Жарық нұрдың сәулесі

Құлымбет ата

Көнеден келе жатқан әдбеи жанрлардың бір саласы – діни өлеңдер. Мұсылман қауым бұл жырларды жаттап, уағыз орнына айтып жүрген. Тек Кеңес үкіметі орнаған соң оған тиым салынды. Сырдария өзенінің Жаңақорған өңірінде өмір сүрген Қожахметұлы Құлымбет молда (Хорасан қожа)  осындай діни  насихаттау бағытында көп жырлар жазған. Ол әрі күшті  ғұлама болған. Бұхара медресесін бітіріп келіп, мешіт ашып, адам оқытқан.

Кешегі кеңестік дәуірде мүмкіндік болмай, қуғын-сүргін көріп, басқа елдерде болып, кейін  Отырар (Шәуілдір) жеріне қоныс тепкен. 1965 жылы қайтыс болды.  Құлымбет молданың ұрпақтары мен туған-туыстары қазір Отырар, Шымкент, Жаңақорған, Талдықорған, Ақсу, Арасан, Қапал жерлерінде тұрады. Бұлар Хорасан ата ұрпағының Ұлық-Жүсіп деп аталатын (екеуі ағалы-інілі) аталарынна тарайды.

Олар аласапыран жылдары Арасан, Қапал жерлеріне қоныстанған. Құлымбет молданың 40-50 шаңырақ ұрпақтары қазір сонда тұрады.

Құлымбет молда күшті ғұлама ақын болған.  Кешегі қысылтаяң кездерде оның  өлеңдерін жарыққа шығаруға мүмкіндік болмаған. Бұл кісі жөнінде туысы Нұртаза Уәйісұлы біраз мәліметтер біледі екен. Қазір әлгі ұрпақтары ата өлеңдерін жинақтап жатыр.

Мен мына өлеңін Рахманбердіұлы Әбділда жыраудан жазып алып, беріп отырмын. «Таң сәріден» жолдарды тыңдап көрелік.

Сахарада оқы тәжутты,

Құдайдан тіле ажупты.

Сахарадан тұрып һу дегін,

Сахарадан тұрып бол қайым.

Ғибадатты қыл дәйім,

Күнәңді кешер, Құдайым.

Сахарадан туып һу дегін

Кешке дейін мехнат қыл,

Нәпсіңе зеһнат қыл

Көріңізге рахат қыл.

«Өткен әзиз әулиелер» кітабынан алында құрастырған Шайдарбек Әшімұлы

Суретті түсірген Сұлтан Сейітов

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button