«Ұлттық қаһарман» атағына ұсынылады

Кенжетаев Досай Тұрсынбайұлы, профессор, философия және теология ғылымдары докторы, осы салаға қатысты зерттеу тобы жетекшісі:
«Қуғын сүргін құрбандарын толық ақтау комиссиясының қорытындысы бойынша» (Қаратау мен Сыр бойынан) діни мотивпен Сталиндік репрессияға ұшыраған АППАҚ СЕЙДАХМЕТҰЛЫ МАҚСҰМ мен ИБАДУЛЛАЕВ СӘРУАР -«Ұлттық қаһарман» атағына ұсынылады
АППАҚ СЕЙДАХМЕТҰЛЫ МАҚСҰМ
Аппақ Сейдахметұлы Мақсұм 1864 жылы бүгінгі Түркістан облысының (қазіргі Бәйдібек ауданы) Шаянның №1 ауылында туған. Кеңес үкіметі кезінде қазақ мұсылмандық келбетін айшықтаған тұлға осы Аппақ ишан болды. Аппақ Сейдахметұлы Мақсұм ишан 1920-1931 жылдар аралығында большевиктік зобалаңға қарсы күресті, халықты атеизм нормаларынан сақтануға шақырып, иман негіздері мен ислами құндылықтарды дәріптеді. Қазақ хандығы діни таным тәжірибесі тарихында бұл әулет діни ағарту ісінде өзіндік орны бар, Патшалы Ресей дәуірінің өзінде де Шаяннан ең ірі мешіт-медресе салдырып, дәстүрлі мұсылмандық Иасауи діни тәжірибесін жалғастырған болатын.
1884 жылы Сейдахметұлы Аппақ ишан және әулеті өз қаражаттарына сол заманға сай әйгілі «Шаян мешітін» тұрғызған. Аппақ ишанның қазақ діни тәжірибесіндегі ұстаздық ықпалы Қарқаралы, Атбасар, Қарағанды, Пишпек, Шу, Талас, Сырдария және Сарысу өзен аймақтарына 1927 жылға дейін жалғасқан. Аппақ ишан мүридтері сол кездері Қазақстанның барлық аймақтарындағы рулардан тұратын. Созақ аймағынан «Шалдар» және «Жетімдер» рулары; Сарысу аймағынан «Тілек», «Ошақты» және «Жайық» рулары; Түркістанда «Қоңыраттар» мен «Қожалар»; Шәуілдірде «Саңғыл» мен «Божбан» рулары; Шаянда «Қарабатыр» және «Байжігіт» рулары; Түлкібаста дулаттар; Шымкентте «Сасық» рулары және т.б., Бүгінгі Қостанай облысынан – Атбасар ауданы Есіл өзенінің жағалауында Ақтас-Найман, Қарабала-Найман рулары; Қарағанды облысынана «Сыртбала», «Тарақты», «Қарсұқ», «Керей», «Тобықты» рулары; Алматы-Жетісу облысынана «Көкірек», «Сәмбет» және т.б рулар; Қызылорда облысынан кіші жүз рулары мен қоңырат, қыпшақтар бар. Бұл мәліметтерді (архив материалдарынан көруге болады. 1, 1 т, 7 п.) 1930 жылы ОГПУ-ға оның әулетінен Алауитдин деген қожа берген.
И. Сталин, «… партия кез келген дінге, нанымдарға қарсы күреседі. Өйткені партия ғылымды қолдайды, ал діни нанымдар ғылымға қайшы» деп көрсетті. Ғылыми атеизм, дін мен ғылымды өзара қарама қарсы институт ретінде танытты. 1926 ж. РК(б)П Қазақ өлкелік комитеті «Дінге қарсы үгіт- насихат жұмысы туралы» құжатында дін таптық жіктелудің орталығы ретінде көрсетілді. Ислам діні кеңес өкіметіне қарсы дін деп сипатталды. Осылайша, социализм құру дінді диалектикалық тұрғыдан трансформациялап, жойып, діндарларды жоюдан басталғаны белгілі.
1930 жылғы 29 сәуірде Аппақ ишан мен оның жақын адамдарын тұтқындалды. Аппақ ишанға 58-10 (экономикалық науқанның бұзылуына бағытталған революциялық үгіт) және 59-7 (ұлттық және діни өшпенділікті насихаттау) бойынша айыптар тағылды. ОГПУ мен НКВД өкілдері мал мүліктерін тәркіледі. Жерлері мен жайылым қоныстарын тартып алған. Коммунистер тарапынан «контрреволюционерлер» деген айып тағылған. Аппақ ишан Мақсұм ұлдары өз ата қонысынан ауа көшуге мәжбүр болған. Өзбекстанға қашқан. 1930 жылдың 4 қаңтарында ОГПУ-дың Орта Азия мен Қазақстан Республикасы аймағы бойынша төтенше іздеу жарияланған өте құпия құжатта Сырдария округының Шаян ауданынан Өзбекстан Республикасына қашқан Сейдахметов Рахметолла, Аппақ ишанның балалары Сағабулла мен Алаутдин, Мәдиев Бахибулла, Мәдиев Сағидулла, Асқаров Махмут, Сейдахметов Сабыр, Тоқкожаев Сәмен және басқалардың аты аталады. Осылайша, 1930 жылы қазақ даласындағы ишандар Өзбекстан, Тәжікстан Ауғанстанға жан сауғалап кетті. Олар аймақтардағы көтерілістерге басшылық етті, жол көрсетті.
Шаян ауданының №1 ауылының азаматтары Сейдахметов Аппак-Мақсум (ол Аппақ-Ишан) жақтастары, Аппақ Ишанов (ол Махдиев) Бахабулла және Сейдахметов Сабыр жайында қылмыстық істің 58/10 және 58/7 баптары негізінде қарар алынды: Оның арнайы іс қағазында «Сейдахметов Аппак-Мақсум (Аппақ-Ишан) Сырдария ауданы мен Қазақстандағы ең ірі және ықпалды азаматтарының бірі, оның ықпалын 3000 мүриді бар екендігімен айтуға болады; халыққа шексіз әсерін және соңғы діни фанатизмді қолдана отырып, Сейдахметов бірнеше жылдар бойы ашық түрде кеңес билігіне қарсы үгіт-насихат жүргізді, кеңес билігінің төменгі қызметкерлері мен жеке лауазымды тұлғаларға қоқан-лоққы көрсетті және ауылдағы экономикалық қызметтің жүзеге асырылуына кедергі келтірді» делінген. Сейдахметов Аппак-Мақсұм (Аппақ-ишан) өз ауыл тұрғындары арасында, одан асып түгелдей аймақта кеңес билігінің құлайтыны туралы арандатқан сөздер таратқан, елді жүйеге қарсы үгіттеген.
Аппақ ишан құбылысы туралы Мәмбет Қойгелдиев, «…1929 – 1930 жылдарда Петропавловск, Павлодар, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстанда дін өкілдерін қудалау кең өріс алған. Себебі оларды қоғамнан аластамай, Кеңес үкіметінің атеистік саясатты жүзеге асыруы екіталай болатын» дейді. Расында 1929 – 1930 жылғы халық толқуларында ишандар, молдалар халықты соңына ерте білді, кеңес үкіметіне қарсы шықты. Аппақ ишан 1930 жылы 18 тамызда ОГПУ жанындағы «үштіктің» үкімімен Павлодарға жер аударылды. 1931 жылы 67 жасында Аппақ Ишан Сейдахметов Павлодарда түрмеде азаптап өлтірілді. 1989 жылғы 23 маусымда Шаян өңірінде ғұмыр кешкен Аппақ ишан толық ақталды.
1920-30 жж Қазақстандағы Кеңес өкіметіне қарсы көтерілістердің саны 380-ге жуықтапты. Көтерілісшілердің наразылық акциялары бойынша, совет үкіметіне білдірген талаптарының ішінде ең басты мәселе дін, иман, болмыс, мал-жан амандығы, ғибадат еркіндігі болатын. Кеңестік режимге қарсы көтерілістердің ішінде 1929 жылғы Түркістан облысына қарасты Бостандық және Созақ аудандарындағы Исламбек Жұмабеков пен 1929-1930 жж. Сұлтанбек хан Шолақов, Сапар қожа мен Ибрагимов Асадулла бастаған «Созақ көтерілісі» маңызды рөл атқарады. Себебі осы көтерілістер кейіннен бүкіл Сыр бойын қамтыды. Мысалы 1929 жылғы Қызылорда аймағының Тақтакөпір ауданындағы Үббі Ибрагимов, Жәлел Мақсұт Исматуллаев, Барлықбай Нұрымов бастаған көтерілісі; 1930 жылы Қарақұм өңірінде Жұмағазы Байымбетовтің бастауымен болып өткен көтерілісі; 1930 жылы Қазалы, Қармақшы аудандарын қамтыған, дін білгірі, ишан Ақмырза Дамолла Тасов бастаған көтерілісі; 1930 жылы тамыз-қыркүйек айларында Қазалы ауданында Иман Мақсат Орымбетов бастаған көтерілістер. Сыр бойындағы кеңестік режимге қарсы мұсылмандардың діни тұрғыдан жауап берген құбылыстар болатын. Артынша көтеріліс Жамбыл облысының Сарысу және Мойынқұм аудандарын да қамтыды. Қазақтың Сарыарқасы да бұл құбылыстан кейін қалмады. 1929 жылғы 1-9 қарашада Қостанай округі Батпаққара ауданында болған Абайділдә Бекжанов, Сейтбек Қалиев, Ахмедия Смағұлов бастаған көтерілісі; 1930 ж. Жітіқара ауданында, Ақтөбеде Ырғыз даласының дүмпуі, Айжарқын Қанаев пен Мұхантай Саматов бастаған көтерілісі. 1931 жылы наурыз айында Шығыста Шұбартау ауданында Мырзаш Қарамұрзиннің басшылығымен болып өткен көтерілістерді атауға болады.
1931-32 жылдардағы қолдан жасалған аштықтан қазақтың 2/3 бөлігі опат болды. Қаншама қазыналы қариялар өзі де ілімі де келмеске кетті. 1937 жылы Қазақ Өлкелік Атқару Комитеті бюросы ел ішіндегі кезбе дәруіш, молдаларды, діни сауатты адамдарды «Троцкий-Зиновьев, контрреволюционер, байланысы бар» деп репрессия бастады. Осылайша, репрессия кезінде де алаш зияларымен қоса ел ішіндегі ишан, ахун, дамолла, молда сияқты ілім иелері, сопылар да атылды. Аппақ ишан Сыр бойы мен Қаратау өңіріне ықпалды еді.
- СӘРУАР ИБАДУЛЛАЕВ
Сәруар Ибад
уллаев 1882 жылы Сыр Бойында (Қызылорда облысы Жаңақорғанда) дүниеге келген. Оңт. Қазақстан Облотдел ОГПУ 234/УСО-Ю-К құжатында Ибадуллаев Сәруар, жалпы ұзын саны 66 дін қызметкері 58-16 бабы, 58-9, УК РСФСР қылмысқа тартылған. Себебі, олар «Орта Азия мен шектескен Оңтүстік Қазақстан аудандарында ишан молдалар діни фанатизм тұрғысынан елді шатастырып келген». Негізгі консервативтік орталықтар Бұхара, Самарқандтағы мектептер мен медреселер. Ал ишандардың байланыстары негізінен Орталық Азия мен Ауғанстан, және Аравия болды делінген.
«Үштіктер протоколы» құжатында Оңтүстік өңір мен Сыр бойы (Қызылорда) ишандарының және олардың шәкірттері (приверженцы-муридтері) кеңес үкіметіне астыртын диверсциялық шпиондық әрекеттер жасаған делінген. Олар Туркия, Ауғанстан, Англия, Жапониямен байланысқан деп айыпталған. Барлығы дерлік «с конфискацией имущества» деген қосымшамен жаны, малы, тәркіленіп, сол жерде муриттерімен қоса атылған. Іс-қағазда (дело-нөмірсіз құжаттар) муриттерінің аты жөні, саны тіркелмеген. Сосын кез кез келген ру мүшелері, тариқат өкілі ретінде топ тобымен қысымға ұшыраған, Созақтағы «тама», Сыр бойындағы «әлімдер» оларды «ақұдайлар» руы сияқты. Бұл да діни мотивпен қуғындалғандар категориясына кіреді.
«Суфи операциясы» ретінде танылған «Созақ көтерілісі», «Үштіктер протоколында», жалпы тұлғаға ғана емес, шариғат бойынша заңбұзушылықты тариқат мүшелеріне толық жала жауып, діни қызметкерлерге жекелей жауапкершілікті артқан. Осы жерде Қазақстан топырағында діни сопылық тариқаттар мен хұжралардың (сопылық мектептердің) ықпалының қаншалықты белсенді болғандығын аңғаруға болады. Әрбір ишанның өз мектебі, уақфы, хұжыралары, муридтері-рулар мен тайпалары бар еді. Бұлар да ишандардан «конфискация» арқылы тартып алынды.
Архив құжаттарында «Обвинительное заключение: Следственному делу особого отделения, Южно-Казахстанского облотдела ОГПУ №234/усо-ю/к. обло. по обвинению: 1. Ибадуллаева Сарвара; 2. Нигматова Махмуда; 3. Мамрайева Сейдахмета; 4. Тлеубергенова Кутумбая; 5. Смаилова Уайда. в числе 66 челов., по ст. ст. 16-58п. 3.58, п.7 и 58 п.11 ук р.с.ф.с.р.» (см. пок. Ибадуллаев Сарвар том ІІІ л.д. 295). Айқожа ишанның тікелей ұрпағы Ибадуллаев Сәруар туралы арнайы том құрастырылған.
Иасауи Айқожа Ишан салып кеткен жолды, діни тәжірибені, Ауғанстанмен рухани байланысты кеңестікк кезеңде Сыр бойында Сәруар ишан жалғастырған.
Сәруар Ибадуллаев өз кезегінде ата-баба дәстүрі бойынша сол кезде Самарқанд қаласының іргесіндегі Жұма-Базарда тұрған Аманолла Әбутұрап ишанға қол берген. 1916 жылы Сәруар ишан нәтижеге қол жеткізіп, ишандық пост алады да, өз еліне оралып 20 000 мүридтерге пірлік етеді.»
Архив құжаттарында Сәруар ишанның тек қана Ауғанстанмен емес, Аравия, Османлы, Қоқан, Бұхара мемлекеттерімен байланыста болғандығы айтылады. Оңтүстік Қазақстанда Кеңес өкіметінің нығаюына қарсы күрес ұйымдастырды. Сарвар Ибадуллаев отаршыларға қарсы күресті: Қазақстанда Кеңес өкіметін экономикалық тұрғыдан тұралату, диверсанттық жұмыстар жүргізу арқылы коммунизмді құлату… Сәруар Ишан піріне берген сөзінде тұруға уәде береді…»
Архив құжаттарынан Қазақстандағы, жалпы Орта Азиядағы сол кездегі кеңестік идеологияға қарсы күресте, тариқат ишандары мен мұсылмандардың қол қусырып қарап отырмай, ашық әрі астыртын өзара септесіп, үлкен істер атқарғандығын аңдауға болады. Аумағы да локальдық емес, трансаймақтық масштабта болғандығын көрсету үшін де архивтегі мәліметтерді келтіріп отырмын. Яғни «Созақ көтерілісі», «Түркістан көтерілісі», «Сарысу көтерілісі» және т.б. көтерілістердің бірорталықтан басқарылғандығы анық. Оның басында да ишандар мен ұлағатты байлардың жанпидалық, өнеге істері жатыр.
Архив құжаттарындағы протоколдан бір үзінді келтірейік. Құжатта сол кездегі кеңес үкіметіне қарсы болған боздақтардың айыпталу себептеріне зер салу тұрғысынан маңызды.
Жоғарыда аталғандардың негізінде МГПУ-нің № 19 бұйрығын басшылыққа ала отырып, төменде көрсетілген айыпталушылар 16-58 п.з, 58 баптары бойынша жасаған әрекеті үшін КАЗСР-дағы (ТРОЙКА ПП ОГПУ) «Үштік» тарапынан сотталады., 7-бет. және 58 Қылмыстық кодекстің 11 тармағы. РСФСР.
Арнайы айыпталушы:
ИБАДУЛЛАЕВ Саруар, 51 жаста, қазақ, №11 ауыл, Жаңа-Қорған ауданы, өте беделді ишан, сауатты, үйленген, партиясыз, бұрын сотталмаған.
Айыптау қорытындысы:
Операция уәкілі : – (ИБРАГИМОВ)
Өкілетті: (САХАУТДИНОВ)
Бастық : – (ТИТОВ)
Бастық, ОГПУ Орталық Комитеті: – (ПОЛЯЕВ)
СССР от В/УД-1932 года.
(ТОМА.Ф.6.Д.21655.Л.1-60/ Обвинительное заключение составили:
ОПЕРУПОЛНОМОЧЕННЫЙ ОО: – (ИБРАГИМОВ)
УПОЛНОМОЧЕННЫЙ: (САХАУТДИНОВ)
НАЧ. ОО: – (ТИТОВ)
Вр. НАЧ, ЦК ОО ОГПУ: – (ПОЛЯЕВ)
По следственному делу Особого Отделения
Южно-Казахстанского ОблОтдела ОГПУ по
обвинению:
- ЧУПАНОВА Утегена.
- ДАВЛЕТОВА МУРТАЗЫ,
- МИНДАЕВА ОМАРА по ст. 59 и ЗИМ и влкову ЦИК
СССР от В/УД-1932 года.
ТОМА.Ф.6.Д.21655.Л.1[1] )
Бұл жерде – «Сәруар ишан» мен «Ақ Ишан» қозғалысына қатысты тергелген және «Үштік» тарапынан сотталған бас қа да 20 адамның тізімі берілген. Сәруар Ишанның негізгі мойнына алған айыптары, Шет елдік қолдауға сүйену арқылы Кеңестік Түркістанда және Қазақстанның оңтүстігінде қарулы күрес ұйымдастыру, түпкілікті мақсаты Кеңес өкіметін құлатуды көздеген контрреволюциялық ұйым құрған, ұйымдастырушысы және көсемі болған. Контрреволюциялық қызметінде шетелдік контрреволюциялық және антикеңестік орталықтардан нұсқау алып отырған. Қазақстаннан Орталық Азияға халықтың көшуін ұйымдастырған. Атап айтқанда, Ауғанстанға көшу және кеңеске қарсы қозғалысты басқарған. Осы мақсатта шура-діни кеңес шақырып, он алты рет мәжіліс өткізген. ЖаңаҚорған аймағынан Тәжікстанға, Ауғанстан мен Өзбекстанға халықтың қоныс аударуына басшылық жасаған, үгіттеген. Кеңестік режимге қарсы ұйымдасуда, «Жаңа-Базар» «Сталинабад», «Байсун», «Пархар» «Ғұзар» және «Шахрисябз» топтары мен орталықтарын құрған.
Бұл тариқат өкілдері 1930 жылы Созақ бандиттік қозғалысына және Аманпалуан бандасы болған, Сарысу және Әулие-Ата аймақтарынан Ауғанстанға көш ұйымдастырған. «Союзтранс» компаниясына тиесілі 200 түйе мен мемлекеттік жүкті тартып алған. Сонымен қатар колхоз малын ұрлаумен айналысқан.
Ибадуллаев Сәруар ишан мен Алдабергенов Серқұл Ауғанстандағы нақшбандия тариқаты нұсқауымен және бұрынғы Бұхара әмірі Әлімқұлдың тапсырмасымен контрреволюциялық диверсиялық жұмыстарды жүргізді. Бұлар мұсылмандарды Кеңес өкіметіне қарсы күреске шақырып, оларды шет Мемлекеттердің көмегімен адам күші ретінде пайдалану, халықты шекара асып Ауғанға көшуге ұйымдастырды.
Ауғанстандағы дақпыртты естіген контрреволюциялық ұйымдар 1932 жылдан бастап халықтың жаппай көшуін ұйымдастыра бастады. Қазақ халқынан бұрын Орта Азияға тек жекелеген ірі байлар, рубасылар, молдалар көшсе, енді, оңтүстік өңірлерден колхоз халқын жаппай көшіруді ұйымдастыра бастады. Қазақстанның облыстары: Жаңа-Қорған, Түркістан, Әулие-Ата, Созақ және т.б. аймақ халқы үдере көшті. Олардың көздеген мақсаттары: а) Аймақтың экономикалық күйреуі; ә) Колхоздардың толық ыдырауы. б) Ауғанстанға көш және в) эмигранттарды жихадқа дайындау және Кеңес өкіметін құлатып, Түркістан мен Бұхараны азат ету. Ауған асқан Жаңа-Қорған және Түркістан жұртшылығы 500-ден астам шаруашылық үдере көшті. Сәруар Ишан тұтқындалып, Шымкентте 1938 жылы атылған.









