Білген Шайыр айтады

Төренің түп атасы қалмақ еді…

Мәделіқожаның екінші әйелі Қасымханның қызы, Кенесарының қарындасы Халипа. Халипа анамыз Мәделіге екі шартпен тиген; бірінші мен хан тұқымы ның қызымын сенің ауылыңа барып тоқал атанбаймын. Екінші Кенесарының, Наурызбайдың, Ержанның денесі жау қолында, Қырғызда қалды, соларды әкеліп бересің өз қолыммен қоямын деген.Сырдың жағасында күзекте отырған батыр үйінде бір өзі жатып, бірдеңе керек болып ау қайсың барсың десе еш кім үн қатпайды. «Ау, қайдасыңдар десе, ешкім үн қатпайды, Әй, Халипа қайдасың?» десе  үн жоқ, сонда «қап балақтағы бит басқа өрмелеген заман-ай, тоқал да әлдеқандай болды ғой» деп орнынан тұрып жатқанда, көршілерге кеткен Халипа апа жүгіріп келіп қалған екен. «Қожа, уәдеңді бұздың енді мен саған жоқпын» деп жүгіріп барып Сырға қойып кетеді.Үй арасындағы қатты дауысқа сыртқа шыққан Кенжехан бурыл атқа міне салып Сырға түсіп Халипаны шашынан ұстап алып шыққан екен. «Қоя бер, шырақ» деп Халипа апа біраз қиғылық салған. Бұл әңгімені есіткен  Шымкент үйезінде қызмет істейтін Ахмет төре Кенесарыұлы, ақынға «Апам суға батып өліп кеткен жағдайда құнынан құтыла алмайтын едің», деп нығызданыпты.

Сонда Мәделі былай деп жауап қайтарыпты:

Төренің түп атасы қалмақ еді,

Өлерінде кебінін жалмап еді,

Ажалынан өлсе де маған төлет,

Жемеген басқа боғың қалмап еді!

 

Дарияның суы тасып сазы қалды,

Көңілдің бес алты күн назы қалды,

Болмаса атыс-шабыс қадірі жоқ

Батырдың күші қайтса, зары қалды.

 

Өмірдің көбі кетіп, азы қалды,

Шіркін-ай, көңілдің бір назы қалды,

Жиғанмен өліп-өшіп дүние малды

Көрге кірген күніңде адыра қалды.

 

Жүйріктің майда келер құйрық-жалы,

Сөйлемес жалған сөзді ер Мәделі,

Апаңның көзі кетсе мейлі еді,

Опасыз апаң үйде тірі отыр әлі-деп бір ауыз сөзге келмей дүниені тәрк етпекші болған Халипа апаны,үй- жайға,бала-шағаға қарамай өзіне қол жұмсау, уәдеге опасыздық деп осыны айтады-деп өкпелеген. Халипа да кезінде атқа мініп жауға аттанған деген сөз бар. Халипа мама ортадан төмендеу, жауырынды, сал бөксе, сырт қарағанда тұқыштау көрінеді екен.

Бірде Майлықожаға Мәделіқожа жиен осы жеңгеңді бір ауыз сөзбен сынап берші дегенде;

Ассалаумы әлейкум,Мәделі батыр мың басы,

Қазақы бие секілді Халипаның тұлғасы- дей бергенде Батыр: «болды,болды арғы жағын қожыратпа» деп домбырасын ұстай алған екен дейді.

Егер Кенжехан Халипаны шашынан емес қолынан ұстап құтқарғанда, қарулы Халипаның қолынан Кенжехан мен екеуі бірдей суға кетуі мүмкін еді деп отыратын.

 

 МӘДЕЛІНІҢ АХМЕТ ТӨРЕНІ МІНЕУІ

Ахмет төре Мәделінің қайнысы, жезде мен қайын арасында әзіл ел арасында бола береді. Сондықтан мынау өлеңді Ахмет төре мені сынаңызшы деп өзі сурап алған болуы мүмкін. Ол кезде сен мені сынашы, мінімді тапшы деп ақынды сөйлетіп алып құтылмас бәлеге қалып жүргендер көп болған.

Болар ең түйе болсаң оқпақ қана,

Тұрар ең түске дейін оттап қана,

Түстен кейін жантаққа аунап-аунап

Жатар ең жамбасыңды боқтап қана.

 

Болар ең інген болсаң маңқа інген,

Жүктерін кірекештер арта мінген,

Сайлау жерге қалғанда тартынақтап

Жүретін мұрнын жыртып қатпа інген.

 

Базарға жылқы болсаң өтпес едің,

Теңгеге анық отыз жетпес едің,

Келі түйген қатынды айналсоқтап

Бақанмен ұрсадағы кетпес едің!

 

Жинаған Сейітомар Саттарұлы

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button