Икрам ишан кім? (1860-1923ж.ж.)

Бисмилләһир Рахманир Рахим!
(Аса мейірімді Алланың атымен бастаймын!)
Бұл кітапта біз бабамыз Қасым ишан ұлы Икрам ишан (1860-1923ж.ж.) жазған еңбектерін алғаш рет баспа түрінде жариялап отырмыз. Ол кісі жас кезінде «Көкілташ» медресесінде білім алып, ата-баба жолымен халық арасына ислам дінін таратушы сейіт қожа руынан шыққан (сейіттің ішіндегі шұбар атты мәлім сейіттен, толық шежіре келесі бөлімде беріледі). Бабамыз ағартушылық қызметпен қатар молдалық қызметті атқарып жүріп, өз кезіндегі қолына түскен араб, парсы, ескі түркі тілдеріндегі кітаптармен таныс болғандығын өз шығармаларында жазады:
Молдалықта молданың көрдім дәмін,
Оннан – мұннан көңліңді қандырмағын.
Араптан да білемін, парсы түркі,
Азырақ орысшадан былдырлаймын.
Аталарымыз бен әжелеріміздің айтуынша ақындық арғы бабамыз Қасым ишанда да болған көрінеді. Икрам ишан бабамыз оқыған қиссалары, Құран сүрелері мен хадистерін, ислам діні туралы уағыздарын қағаз бетіне өлең түрінде түсіріп, өзі жүрген жерінде оқып отырған. Айналасындағы шәкірттері бабамыздың өлең жинақтарын өздері де көшіріп алып, жүрген жерлерінде елге таныстырып отырған. Бабамыз ол туралы да өсиет етіп кітабының соңында айтқан сөзі бар:
Бұл сөзім осыменен болды тамам,
Оқыңдар алып жүріп жүрген жерге-ай.
Құдайым есіткенге тауфиқ берсе,
Сауап іс болар еді дедім бізге-ай.
Негізі қожа руы о баста ислам дінін тарату үшін Араб елінен келгенін тәптіштеп айтпай ақ көзі ашық жұртшылықтың білетініне күмәніміз жоқ. Біздің бабаларымыз да қазіргі Қызылорда облысы, Сырдария ауданына қарасты Шаған елді мекенінде өмір сүрген. Сол жерде Мақтұм сейіт, Мәмбетәлі сейіт, Үмбетәлі сейіт, Бөбей сейітбабаларымыздың қорымы мен кесенесі сақталған. Сол замандағы ислам дінін таратушылардың тәртібі бойынша ру-тайпа билері, яғни қариялары өздеріне ұнаған қожа әулиетіне келіп, бір баласының өз руына қызмет етуін сұранатын болған. Ондай сұранысқа қойылатын ең басты шарт – шақырылған кісіге мүлтіксіз сеніп, айтқанын орындап, керек-жарағымен жабдықтап, ислам дінін таратуға барынша жәрдемдесу. Осындай сұраныспенен Түркістан қаласына жақын жердегі Балтакөл, Ақкөл тұрғындарының Ұлы жүзден – қаңлы, Орта жүзден – көтен, жетімдер, божбан рулары өкілдерінің азаматтары Бөбей Сейіт ұлы Мұстафа бабамызды осы өңірге әкеледі. Мұстафа бабамыз келгеннен соң мешіт пен медресе салу жұмысының әрекетіне кірісіп жүргенде өмірден озған.
Әкесінің өсиетін ұлы Қасым ишан бабамыз іске асырып, дарияның жағасынан сол ауыл адамдары сиятын мешіт пен медресе салдырып, онда сол ауыл балаларына хат танытып, ислам дініне тәрбиелейді. Сол жылдары қыста қалың қар жауып, көктемде Сырдария суы арнасынан тасып елді мекенді су шаяды. Мешіт пен медресе қатты зардап шегеді. Халық елді мекенді дариядан бір шақырым су шаймайтын жаққа көшіруіне байланысты, мешітті де сол жерге ауыстыру қажеті туындайды. Қасым ишан бабамыз келесі мешітті салуға әрекетін бастап, ескі мешіттің кірпіштерін бұзып жаңа орынға тасытып жүргенде өзі де өмірден озарда баласы Икрам ишанға аманат етіп тапсырған.
Икрам ишан бабамыз, біраз дайындықтан соң 1920 жылы мешіт құрылысын бастап, күмбезіне жеткенде, 1922 жылы қызыл жендеттер ізіне түсіп, Өзбекстанның Бостандық ауданына қарасты, Қытайтөбе елді мекенінің маңында 1923 жылы дүниеден озады. Сол жердегі қаңлы руының муриттері Шымылдық әулие қорымына жерлейді. Ауылдан кетіп бара жатқанында бабамыз қари баласы Әлиасқар атамызға мешіт пен медресені бітіруді аманат етіп тапсырып кеткен екен. Әлиасқар атамыз мешіт пен медресені 1923 жылы бітірген және сол елді мекеннің балаларына бірнеше жыл сабақ беріп, сол ауылдың молдасы болған.
1937 жылы Мырзашөлді игеру мақсатында Балтакөл, Ақкөл елді мекендерді түгел көшіргенде мешітіміз қаңғырап бос қалған, уақыт өте қасындағы медресе бұзылып кеткен, ал медресенің кітаптарын көшіп бара жатқанда біразын өздерімен ала кетіп, көпшілігін кейін келіп әкетеміз деген оймен сандықтарға салып, сыртынан киіздерге орап, көміп кеткен екен. Жаңа қонысқа келіп, жайғасып, орналасып, үйренісемін деп жүргенінде 1940 жылы Әлиасқар атамызды да қудалап, ол кісі де Өзбекстанда бойтасалап жүрген жерінен ұстап, 1940 жылғы желтоқсан айында 58-баппен ату жазасына кесілген. Ол туралы құжаттарды төменде беріп отырмыз. Осындай себептен үкіметтің қаһарынан қорқып, ешкім көмілген кітаптарды барып алуға батылы жетпеді. Бабамыздың қолжазбасынан да, елге тараған көшірмелерінен де тек қолда қалғаны ғана сақталған. Біздің жариялап отырған өлеңдер жинағы да – осы қалған қолжазбалардың жұрнағы ғана. Егер де, ел ішінен басқа да нұсқалары шығып жатса, өз уақтысында оларды да жариялай жатамыз. Бұл кітап қазір кімге керек? – деген сұрақ та туындар. Біріншіден, Икрам ишаннан тараған ұрпақтарына керек, екіншіден, осы тақырыпты зерттеп жүрген ғалымдарға да керек деп ойлаймын, өйткені Кеңес заманында ишандарды елді азғыртып өкіметке қарсы болды деп насихаттады. Мына кітапты оқыған әрбір азамат, бабамыздың тек исламды уағыздаған өлеңдерінен басқа ойы болмағандығының дәлелі екенін біледі. Онда ешқандай саясат, жеңіл әзіл, біреуді сынап-мінеу деген нәрселер кездеспейді. Біздің бабамыз туралы өлеңдерінен басқа ешқандай естелігіміз жоқ. Ол кісінің қандай тұлға болғандығы туралы өз өлеңдерінен білеміз:
Оқуда әйнек қойдым өз көзіме,
Қараймын өзім тыңдап өз сөзіме.
Лайық айтқаныма жұмыс қылмай,
Өкпем бар сол себепті өз-өзіме.-деп өзінің ісіне әлі де қанағаттанбайтынын білдірген.
Атам бар һәм анам бар, бабаларым,
Жамиғ әһлі әулет балаларым.
Ешбірін рахметіңнен наумид қылма,
Жарылқа, я Раббана бәрін аның.- деп жанұясы туралы бірер сөзбенен таныстырады.
Соңғы өлеңінде:
Бұл жерде аяғын қылдым тәмәм,
Есірке мұсылманды Хақ тағалам.
Айтқанға, жазғанға да дуа қылғын,
Оқыған һәм естіген барша адам.- деп жалпы оқырманға аманат жүктеген. Кітапта парсы, араб, ескі түркі сөздері және діни терминдердің көп болуына байланысты, оқырмандарға барынша түсінікпенен жеткізу мақсатында, әрі бұл қолжазба кезінде араб әріпімен (төтенше) жазуменен берілгендіктен оны кириллица әріпіне аударып, жалпы кітап редакциясын жүргізуді, осы саланың маманы, өзі де бірнеше кітаптардың авторы Сейтомар Саттаров көкемізге өтініш білдірдік.
Кітаптағы біраз материалдарды Отырар музейіндегі қолжазбадан және өзімізде сақталған қолжазбалардан алынды. Сондай-ақ жинаққа Отырар музейінің директоры Абдулла Жұмашевтің біздің Икрам ишан бабамыз туралы жазған мақаласын да қосымша кіргіздік. Мақала «Оңтүстік Қазақстан» газетінде 2015 жылғы, 26 қарашада, 191 нөмерде «Икрам ишан назымдары немесе мешіттің күмбезінен өрілген өлең» атпен жарық көрген.
Автор мақаласында осы уақытқа дейінгі бабамыз туралы еңбектерді түгел қамтығанға ұқсайды. Кей жеріне қосымша түсініктемені өз атымнан беріп кетемін. Өйткені біздің аталарымыз бенен әжерелімізден естіген әңгімелерімізді дәлел ретінде алып отырмыз. Мысалы: Икрам ишан бабамызды 63 жасында қайтыс болған деп нақты айтатын, сонда 1923 жылы қайтыс болғанын білеміз, яғни 1860 жылы туылған деп дәл айтуға болады.
Әр адам өзінің өткенін біліп, сол өткен ата-бабаларының қадір-қасиетіне жетсе, солардан үлгі-өнеге алса, солар жүрген ислам жолымен жүрсе, ондай ұрпақтан тек қана иманды, парасатты, білімді, тәрбиелі ұрпақтар тарайды деп үміттенеміз. Ал жақсыға қиянат еткен ұрпақтан ешнәрсе қалмайтынына тарих өзі-ақ дәлелдеді. Қанша қудаласа да, бабамыздың салдырған мешіті Алланың қалауымен аман қалды, жазған кітабы сақталып, ұрпақтары ислам дінін дәріптеп, еліміздің өркендеуіне осы елдің азаматы ретінде өз үлестерін, білімдерін қосып жүр. Осы еңбегіміз қалың жұрттың ойынан шығып, керегіне жарап жатса, бабамыздың аманатын орындағанымыз деп санаймыз.
Ізгі ниетпен Икрам ишан бабамыздың ұрпақтары, соның ішінде Қасымов Абыт Инаятуллаұлы деп білерсіздер.
Ата тек шежіре
Бисмиллахир рахманир рахим
АБДУМАННАФ АТА
ХАШИМ
АБДУМУТАЛИБ
АБУТАЛИБ
1. ИМАМ ХАЗІРЕТ ӘЛИ ИБН ӘБУТАЛИБ пен Фатима анамыздан
2. ИМАМ ХУСЕЙН
3. ИМАМ ЗЕЙНУЛАБИДДИН (өмір сүрген уақыты 713 жыл)
4. ИМАМ МҰХАММЕД БАКИР ( ө.с.у. 732 ж.)
5. ИМАМ ЖАҒФАР САДЫҚ (ө.с.у. 700-765жж.)
6. ИМАМ МҰСА ҚАЗИМ (ө.с.у. 799 ж.)
7. ИМАМ АЛИ МҰСА АР-РИЗА (ө.с.у. 818 ж.)
8. ИМАМ ИБРАХИМ РИЗА
9. САЙД ХУСАМИДДИН АМИР МУХАММАД ҚАБИР АЛ-МАҒРУФ
(САЙД РИЗОИЙ ЖАУХАРИЙ)
10. САЙД ХАСАН АМИР АБДУЛЛАХ
11. САЙИД НУРИДДИН АМИР ЖАҒФАР
12. САЙИД ШАМСУДДИН МУХАММАД АМИР АЗИЗУЛЛА ШАХИД
13. САЙИД НАСРИДДИН АМИР АБДУЛЛАХ
14. САЙИД АБДУЛХАЙ АМИР МУСА ТОКИЙ
15. САЙИД МАХДИ АМИР АБДУЛҚАСИМ
16. САЙИД АБДУЛЛА АББАС БАКИРҒАНИ
17. САЙИД АХМАД ҚАБИР АМИР ХАСАН
18. САЙИД ЯХЯ АМИР АБУБАКР АР-РИЗА
19.АБУ НАСЫР БАКИРҒАНИ САЙИД АХМАД АЛ-МАҒРУФ-САЙИД АТА
20. САЙИД АБДУЛЛА ЗАРБАХШ –Екі ұлы болған
21. САЙИД АКБАР АМИР АЛЛОУДДИН ПАРСО және Саийд Ибрахим.
22. САЙИД МУХАММАД ШАХИД
23. САЙИД ФЕРУЗШАХ АМИР УМАР
24. САЙИД ИЛАН АМИР УСМАН екінші САЙИД АТА
25. САЙИД ВИЛОЯТУЛЛА
26. САЙИД ХИДОЯТУЛЛА
27. ИБРАХИМ МИРАЙИМ АҚСАҚ
28. САЙИД МУХАММАД НИЯЗ екі ұлы: 1. САЙИД ЯХЬЯ
2. САЙИД МУРТАЗАШАХ (Үргенш ханы)
29. САЙИД ЯХЬЯ
30. СЕЙІТ ЕШМҰХАММЕД (ЕРЕСІМ СЕЙІТ – Шұбар Атты Мәлім Сейіт)
31. БӨБЕЙ СЕЙІТ
32. ТӨЛЕК СЕЙІТ
33. ДІНМҰХАММЕД СЕЙІТ
34. МҰХАМЕДӘЛІ СЕЙІТ
35. БӨБЕЙ СЕЙІТ
36. МАҚСҰТӘЛІ СЕЙІТ
37. ДӘУЛЕТӘЛІ СЕЙІТ
38. МАҚТҰМ СЕЙІТ
39. МАМБЕТӘЛІ (ДІНМҰХАММЕД )
40. ҮМБЕТӘЛІ СЕЙІТ
41. БӨБЕЙ СЕЙІТ
42. МҰСТАФА ӘЗДЕР
43. ҚАСЫМ ИШАН Қасым ишаннан: Ташмұхаммед, Қосмұхаммед, Есім ишан,Икрам ишан туады.
44. ИКРАМ ИШАН
Икрам ишаннан: Әлиакбар, Әлиасқар, Әбдімәлік,Патыма, Махмұтдин(Мамытқожа), Балғын, Әбибулла, Шәмшия, Убайдулла туады.
Әлиакбардан: Мұзаффар, Рахима
Мұзаффардан: Әпиза, Ташкенбай, Жәмилә
Ташкенбайдан: Нигуна, Нуриддин, Жарқынбек, Нұрлыбек, Фарида, Гүлнар, Дана.
Нуриддиннен: Дәулет, Салтанат, Дәурен, Дінмұхаммед.
Дәулеттен: Елдана, Дулати, Медина, Томирис.
Нұрлыбектен: Гүлбану, Мөлдір, Мақсат
Жарқынбектен: Жансая, Ақерке, Жаңылсын, Дияс, Олжас
Әлиасқардан: Әбдірашид, Әбдіғапур, Ізетулла, Диляфруз, Әнипа, Фатима, Хабира.
Әбдірашиттен: Райхан, Гулжахан, Файзулла, Мубаширхан, Шолпан, Уәлихан, Бибігул.
Файзулладан: Раушан, Сәуле, Айнұр, Данияр, Айгул.
Даниярдан: Айдана, Ануар, Нұрислам, Даниял, Мариям
Мубаширханнан: Бақтияр, Ербол, Бауыржан,Зәуре, Нұрбол.
Бақтиярдан: Аяулым, Арайлым, Даулет, Әділет, Назым.
Ерболдан: Жания, Бейбіт, Жансая, Кәусар.
Бауыржаннан: Малика, Әлнұр, Дінмұхаммед, Муслим, Мансұр.
Уалиханнан: Бақдәулет, Альмира, Нұрдаулет, Балнұр.
Бақдәулеттен: Мақсат.
Нұрдәулеттен: Гулзинат
Әбдіғапурдан: Айман, Әсілхан, Гулмира, Гулсара, Әшімхан, Гулназипа.
Әсілханнан: Әлихан, Айжан, Айсара, Мейірхан, Балжан,Әбілхан, Аружан.
Әлиханнан: Азамат,Алима, Азиза, Әли Ахмет, Әбубәкір.
Мейірханнан: Арифахмет, Мариям, Медина.
Әшімханнан: Жанар, Сейдалхан, Әділхан, Маржан, Әсел.
Сейдалханнан: Рамазан, Ерасыл, Дарын, Мирас.
Ізетулладан: Бақытжан.
Бақытжаннан: Жандаулет, Ильяс.
Әбдімәліктен: Тәжіқожа.
Тәжіқожадан: Оразмұхаммед, Сейітмұхаммед, Сейітқадыр, Нұрлан.
Оразмұхаммедтен: Нұрман, Мақсат, Самат, Нұрқожа, Бекқожа, Нұрболат, Ахмет туады.
Сейітмұхаммедтен: Дінмұханбет.
Сейітқадырден: Асан.
Нұрланнан: Нұркен, Қожахмет.
Махмұтдиннан (Мамытқожа): Қалилла (Қалтайқожа).
Қалтайқожадан: Инаятулла, Құралай, Зәйпін, Нүрбибі, Мадина, Исматулла, Бекзада, Айзада, Нұртаза, Әбурайра туады.
Инаятулладан: Абдушахма, Абыл, Абыт, Нұржан (Нұржанды 3 айлығында әкесі Қалтайқожаға берген), Сәбит, Ғабит, Бекжан туады.
Абдушахмадан: Біржан, Гүлзира, Ақжан.
Біржаннан: Дінислам, Азиза, Дінмұхаммед.
Ақжаннан: Ермұхамед, Нұрмұхамед, Медина.
Абылдан: Гүлжазира ,Замира, Абзал, Әділ, Мұхаммедәли.
Абзалдан: Әли
Абыттан: Нұрила, Мансұр, Нұрасыл, Нұрислам, Абылайхан.
Нұржаннан: Шахризада, Малика-Будур, Мағжан, Марленхан, Динулла, Алихан.
Мағжаннан: Асма.
Марленнен: Сайд Аднан.
Сәбиттен: Лаура, Ағзам, Нұғман, Майра, Фатима.
Ғабиттен: Асылжан, Гүлназ, Досымжан, Ақылжан, Гүлжайна.
Асылжаннан: Абдулазиз.
Бекжаннан: Гүлзағира, Абдулла, Әбубәкір, Арсен.
Исматулладан: Рашид, Әсел.
Рашидтен: Мұстафа.
Нұртазадан: Аманкүл, Әлішер, Әлайдар, Рухайя, Айшагүл.
Әлішерден: Хадия.
Әбурайра: Әлжан, Гүлзада, Ханзада, Динара.
Әлжаннан: Мұхаммедали, Дидар.
Әбибулладан: Нематулла, Қызжан, Нұрсара.
Нематолладан: Тахир, Ақынсара, Асия, Шады, Мәді, Заидхан, Гүлнар, Алия
Шадыдан: Мирас, Мадина.
Заидханнан: Ислам, Закир.
Закирден: Икрам, Раяна.
Убайдулла – (Ұлы Отан соғысынан оралмаған): Ұрпақ қалмаған.