
Бисмилләһир Рахманир Рахим!
Есен бол, ел-жұртым, шырағым-ай,
Өліп кетсем артымда тұяғым-ай.
Мекке мен Мәдинада жүргенімде,
Келер ме азан11 дауысы құлағыңа-ай.
Есен бол, көре алмасам, қайран жұртым,
Жүр ме екен сағынып менің мүридім12.
Иемнің рахметінен13 көп үмітім,
Жәннәттән14 тиер ме деп бірер жұтым.
Иншалла, қартайғанда келді кезім,
Көрермін есен болсам пірім жүзін.
Пайғамбар15 раузасын16 көріп өтсем,
Дүниеде не арман бар екі көзім.
Есен бол, қалың қазақ, қайран елім,
Ақылым шешен емес, ілім бердің.
Мекке мен Мәдинада жүргенімде,
Сонда да қазағым деп жүрген жерім.
Бәріміз бір қазақтың баласы едік,
Қәлпенің17 дін үйреткен тазасы едік.
Мекке мен Мәдинаның сапарында,
Төртінші, бесінші боп талас едік.
Сұрасаң, бұл дүниені18 жалған дейді,
Әркімді әрекетке салған дейді.
Дүниені өле-өлгенше қуып-қуып,
Жете алмай аузы аңқайып қалған дейді.
Бұрынғы ел-жұрт қайда, жалған дүние,
Бәрінен бұрынғының қалған дүние.
Бірінікін бірі ептеп алған дүние,
Ақиретте19 әлекке салған дүние.
Мал бітсе күн-күн сайын құтырамыз,
Әртүрлі зұлымдыққа20 тұтынамыз.
Халал21 кәсіп, харамға22 ғазап дейді,
Біз қайтіп жаһаннамнан23 құтыламыз?!
Байлар алтын, күміс пен малға сенер,
Бұл жалғанда оларға кім тең келер.
Зекетсіз24 жиған малы артында қалып,
Бетіне шайтан25 бір күн су себелер.
Жігіттер, ел қайда бар, күн қайда бар,
Жан қалар ажал келсе, жер қайда бар.
«Пірсіздің пірі – шайтан» деген сөз бар,
Бойыңа, бозбалалар, пір сайлап ал!
Жаныңа өтеріңде пірің пайда,
Пірсіз сегіз жәннәт сізге қайда?!
«Пірсіздің пірі – шайтан» деді Хазірет26,
Бұл сөзді есіңізге ал осындайда.
Иемнің пенде жүрер сақтауында,
Кімнің қадірін білеміз ден сауында.
Шайтан малғұн ойыңды қамағанда,
Пірің келіп лақтырар Қаф тауына.
Пірің келер өтерінде судай тасып,
Шайтан қашар қан-жыны араласып.
Құран27 менен зікірді28 естігенде,
Пірге жақын болмаған бейшараны,
Сол жерде кетер дейді шайтан басып.
Жұмақ тиер тәуба қып зарлағанға,
Меккеге арманда құл бармағанда.
Мұндайда пірің нашар болса дағы,
Оның да үлкені бар әр жағында.
Біздің қазақ қашады пір дегенде,
«Тәуба ғып біздің жолға кір» дегенде.
Есітіп шайтан малғұн қуанады,
Пәленше пірсіз солай жүр дегенге.
Қысылса пірәдарлар29 пірім дейді,
Надандар келемеждеп күлімдейді.
Таудан үлкен күнәні істеп жүріп,
Өзінікі өзіне білінбейді.
Қысылсаң сиынатын пірің қайда,
Үлкен медет30 қылады терең сайда.
Шайтан малғұн ойыңды қамағанда,
Ақылың алты бөлек әлде қайда.
Біреуге білмесекте жөн айтамыз,
Қиямет31, қыл көпір32 бар деп айтамыз.
Өзіміздің өн бойымыз толған мерез,
Біреудің қотырына ем айтамыз.
Білдім мен туғаннан соң өлерімді,
Қаншаға Құдай білер келерімді.
Барады ғұмырым өтіп аққан судай,
Шыдамай шығарамын өнерімді.
Насихат сөзінің бәрі өлең емес,
Біле ме сөз мәнісін зерек емес.
Әр кім өз әлінше сөз сөйлейді,
Дәриядай бәрі бірдей терең емес.
Аз күн бұл дүниеде керуенбіз,
Еш нәрседен бейхабар еру елміз.
Қоқан, Тәшкен, Бұқарадан жүк жөнелтіп,
Cауда бітсе қайтатын керуенбіз.
Қазақ тәубе қылады күн жауғанда,
Оны ұмытып кетеді қой сауғанда.
Барлық ғұмыры желге кетіп,
Қайтеміз деп жылайды есі ауғанда.
Өтерінде айтып өтті хақ Пайғамбар,
Күш кетіп өтеріңде жақ байланар.
Белгілі көрер көзің көрмес болып,
Албырап екі бетің жан қиналар.
Пайғамбар үмметім33 деп жылайды енді,
Көл қылып көзінің жасын бұлайды енді.
Үмметім отқа кетсе, ей, жарандар,
Жүрегім соған қайтып шыдайды енді?!
Үмметке малым түгіл, балам құрбан,
Олардан еш нәрсем жоқ аяп қалған.
Үмметке тұс тұсынан ұмтылыңыз,
Мен дағы шамам келсе қарап тұрман.
Әбубәкір, Омар, Әли, Осман
Төрт шаһрияр34 һақ Расулға Құдай қосқан.
Үмметімді тамұққа жібермеймін деп,
Төртеуі төрт тараптан жолын тосқан.
Һақ Расул пайғамбардың құзырында,
Төртеуі осылай уағдаласқан.
Тақсыр-ау, иншалла, жібермедік үмметіңді,
Өтерміз есенлікпен міннәтіңді.
Барайық бір Құдайға тәуекел қып,
Тақсырдың міндеттендік қызметіне.
Біреуі бес байлықтың денсаулығы,
Басыңа келмей тұрмас сырқаулығы.
Нәпісіңді жігіттікте тізгіндеп ал,
Дұшпанның тимей қоймас бір жаулығы.
Құдайға құлшылық қыл денсауыңда,
Болмасын ыхтиярың нәпсі жауда.
Не қылған менің көңілім тастан қатты,
Зар жылап қорқар Һақтан тас та, тау да!
Жұмсақ емес көңілім менің түннен қара,
Тілеймін раушан қыл деп Һақтан фәна35.
Халімді өзің түзет, тәңірім Алла,
Пірімнің соңынан жетсем мақамына36.
Затыңда, сипатыңда жоқ дүр нұқсан,
Уахидун ләйса ләһу шарикан Құдай тағала!37
Түсінік: Молла тұқымынан шығып, «Үш жүздің пірі» атанған Басарұлы Батырқожа қажы 1891 жылы ақырғы бесінші рет қажылыққа барарда «Мүридтермен қоштасу» өлеңін жазыпты. Қажыға Меккеде қайтыс болатынын Алла оған аян етіпті… Шонтыбай-хазірет бастап барған жамағат, оның ішінде Батырқожаның баласы Мұхаммет-Кәрім де бар, Меккеде Батекеңнің қырқын беріп, аман-есен елге оралады. Батырқожа қажы мен Шонтыбай хазірет Ақмола маңындағы қазіргі Астрахан ауданындағы Ақпан ауылындағы медреседе сабақ берген және мешіт ұстаған. Б.Басарұлының ақпаратын байыптай қарасақ, қазақ діни тұлғаларының Меккедегі ғұламашейхтермен байланыста болғаны аңғарылады. Олардың ашраф-ұстаздары, пірлері Меккеде болғандықтан, «өзбектің ишандары» және «указной татар молдалар» ретінде біршама шеттетілді. Әулиелер қажылыққа барып, Пайғамбардың с.ғ.с. ұрпақтарымен жолығып, сұхбаттарына және жиындарына қатысуға тырысқан. Біздің хазіреттер мен қалпелеріміз әулиелер иерархиясының ең биік рухани сатысында тұрды. Ол шейхтердің силсилясы (шежіресі) болған. Ғұламалардың руханиятқа қатысты еңбектерін түсіну ислам туралы терең білімді қажет етеді. Олар үш тілді (араб, түрік, парсы) еркін меңгерген еді.
11 Азан – мұсылман жұртын ғибадатқа шақырып, намаз уақыты кіргенін жариялайтын үндеу. «Азан» сөзінің араб тіліндегі лексикалық мағынасы: «жариялау», «хабар тарату». Азаншы – азан шақыратын адам. 12 Мурид (мүрит) – сопылық бағыттағы діни лауазымды (шейх, хазірет, ишан) адамға қол тапсырып, соның ісін дәріптеуші шәкірт, ізбасар. 13 Рахмет (Рақмет) – арабшадағы «рахмә -мықар ,мірійем :ысанығаМ .ісіглү ығадашқазақ ңінізөс )»натәмхар» есемен( «ةمحر-нут дылық. (Қазақта оның соңғы «ун» жалғауын оқымай, «рахмат» деп айтуы ә -ағлаж «нү» ед еднізөс «ةبحم-нүтаббахаМ» .сі ігеттед уын тастап «махаббат» деп айтып кеткен). Бізде ол сөзді алғыс сөзі ретінде қолдануының өзіндік мәні бар. Бір кісіге алғыс білдірерде «рақмет» деу арқылы біз оған: «Саған Алланың рақымы болсын» деп бата берген боламыз. «Рақмет» сөзінің астарында осындай дұға-тілек жатыр. 14 Жәннат (жұмақ, пейіш, бейіш) – Алланың мұсылман құлдарына ақиретте дайындаған құтты әрі мәңгілік мекені. 15 Пайғамбар – (ар. нәби) өзінен алдыңғы Алла жіберген елшінің шариғатын жал¬ғастырып, халықты ақиқатқа үндейтін Алланың таңдаулы құлы. Пайғамбар, (Алла елшісі) – Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с) қатысты айтылатын құрметті атаулар. Яғни Алланың адамзатты дұрыс жолға шақыру үшін жіберген елшісі. 16 Рауда – (рауза) бақша. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) мешітінің ішінде оның үйі мен мінберінің арасындағы орын «рауда» деп аталады. Пайғамбар (с.ғ.с): «Менің үйім мен мінберімнің арасы жаннат бақшаларының бір бақшасы» деген.
17 Қәлпе нізіген қытсалрыуаб қылыпос енәж ңынымыуақ намлысұм ,ышусаб нынро ﷺңінісішле аллА – )афилах ,еплах( салушыға немесе басшының тікелей орынбасарына берілетін атақ. Олар бауырластықтың рухани ұстазы болуымен қатар, силсилә (шежіре) сабақтастығын жалғастырушы, тариқат басшысымен, сол арқылы Пайғамбармен жалғастықтағы адам болып саналды. Хазіреттің орынбасары, ұстаз, мүдәррис. 18 Дүние – Құранда өмір осы дүние және бақилық ғұмыр деп екіге бөліп қарастырылған. Алла бір аятта былай деп түсіндіреді: «Кімнің анағұрлым ізгі іс істейтінін сынау үшін өмір мен өлімді жаратты» («Мүлік» сүресі, 67/2). Бұдан адам өмірінде жақсылықты іс жасаудың маңызды екенін, жақсылықта жарысу керектігін түсінеміз. «Ант етейін, сендерді үреймен, аштықпен, мал-жан және өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз, сабыр еткендерге жақсылық барын хабарла» (Бақара, 2/155). Яғни адам өміріндегі қауіп-қатер, басқа түскен қиыншылықтар, кедейлікке ұшырау, байлыққа кенелу бәрі де сынақ. Енді бір аятта бұл өмірдің алдамшы екені ескертілген: «Біліп қойыңдар! Анығында дүниедегі өмір бір ойын, ермек, сән қуу, өзара мақтанысу, сондай-ақ мал мен бала санын көбейту… Дүние тіршілігі алданыш қана» (Хадид сүресі, 57/20). 19 Ақырет (ақирет, ахирет) – Алла тағала адамдарды есеп-қисап үшін қабірлерінен тірілтіп, олардың арасында төрелік етіп, іс-амалдарының қарымтасын беретін мезгіл. Ақыретке иман келтіру – діннің басты тіректерінің бірі. Ақырзаман – қиямет қайым жақын қалған кез. 20 Зұлымдық – дінде – имансыздық, қиянат жасау, кісі ақысын жеу, қастық іс-әрекет. Құран Кәрімде мұндай адамдарды “Алла тағаланың нұрынан мақұрым, мылқау, керең және көр” деп сипаттайды (Әнғам: 39; Бақара: 18, т.б.). Мұнан өзге Құранда зұлымдықтың үш түрі айтылған:а) Алла тағалаға қарсы жасалатын зұлымдық (ширк амалы, яғни Алла тағалаға сенбеу және оның аяттарын астамшылдықпен аяқ асты ету, мешіттерді қирату; жаратушының есімін ұмыттыруға тырысып, зорлық-зомбылықпен адамдарды діннен тайдыру, т.б.); ә) адамдарға қарсы жасалатын зұлымдық (жазықсыз адам өлтіру, нахақ қан төгу, бүлік шығару, азғындық жасау, адамдар арасындағы қарым-қатынас тәртібін қасақана бұзу, қысым жасап қорлық көрсету, қызмет бабын пайдаланып, қиянат жасау); б) адамның өз өзіне жасайтын зұлымдығы (Алла тағаланың әмірлеріне мойынұсынбау, өз-өзіне қол жұмсау, т.б.); Ізгілік пен зұлымдық – адам бойындағы бір-біріне қарама-қарсы сипаттар. Көп адам табиғатынан ізгілік жасауға құштар болып өседі, ал кейбір адамның болмысында зұлымдыққа бейімділік болады. Мұндай бейімділік – сол адам өскен ортадағы, тәлім-тәрбиесіндегі кінәраттардың салдары. Зұлымдық өзімшілдік, қызғаншақтық сияқты жаман әрекеттермен астасып жатады. Өзімшілдік өшпенділікке бастаса, қызғаныш – қиянат пен қаскүнемдікке соқтырады. Бұл кісілікке жат кеселді кінәраттар асқына келе адам бойындағы ізгі қасиеттерді жойып, оны жыртқышқа айналдырады. 21 Халал – адал, шариғат рұқсат берген нәрсе не іс. 22 Харам – шариғат бойынша кесімді түрде тыйым салынған нәрсе не іс. Шариғатта істеуге тыйым салынған және істемегені үшін сауап, істегені үшін күнә алатын амалдар. Харам ету – тыйым салу. 23 Жаһаннам (джәһаннәм, тамұқ) – тозақ атауларының бірі. 24 Зекет – «зекет» сөзі араб тілінде «өсу», «көбею», «тазалану» және «мақтау» деген мағыналарды береді. Ислам шариғатында зекет – жылына бір рет байлығы нисапқа толғандардың Құранда аты аталған адамдарға беретін байлығының белгілі мөлшері. Ал фиқһ ғылымында зекет деп – Алла ризалығы үшін белгілі байлықтың белгілі мөлшерін белгілі адамдарға иелендіруді атайды. Зекет – Ислам діні тіректерінің бірі. Зекет – өзінің негізгі қажетінен артық, нисапқа толған байлығы бар және қарызы жоқ балиғат жасына толған, ақыл-есі бүтін әрбір мұсылманға парыз. Зекет ақшадан, алтын-күмістен, тауардан, бидай, арпа, құрма және т.б. дәнді дақылдар мен төрт түлік малдан беріледі. Құранда зекеттен алынған дүние-мүлік кедей-кепшіктерге, міскін-бейшараларға, зекет жинаушыларға, Исламға көңілі бұрылушыларға (оларды Исламға тарту немесе имандарын орнықтыру үшін), құлдарды азат етуге, алған қарызын өтеуге мүмкіндігі жоқ адамдарға, Алла жолындағыларға және қаржысы таусылған жолаушыларға берілуі тиіс екені айтылған («Тәуба» сүресінің 60-аяты). 25 Шайтан (сайтан) – Алланың әміріне қарсы шыққан. Шайтан жыннан да, адамнан да болады. Олардың басты мақсаты тура жолдағы адамды адастыру. Ібіліс, Иблис (албасты, шайтан, малғұн) Құран сөзінде Ібіліс Алланың тілін алмаған, Адам атаның алдында тізе бұғуден бас тартып «Мен одан артықпын, Сен мені оттан, оны топырақтан жаратқансың» деп қарсы шықты. Міне, осы әрекеті үшін ол көктен қуылып, тозақ отына түсуге ұйғарылды. Алайда, Ібіліс Алладан жазасын Қиямет-қайымға дейін кешіктіруін жалбарынып сұрады және ол өзіне іштей Аллаға жерде қастық істеуге және адамдарды теріс жолға азғыруға уәде берді. Ібіліс өзінің Адамнан жоғары екендігін дәлелдеу үшін, алғашқы пенде – Адам атаны да азғырды. Жұмаққа кіріп алған ол Адам ата мен Хауа ананы Алланы тыңдамауға иландырды. Ібіліс Пайғамбарларды жолдан тайдыруға әрекет жасады. Ол Мұхаммедтің (с.ғ.с.) оқуына да үнемі кедергі жасап отырған. Құранда атап көрсетілгендей ол періште емес, көкке көтерілген жын, сондықтан да аспанда өзін жынша ұстады деп түсіндірілді. 26 Хазірет (Ән-Хазірет, Ан-Хазірет, Әз-Хазірет) – Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) лақап аты.
27 Құран (Кәлам-шәріп, Кәлам, Кәламулла) – Исламның қасиетті кітабы. Жаратушы тарапынан Мұхаммед пайғамбарға с.а.с. жіберілген қасиетті кітап. Алғашында ауызша түрдегі мәтіндер жинақталса, Мұхаммед пайғамбар с.а.с. дүниеден өткен соң алғашқы жазба түрдегі Құран халифа Әбу Бәкірдің кезінде пайда болған. 114 сүреден тұрады. Исламдағы ғибадаттар Құран аяттарын оқу арқылы орындалады. Қари (қары) – Құранды жатқа білетін адамға берілетін атақ. 28 Зікір (зикир, арабша еске алу, еске түсіру, жадына сақтау) – сопылық ілімде – Алла тағаланы еске алу, оны ұмытпай, үнемі ойлау. Зікір уақыт пен мекен талғамайды, жүрекпен жасалады және тілмен айтылады. Жүректің зікірі, яғни “қалби зикр” – көңіл арқылы Алла тағаланың сипаттарының сәулесін танып білу; Алланы әрдайым еске ала отырып, оның әмірлерін терең түсіну және ұжданның түкпірінен келген қалтқысыз сезіммен оны құлай сүю. Тілмен айтылатын зікір, яғни “лисани зикр” – Алла сөзін немесе “Лә иллаһа иллаллаһ” тіркесін қайталап айтудан тұрады. Тариқатта сопылар жиналып, шейҺ немесе пірлердің бақылауында “Аллаһ-Аллаһ”, “һу-һу”, “хай-хай” сияқты тіркестерді белгілі бір жүйемен қайталап отырады. Зікір дауыстап айтылатын “жаҺри зикр”, үнсіз жүрекпен салынатын “Һафи зикр” болып та бөлінеді. Зікір салу қазақ халқы арасында ертеректе болған деседі (бақсылардың зікірі бөлек). 29 Пірәдар (бародар,биродар) – дінге берілген адам, сопы. Кейбір түсіндірмелерде пірәдар деп пірге барып, қол беріп келген кісіні атайды. Киелі, қасиетті, Алланың қамқорлығына ие болған адам деген ұғымды білдіреді.
30 Медет (мадад, мадат) – құаттау, демеу, рухани қолдау. 31 Қиямет күні – ақырзаман алдындағы барлық адамдарға соңғы рет жасаған іс-әрекеттеріне қарай құрмет көрсету. Тақуалар мәңгілік шаттыққа бөленеді, ал күнәһарлар азаппен тозаққа жіберіледі. 32 Қыл көпір – тозақ отының үстінен өтетін жол. Өлген адамның жаны о дүниеде сираттан өтіп, құдайдың алдында күнәсы үшін жауап беруге тиісті болады.
33 Үмбет (үммет) – қауым, жамағат, бір дінді ұстанатын ел. 34 Шаһрияр (шадияр) – Мұхаммед пайғамбардан (с.ғ.с) кейін Ислам мемлекетінің халифалары болған төрт сахаба Әбубәкір, Омар, Осман, Әлидің ортақ лақабы. Қазақ тілінде бұл сөз «төрт шадияр» түрінде көп қолданылады.
35 Фәна – Тасаууф іліміндегі термин. Өзін жоқ санау. Алладан басқа барлық нәрсені ұмыту, махлұқтарға деген сүйіспеншілігін және ойын көңілден шығару, Алланы көп зікір ету (еске алу) нәтижесінде пайда болған өзін ұмыту халі. 36 Мақам – аттағираш ,но – аднытақират иуасЯ темхА ажоҚ .ңінекем ңінес ығадныразан ңыналлА .ебетрәм ,ныро – )ماقم( он, мағрифатта – он, хақиқатта – он мақамның бар екендігі белгілі. Мақамның біріншісі тәубе, соңы да құлдық (пақырлық) мақамы. Бұлар мақамның сапалық, моральдық категориясы тұрғысынан орынды тұжырым, ал мақамның соңы белгісіз, әрбір салиқ (құл) Аллаға ұласу жолында әртүрлі мақамдарға ұласуы мүмкін. Сопылық ілім бойынша тариқат жолындағы адамның ынта-жігерімен тырысып жеткен, жолдағы қиыншылықтарды түпкілікті жеңе білген асқар шыңы, яғни, тариқат жолындағы сопының соқпақты да ауыр жолдарды табан ақы маңдай терімен жеткен жетістігі, мәртебесі. Сопылық жолда қалыптасқан ереже ретінде, бір мақамға түпкілікті қол жеткізбей, оны толық түрде орындамай, одан кейінгі кезектегі мақамға өту – сопылық қағидаға қайшы (Кашани). Алайда, хал мен мақамның өздеріне тән ерекшеліктері нақты емес. Кейбір суфилердің «хал» деп санаған мақамдарды келесі бір суфи-ойшылдар мақам деп қуаттаған. Осындай проблемалардың өзегіне айналған мақамдардың бірі – «риза». Риза ирактықтарда қарағанда хал деп танылса, хорасандықтар үшін ол мақам деп саналады. Әулиелер тәрізді пайғамбарлардың да мақамдары бар деген тұжырым сопылық әдебиетте көптеп кездеседі: Ибраһим пайғамбардың мақамы – достық, ал Мұса пайғамбарға құдайдың үндеуін есту тән, Мұхаммед пайғамбарға қатысты мақам – махаббат. Пайғамбарлардың жолын берік ұстау арқылы әулиелер әлгі пайғамбарларға тән мақамдарға қол жеткізе алады. 37 Уахидун ләйса ләһу шарикан Құдай тағала – Жалғыз, серігі жоқ Құдай тағала.
Әулиелер ордасы: әдеби-танымдық мұра / Жауап ред. Д. Қамзабекұлы; түсініктерін жазған К. Тиышхан, арабша мәтінді саралаған М.Смағұлов. – Нұр-Сұлтан: «Астана полиграфия» баспасы, 2019. – 322 б.





