Құттықожаұлы Әбсаттар
Бәйменқожа ұрпағы Құттықожаұлы Әбсаттардың өзінің басынан өткендерін былайша еске алады:
«Бір күні ішкілікке салынған Сейсен деген жігітті анасы алдыма келіп қалды. Содан үш күн, дем салдым, арағын қоятын болды да, уәде беріп үйіне кетті. Содан үйіне барғасын , үш күн бойы дем салған мені сынап көрейін, әруағы болмақ түгілі зор болса да депті де бір шиша арақты жартылай ішіпті де: Ей, пәленшенің әруағы, менікін кесіп ал, арақ іштім –деп бірнеше рет қайталап тіл тигізіпті. Шешесі: -Қой, шырағым, тіл тигізбе, саған жамандық қылған жоқ» десе де, одан сайын айқайлап, суыратын жерімді суырып ала ғой, кел тезірек, келіңдер-деп қоймапты. Сөйтіп, тұрғанда, үйіне 4 шал кіріп келіп де, екі ұртын қысып, тілін сыртына шығарып жіберіпті. Қорыққанынан мастығы тарқап, сөйлей алмай тілі иттің тіліндей болып салақтап қалыпты. Шешесі қорқып, кетіпті. Содан Сейсен сөйлей алмағасын болған жайды қағазға жазып түсіндіріпті. Ертеңіне баласының жолдасын ертіп, анасы жылап келіп, үйіне баруымды өтінді. Сейсеннің тілі салақтап кеткен, жылап отыр. Туыстары да кешір айналайын, балалық қылған шығар мастықпен, кешірім бер дегесін кешірім бердім, бір мал сойып құдайы қылып тілі содан кейін орнына түсіп намазға құлап, арағын қойды».