға шүкір қылды Дотанбала,
Қорқытты ханы түгіл, бүкіл елді.
Қаракөк үш жүз аттан жеке келіп,
Отырды жолаушылар көңілі тынып.
Аты озып ЕрДотанның, алды бәйге,
Аты қалып, хан отыр сағы сынып.
Тағыда ханға Дотан кісі салды,
Жіберді тау көтерген батыр шалды.
«Уағдасымен тез енді қызын берсін,
Бермейтін Күнікейді несі қалды?!
Уағдасынхан енді Қайта-қайта бұзбасын.
Азғырылып әркімге,
Жел сөздерге қыз басын.
Берсін қызын тез енді,
Уағда қылған,
Бекер қаңғып қозбасын!»
Хан айтты: «Бірбәйге бар, бәйге күрес,
Орынсыз бекер сіздер қылма егес.
Бәйге тігіп, бір палуан тұрғызалық,
Ерлерге асығыстық мақұл емес.
Саған бермей қызымды не қыламын,
Қыз бермекке ел жиып, тойқыламын.
«Хантойы» деп айтады мұның өзін,
Қылалық көп тамаша енді, жаным.
Көрерсізкөптамаша, әройындар,
Тамашаға келіп тұр көп адамдар.
Палуан күре сқылалық бәйге тігіп,
Жарыссын онан кейін жаяу жандар.
Күрессін екі жақтан палуандар,
Көрсетсін әр бір өнер алуандар.
Көрелік палуандардың тамашасын,
Қарасын тамашаға тірі жандар».
ЕрДотан «мақұл» дейді хан сөзіне,
«Не десеңде көнемін, хан, өзіңе.
Уағдаңды қайта-қайта бұза беріп,
Күйе жағып жүрмесін, хан, жүзіңе!»
Хан шығарды палуанын батыр Барақ,
Жиылған күллі шаһар тұрды қарап.
ШығыптыТаусалмақ тағы шенді бұған,
Келеді күреспекке қылып талап.
Күресті екі күндей екі палуан,
Көрсетті түрлі өнер алуан-алуан.
Тілеуі Ер Дотанның дұрыс болып,
Барақты көтеріп ап, жыға салған.
Балуаны Шынтемірхан жығылады,
Балшыққа басы барып тығылады.
Жаяу бәйге қылғаннан оза алмаса,
Тамам жұрт бір-біріне соғылады.
Қылады жаяу жарыс мұнан кейін,
Жеңілсек не болар деп үшке дейін.
Бір кемпірді шығарды Шынтемірхан,
Азырақ жаяулардан сөз сөйлейін.
ШығардыЖелаяқтыбатырДотан,
Медеттілеп тұрады бір Құдайдан.
Екі етекті беліне түріп алып,
Екеуі үш күншілік жерге барған.
Екеуі үш күншілік жерге барды,
Отырып, бірарададеміналды.
«Ай, шешеке, мен қатты шөлдедім»,– деп,
Желаяқ қу кемпірге айтып салды.
«Шөлдесең, міне, сусын, ай, қарағым, –
Даярлап қолына алды ақ арағын.–
Жаяуға жеңіл болар бұл, ай, шырағым,
Жан қалтамда бар еді ақ шалабым».
Қулығы қу кемпірдің асады енді,
Арақ ішіп, Желаяқ сасады енді.
Желаяқ мас болып бір қалған жерде
Қу кемпір елге қарап қашады енді.
Бір күн, бір түн жөнелді кемпір қашып,
Желаяқты қалыпты қара басып.
Желаяқ бір күннен соң есін жиып,
Қарады төңірекке көзін ашып.
Қараса, қу кемпіржоқ, кетіп қалған,
Күн көтеріліп, сәскеге жетіп қалған.
Екі етегін беліне түріп алып,
Артынан «Иә, Алла!»– деп бұлда салған.
Екі етегін түріп ап, жүріп кетті,
Жүрген ізін кемпірдің көріп кетті.
Бір күн, бір түн алдынан бұрын кеткен
Кемпірді дәл бесінде қуып жетті.
Бір уыс топырақты қолына алды,
Қасына қу кемпірдің жақын барды.
«Жеттің бе, шырағым?»– деп жалтқараса,
Көзіне топырақты шаша салды.
Кемпір қалды көзіне топырақ кіріп,
Желаяқ кетіп қалды зыр жүгіріп.
Желаяқтап сол күні күн батпастан
Отырды демін алып елге келіп.
Сонда хан мұны көріп, қайғыланды,
Үшке шейін қалған соң назаланды.
Таңатып, ертең сәске болғанында
Тырбаңдап сорлы кемпір зорға келді.
Хантағы жарлық қылды жұртын жиып,
Екі жұрт бір қыз үшін жанын қиып.
«Жамбы аттырам!» – деп сонда бәйге қылып,
Бір қарағай орнатты тіптен биік.
Ол жерге тағы келді ел жиылып,
Құдайға бір қыз үшін көп сиынып.
Қалтаға ат басындай алтын салып,
Қарағайдың басына қойды іліп.
Алтынды қарағайға асады енді,
Мергендер мылтықтарын басады енді.
«Оқ тиіп, біреуіміз өлерміз»,– деп,
Қорқақтар быт-шыт болып қашады енді.
Атады талай мерген мылтық алып,
Барады талайының көңілі қалып.
Үш жүз мерген жиыпты Шынтемірхан,
Тамам жұрт қарап тұрды көзін салып.
Барады Аққу атқан оған таман,
«Мергендер, келмеді ме бұған шамаң?
Бәріңде түсіре алмай шаршадыңдар,
Азырақ сабырқылып, берші маған.
Атып болсаң, бәріңде былай тұрғын,
Сіздер менің өнерімді сынайтұрғын.
Жамбыны бір атқаннан мен түсірсем,
Ыза болып бәріңде жылайтұрғын!»
Сұрмерген келе жатыр мылтық алып,
Кезек берді баршасы қарай қалып.
Көздеп тұрып мылтықты басып еді,
Оғы кетті жамбыны жұлып алып.
Жаратқан барша жанды Жаппар Алла,
Әрқашан жалғыздарға болғай пана.
Жамбыны бүгін түсте атып еді,
Түседі қайта айналып сол уағында.
Кешегі атқан жамбысы бүгін келді,
Барша жұрт мұны көріп, қайран болды.
Бәйгені төртке дейін алғаннан соң,
Сандалып Шынтемірхан қайғыланды.
Сонда елін Шынтемірхан жиып алды,
Ұлық-кішік бәріне ақыл салды.
Басындағы азғырып ақыл айтқан
Қасына Орман дейтін биін алды.
«Би едің, өзің қазы, ақылың дана,
Қорқытты ғой мені енді осы бала.
Отыз күндей тоқтаттыма малменен,
Бір ақылды тапсаңшы тағы жаңа».
Орман би сөз сөйледі сабырқылып,
Сасқанын Шынтемірдің анық біліп:
«Баста күдер үзгізбей, бермеймін деп,
Несіне енді маған тұрсыз келіп?!
Падиша, айырылыпсыз дана сөзден,
Осынша сасып тұрмақ өзіңізден.
Беремін деп қызыңды уағда қылмай,
Неге ақыл сұрамадың бұрын бізден?
Айтайын бір ақылды енді сізге,
Бұл бала бәле болды осы кезде.
Күнікейді бір жаққа қашыралық,
Таппаған боп, қаралық өзімізде.
Қырық жігіт алып кетсін түнде барып,
Сандықпенен арбаға салып алып.
Қайда кетіп қалғанын қайдан білсін,
Таппаған боп, қаралық ертіп алып».
Хан сонда мына сөзді ма құл көрді,
Жиылып, сарайдағы қызға келді.
Ұйықтап жатқан жерінде оятпастан,
Күнікейді сандыққа салады енді.
Сандықтың тас бекітіп аузын жапты,
Сандықты әкеп арбаға таңып апты.
Қашқалы жатқанында Жер тыңдаушы
Бәрінде осылардың естіп қапты.
Жер тыңдаушы Саққұлақ бәрін білді,
Білгенсін, жай отырып өзі күлді.
Бұлардың істеп жатқан әрекетін
Қасында жолдастарға баян қылды.
«Мынау ел бір әңгіме ойлап жатыр,
Арба жегіп, аттарын сайлап жатыр.
Күнікейді сандыққа салып алып,
Ол сандықты арбаға байлап жатыр.
Осы күн жүріп кетті, маған нансаң,
Біздердің есіткенімізді білсін қайдан.
Білгенімді мен сізге баян қылдым,
ЕрДотан, айналайын, көңілің тынсын».
ЕрДотан құлақ салды тыңдап тұрып,
Хан бұзды уәдесін Құдай ұрып
«Соғыс қылып, шаһарды қиратам!»– деп,
Дотан тұра жөнелді атқа ұмтылып.
ЕрДотан қаһарланып, ақырады,
Қасына жолдастарын шақырады.
Көзбайлаушы алдына жетіп келіп,
«Неге қапа болдың?»– деп сөз сұрады.
ЕрДотан сөйлемеді ашу қысып,
Жолдастың бәрі келді жүгірісіп.
«Көзін байлап, тал түсте ап келем»,– деп,
Жолдастарға айтады басын қосып.
Барайын дұға оқып, қашқандарға,
Өз-өзінен жалбырап сасқандарға.
Алтауымыз алты мыңдық адамдармыз,
Құтылмас ұшып кетпей аспандарға.
Қашқандарға [жетейін] түнде барып,
Келейін сандығымен ұрлап алып.
Өздері онанары кете берсін,
Аттарына арбасын байлап алып».
Мұны айтып, Көзбайлаушы жолға түсті,
Неқылмас құдіретті Құдай күшті.
Күнікейді түнде барып, тауып алды,
Еш адам біле алмады мынау істі.
Көздерін қашқандардың байлай салды,
Сандықпен Күнікейді ұрлап алды.
Күнікейді Көзбайлаушы алып қайтты,
Ол жерде ешбір адам білмей қалды.
Көздерін дұғаменен байлап кетті,
Аттарын арба салған айдап кетті.
Күнікейден айырылып, қарабасып,
Сорлары байғұстардың қайнап кетті.
Пәлені қашқандарға салып келді,
Бір түнде талай жерді шауып келді.
Түнде кетіп, талтүсте Көзбайлаушы
Өңгеріп Күнікейді алып келді.
Амалы Көзбайлаушы асады енді,
Келген соң тез аттанып, қашады енді.
Үш күн, үш түн жүрген соң бір жерге кеп,
Сандықтың аузын бұрап ашады енді.
Сандықтан қыз Күнікей түрегелді,
Батырды Дотан сынды көзі көрді.
Күнікей түрегеліп, тағзым қылды,
Құдай тілек бергенін енді білді.
Күнікей Телқоңырға мініп алып,
Батырлар елге қарай желеді енді.
Жетеуі, «Иә, Алла!»– деп аяңдады,
Жүруден күндіз-түні аянбады.
Алты жыл дамыл алмай жүріп келді,
Бір жерде үш ай жатып, аялдады.
Алтауы солар ада ақылдасты,
Айтқанын бір-бірінің мақұлдасты.
«Кемпірге қандай хайла қыламыз?»– деп,
Кемпірден енді бұлар жаман састы.
Енді тағы ол жерден бір жылж үрді,
Құдай оңдап, еліне жақын келді.
«Жалмауызға бір хайла қылыңыз»,– деп,
Ер Дотан жолдастарын жібермеді
Келер уақыты болды деп,
Күндіз-түні зарланып,
Көңілім менің алаң-ды.
Дотаным менің келмесе,
Үйімді келіп көрмесе,
Тілегім Құдай бермесе,
Көргенде күнім қараң-ды».
Кұбақан бай осылай деп жүрді жылап,
Құдайдан күні-түні медет сұрап.
Шешесі ЕрДотанның ода бірге
Көл қып жүр көзінің жасын күнде бұлап.
Анасы ЕрДотанның көп еңірейді,
«Келе ме жалғыз ұлым?»– деп еңірейді.
Сегіз қатын ұл-қызы бәрі түгел,
«Мен қубас болдым ба?»– деп бек еңірейді.
Сол уақытта бұлар елге жақын келді,
«Сүйіншіге біреуің барғын,– дейді.–
Сағынып жүрген шығар ата-анам,
Қуантып, қалағаның алғын»,– дейді.
Мергенді сүйіншіге жібереді,
Бір салып атты бұтқа жөнеледі.
Сәлдесін Құбақанның жұлыпалып,
«Балаңкелді, сүйінші бергін!»– деді.
Мергенге үш тоғыз бен шапан жапты,
Бәрі шулап алдынан қатар шапты.
Дотанды көргеннен соң ата-анасы
Ағытқан қойдай болып жамырапты.
Көрісті атасымен, анасымен,
Асқар таудай басында панасымен.
Шешелермен көрісіп кезек-кезек,
Көрісті отыз тоғыз ағасымен.
Амандасып, көрісіп, елге келді,
Көп сыйлап, жолдастарын мейман қылды.
Күнікейді ата-анасы құрмететіп,
Алтынды ақордаға алып келді.
Құбақан бай бесеуіне бес қыз берді,
Бала қылып алады өңкей ерді.
Жамағат, оқығаның айып етпе,
Сөз қылдым Дотан сынды кемеңгерді.
Күнікей келін болды Құбақанға,
Ағалары Күнікейге қалды таңға.
«Қыз тауып, ағаларыңды үйлендір»,– деп,
Құбақан бір күн айтты ЕрДотанға.
Сонда Дотан бұ сөзді мақұл көрді,
Атасының айтқанын ақыл көрді.
Қыздарға да күйеулер табамын деп,
Отыз тоғыз ағасын ертіп жүрді.
Бесеуін аға қылып, малға қойды,
Қырық күндей қуанышқа қылды тойды.
Ер басына бір қоржын алтын алып,
Баршасы ел іздеуге қылды ойды.
Баршасы қолына алды қару-жарақ,
Жүреді Дотанерді мыңға балап.
Айлық жерде, оңтүстікте ел бар дейді,
Бармаққа соған қарай қылды талап.
Отыз тоғыз ағасы Дотанға ерді,
Көрмекке ниет қылды шалғай жерді.
«Бір Құдай бақтарыңды өзі ашсын!»– деп,
Құбақан балаларға бата берді.
Бәрініңде мінгені өңкей тұлпар,
Келеді қыз алмаққа болып іңкәр.
Бір Құдай Ер Дотанға медет берсін,
Қасында жолдасының бәрі дімкәр1.
Құбақанбай жіберді қырық баласын,
Балаларжақсыкөрерөзанасын.
Мінгені өңкей тұлпар, тынбай жүріп,
Көреді он бес күнде ел қарасын.
Ұқсайды жүрістері соққан желге,
Дотанды бәрі балар асқар белге.
Ханы жоқ, қырық мың үйлік бөлек жатқан,
Келеді бөлек жатқан азғана елге.
Бір байға мейман болып келіп қонды,
Сұрайды «Кімсіздер?»– деп енді жөнді.
Мән-жайын бастан-аяқ батырДотан
Сұраған ол адамға айтып болды.
Бұларға мейман қылып, мал сояды,
Алдына екеу ара ас қояды.
Құп сыйлап, жақсы қызмет көрсеткен соң,
Қырық жігіт разы болып, бек тояды.
Тамаққа тойғаннан соң жатып қалды,
Шаршап келді, ұйқыға батып қалды.
Таңсарғайған уақытында біреу келіп,
«Тұр, атқа мініңдер!»– деп айқай салды.
Сонда бұлар оянды көзін ашып,
Қараса, елі жаты расып-сасып.
Айқай салып шулаған елді көріп,
Отырды қайран қалып, таңырқасып.
Таңасып суып тұрған өңкей тұлпар,
Дүбірге шыдамайды жерді қазып.
Еркек қалмай тамам жұрт мінді атқа,
Тауды өрлеп, шауып кетті биік шатқа.
«Иә, Алла!»– деп ЕрДотан түрегелді,
Шулаған қайран болып жамағатқа.
ЕрДотан: «Тұрғын!– деді ағаларға, –
Біреуің мына елге бар хабарға.
Ел-жұрты жаман қатты шуласып жүр,
Неліктен душар болған жапаларға?»
Ағасының біреуі барып келді,
Барып, елден хабарды алып келді.
«Қызаламын» деп келген жазған байғұс,
Қатты кейіп, олөзін алып келді.
Ағасынан ЕрДотан гәп сұрады,
«Неге қатты кейідің?»– деп сұрады.
«Әдейі іздеп келіп тапқан елді
Жау шауып алады ғой»,– деп жылады.
Ағасы жылап келіп гәп айтады,
Уайым өз басы үшін жеп айтады.
«Жау шапса, мынау жатқан елді шабар,
Біздің немізді алады?»– деп айтады.
Аттарын шалдырады отқа қойып,
Тамақтанып алады әбден тойып.
Түс қайтып, үлкен бесін болғаншақта
Жау жеңіпті бұл елді қырып-жойып.
Бесінде «жеңілдік» деп хабар келді,
Елді үркітіп қашырмаққа хабар берді.
БатырДотан мініп ап Қаракөкке,
Иірді қашып келген тамам елді.
Батыр Дотан бұл елден сөз сұрады,
Мәні-жайын білуге тез сұрады.
«Қандай жұрт дұшпандарың, баян қылшы,
Білейін мәні-жайын?»– деп сұрады.
Дотанға сұраған соң айтады сөз:
«Қырық мың үй Қырық боз деген ел едік біз.
Уәлихан дейтұғын датқамыз бар,
Айталық, бастан-аяқ есітіңіз.
Қалмақтан Қалдан деген хан шығыпты,
Көп жанды қырып-жойып, жерге тықты.
Бұ жердегі қазақтың бәрін жеңіп,
Аттанып бөлек жатқан бізге кепті.
Аттанып жүз мың әскер бізге келген,
Қиратты біздің елді келген жерден.
Қалмақтың әскері көп, қаруы сай,
Ешкім қарсы шыға алмады біздің елден.
Бір шетін еліміздің шауып жатыр,
Олжаны біздің елден тауып жатыр.
Он мың үйді сыпырып, малыналып,
Қолға түскен еркекті қырып жатыр.
Біздің ел сол қалмақтан өлмек болды,
Қайтадан тағы олар келмек болды.
«Жарақсыз бекер жатқан ел екен» деп
Олжалап еріккенде алмақ болды».
Бұ сөзді тыңдап тұрды Дотан батыр,
«Қалмақтан жеңіліпсіз болып ғапыл,
Қалмақалып, ешқайда құтыла алмас,
Айтайын, мүсәпірлер, мен бірақыл.
Қалмақтан қорқыпсыздар есің кетіп,
Бастарыңа тұр екен зауал жетіп.
Үш мың кісі тауып бер маған бүгін,
Қалмақ малды сіңірме салып кетіп.
Үш мың ер маған тауып бергін,– дейді, –
Қазір менің артымнан ергін,– дейді.–
Аллаға тәуекел деп мен барайын,
Сіздер менің ерлігім көргін»,– дейді.
Мынау ел Дотан сөзін мақұл көрді,
Құдай айдап келіпті мұндай ерді.
Ел жиылып, кеңесіп ары-бері,
Қолына үш мың кісі жиып берді.
Көрсетпек болды Дотан бір қайратты,
Қаракөк мініп алды тұлпар атты.
«Иә, Алла, Қызыр бабам, медет қыл!»– деп,
ЕрДотан көп қалмақты қуып кетті.
Бас болып батырДотан өзі барды,
Жолдас қып үш мың кісі қасына алды.
Жер қайысып баратқан көп қалмақпен
ЕрДотан жалғы зөз ісоғыс салды.
«Иә, Алла!»– деп ЕрДотан
Қалмаққа жалғыз кіреді.
Кірген жерден әскерін
Мал үстінен түреді.
Батыр Дотан қалмаққа
Қырғынды қатты салады.
Айдаған малы қалмақтың
Далада бекер қалады.
Артындағыүш мың ер
Малды жиып алады.
Бас-басымен қайғы қып,
Батыр Дотан қалмақты
Айдап кетіп барады.
Қойға шапқан қасқырдай
Кез келгенін қалмақтың
Шайнап кетіп барады.
Кейде садақ тартады,
Кейде мылтық атады,
Кейде қылыш шабады,
Қырылғаны қалмақтың
Қойдай жусап жатады.
Қасындағы жолдастар
Қызыққа әбден батады.
Басында Құдай батырды
Жау үшін арнап туғызған.
Бір күн, бір түн соғысып,
Қалмақтың қолын қашырып,
Қанменен бетін жуғызған.
«Қашқан жауға қатын ер»,
Қалмақтың сесі қайтқан соң,
Қасындағы қазаққа
Найзалатып қуғызған.
Жолдастар қызық көрсін деп,
Айдап жүріп қалмақты
Шапқан шөптей қырғызған.
Жар болып Алла Дотанға
Қалмақты жаман қырады.
Үш күн, үш түн қуалап,
Атының басын бұрады.
Тірі қалған қалмақтың
Үсті-басы жаралы,
Сағы жаман сынады.
Атының басын бұрған соң,
Айқай салып ЕрДотан
Өз әскерін жияды.
Қалмақты қырып қашырып,
Тірісін таудан асырып,
Өлігін атқа бастырып,
Қалмақты жаман састырып,
Көңілдері тынады.
Қазақтар енді қайтып, жиды малды,
Дотанның ерлігіне қайран қалды.
Бір тауға қашып кіріп қалған екен,
Екі жүздей қалмақты ұстап алды.
Қалмақты үш күн, үш түн көп қиратты,
Сол күнде-ақ қырық мыңдайын қырып сапты.
Жаралысы, сауы бар төрт жүздейін
Тірі жүрген жерінен тауып апты.
Ер Дотан елге қайтты малды айдап,
Дұшпаннан төрт жүз аса кісі байлап.
Қызыр шалған бір ердің арқасымен
Келеді елдеріне күліп-ойнап.
Кеткен малды түп-түгел айдап келді,
Қуантты жесір-жебір болған елді.
Әрқайсысы өз малын танып алып,
Қуанып елі-жұрты бекшат болды.
Уәлихан ЕрДотанға өзі келді,
Алдына қызмет қылып, аттай желді.
Өзінің барша жұртын жиып алып,
Уәлихан еліменен кеңес қылды.
«Бұл жігіт Құдай айдап келген екен,
Жылаған көздің жасын көрген екен.
Ұнатсаң, хан қылыңдар мұны, жұртым,
Құдайым бір асылды берген екен».
Ал сонда қабыл көрді жұрттың бәрі,
АйтқаныУәлиханның болды дәрі.
Қариялар билерімен бата қылып,
Дотанды хан көтерді баршалары.
Хан болып батырДотан төрге отырды,
Ағалары қасында бірге отырды.
Ханболған ЕрДотанның құрметіне
Әрқайсысына ап келіп бір қыз берді.
Хан болып батырДотан үкім қылды,
Патша Құдай мұратқа жеткізді енді.
Пенде болған қалмақтан төрт жүз кісі
Хан айдатып алдына алдырды енді.
«Төрт кісісі еліне қайтсын,– дейді,–
Қалданға бізден сәлем айтсын,– дейді. –
Мекенім Сарығуда, атым – Дотан,
Сол жерден, керек болсам, тапсын»,– дейді.
Хан болып сонда Дотан үш ай тұрды,
Ағалары бірталай қызық көрді.
Һәммасын сол елден қыз ап беріп,
Хан Дотан өз еліне кетпек болды.
Хан болып батыр Дотан үш ай жатты,
Көрсетті халайық қағадалатты.
Өзеліне қайтпаққа батыр Дотан
Жұртын жиып, сұрады рұқсатты.
Сонда жұрт жауап бердіДотанерге:
«Қайда кетсең, ала кет, енді бірге.
Әр уақыт дұшпан келсе, қор болғанша,
Бізде өлейік, сіз барып өлген жерге».
«Олай десең, ал көшіп жүргін,– дейді, –
Көшіп жүріп көп қызық көргін,– дейді. –
Жүз мың үй сиятұғын қонысым бар,
Артымнан іле жортып ергін»,– дейді.
Елсондакөштідейдімақұлкөріп,
Қырық мың үй бірДотанның соңына еріп.
Өлеңті белдейтұғын жерге қонды,
Бір ай жарым арада көшіп келіп.
Сарығудың аяғы – Өлеңті бел,
Сол жерге келіп қонды ол көшкен ел.
Маңайына дұшпан жау жолатпастан,
Дотан хан болып тұрды бірнеше жыл.
Патша Құдай Дотанға берген нәсіп,
Ағалары сөйлейді желдей есіп.
Әрқайсысы бір-бір қызды таңдап алып,
Атасына келеді елден көшіп.
ХанДотан той қылады үйге барып,
Өзінің күллі жұртын жиып алып.
Қырық мың үй, төрт жүз елу қалмақпенен
Кетіпті «қырғыз» деген ел атанып.
Қырық күнде той тарқатты ат шаптырып,
Тойына қырықмың үй ел шақырып.
Алдына хан Дотанның ұлық-кішік,
Һәммасы қызмет қылды тіке тұрып.
Той қылып, Құбақанбай пікір қылды,
Төрт жүз елу қасына отау қонды.
Жалғыз үйі Құбақанның көп ел болып,
Құдайға мың мәртебе шүкір қылды.
Той тарқап, жұрттың бәрі қайтып кетті,
Хан Дотан қылды жұртқа әділетті.
Қара қылды қақ жарған әділ болып,
Сөйтіп жүріп мұратқа бәрі жетті.
Дотанның тірлігінде жау жоқ болды,
Еріксе, ол жақылды оң мен солды.
Жылдық жерде қазақ болса, айдап келіп,
Аузына қаратыпты талай елді.
Хан Дотан талай жауға қырғын салды,
Қалмақтан үш жылда біралы малды.
Өзінің бектерінің балалары
Құбақанның қыздарын ол аралды.
Мұратқа ол адамдар сөйтіп жетті,
Ақыры дүниеден оларда өтті.
Басында ертегі еді, қисса болып,
Аяғы бұл сөзімнің енді бітті.
Бұл сөзді осылайша қисса қылдым,
Мұныда көптің бірі нұсқа қылдым.
Нәсіп болып басылса, олжасы бар,
Көп қызметті бұрын мен босқа қылдым.
Басында ертегі еді мұның өзі,
Осындай қып біреудің айтқан сөзі.
Қисса қып шығаруға лайық көріп,
Жүсіпбектің бұлда бір салған ізі.
Басы: