Жарық нұрдың сәулесі

Мақтұмсейіт әулие

Сырдария өзенінің жағасында Шаған  ауылының солтүстік батысында Мақтұмсеит мазараты тұр. Сайд  (сеид) қожаларының 43 ұрпағы шамамен 1590 жылдары дүниеге келіп, Сыр өңірінде қоныстанған. Елмен етене араласып, өмір сүрген. Мақтұмсейт ислам дініне өте сауатты, білікті кісі болыпты. Халыққа имандылықты уағыздап, шапағатты аруақты адам ретінде, дәуренінде бүкіл елдің құрметіне бөленген жан екен. Жоқ-жұқа кедейлерге қамқоршыл кісі болыпты. Құранды қазақшаға аударып халыққа мәнін жеткізе білген сауатты адам болған екен. Өз ұрпақтарын да діни ағарту жолына салыпты.

Мақтұмсейт ұрпақтары арасынан жиырмаға тарта ишан болған екен. Үш ұрпағы қажылыққа барған. Алдаберген қажы, Сейітасан  қажы, Байтұрсын қажы. Ишандардан: Сейітағзам  ишан, Мақсұт ишан, Темір Ишан, Сейітасқар ишан, Басапа ишан, Бабай ишан, Қасым ишан, Ташмұхаммед ишан, Есім ишан, Икрам ишан, Әлиакбар ишан, Абзал ишан, Ыбырайым ишан, Ысқақа ишан, Нұран ишан, Қосым ишан, Икрам ишан Әбдісаттар ишан, Жолбай ишан, Бүзірік ишандар белгілі болып отыр. Бұлар  Бұхарадан білім алып, халықтың алдында бола білген. Ишандықтың шарты сәйід ұрпағынан ақсүйек болуы қажет. Және олардың елдің таңқалдырар кереметі болуы керек екен. Сонымен қатар ишандық атадан балаға қанмен берілетін діни атақ екен.

1854 жылы Перовскийдің атынан Бұхар ханына хат апарған Оспан қожа Мақтұмсеиттің алтыншы ұрпағы. Патшаның күміс медалін алған, Зікірияұлы Сопықожа Аламесек көлінің маңында көлі болған, мешіт ұстаған ишан. Бұл деректер орталық мұрағаттың Қ 385 1 тізбе №10 ісінен оқып, танысуға болады. Тағы бір ұрпағы Абдрахманов Абдулхаит Шаған болысында би болыпты, мөрі болған екен. Текті тұқым топтан жарып шықпай қоймайды, кейінгі ұрпақтары өз заманының алғыр азаматтары атанған. Оны да шамамыз келгенше өздеріңізге жеткізуге  тырыстық.

Мәулімберді сейт, Бөбей сейіт, Әбдісейіт, Әлісейт – төртеуі бірге бабаның мазаратында жатыр)

Жолының үлкендігі бар, Мақтұмсейіт ағасы, Дәулетәлісейт бабаның бір баласы Сайдмәліктің екі баласынан тараған ұрпақтарын алдымен тараталық. Екі баланың бірі

– Сайід Мұртаза,  2- Сайд Бектүмсейіт.

Осы Сайд Мұртаза үйленгеннен кейін атасының рұқсатымен Сыр еліне көшіп кетіпті. Кейінірек Бектүмсейт үйленіп  ұлы  4-5 жасар болған кезде Бұхарда бір індет науқас шығып, халықта көп өлім болып, Бектүмсейіт әйелімен, шешесімен қайтыс болады. Отбасында қарт ата Сайдмәлік пен немересі екеуі ғана қалыпты. Өзінен келер қайран жоқ, енді осы баланы уайымдаған ата елінде қалған кісілерге: «Сыр елінен Өзгент, Аққорған жақтан келген кісілер болса маған жолықсын», – деп, өтініш айтады. Сұрау салумен, іздестірумен жүргенде, бір-екі кісі келіп сәлемдесіп, өздерінің Қорасан Қожалар екенін, Өзгенттен таныстары барын айтады. Немересі Сайд Мұхаммедтің нағашыларын да білетін болып шығады.

Сайдмәлік ата қонақтарына барлық жағдайды айтып, немересін сол кісілерге тапсырып беріп жіберген екен. Ол кісілермен аман-сау жеткен Сайд Мұхаммед нағашыларының қолында өсіп, ер жетіп, Қорасан қожадан қыз алыпты, кейін бұл кісіден туған Өтеп ақын да Қорасанға күйеу болған және ол кісінің баласы Ыбырайым ақын да ол жерде өмір сүріп дүниеден өткен. Бұл үш кісінің қабірі бір жерде Қорасан әулие қорымында. Кейінгі ұрпақтары қазір Қызылорда облысында өніп-өсіп келеді.

Құрбан   СМАҒҰЛҰЛЫ

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button