Жарық нұрдың сәулесі

Аппақ ишанның Арқадағы аталас ағайындары

Айгүл УАЙСОВА, журналист

«Қазақ жеріндегі дін ғұламаларының ілімі мен мұралары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясына арналған баяндама

Аппақ ишанның өлімін естірткенде, бибісі Бибігүлдің жоқтауында айтылған «Әулие» атты тағыңда, алып та тынды-ау тағылық» деген азалы сөздер дін көсемдерінің ажалына және оның ұрпақтарының қуғын-сүргініне себепші болған ақиқатты айқындап тұр. Иә, оның аты – «тағылық».

Тағылық – жекелеген адамның болмысында ғана емес, құдайсыз  қоғамның да бір сипатына айналғанда қандай қасірет әкелгеніне  Қасиетті Қаратау, Түркістан, Сыр бойында имандылық қорғаны болған атақты ишандарымыздың қасіретті тағдыры бұған куә бола алады.

Менің өзім де сол ишандардың бірінің ұрпағымын, әулетімізде айтылып жүрген аңыздардың ізімен архив құжаттарын ақтарып, олардың  өмірі мен халқына қызметін танып-білгеннен кейін, олардың мұрасына арналған  сайт ашудың қажеттігін түсіндім.

Он шақты жылдың көлемінде қожалар мен ишандар мұрасына қызығушылықтың артқанын, оның зерттеуші ғалымдардардың қатары көбейгені де осындай ақпараттық дереккөздердің де қоғамға жете бастағанын  байқаймыз. Қожалардың шежіресімен қатар, архив құжаттары қолға тиіп, көптеген материалдар жинақталып жатыр. Алды кітап болып жарық көріп, аруақтарына арналып Ас беріліп, үлкен жиындарға ғалымдардың бастарын қосып, рухани серпілісті сезініп жүрміз.

2009 жылы жарық көрген «Сталинизм и репрессии в казахстане 1920-1940-х годов» деген Мәмбет Қойгелдиевтің еңбегінде Ишандар ісі тарауында көп мәлімет берілген. Осыған қарап отырып, Аппақ ишанның тағылыққа қарсы қозғалысы Шаяннан бастап, Сырдың төменгі ағысына дейін жеткенін байқадық.

«…Кзыл-Ординская к-р ячейка возглавлялась ишаном Абпаковым Аляутдином, членами этой к-р ячейки являлись: Сеитмагзумов Ильяс, Тургумбаев Кали, Исаходжаев Абиш, Абильасанов Икрам, Бекбергенов Джусуп, Нуржанов Абдулла, Нурикеев Мухамеджан, Джансеитов Баттал, Турумов Султан, Алдабергенов Басафа, Тапалахунов Муретдин, Байбактиев Сейдахмет, Нурумбетов Адильхан, Сарсенов Ералы…. Обвиняются в том что они, начиная с 1925 года по день ареста, вели подрывную работу в соц. секторе на подрыв мощи советской страны,  готовили вооруженное восстание, в цельях свержения советской власти,  ставили задачей отторжение Казахстана и Узбекистана от Советского Союза и конечной целью – создание буржуазно-капиталистического государства. Материалами следствия и признаниями обвиняемых преступность вышеперечисленных лиц, полностью подтвержена…»    

Осы деректен істі болғандардың арасында Басапа ишанның және Тапалахунов Муретдин, Абильасанов Икрам, Нурикеев Мухамеджаның болғанын білдік. Өкінішке қарай, көбі таныс емес есімдер, бізге белгілісі осылар ғана. Алдымен  Басапа ишан Алдабергенұлы мен Абильасанов Икрам туралы айтсақ, бұлар Сыр өңіріне атағы мәлім, еліне қамқоршы болған талай ишандар шыққан Мақтұмсейіт әулетінен. Мақтұмсейіт бабаның кесенесі Тереңөзек ауданы Шаған елді мекенінде.

Басапа ишан жасынан өте зерек, оқуға алғыр Басапа Алдабергенұлы 1922 жылы жиырма сегіз жасында Ишан атағын  белгілі Ақ Ишаннан алады. Одан кейінгі өмірі қазіргі Ильич атындағы Жал­а­ғаш ауданының «Ақ арық» кеңшарында балаларды діни оқуға тәрбие­леумен өткен. 1937 жылы  сталиндік озбырлықтың алғашқы құрбандары ретінде ұсталып, сібір түрмесіне айдалып, 1946 жылы сонда қайтыс болады.

Мәді-Дуана қожаның екінші ұлы Қылыштан, одан Ер Көшек – Таспақожа – Дөнен – Қадір (Қадірберді) ишан туған. Осы Қадір ишанның тоғыз баласының бірі Нұрмұхаммед. Лақабы – Тапал ахун болса Муретдин осы кісінің ұрпағы деп есептейміз. Осы әулеттің бір өкілі Нурикеев Мухамеджан  «қара молда» атанған өте ілімді адам. Жаңақорғандағы Ақтас мешітінің соңғы ұстазы, жазушы Қалтай Мұхамеджановтың әкесі.

 

Қарамолданың соңғы шәкірттерінің бірі қазіргі қоғам қайраткері Алихан Байменовтің әкесі, Мұны еске салып отырғаным Мұхамедия Байменов (Баймұхамедұлы) 1976-77 жылдары Жезқазғана мешіт ашып, жамағат жиып, аталар жолын жалғастырған азамат ретінде еске аламыз. Ишандық жолдың өнегесі  осылайша жалғасын тауып, үзілген жоқ. Аталарымызыдң құрбандығы бекер болған жоқ.

 Құпиялық кісені салынған мұрағаттан ишандардың дерегін жинас­тырған Мәмбет Қойгелдиевтің еңбегінің ерен екенін осыдан-ақ баға­лауға болады. Тек қана аты-жөні ғана келтірілген құжаттың соңында осыншама тағдыр жатыр…

Ал енді ишан-қожалардың арғы-бергі  тарихында «Арқадағы қожалар мен олардың бүгінгі ұрпақтары» деген зерттеулерге негіз болатын үлкен бір тақырып бар.

Асылында Арқа жұрты бас иіп, қастерлеген ишан, әулие, қожалардың шежіресін алып қарасақ, олардың барлығы дін ислам жолына қызмет ету үшін әулиелі Қаратаудан келгенін білеміз. Ата-шежіресі сол жақта жатыр. Арқадағы қожалардың іздерін қарастырсақ, Қарағанды, Жаңаарқа, Қарқаралы, Баянауыл, Қостанай, Ақкөл-Жайылма, Көкшетау өңіріне апарады. Осы елде аттары қалған ишан-қожалардың бүгінгі ұрпақтары жасап жатыр.

Конференция тақырыбына байланысты  Арқа өңірінде жасап жатқан Аппақ ишанның аталас туыстары туралы айтпақпын. Су өз арнасымен ағады демекші, қасиет қонған әулеттің әрқайсысы да өз заманында елдің алдында болып, атағы ел аузында қалыпты.

Насаб-нама бойынша Хазірет Әлидің ұлы Хусейннен Шаһбүзірікке дейін келгенде Арқаға таралғандардың шежіресі басталады. Бұл жердің қожалары оңтүсткте айтылып жүргендей «Шаһбүзірік» емес «Шайқыбүзірік» деп атайды. Шаһбүзірік ұрпақтарының Тұрсын қожадан тарайтын ұрпақтарының Арқаға келу тарихын осы әулеттің өкілі Кәмел Жүністегі құрастырған шежіре кітапта былайша таратады.

«Арқаның Қарағанды облысының Шет, Ақтоғай аудандарында өмір сүріп жатқан Сәйід қожаларының шежіресін Бұхарада оқыған Жәнібек бабамыз Бұхар мүфтиінің мөрін бастырып алып келген. Жәнібек баба 1916 жылы 93 жасында дүние салды. Шежіре бойынша Хазірет Әлидің ұлы Хусейннен Зейнелғабиден. Одан Имам Хамит Бәкір, одан имам Жағыпар Садық тарайды. Одан Мұхаммед КөзімИмам – Мұса Кәрім, Ибрахим Риза – Мұса Ғали – Сәйід Талиб – Абдулла Ақмол – Ғабдол Абзал – Сәйід Ғабдул Ахат – Сәйід Ахмет – Сәйід Асан Шаһхусейн – Сәйід Жалаладдин – Сәйід Камаладдин – Сәйід Бұрханаддин (Қылыш) – Әміре Диуана – Қожа Диуана – Сәйід Бұрхан қожа – Сәйід Бұрханаддин қожа – Сәйід Жалаладдин – Жәлел ата – Махтұм Шайх – Махтұм Азар – Шәмседин қожа – Мәуләна Ахмет – Нәсреддин қожа – Сәйід Ахмет қожа – Сәйід Жағыпар – Сәйід Ахмет Уәли – Сәйід Баттал – Сәйід Хусейн – Махтұм Ағзам – қожа Ысқақ – Шәді қожа – Ғабдолла қожа – Шұғайып қожа – Шаһбүзірік.

Шаһбүзіріктен – Тұрсын, Шәмші, Қалдар, Ұлан және Жиен қожа. Тұрсын қожадан – Баба қожа, Шәріп қожа, Шәді қожа ту­ады. Баба қожадан – Мүрсәлім қожа, Аппақ қожа туған».

Аппақ қожадан – Ысқақ қожа, одан Абдулла қожа. Абдулла қожадан – Қосым ишан, Құлатай қожа яғни Аппақ ишанның шежіресі осылайша жалғасады. Аппақ қожаның ұрпақтары Шаян жерінде  мешіт-медресе салып ислам орталығын ашса, Арқа өңіріне Баба қожаның бірінші ұлы, Аппақ қожаның ағасы Мүрсәлімнен тараған ұрпақтар көп келген сияқты. (Нұрсәлім деп те айтылады).

Мүрсәлімнен – Хажы қожа, Нақып қожа. Хажы қожадан туған – үш ұлдың (Шын қожа, Қосай қожа, Биқожа) ұрпақтарының бірі – осы шежірені таратқан жазушы Кәмел Жүністегі ағамыз. Осыдан екі жыл бұрын дүниеден өткен ағамызбен соңғы он жылдың көлемінде жақсы араласып тұрдық. Ұрпақтары Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында тұрып жатыр.

 

Нақып қожа Арқаға қашан келді дегенде өлкетанушы Ерлан Мұстафиннің мына дерегі алдымыздан шықты.

«Просматривая архивные документы ЦГА РК, обнаружил там  сведения и о Накып ходже. Хотелось бы упомянуть, что мама Шортанбая акына – дочка Накып ходжи. Что же говорят о нем архивные документы?

Накып ходжа в 1835 году проживал в Альтеке-Сарымовской волости Каркаралинского округа. В этой волости он проживал, по всей видимости, с братом Жакыпом. Почему я думаю, что с братом? Потому, что фамилия у них одинаковая – Санасыровы и исчисление  скота идет общее. Лошадей у них было 90 голов, рогатого 10 и баранов 300.

Из графы «Давно ли проживают в здешнем округе» читаем: «хожа Накып 30 лет, а хожа Жакып 6 лет». Документ этот, как было сказано выше, за 1835 год. Выходит, Накып ходжа прибыл на эту территорию примерно в 1805 году, а его брат перебрался чуть позже – в 1829 году». Әулетте айтылып жүрген аңыз бойынша шынымен де  Нақыппен бірге келген інісі Арқаны жерсінбей кері кеткен туралы айтылады.

Ерланның да бұл құжатқа мән беруінің себебі бар. Өйткені атақты ақын Шортанбай Қанайұлының анасы  Нақып қожаның қызы Шүкіман. «Жігіттің жақсы болмағы – нағашыдан» дегендей, Шортанбайдың көп дерегін Нақып қожаның Әзгелді деген баласынан тарағандар жеткізіп берді. Ақынның сүйегі нағашысы Ыбырайымның жанына қойылғанын да айтқан осы нағашылары.

Ерлан Мұстафин тапқан мына ресми дерегі шортанбайтанушылар  үшін өте маңызды.

«Каркаралинский внешний окружной приказ 16-го апреля 1835 г.  представил Омскому областному начальству ведомость о ташкинцах (правописание соответствует первоисточнику. – прим. Е.М.), проживающих в Каркаралинском округе.

В разъяснительном письме написано следующее:

«Господин заседатель Григорьев, представив ведомость из собранных им по округу на основании предписания Вашего Превосходительства от 8-го сентября № 2823 сведений о ташкинцах, проживающих в Каркаралинском округе с давнего времени под именем хожей и прочих, не по торговым делам, присовокупил…

Как сами же ташкинцы  желают остаться между киргизами (казахами. – прим. Е.М.), с платежем ясака, так и киргизы (казахи) все вообще просят об оставлении хожей здесь, ибо они исправляют у них все духовные требы и что без них киргизы обойтись не могут…»

Ведомость о ташкинцах, проживающих с давнего времени в Каркаралинском округе под именем хожей и прочих не по торговле

Айтимбетевская волость

№: 14

В каких волостях проживают и кто именно: хожа Чортанбай

Число юрт: 2

Количество скота

Лошадей: 9

Рогатого: 7

Баранов: 20

Давно ли проживают в здешнем округе: давно

Значится ли в исчислении и платит ли ясак: в исчисление записан и ясак платит.

Вместе с ним в Айтимбетевской волости проживали такие ходжи как Акылбек, Джумык, Канхожа.

Краеведческую работу в Центральном государственном архиве провел журналист, краевед Ерлан Мустафин из Каркаралинска.14

Қажы қожадан – Шынқожа, Қосай, Биқожа. Шын қожадан тараған  Ақылбек құжатта көрсетілген адам болуы мүмкін. Шортанбай өмірінде Асаннан тараған Айна, Әбеу. Әбеуден – Тұрсын, одан Адамкұлдың да ізі қалған. Әбеу ақсақал – 17-18 жасында Шортанбайға атқосшы болған.

Кәмел Жүністегі: «Шынқожаның балалары Ақылбек, Асан, Темірбек, Өтеген Қаратаудан берірек жерде өмір сүрген екен. Бір жылы ол жақта жазда қатты құрғақшылық болып, қыста мұз түсіп, жұт болған соң Асан бабамыз жылқыны Арқаға айдап келіп, Сыр­лытам бойына тоқтапты. Сол кездегі Қояншытағай болысы Кәдір батыр түс көреді. Түсінде «аулыңа алыстан адам келеді, жақсылап қарсы ал, еліңе пір болады» деген аян беріледі. Кәдір болыс бір күні Қарақұдық басында ертерек тұрып, тысқа шықса Қызылкесік маңында жылқы үйіріліп тұр екен. Аласа төбенің үстіне ақ киім киген біреу отырады. Кәдір жігітін бөтен кісіні шақырып келуге жұмсайды. Намаз оқып отырған Асан батыр жігіттің шақырғанына тіл қатпаған соң, жігіт Кәдірге қайта келеді. Болыс «намазын біткен соң әдеппен шақыр» дейді.

Асан бабамыз Тағылының осы тұсына малын жайып қыстан шығады. Жазғытұрым осы «Бесата» еліне Құнанбай келеді. Бұл кез – Құнанбайдың аға сұлтандыққа үміткер, яғни аға сұлтандыққа кандидат кезі екен. Құнанбай Кәдірге ретімен қонаққа келіп жатқанын естіп, Асан батыр қазақтың ел жақсысын көре ке­туге келіпті. Есіктен енген алып денелі адамның сұсы басты ма, қожа екенін естіп, діндар Құнанбай өзі тұрып сәлем береді. Содан Құнанбай мен Кәдір Асекеңді үшкүн бойы жібермей, әңгіме-дүкен құрады. Бұл үшеуі бір-біріне қатты ұнаса ке­рек. Асекеңнің осы жақта қалуының ебін таба алмай жүрген Кәдір осы мәселеге Құнанбайды тартады. Жылқысын айдап Қаратау жаққа қайтпақ болған Асан батырға Құнанбай бұл жақтағы елдің дінсіз кетіп бара жатқанын айтып көреді. Асекең көнбеген соң Кұнанбай:

– Сіз Пайғамбар (с.ғ.с.) ұрпағысыз, халықты мұсылман етуге міндеттісіз. Мына «дінсіз кетіп бара жатқан елдің бар күнәсін мойныма аламын» деп «Құран» ұстасаңыз – боссыз, – дейді. Сөзге тоқтаған Асекең еліне отыз түйе мен жігіттерді алып барып, бауырларын тегіс көшіріп әкеледі.

Жолда Кәрсөн болысы Көпбай Ақылбекті Кәрсөн еліне пірлікке алып қалады. Тағылыға келген үш отбасы Асан қожа (1799-1866 жж.) Темірбек (1805-1878 жж.) және Өтеген болады. Темірбектің үлкен ұлы Жәнібек келер жылы Бұхарадағы оқуын тауысып келгенінде 17 жаста екен. Ол кісі 1916 жылы 93 жасында қайтыс болған. Болжам бойынша Сәйід қожасының бұл ұрпағы Арқаға 1939-1940 жыл­дары келген. Жәнібек қожаның әулиелігі, көріпкелдік қасиеттері мол болған. Ол кісі Тағылыда 1853 жылы мешіт салдырып, айналаның бар жасын иманға ұйытып, бала оқытқан. Жәнібек туралы Кәмел Жүністегінің «Құба белдер» романында жақсы жазылған.

Тағылы тауын мекен еткен қожалардан «жын оқыған» Мұқай, алуан шөптен дәрі жасап, денеге ота жасауды білген Мырзақожа сияқты тәуіптер шыққан. Тәуіп Текмұхаммед Темірбекұлы өзін іздеп келе жатқан адамның түр-түсіне, көлігіне дейін айтып, «балалар, асығып келеді, ал қамданып отырыңдар» дейді екен.

Қазан төңкерісі алдында Оспан қожа, Әбдікәрім және Әшім қожалар Шаян­да, Бұхарада оқыған. Оспан қожа қызылшырайлы, қаз дауысты адам болыпты. Ол заманның қатты өзгергенін ескеріп жастарға «енді біздің тұқымға аса қиын бола­ды. Жан сақтау үшін комсомолға кіріңдер, өкіметтің қызметін істеңдер. Тек қожа екендеріңді ұмытыңдар, елге зәбірлерің тимесін» депті. Әбдікәрім, Оспан қожалар репрессияға ұшырап, отбасымен көзден ғайып болды.

Төңкерістен кейін Көпжан қожа, Әрін және Жүніс қожалар қызметке іліккен. Бұлардың аса абыройлы болуы бұл маңдағы қожалардың аман қалуына көмегі тиген. Бұлар туралы Кәмел Жүністегінің «Құба белдер» романының «Апат» деп аталатын екі кітабында егжей-тегжейлі жазылған.

XVIII ғасырдың аяғында Тоқа Күшікбай батыр Қаратау бойында Айна қожамен танысып, Арқаға дін таратып, елге адал-арамды білгізіп, сауабын алу үшін арнайы шақырған. Айна қожа келесі жылы Зейне деген баласы мен інісі Мойнақты ертіп келеді. Олар Тоқа руының Енең ішінде қожалық еткен. Келесі жылы інісі Күзгіден туған Ермекті Тоқаның Дәулетбике руына жіберіп, Зейненің жанына балалары Аймағанбет пен Баймағанбетті қосады. Күшікбай батыр: «Қожалардың алдына келмей пір тұтыңдар, қарсы келіп, ғайбат соз айтсаңдар қабірімде тыныш жатпаймын» деп ұрпақтарына өсиет қалдырған. Олардың ұрпақтары Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданына кең тараған.

Қазақ жерінде бой көтерген алғашқы мешіт-медреселер Түркістанда, Баба­атада, Қарнақта, Әулиеатада болса, Алланың ақ жолына адамзат ұрпағын баста­уды міндетіне алған қожа ұрпақты қасиетті дін жолында тәрбиелеу үшін жаңа мешіттер сала берді. Созақта Шаһи Ахмет мешіті бой көтерсе, Шайхул Сәйід пен оның соңына ергендер Аягөзде, Шәуешекте, Қосым ишан мен ізбасарлары Ша­янда, дін жолын берік ұстаған аға сұлтан Құнанбай Қарқаралыда, діннің жана­шырлары Семейде мешіт үйін көтерді. Елдің болашағын ойлаған Абылай ханның батыры Жидебай өзінің жер үйінің маңында шағын мешіт салғаны ұмыт қалған жоқ.

Орыстың зұлымдықпен жүргізген шоқындыру саясаты басталған шақта Жәнібек қожа Тағылы тауындағы қыстағында мешіт көтерсе, оның шәкірті Ақбас қалпе, «Бесата» елінің көрнекті билерінің бірі Жанғұтты да мешіт үйін салып, жұртшылықты намазға ұйыта түсті. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың ба­сында Көшім қажының, Күмісбек қалпенің, Ыбырайым қожаның мешіттерінде мыңдаған жеткіншектер арабша хат танып, имандылық тәрбие алып шықты.

Нақып қожадан – Халила, Ыбырайым, Смайыл, Әзгелді, Көбілік, Иманқұл. Нақып қожа әулетінің шежіресін толығырақ жеткізген Жезқазғанда дүниеге келген, сол өңірде жасап, Арқадағы қожалар тарихын көп зерттеген  Ауданбай қажы Ахметжанұлы.

«Мақтум Ағзамның ұрпағы Шахбүзірік бабамыздың Арқа бойындағы Тағылы тауын (қазіргі Қарағанды облысының Шет ауданы) мекендеген үшінші ұрпағы Нұрсәлім бабамыздан Нақып қожа туады. Нақып қожа бабамыздың қызы Шүкіманнан туған Шортанбай Қанайұлы – қазақтың көрнекті ақындарының бірі.

Есмағанбет қожа өз кіндігінен тараған үш ұлы, екі қызы бар. Ұлдарының үшеуі де комсомол және партия жұмыстарында белді қызметтер,  совхоз директорлығы,  қоғамдық қызметтерін атқарған.  1937 жылы дүниеге келген кіші ұлы Самат Шет және Ақадыр аудандарында, Қарағанды қаласының әкімшілігінде ұзақ жылдар лауазымды қызметтер атқарған.

Расында, Есмағанбет нағашысынан қалған шежіре болмаса Шортанбайдың  ата-тегін анықтау қиынға соғар еді» дейді.

Кезінде Есмағанбет ақсақалдан қазақтың халық жазушысы Ғабиден Мұстафин арнайы келіп, Шортанбайдың ата-тегін жазып алған екен. Сол арқылы Шортанбайдың нағашысы сабылт қожалар болса, атасы дуана Мәді қожаның  Қылыш қожа атты ұрпағынна тарағанын  біліп отырмыз.

Қысқаша мақаламызда Сабұлт қожа аталып кеткен бір әулеттің тарихын әңгімелеп беруге тырыстық. Тектік тұрғыдан келсек ата-бабаларының жолынан айнымай адал болып өткен қасиетті әулиелер мен бірге, бертін заманда да елдің алдында жүріп, қайраткерлерлік көрсеткен асыл туған жақсыларды  танимыз.

Тарих ғылымында ишан-қожаларды зерттегенде олардың шежірелік тарихын да қоса зерттеудің қажеттігі бар. Өкінішке қарай, осы күнге дейін әулие ишандардың мұрасы тек өз әулетінің  құндылығы есебінде қалып, тұтас халықтық мақтанышқа айналмай отыр. Бұл ретте тарихшылар мен зерттеушілер әсіресе дәстүрлі дін өкілдерінің мұрасын насихаттауда  кешенді бағдаралама жасап, оның мұрасына баға беріліп, ескі қолжазбаларды оқитын ғалымдардың қатарын көбейтіп, қызығушылық ояту қажет. Бұл осы күнге дейін мұрасын сақтаушысы болып отырған  ишандардың ұрпақтары  үшін де да қалың  бұқара үшін де маңызды. Дәстүрлі дін өкілдері туралы нақты, архивтерде жатқан  ресми құжаттарға қолжеткізумен қатар оларыдң қолжазбаларын оқып, атқарған қызметтерінің ауқымын анықтаған жөн. Сондай жағдайда олардың қазақ қоғамы құрылымындағы орыны айшықталып, нақты бағасын алады.

Сонда ғана  ілгеріде өткен жақсылардың жүріп өткен жолы айқындалып, бүгінгі ұрпақтың адаспай өз жолын табуына жағдай жасаймыз.

Астана.  2024 жыл

 

Әдебиеттері

1.Ұлы Пайғамбар және ұрпақтары: шежіре-кітап / құраст. С. Құрбанқожаұлы, А. Жолдасов, М. Омартайұлы т.б. – Астана: Фолиант, 2014. – 480 бет.

2.Мәмбет Қойгелдиев.«Сталинизм и репрессии в казахстане 1920-1940-х годов» 2009

3.https://kozhalar.kz/20208416-umytylghan-mektepting-songghy-shakirti

  1. Құрбанқожа Смағұлов. Мақстұмсейіттер шежіресі
  2. Ә.Айтбекұлы. Аппақ ишан, деректі хикаят. Шымкент 2001

6.Ауданбай қажы Ахметжан ұлы.  Шежіре. Астана -2012

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button