Білген Шайыр айтады
Бажақтың болып жатыр мәжілісі

Бажақ деген дәулеттi кiсiнiң асына Мәделiқожа, Майлықожа, Байырбек ақындар барыпты. Қонақтар нашар күтiлiптi. Сол жайды мiнеу мақсатымен өлеңнiң басын Мәделiқожа, ортасын Майлықожа, аяғын Байырбек шығарып айтуға келiсiптi.
Мәделiқожа:
Бажақтың болып жатыр мәжiлiсi,
Майлықожа:
Ит жүгiрiп, құс салған әзiл iсi.
Байырбек:
Бұл кiсi сахабадан кем болмады,
Атанды Меке барып әжi кiсi.
Мәделiқожа:
Менiң атым бұл жерден үркiп отыр,
Майлықожа:
Жүрегiм май iшкендей кiлкiп отыр.
Байырбек:
Үш қос уыс жем жеген тұғыр аттай
Байырбекте дорбасын сiлкiп отыр.