19-бап. Насихат баяны дүр
Е, бірәдәрләр161, біліңіздер, тыңдаңыздар, бұл дүние тұрақсыз қана дүр уа ақирет бақи162 дүр. Бұл дүниеге айналысып ақиреттен бос қалмаңыздар. Бұл дүниеге алданып Құдай жоқ деушілерге сеніп, жаныңа рахаты жоқ, көз бояушы өнерге сеніп, дін иманынан мақұрым болып шыбын жаныңа кесір қылма. Барлық адам ажал шарабын ішушілер дүр. Бұл дүние ешкімге опа қылмас. Егер опа қылатын болса екі дүниенің сәруәрі163
160 «Бақара» сүресі, 156-аят
161 Бірәдәр /п/ – бауыр
162 Бақи – мәңгі
163 Сәруәр – басшы, көсем
Мұхаммед Мұстафа саллалаһу әлейһесаламға опа қылар еді. Дүние оған опа қылмады. Өмірінің бәрінде еш рахат істемеді. Түн болғанда ұйықтамады, тағат, ғибадат қылды. Ұйқы орнына күндіз ораза болды. Біз асы шерменде үмбеттер үшін дұға көп қылып, үмметім-үмметім деп көп-көп мехнат164, машақаттар тартты.
Ей, мұсылмандар, егер ақылыңыз болса ойланыңыз. Бұл дүниеге тұрақты деп есі бар кісі айтпайды. Өлімді жақын біліп, дін иманын сақтар. Бүгінгі дүниеде көбісі тілмен арбап, діл мен иманды сақтау әдісін білмейді. Діл иманды қойып әр түрлі пұт, пұрсат165, сиқыр өнерлерге қызықтырып алады. Осы істеген өнер адамның қолынан келгенде надан азғырушы пасықтарды жөнге салуға Құдайдың құдіретіне шек жоқ, қолынан келеді. Күндіз-түн көріп біліп тұрады. Біз білмейміз көз алдыңдағыны білесіз, басқа білмейсіз. Сол үшін шайтан лағинға166 ығуасына167 қияметті көнбейміз. Қиямет күннің уайымынан хабар алып тағат, ғибадатты ықыласпен шын кеуілдеріңмен кірісіңіздер. Өлімді өзіңмен бірге жолдас боп жүр деп біліңіздер. Ажал келгенде жан ащысын қараңғы көріңді Мүңкір-нәнкір сауалыңды уа көр азабыңды, қиямет күні қабырдан тұруды уа арасат майданына бармағыңды, асылар шерменде болмақты, тозақ айбатынан қорықпақты, тозаққа кіргендердің азаптарын уа пейіштің рахатларын пікір қылыңдар. Күні-түні Алла тағаланың ырзалығын істеңдер.
Хазіреті Расул саллалаһу әлейһесаламнан шапағат үміт қылып сүннеттерін істеңіздер. Салауатты пайғамбарға көп айтыңдар.
Шариғат әмірін істеңдер. 40 парызды амал қылып, тағат ғибадаттан қалмаңыздар. Ақирет азығын даярлаңыз.
164 Мехнат /а/ – қиындық
165 Пұрсат – пұтқа табыну
166 Лағин – қарғыс атқан
167 Ығуа – ықпал
Хикаят
Хазіреті Омар рази аллаһу машғұл болды. Анасы бар еді: «Ей, ұлым, мен саған қайран қалам һәм таңым бар, сен күні түні ақырет ісін істейсің. Бір мезгіл қатарыңа қарап, өнер іс істемеймісің. Басқалар сенен кем бе, сен балаларыңа қарамайсың, тойғанша ауқат жемейсің. Құдай тағала тозақты бір сен үшін жаратты ма?» деді. Омар айтты: «Ана, рас айтасыз, мен бұл дүние ісін істесем, өлген соң қараңғы көрге қойып кетсе, менің басыма істер түседі. Мүңкір-нәнкірге не деп жауап беремін. Жылан-шаян, құрт-құмырсқа келсе оларға еш сөз дей алмасам, халім не болады. Насихат айтсам сенбейсіз, адам өлгенде өзінің не болғанын білмейді, қандай халде екенін көрген адам біледі.
Құдай тағаланың құдіретінің әділ екенін сонан білмейсіз ба, ұйқымен өлі тең дейді. Ұйқы өлінің бір сабағы дүр. Сіз тірлікте түрлі жақсы жаман істер көресіз, тұрсаң жоқ сол сияқты біріміз тірі, біріміз өлі, сізге сендіру үшін сізді ұйқыдан тұрғандай ғып мені де көрден тұрғызып алды ма, сауал сұрауларды қояр.
Сонда жақсылығымды я болмаса жамандығымды білермін. Сіз неғып жатқанын маған білмейсіз. Оны көзге көрсетпейді. Мен өкінгенімен ықтияр бермейді. Жақсы-жаман амал, жақсы-жаман амалымды тірі жүрген сізге көрсетпейді. Құдай тағала құдіретімен оның түр сипатын тағы білмейміз. Жіберген Мүңкір-нәнкір болмаса көрде жатып мен һәм білмеймін, нәсіп болса жақсы амалымызға қарай қозы-қойдай жамырасып, онан соң Алла тағала дидарын көрерміз. Сол үшін осы халді ойлап ақирет азығын жинауға, өмірді құр босқа өткізбей жатқаныма енді сенбейсіз ба, тозақты наданға жаратқан» деді. Анасына: «Ей, анажан, есеп-сауал қылғанда сауабым жеңіл болса, күнәм ауыр болса онда не істеймін, мені Сират көпіріне алып барғанда қылдан жіңішке, қылыштан өткір қараңғылығы түннен қараңғырақ болса, қалай ғып өтемін. Амал намам сол қолыма берілсе қалай оқимын деп» зар-зар жылады. Есінен танып құлады. Енді біздерге һәм осы айтылған ой пікірлерді ойламақ керек. Бұл дүниенің қуаныш емес, мұнда көп шат болсаң, ақылың қайран болып акырда қайғы жерсің. Бұл дүниеде ол дүниені ойлап Аллаға қызмет қылсаң, ақиретте рахат табарсыз деді.
Хикаят
Рәуә есімді бір қатын бар еді. Оның әдеті мынадай еді. Құптан намазынан соң өзіне өзі айтар еді: «Ей, Рәуә, ғапыл қамсыз, уайымсыз, ой пікірсіз болма, неге десеңіз бұл түні сенің ақырғы түнің дүр. Бұл түні ояу тұр, таңда рахатта отырасыз» деді және ерте тұрса айтар еді: «Ей, Рәуә, қиямет жақын дүр. Бұл күн сенің ақырғы күнің тамам болар. Бүгін ғибадат қылып, көрде тыныш жатасың» дер еді және қыс болса бір қабаттан артық киім кимес еді. Ыстық жатсам қалың кисем ұйықтап қалып, ғаплатта168 болармын дер еді. Бір сағат басын қояр еді де және оянып айтар еді: «Ей, тән денем, көп жатсам көп жатуға әдет қыларсың да қиямет болғанша жатып әбден тоярсың» деп. Әр күні түнде 100 рәкәт қылар еді. Жамбасымен сүйретіліп қажыға 7 жылда барды. 60 жыл өмірін осылай өткізіп, ақыры опат болды. Түсінде осы кісіні көрді, пейіш ішінде шаттанып һуллә киіп отыр екен. Түсінде көрген кісі сұрады: «мұндай мәртебе істі неден таптың?» деді. Рәуә айтты тағат, ғибадаттан таптым» деді.
Ей, мұсылмандар, бұл Рәуә қатыннан ғибрат алыңыз. Күні-түні тағат ғибадатқа кіріскендігінен сонша дәреже берді. Алла тағала кәрәмаллаһу иншаллаһу тағала мұраттарыңа жетерсіздер. Аллаһ әғлам169.