Білген Шайыр айтады

Сұлтан хазірет Еділбайұлы мұрасынан

Бисмилләһир Рахманир Рахим!

Тұяғы бүтін тұлпар жоқ

Қанаты бүтін сұңқар жоқ,

Кей адамда аға жоқ ,

Ағасызда пана жоқ.

Кей адамда іні жоқ Інісіздің күні жоқ,

Кей адамда бала жоқ,

Бермесе Тәңірім шара жоқ.

Әуелінде қуантып – қызықпенен жұбантып,

Ақыры өтер-кетер, дүние жоқ.

Жиған мүлік, ақ шаңқан

Ордалар да кімнен қалмаған?

Жалаулы найза, ақ алмас

Қарулар кімнен қалмаған?

Ал қара көз, ақ білек

Арулар кімнен қалмаған?

Ішер дәмі біткен соң,

Алладан фарман жеткен соң.

Бауыры суық қара жер

Талайларды жалмаған.

Ғапіл болып дүниеден,

Талай жақсы пенде өтер,

Жазғызды жалғыз демейді,

Мыңды айдаған байда өтер.

Жібек қамқа кисең де,

Жараспайтын күнде өтер,

Басыңда дәулет тұрғанда

Біріңді бірің хан көтер.

Ақсақ қойдай аяңдап,

Ажал шіркін ол жетер,

Кәрілік деген бір қонақ

Әлің келсе шіркінді,

Сыйлап қалсаң нең кетер?!

(Тәмам)

Әулиелер ордасы: әдеби-танымдық мұра / Жауап ред. Д. Қамзабекұлы; түсініктерін жазған К. Тиышхан, арабша мәтінді саралаған М.Смағұлов. – Нұр-Сұлтан: «Астана полиграфия» баспасы, 2019. – 322 б.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button