Ясауи мұрасы

Диуани Хикмет

Сайттымызда  Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикметін» Әбибулла Мұхамеджанұлының 1902 жылы Ташкент баспасында басылып шыққан нұсқадан аударылған хикметтерін жариялап болдық. Марқұм ағамыз:  «Ұлы ғұлама бабаның бұл баға жетпес өте сирек кездесетін гауһар сипатты шығармасы менің қолыма күтпеген жерден кездейсоқ түскен болатын.

Ол 1991 жылдың тамыз айының аяғы еді. Құдайы көршім Қазанбай деген ақсақалға сәлем беруге барсам, қолына арапша жазылған бір өлең кітап ұстап отырған үстінен шықтым.

-Бұл не кітап, Қазеке?, – десем,

-Білмеймін, шамасы Құран болуы керек, – дейді.

-Маған бере тұрыңыз, көрейін, – дедім. Берді, бақсам Қожа Ахмет Яссауидің «Дивани хикматы» болып шықты.

Мен ол кезде 1987 жылы зейнетке шыққаннан бастап арап қарпін өз бетіммен меңгеріп (хадимше, жәдитше, төте) оқып, төтеше газет оқып, жаза да алатын дәрежеге жетіп қалған кезім еді. Неге екенін білмеймін, сол кітапты көршімнен жалынып-жалпайып, ең болмаса оншақты күнге оқып шығуға сұрап едім, берді.  Кітаптын әріптері арапша, сөздері ескі түркі-шағатай тілінде екен. Әуелі ежелеп оқып, оны сол қалпінде  кириллицаға түсіре бастадым» деп жазыпты. Әбибулла Мұхаммеджанұлы: «Мен бұл кітапты атақ, мансап үшін аударғаным жоқ. Бес жылдың беделінде инемен құдық қазғандай хал кешкенімде, өрелі таңды көзіммен атқарғанымда, теңселіс, тебіреніс сәттерді де басымнан кешіргенім рас. Бірақ мені осы қадамға кім итерді? Неге шаршап-шалдығу дегенді білмедім? Әсіресе жасым ұлғайған шағымда. Оны мен де білмедім, өзге де білмейді бір Алладан басқа. Менде бір-ақ мақсат болды, ол: осы баба хикматтарын аударып балаларыма, немерелеріме, керек етсе, келесі ұрпаққа жәдігер есебінде қалдырып кету еді. Қартайғанда сол мақсатыма жеткізген жаратушы, құдіреті күшті Аллама мың да бір шүкіршілік етемін»-деп ағынан жарылады.

«Өзімнің бұл хикматтың ізіне түскеніме қарап тұрсам, 16 жыл  болып қалыпты. Жасым келсе де, әлі шаршайтын түрім жоқ. Алла  баршамызға әл, қуат берсін. Еліміз, халымыз, ел басымыз аман болсын, мамыражай заман болсын! Әлхамдулиллаһи раббиғаламин. Аллаһу Әкбар! Жаратқан Алла жар болып, Мәдинада Мұхаммед, Түркістанда  Қожа Ахмет бабаларымның әруақтары желеп-жебей гөр»- деп сөзін аяқтайды. Оқырмандарға жеңіл болсын деп  сөздікті де қоса ұсынамыз.

Бисмиллаһиррахманим рахим

Дивани Хикметтері арап-парсы сөздеріне түсініктеме

А

Абад /п/ – егемен ел, берекелі жер

Адһам /п/ – қап-қара, қарашан, Адһам /адам аты/

Ағма /а/ – Әзиз, соқыр, көрсоқһір.

Ағраб /а/ – Күнәдан тазаратын орын.

Ажабат /а/ – Шатастырмау, адастырмау.

Ажизат /а/ – Рұқсатшыл, ризашылық.

Ағаһ /п/ – тап-таза, арық, қамал, бұлақ.

Ариғ /п/ – тап-таза, арық, қамал, бұлақ.

Азар /п/ – забір-жапа, реніш, қамкөңіл.

Асан /а/ – жеңіл, оңай, жеңілдік.

Асиғ /а/ – асылық айту.

Астағфиралла /а/ – Кешір Алла.

Асрар /а/ – Кұпия, сыр, жасырын.

Асайш /п/ – Демалу, тынығу, саябыр.

Асхаб /а/ – Сахаба, Мұхамедтің Серіктері.

Астана /п/ – Орталық қала, Патша сарайы, құлшылық ететін орталық.

Ауаз /а/ – Құпия, тылсым үн, сыбыр.

Афган /п/ – Күйіп-жану, лаулау.

Афсус /п/ – Өкініш, тәубаға келу.

Афсәна /п/ – әңгіме, аңыз, миф.

Аят /а/ – Құран сүрелеріндегі сөздер, құранда 114 сүре, 6236 аят бар

Ая Шаъим /п/ – Патша – құдай, ая мені деген сөз.

Амал /а/ – іс, әрекет, қимыл.

Әзелден /а/ – әуел бастан, о баста, ежелгі.

Азардастан – Қайғы, зарлы жалынды жыр.

Әбжіл – бесаспап, әмбебап, шебер деген сөз.

Әнелхақ – «Менде хақ» – деп айтқаны үшін шах Мансұрді дүмшелер дарға астырған.

Әнтәлһади /а/ – Зікір аты. Алладан медет тілеу зікірі.

Әлхам /а/ – мақтау, мадақтау, алғыс. /Құранның сүресі/.

Әууәл /а/ – бірінші, алғашқы, әуелгі.

Б

Бахия /п/- Сыпайы, инабатты, қарапайым.

Бағзы – біреу, кейбіреу, біреулер, баяғы деген ұғымдар.

Бәдән /п/- дене, ағза.

Бәндә /п/- Пенде /пәндә/.

Бәһра /п/- үлес, несібе, пайда, үлгі.

Биғана – бейшара, мүсәпір деген ұғымды береді.

Бидәм /п/- алаңсыз, ассыз, сусыз.

Биғам/п/- қамсыз, мұңсыз, қайғысыз, биғамдық, ұйықтай алмау, көз ілмеу, тынышсыз,

Бихамділлә – Аллаға шүкір, тәубә.

Бидар /п/- мазасыздық.

Бірәдар /п/- Жақын туыс, ағайын, бауырлас.

Бәрбад /п/- Жеңілтек, ұшып-қонба, тұрақсыз.

Бәдәни кәззәп /п/- Тұла бойы арам, суайт.

Бирубарым /т/- Жалғыз ием, жалғыз жарым, Алланың бір есімі.

Би ыхтияр /п/- еріксіз, ылажсыз.

Бипаян /п/- баянсыз, тұрақсыз.

Бәдбақ /п/- арамза, сұм, сұмырай.

Баябан – елсіз, сусыз ай дала, шөл, маң дала.

Г,Ғ

Гәда /п/- кедей. қайыршы, тіленші.

Гамак – Топан су, тасқын, сел.

Ғам – Қайғы, қасірет, уайым.

Ғанимат- зор байлық, мұңсыздық.

Ғазиз /а/- Күшті, қуатты, құрметті, сүйкімді.

Гаріп /а/- Мүсәпір, сорлы, бейшара.

Ғариф /а/- білгір, дана, оқымысты.

Ғата /а/ – сый-құрмет, сыйлық, зияпат.

Ғайп /а/ – Жоқ болу, құрып кету.

Ғафар /а/- Алланың көп атының /есімінің/ бірі.

Ғафіл /а/- Надан, қараңғы, мәңкүрт.

Ғафлат /а/- надандық, қараңғылық, ойсыздық.

Ғибадат /а/- Аллаға құлшылық, бес парызды орындау.

Ғынаят /а/- жақсылық, қамқорлық, жәрдем медет етуді тілеу. Ғаза /а/- тағам, дәм-тұз, азық-түлік.

Ғұзыр /а/- сылтау, себеп, кешірім, өтініш.

Ғаршы-гурсі /а/- аспан әлемі, ғарыш, көк аспан.

Ғаным /п/- Олжа, үлес сыбаға.

Ғұлам /а/- құл, қызметші, малай.

д

Дад /п/- әділет, туралық тілеу, өтіну.

Дәргаһ /а/- дәргей /дарбаза/, Алланың алдына бару.

Дәркасфал /а/- Жеті тозақтың бірінің аты.

Дәрмәндә /п/- Сорлы, ем қонбайтын ауру.

Дәруш /п/- Сопылық жолындағы кезбе, диуана.

Ділхам /п/- жүрек

Дүния тәрки /п/- пәни дүниеден безу, дүние талақ.

Дурдана ІпІ- Гауһардың үлкен бөлігі /данасы/.

Ж

Жада /а/- жеке, дара, айрылу, бөлектену.

Жалалат /а/- құдыретті, күшті, даңқты, ұлы.

Жанана /п/- сүйікті, жанындай жақын.

Жаулан – серуендеу, кезу, жай жүру.

Жамал /а/- түр, түс, ажар, бет, жүз, дидар.

Жәннәтті жауаддин – 8 пейіштің бірінің аты.

Жәллад /а/ – жендет, жауыз, рахымсыз.

Жәфи /а/ – қатігез, мейрімсіз.

Жәһіл/а/ – надан, көргенсіз, құдайды мойындамайтын менмен адам.

Жүмлә /а/- барша жұрт, бүткіл, барлық.

Жөһід – еврейлер.

3

Заққұм /а/- дозақтағы ащы ағаш жемісі, дозақтағылардың тамағы.

Зағип /а/- әлсіз, дәрменсіз, мүшкілдік, көз кемістігі.

Зәбәрдас /п/ – қол жетпес биік, өкімін жүргізуші, басшы. Зам-зәм – Меккедегі қасиетті су.

Зарра /а/- ең кішкентай өлшем.

Зәкір /а/- зерек, ақылды, зікір салушы.

Зәһар /а/-V, өте ащы дәм.

Зәһірбанд /п/- қылымсу, наздану, сылқымсу.

Зүлмат/а/- қараңғы, тас-түнек, қапас.

Зүлжелал /а/- Алланың ең жоғарғы есімі /дара, жеке

Зымыстан /а/- қанарлы қыс, суық, қытымыр аяз.

И

Ибадат /а/- мұсылмандықтың парызын орындау.

Инабат /а/- қамқорлық, медет, жәрдем тілеу.

Йаздан /а/- Алланың бір есімі.

Ижабат /а/- қабылдау, қанағаттану, риза болу.

Ижазат /а/- мақұлдану, рұхсат ету мақұлдау, келісу.

Ихрак /а/- отқа жағу, өртеу.

Ихсан /а/- жақсылық, қайырым ету.

Исиз /а/- Пайдасыз, есіл өткен өмір.

Илһәм /а/- жігерлендіру, рухтану, қайраттану, шабыт.

Инғам /а/- ырыс, несібе, ризық.

Иман /а/- Сену, нану, илану.

Имам /а/- Ислам дінінің рухани басшысы.

Иллаһи /а/- Алла, жаратқушы.

Иллаһи, Кадри, Кәрім, Пәруәрдигар- Алланың есімдері.

Исрафил /а/- қиямет қайымда сүргі тартып /әуелі өлтіріп/ кейін бар адамзатты тірілтіп махшарға айдайтын періште.

“Ишак сурхи, рауи зәрди ғүзры болғай” мағынасы: жолда ақырған есек құрлы зары жоқ.

К

Кәлім /а/- сөз, сөйлеу, тілдесу.

Кәләм /а/- байланысты сөздер, сөз тіч.

Кәззәп /а/- өтірікші, суайт, бұзық, ұры-қары.

Кәмра /п/- жолдас-жора, сапарлас, пікірлес.

Күмрә /п/- үнсіз қалу, ұялу.

Кәусар /а/- жәннәттағы хауз, су, сусын, балдан тәтті, сүттен ақ.

Кәттә іті- зор, үлкен, зәулім.

Кербала /а/- Арабиядағы шөл дала, Иман Хүсейіннің опат болған жері.

Кіфаят /а/- обал сауапқа қарама-қарсы әрекет кейде молшылық деген ұғымды білдіреді.

Кәбір /а/- үлкен, зор, маңызды, салмақты.

Кәміл пірім – Хикметтегі Пірмұған. (Піркемел)

Кәфан /а/- Кебін киімі, ахырет киім.

Кәмал /а/- толыққаи, кемелденген.

к

Қаби /а/- сүйікті.

Қаһар /п/- құдыретті, күшті, Алланың бір есімі.

Қадір /а/- Алланың 99 атының бірі.

Қази хажат- әділет, қажет қазысы, ең әділ билік.

Қаддыксинуб /а/- Пейіштегі періштенің аты.

Л

Лә /а/- жоқ емес, бар. (Лә іллаһа ілла Алла)

Ләдін /а/- дін ғылымы, көріпкелдік, алдағыны болжау.

Ләббәй /а/- жауап дыбыс беру, үн қату.

Лаух кәләм /а/- пенденің тағдыры жазылатын ғарыштағы тақтай, сөз.

Ләмәкән /а/- белгісіз тұрақ, мекен – жай, Алланың тұрағы.

Ләхад /а/- жанама қазылған көр.

Ләһуат /а/- сауық, шаттық, ермек, айын.

Ләтиф /а/- ізгілік, қайрымдылық, рахымшылдық.

Лаухмахфуз /а/- ғарыштағы адам тағдыры жазылған тақта.

Ларзан /п/-қалтырау, дірілдеу, құты қашу.

Лахза /а/- секунд, қас-қағым сәт.

Лала /а/ -құр қалу, бос қалу.

Лақа /а/- көрісу, кездесу, дидарласу.

Лақа – Лақа, жайын балықтың бір түрі.

Лағин /а/-лағнет, малғұн, шайтанныц есімі.

М

Мағрифат /а/- заттың асылын, негізін білетін ғылым, діни философия.

Мардан /п/- ер, жомарт, мәрт, сақи, мырза.

Мағзам /п/- күнәсіз, пік. мұнтаз, таза, кіршіксіз.

Мағрұм /а/- өзгерген, оңарған, ағарған, тазарған.

Мағраж /а/- Расулдың жебірейілмен көкке көтерілетін түні.

Мақбул /а/- сүйкімді, ұнамды, жағымды.

Мазар /а/- бейіт, мола, өлгендердің жайы.

Майхана /п/- шарапхана. парсы тілінде шарапты /арақты/ \шй деп атайды.

Мардуд /а/- шайтанның әрекетімен иманнан айырылғандар.

Махрум /а/- бәрінен бос қалу.

Махшар /а/- қиямет қайымнан кейінгі жан иелері /адамдар/ жиылатын жер.

Машук /а/- сүйікті, ғашық.

Мәләмат /а/- айыптау, кінәлау, соғу.

Мәлік /а/-періште, дозақтың патшасы.

Марһам /а/- дәнекер, дауа, ылаж.

Мәнзур /а/- мақсат, ой-арман.

Мәулет /а/- туған күн. Расулдың туған күні.(Мәулет күні)

Мәхқам /а/- бекем, мықты, мығым.

Мәулім /а/- Алланың 1001 атының бірі.

Мәшғұл /а/-бір ғана іспен шұғылдану.

Мәшһүр /а/- әйгілі, атақты, даңқты.

Мүрдад /а/- жолдан азған, арамза, азғын.

Мүддам /а/- Мүдде, мақсат.

Мүрид /а/- Шәкірт, оқушы.

Мүкәррам /а/- жоғары, сыйлы, қадірлі. Мекке шаһарының теңеуі.

Муршид /а/- діни басшы, пір, жетекші.

Мүшрик /а/- пүтқа табынушылар, көп құдайшылар.

Мархаблар /а/- қол қусырып құп алушылар.

Мінәжәт /а/- тілек тілеу. Алладан кешірім сұрау.

Мазарилер /а/- зиярат ету, тағзым ету, жалыну.

Мәд /а/- дауысты әріптердің созылып оқу белгісі.

Мүрсал /а/- пайғамбарлар. Кітап, жазба түскендерін мүрсал нәби дейді.

Матам /а/- қайғыру, аза тұту.

Махзир /а/- хабаршы.

Мәлул /а/- ренжу, қынжылу, көңілсіздік.

Мансух /а/- жарамсыз, күшін жою, доғару.

Мәләйік /а/- періштелер.

Мәуаддат /а/- адалдық, ниет, шын көңіл, кең пейіл.

Мәйіл /а/- тілек, бейіл, ниет.

Мүптәла /а/- азап шегу, зарығу, тәуелділік.

Мүштаһид /а/- Ислам дініне жетік, шариғат бойынша заң шығарушы

Мүхаррам /а/- мұсылманша 1-ай.

Мұраууат /а/- Адамгершілік, мейірімді, қайырымды, жомарт.

Мұрдар /а/- өлімтік, өлі дене.

Мұстажаб /а/-нықталған, бекітілген.

Мұшаһид /а/ куәгер, куәлік етуші.

Мұштах /а/- сағыну, іңкәр болу, аңсау, шабыт, цүмарлыц. Мүбәрәк /а/- қасиетті, құтты, пәк, таза.

Мүзтар /а/ – күтпеген ауыр жағдайга тап болу. Шарасыздық.

Мүғжиза /а/- аян беру, керемет, ғажайып.

Мұқабыл Ы- қарсылық, қарама-қарсы қайшылық.

Мұхтада Ы- Көсем, басшы, бастаушы.

Муаддаб /а/- Әдепті, көргенді, сыпайы.

Мүһмін Ы- Мұсылмандық.Ислам діншілдер.

Мұнафих Ы- опасыз, екі жүзді сатқын.

Муафих /а/- ұнамды, тура келу, лайықты.

Муһим /а/- маңызды, басты мәселе.

Муһлат /а/- мәулет, тыныс, уақыт, үзіліс.

Мәшриқ /а/- күншығыс елі /шығыс/.

Мағрип /а/- күнбатыс жақ /батыс/.

Мәрдана /а/- е/з бол, батһіл бол деген магынада.

Мүнәсіп /а/- жарасымды, лайықты.

Машайық /а/- /әулие мен пайғамбардың аралығындағы дәреже/.

Мүддаға /а/- арман, мақсат, мүдде.

Мүңкір-ңәңкір – өлген адамды қабірге қойғаннан кейін келіп, сауал сұрайтын зәнәрлі, сұсты періштенің аты.

Н

Нада /а/- дауыс қылу, зарлау, шақыру.

Надамат /а/- өкініш, опық жеу.

Нар сахар /а/- жеті тозақтың бірінің аты.

Насиғ /а/- өсиет, насиқат.

Найып /а/- орынбасар. уәкіл, әкім.

Нәм /а/- ылғал, дымқыл.

Нығмет /а/- несібе, нәпақа.

Нәби /а/- пайғамбарлар. Кітап түспеген пайғамбарларды осылай атайды.

Нәзір /а/- Аллаға өтініш, тілектерін қабылдатуға шын ниетімен беретін сый.

Наумид /п/- үмітін үзген, түңілген.

Нас /а/- адам, кісі, хачық. (Қүранның 114-сүресі)

Нар /а/- тозақ оты, нарсахар.

Нәжіс /п/- тексіз, нәсілсіз. (арамзат)

Налан /п/- зарлау, қақсау, еңіреу, боздау.

Нала /п/- егіліп, зарлап жылау.

Нам /п/- ат, есім, “Намың кім? «Насабнама’’

Нама /п/- шығарма, жинақ, өлең. (Шаһнама)

Нәмәрд /п/- ез, қорқақ, жасық, сараң.

Нағра /а/- дауыстап жылау, боздау, өкіру.

Ныфас /а/- дем, тыныс.

Нәфсі /а/- нәпсі. құлқын құмарлық.

Нұсрат /а/- табыс, олжа, жәрдем.

Нияз /а/- сый, сауға, өтініш, тілек, құдай жолына арналған мал-мүлік.

У,Ү,Ұ

Уа /п/- ашық. “Уа әйласа’’- ашу, ашпац.

Уахи /а/- тылсым дыбыс, дауыс, сыбыр.

Уағданият /а/- бірлік, Алланың бірлігі.

Уәли /а/- қасиетті, киелі, әулие.

Уәфи /а/- опа, сөзінде тұру, адалуағда.

Уа хасрат /п/- уа жалған, уа қасірет.

Уашу /п/- ашылу, тацаіу – «уашуца диб озин билмай иурар дослар ’’.

Уажд /а/- шаттық, қуаныш, болмыс, тұрмыс.

Уасиф /а/- сипаттау, бейнелеу.

Уасыл /а/- дәнекер, табыстырушы, жетуші.

Уаһһаб /а/- кең пейіл, жомарт, қолы ашық. Бұл Аллаға тән қасиет.

Уаһим /а/- үрей, қорқыныш, уайым. ой.

Үлфат /а/- достық жақындасу, ілтипат.

Үммат ІяІ- пайғамбардың жолын қуған ел. Халық, қоғам, қауым, үмбет, үммет.

Ужуд /а/- бар болу, болмыс, тірлік, тірі болу

П

Пайыз-пәтуә /а/- шариғат шығарған үкімге тоқтау, келісім бітім.

Пәнһан /п/- жасырын, оңаша, құпия.

Пәрдәм /п/- жанұшырып, асығып, зымырап.

Пәймана /п/- пәйманасы бітті, өмірі таусылды деген мағынада.

Пәрмән /а/- бұйрық, жарлық.

Пәруәз /п/- ұшу, самғау.

Пәруәрдигар /п/- Алланың есімі.

Пырғауын  /а/- Мұса пайғамбардың уақытындағы мысыр нчпииасы. Әр пыргауын өзіне арнап пирачидалар тургызган. І

Пырақ /а/- Расулдың маграж түні аспанға көтерілгенде мңнген қанатты тұлпары.

Пәрғаш /п/- қайғы, мұң, шер, уайым.

Параб /п/- суы мол. Көздің жасы текке көл болды дегенді мегзейді.

Пәруана /а/- жарыққа ұрынып өлетін көбелек, бәйек болудың баламасы.

Пұрнам /п/- дымқыл, ылғал, көз жасы.

Парту /п/- сәуле, нұр, жарық.

Пір /п/- ұстаз, діни басшы, қария.

Пірмұған /п/- ұлы ұстаз, көсем, піркәмәл, кәміл пір.

Пида /п/- жан пида, /құрбан болу/.

Р

Рабаб /а/’- музыка аспабы.

Рабб /а/- Алланың қосалқы есімі.

Рауза /а/- мүрде жатқан жер.

Рауз әзал /а/- махшар күн, бірінші күн.

Рауи зарди /а/- елші, досы.

Рауи зарди /а/- Айтушы, зар айтушы, зарлаушы.

Рауаят /а/- әңгіме, хикая, аңыз.

Рәһбар /а/- жолбасшы, рухани көсем.

Риадат /а/- тазару, тән мен жан тазалығы, қиындыққа шыдау, төзу.

Раһнәма /а/- бастаушы, жол көрсетуші.

Рафик /а/- жолдас, серік.

Ракиф /а/- бақталас, бәсеке.

Рауан /п/- кеткен, бара жатқан келе жатқан, бір бір қалыпты рауандағанда, таң атарда, т.б.

Рәуіш /а/ – әдіс, амал, сияқты, соған ұқсас.

Рауда /а/- пейіш, ұжмақ, жәннәт бағы.

Рузан /п/- саңлау, тесік, сәуле нышан, үміт.

Риа /а/- екі жүзді, опасыз.

Ризуан /а/- пейіштің есігін күзетуші періштенің аты.

Рауаж /а/- өрлету, гүлдеу, даму, Рахман Рахим, Ғафар,

Рауз әлсат /а/- Махшар күні келгенде, алғашқы махшар күні, ең алғашқы махшар күн.

С

Саттар – Алланың 99 атының атаулары.

Садық /а/- шыншыл, турашыл, адал дос.

Сағадат /а/- Бақыт, амандық, табыс.

Сардар /а/- басшы, әскер басы.

Сана /а/- мадақ, мақтау, мінәжәт.

Саум /а/- Ораза тұту.

Сахауат /а/- қайырымдылық, жомарттық.

Сахаба /а/- Мұхаммедтің сенімді серіктері.

Саф, сафа /а/- таза, кінәратсыз, мұнтаз, өте таза пәк.

Сәруар /а/- көсем, басшы, дін басшысы.

Сұбхан /а/- Алланың көп есімінің бірі.

Сүннет /а/- Мұхаммедтің іс-әрекеттері, өсиеттері.

Сәһәр /а/- таң сәрі, таң атар уақыт.

Сада /а/ – дауыс, үн, айқай-шу.

Софы /сопы/ ІяІ- жеке адам. Шариғат жолын өте берік ұстаган, таза тацуа адам.

Сахи /а/- жомарт, мәрт, мырза.

Сырат /а/- қыл көпір. Махшарда мүнміндердің қылдан жіңішке, қылыштан өткір”/өтетін көпірі

делінеді.

Сифат /сипат/ /а/- сыртқы көрінісі, ұқсастық, сипат, Алланың сифаттары.

Сина /п/- көкірек, кеуде, төс.

Сахибкәмал /а/- сахи, аса жомарт, өте мырза.

Т

Тағат /а/ -бойсұну. Алла алдында парызын өтеу, мойындау.

Тағир /а/- таза, пәк.

Тажалли /а/ – Алланың аян беруі, көрінуі, нұр шашуы, білінуі.

Тахат /а/- шыдау, төзу, сабыр қылу.

Тасбих /а/- 99 дана /түйір/ тас моншақтан жіпке тізген алқа тәспі.

Тарса /а/- христиандар.

Тауфих /а/- місе, тәубаға келу, шектеу.

Таухит /а/- құдайдың бірлігін мойындау ілімі.

Тахлид /а/- еліктеу, жолын қуу.

Тахсил /а/- иемдену, еншілеу.

Тахких /а/- оқып үйрену, орындау.

Тарихат /а/- ақиқатты тану жолы, шариғаттан кейінгі жол.

Таһ /а/- пәк, таза, шыны,

Таухилағнат /а/- Алланың қарғыс атқаны. Ібіліс.

Тасһил /а/- жеңілдік.

Тәбсир /а/- түсіндіру, анықтау, талдау.

Талиб /а/- шәкірт, оқушы, студент.

Тәжид /а/- ада болу, арылу дүние қызығына берілмеу.

Тафрих /а/- екі пәрсенің айырмашылығы, парқы.

Тәрк /а/- аластау, безіну, тәрки дүния.

Тәсдих /а/- бекіту бір істің анығын бекіту.

Тағзым /а/- бас иіп, мойындау.

Тәкие /а/- баспана, тірек, сүйініш, пана, дәруштердің түнейтін орны Жатынжер.

Таусиф /а/- сипаттау, мақтау, суреттеу.

Тән фәрасат /п/- тән парасаты.

Тәхарат /а/- дәрет ал, тазару, жуыну, ғұсыл құйыну.

Ф

Фардус /п/- ұжмақ, 8 пейіштің бірі.

Фана /а/- құдай жолына жан-тәнмен берілу. Жоқ болу, жоғалу, өлу.

Фанафи Алла /а/-Аллаға шын берілген.

Фазыл /а/- өте беделді, құрметті.

Фәрағат /а/- тынығу, тыныштық.

Фарияд /п/- зарлау, қақсау, еңіреу.

Фарсақ /п/- ұзақтық өлшемі. /ф. 6 кл/

Фәрзәна /п/- дана, оқымысты. Ғұлама.

Файз /а/- қайырым, мейірім, береке.

Фәсқ /а/- пасық, бұзық.

X

Хабиб /а/- сүйікті, Хабиб Алла – Алланың сүйіктісі. Мұхаммедтің эпитеті.

Хадис /а/- Расулалланың өсиет сөздері.

Хазрет /а/ – құрметті, қадірлі.

Халас /а/- таза болу, құтылу, жағымсыз істерден қалас қалу.

Халқи Әннас /а/- құдай жаратқан адамдар халық-құдайдың көп есімінің бірі.

Халқи Құда /а/- Жаратушы Алла деген сөз.

Халық бичун /а/- жаратқушы.

Халауат /а/- сыртқы өмірден бөліну, оқшаулану.

Хамду сана /а/- Алланың атына мақтау, мадақ айту, мінәжәт ету.

Хандан /п/- қуанышты, көңілді, бақытты.

Хамдинға данаи /а/- мақтауға тұрарлық дана.

Харам/а/ – арам. Шариғат тыйым салған нәрсе.

Харап/а/- опат болу, жоқ болу, құру, қаршы болу.

Хақиқат /а/- ақиқат, шындық, анық, ашық.

Харзан /а/- қасірет, қайғы, уайым.

Хұзыр /а/- алдына келу, қол қусыру.

Хуррам Ы- ерікті, қуанышты, көңілді.

Хорлар /а/- жәннәттагы ару қыздар.

Хұжра /а/- мешіттегі имам тұратын орын.

Хатар /а/- қауіп, қатер.

Хасрат /а/- қасірет, қайғы.

Хар /п/- қор, қорланған, қор болған.

Хам /п/- шикі, піспеген, жетілмеген.

Хамр /а/- шарап, ішімдік, арақ.

Халақа /а/- жарату, жоқтан бар қылу.

Хақ парасат /п/- құдай сүйген, берілген.

Мйиіиі /и/ сыйлы шапан, киім, тон.

Қылует /п/- жалғыздық, оңаша жер асты, өзімен – өзі оытырып құдайға табыну.

Хандан /п/- қуанышты, көңілді.

Хана  /а/ үй-жай, жатын жер.

Хикмет /а/- керемет ғылым, білім, даналық.

Хуррам /п/- шаттық, қуаныш, рахат.

Халқа /а/ алқа, дөңгелек, шеңбер, дәруштердің зікір салатын алқасы

Хұмра /п/ арақ-шарап құятын ыдыс.

һ

Һади /а/ – бастаушы, жолбасшы.

Һам-дәм /п/- дос, жолдас, серік.

Һамман /а/- пырғауын заманындағы патша.

Хазар /п/- мың, 1000.

Һамра /п/ – кәмра, жолдас, серік, пікірлес.

һауа/а/- дуа, дем.

Һай /п/-әй,  ей, қаратпа соз.

Һуш/п/-ақыл, ес, қабілет.

Һиөат /п/- өкініш, опық жеу.

Ш, Ч

Шабнам /п/- мөлдір шық, азанғы шық, таза.

Шариғат /а/- Ислам дінінің негізі, кодексі.

Шафқат /а/- мейірім, қайырымдылық, шапағат.

Шарафат /а/- рахым, жақсылық, адамгершілік.

Шафағат /а/- қорғаушы, жақтаушы.

Шаһмардан  /п/- патша, жойқын жомарт патша, патшалардың патшасы.

Шан рабаб /а/- музыка асбаптары.

Шәдияр /а/- шаһарияр  Мұхаммедтің орнын басарлары «Әубәкір,  Омар, Оспан, Әли”.

Шәкір /а/- оқушы, үйренуші, бас иіуші.

Шәйдә /п/- Беріле сүю, өзін-өзі ұмыту.

Шәһадат /а/- Иман келтіру, куәлік беру.

Шәһи Алла /а/- Патша құдай.

Шәһәриар /а/- шәдиар.

Шейх /шайқы/ /а/- құрметті ақсақал, діни лауазым, дін басыларының ең жоғарғы атағы.

Шәһид /а/- құрбан болу, кісі қолынан қаза болғандар. дін жолында және соғыста қаза болғандар шәһид делінеді.

Шәддат /п/- күш, қайрат. (Құдайын ұмытқан бір патшаның есімі)

Шүбһа /а/- күдік, шүбә.

Шәкир /а/- ризалық, шүкіршілік, қанағат.

Шәкуа /а/- шағыну, назалану, қайғыру, зарлану.

Шәһәр /а/- қала.

Чакир /п/- Аллаға берілу, құл, малай.

Шәрбат /п,а/- тәтті су, жүзім сөлі.

Я

Яһуд /а/- яһудилер, еврейлер.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button