Ахметов Бөрбек Ахметұлы

1906 жылы Арқа өңірінде Ахмет байдың отбасында дүниеге келген. Ахметтен бес ағайын: Райымбек, Сүләйбек, Бөрбек, Жағыпар және Күләнда.
1917-1918 жылдары револиция кезінде Ахмет атамызды бай отбасы деп, малын тәркілеп, атамызды қудалаған. Бөрбек атамыз жастайынан қазақы мешіт молдасынан ілім алып, сауатын ашып, оқу-жазуды еркін игерген.
Бөрбек атамыздың анасы Жәмиля апамыз аяғы ауыр кезінде түс көреді. Түсінде отын арқалап келе жатқан Жәмиля анасының отынының үстіне бір қап құран кітап түседі және қаптың аузы буылған болған екен. Ол кезде түсті мешіт молдасына баяндайды және жорытады. Мешіт молдасы ұлды болатының және ұлының алып молда және бір кемшілігі болатынын, яғни кемшілігі мылқау болатынын, аузы буулы сақау деп жорыған екен.
Атамыз кітапты көп оқиды, өте алғыр болып өскен. Тілінің сақаулығы атамызға өскен ортасында мылқау молда деген атқа ие болған.
Ата-анасы қуғынға ұшырағаннан кейін бала-шағасы мен қалған ағайындары ілесіп Өзбекстан тарапына көшіп қоныс аударады. Өзбекстанда Райымбек, Сүләйбек, Күләнда, Жағыпар бауырлары елге қызмет жасап, егін егіп, жергілікті жерге сіңіседі.
Атамыз Бөрбек Мақтарал ауылсоветінің малын бағып, жан сауғалайды, халыққа дем салып шарапатын тигізеді. Сол кезде Мақтарал ауылсоветінің басшысы молда Совет үкіметіне қарсы деп, Бөрбек атамызды мақтаның уына қамап тастайды. Сол түні ауылсовет басшысының түсіне атамыздың әкесі Ахмет атамыз кіріп, бетінен салып қалып, менің ұлымды босат деп әмір білдіреді. Ауылсовет басшысы таң атысымен тұрғанында, түсінде ұрған беті, аяқ-қолы істен шыққанын көріп, дереу атамызды босатуға бұйрық береді. Өлім аузында жатқан атамыз Бөрбекті көрген ауылсовет басшысы елді жинап, атамыздың аузына ақ айран құйып, әзер дегенде есін жинап, кешірім сұрайды. Бір малын шалып батасын алады және ендігі жерде мен тұрғанда Сізге ешкім тиіспейді деп ант суын ішкен екен.
Арада көп уақыт өткізбей, атамыз Сырдың бойын жағалап келіп, Шиелі өңіріне тоқтап, сол жерде ағайындарымен табысады. Сол жерге қоныс жасап, бірінші әжеміз Бибісараға қосылады және үлкен қызы Патима өмірге келеді. Одан әрі сыр бойын жағалап Тасарыққа қоныстанады.
Қазіргі қорымы орналасқан Көптес дачасының жанына, Сырдарияның 900С иінінде орналасады. Ол жерде Мақсұт Ишан мешіті болады. Тасарық өңірі Айжарқын шолақ, Тұрғанбай Мақаннұлының ата-анасымен көрші болып, 5-6 үй бір ауыл болып өмір сүреді. Ол жерден Тұрған әжемізбен қосылып, атамыздың екі әйелі болады. Екі әжеміз бір отбасында ұйыған айрандай 10 баланы өмірге әкеліп, тату өмір сүреді. Атамыздың ел-халыққа шарапаты тиіп, келуші жұрттың қарасы көбейіп, атамыз бар алған ілімін және бойындағы қасиетін келушілерге арнайды. Бүгінде атамызға сол жылдары емделіп, дертіне дауа тапқандардың қарасы азайып келеді.
Атамыздан 10 бала-шаға өрбіген: Патима, Тәңірберген, Құдайберген, Зейнеп, Жаңаберген (Ақжан), Жаңылай, Зейнекұл, Айтжан, Ізтілеу, Кенжебай. Бүгінде осы бала-шағадан көзі тірі анамыз 80 жастағы Жаңаберген (Ақжан), Жаңылай 78 жаста, Кенжебай 67 жаста. Қазіргі таңда, кенже баласы Тасбөгет кенті, М.Мәметова көшесі 19 үй мекен-жайында тұрады.
Атамыз Бөрбек 1983 жылы 1 сәуірде дүниеден бақилық болды.
Қазіргі кезде атамыздан ем алып шипа тапқан кісілер, олардың бала-шағалары Бөрбек атамыздың зияратын көптеп іздеп келуде. Келген кісілер атамыздың зияратының жаңына көлікпен келіп қонуда. Сонымен қатар, Арал, Қазалы, Қармақшы өңіріндегі қарақты (емішілер) кісілер, дертіне дауа іздеген емделушілерге Тасбөгет өңірінде Бөрбек әулиенің қорымына бар, сонда түне, сол атаның батасын ал деп жолдаушылар көбейуде.
Атамыз тірісінде Тасбөгет кентінің 70-80% пайыз тұрғындарының дертіне дауа тапқан.
Келіп іздеушілер Бөрбек атамыздың қорымының басына атамыздың аты жазылса, сол жерге тілеухана салынса деп ұсыныс өтінуде.
Барлық шығындар Бөрбек әулиенің ұрпақтарынан жасалатын болады.
Қызы Бөрбекова Жаңаберген (Ақжан) анамыздың айтуынша жазылды.
Жазған Бекенов Қайрат Есенгелдіұлы. Ақпарат бойынша мына теелфонмен хабарласуға болады. 87026224444
2026 жылғы 23 шілде.
Бүгінде Райымбек, Жағыпар аталарымыздың бала-шағалары Өзбекстанда, Бөрбек әулиенің бала-шағалары Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінде өмір тіршілігін өткізуде.






