Хүжрәттің 3-ші жылында болған оқиға
Расулалла ғ.с. рәбиғұл айында хазреті Ғұсманға һәм Үммү-Гүлсім қызын тағы да некелікке берді.
Пайғамбар ғ.с. шағбан айында хазреті Ғұмардың тұл қызы Хафисаны некелікке алды. Үммүлмү-сәкин Зейнепті некелікке және алды. Екі айдан кейін Зейнеп опат болды.
Қағби бин Әшрәп есімді Яһуди мұсылмандарды тілдеп, ренжіткені үшін пайғамбар ғ.с.-нің әмірімен өлтірілді және Сәләм атты яһуди өлтірілді. Бұл атақты Ахад соғысы еді.
Бәдүр соғысынан қайтқанан кейін, мәшрүктер жиылып, Әбусафиан бин Харфтың жанына барып, «Мұхаммед біздің үлкендерімізді өлтірді. Демек, өш алуымыз керек. Түрлі рулардан әскер жиып, көп әскер жасақтасақ, Мұхаммедті жеңеміз», – деді. Бұл сөзге Әбусафиан келісіп, малдарын сата бастады.
Төрт кісіні Мекке маңайындағы мәшрүктерді соғысқа шақыруға жіберді. Бұл төрт кісі мәшрүктерді шақырып, әрі түрлі рудан 2000 ескер жиып әкелді. Меккенің өзінен 1000 әскер жасақталып, барлығы 3000 әскер болып Меккеден шықты.
Хазреті Ғаббас бұл уақыт Меккеде еді. Бір адамды тезірек тауып, сол арқылы пайғамбар ғ.с.-ға хабар бергізді. Хазреті Ғаббастың мұсылман болғаны Мекке халқына әлі мағлұм емес еді.
Пайғамбар ғ.с.-ға хабар келгенде, Хабиб ибн Мүнзар есімді сақабаны жіберді. Хабаб мәшрүктердің Ахад тауының жанында Ғайнин деген орынға келгендігінен хабардар етті.
Пайғамбар ғ.с. сақабаларымен кеңес өткізді. Кейбіреулер: «Мединеден шықпай соғысамыз», – деді. Хазреті Хамза «Мединеден шығып соғысамыз. Әйтпесе бізге намыс», – деді. Сонда пайғамбар ғ.с. Хамзаның айтқанына келісті.
Барша сақабалар әзірленіп, 1000 кісі болып Ахад тауына шықты.
Яһудилер басшысы Мүнәфиқ Ғабдолла бин Әбисалол 300 адаммен пайғамбар ғ.с.-ға еріп шыққан еді. Ахадқа келгенен кейін кері қайтып кетті. Ислам әскерінің 700-і ғана қалды.
Екі жақтың әскері бір-біріне қарсы келіп, сапарын тізді. Ислам әскері Ахад тауын соңдарына тастап, Мединені қорғады. Пайғамбар ғ.с. елу кісіге әмір етіп: «Менен рұқсат болмай осы жерден кетпеңдер», – деді.
Пайғамбар ғ.с. қолына қылыш ұстап: «Мына қылышты кім алар?» – деп сұрады. Сол кезде, мен аламын деушілер көп болса да пайғамбар ғ.с. тағы да айтты, сол сәт Әбуджәнә есімді сақаба: «Әй, Расулұлла! Ол қылыштың құны не нәрсе?» – деді. Сонда пайғамбар ғ.с. «Мұның құны мәшрүктердің тылсым жаны қалғанша соғысу», – деді. Бұл сөзден соң Әбуджәнә «Мен қабыл еттім. Иншалла», – деп қылышты алды.
Әбуджәнә асқан батыр болғанымен пақырлықтан қолына өткір қылыш түсіп көрмеп еді. Сондықтан пайғамбар ғ.с. өткір қылышын соған берді.
Мәшрүктердің жалауын ұстап шыққан Талха әскер алдына келді. Оған хазреті Ғали қарсы шығып, басын қылышпен қиып, жанын жәһәннәмға жіберді. Осылайша жеті кісі өлтіріліп, екі жақ әскер соғысқа кірісті. Хазреті Хамза бір жақтан арыстандай ақырып, жауға қойып кетті. Әбуджәнә қылышымен соғысқа кіріп, оң жағы мен сол жағындағы мәшрүктердің пара-парасын шығарды.
Сөйтіп олар соғыса-соғыса мәшрүктердің әйелдеріне келіп жетті. Әйелдер ішінде Әбусафиан қатыны һидіні өлтірмекші болғанда, «Пайғамбар қылышымен әйел адамды өлтіру кісілікке жатпас», – деп кері қайтты.
Мәшрүктер Бәдүр соғысы кезінде Хамзаның батыр екенін білген еді. Сондықтан Хамзаны қолға түсірсек, ислам жұрты жеңілер деген. Ал Ахад соғысында Әбуджәнәнің батырлығын көргенде жанынан түңіле бастады.
Мәшрүктер шегініп жеңіле бастаған соң, ислам әскері мәшрүктерден қалған малдарды ғаниметке бөліспек болды. Сол кезде пайғамбар ғ.с. қойып кеткен елу кісі де: «Біздің де үлес сонда болар. Үлесімізді алайық», – деп орындарынан қозғалды. Ғабдолланың: «Расулұлланың рұқсатымен ғана кету керек», – деген сөзін елу адам тыңдамады. Олардан жырылып 8 кісі ғана қалды. Елу кісі орнынан кеткенде, жаулар сол жерге келіп кірді де, Ғабдолла мен 8 кісіні өлтіріп кетті. Мұнан кейін ислам әскерінің соңына түсіп, соғысуға және кірісті. Бұл істен мұсылмандар шошып: «Кәпірлер бізді жеңер», – деп өздері бірін-бірі қыра бастады. Хазреті Хамза, хазреті Ғали, Әбуджәнә неше рет қайраттанса да мәшрүктер қуаттана түсті. Ислам әскері жеңіліске ұшырап, тарай бастады.
Мәшрүктер хазреті Хамзаның намазға жығылатын уақытын аңдып тұрып, ғибадат ететін кезінде таспен атып өлтірді.
Пайғамбар ғ.с. сақабалармен тұрған жерінде мәшрүктерді жолатпай хазреті Ғалиды қорғап тұрған. Оның қуаты азайып кетті. Сол сәтте мәшрүктердің бірі пайғамбар ғ.с.-ға тас атып, ернін жаралап, бір тісін сындырды.
Мәшрүк малғұн бин Қамтиа Ғабдолла: «Мұхаммедті көрсетіңіз. Өлтіремін», – деп барып, Масғаб бин Ғамырды шәйіт қылды.
Масғаб бин Ғамыр соғыс киімін кигенде Пайғамбар ғ.с.-ға ұқсайтын еді. Малғұн Қамиа Масғабты Расулұлла деп танып, Әбусафианға барып: «Мұхаммедті өлтірдім», – деп хабар берді. Сол кезде Ібліс малғұн «Мұхаммед өлді» деп шыңғырған еді.
Ібілістің мақсаты исламды жою еді. Мұсылмандар: «Пайғамбар өлді. Енді бізде ештеңе қалмады», – деп тарай бастады. Кейбіреуі: «Расулалла пайғамбар өлсе, Алла бар», – деп соғысты.
Хазреті Әбубәкір Ғұмар, Ғабдрахман, хазреті Ғали, Әбуджәнә және 15 сақаба бар еді. Мәшрүктерді хазреті Ғали мен Әбуджәнә пара-парасын шығарды. Келген оққа тас қарсы тұрып, сақабаларға перде болды.
Хазреті Сағат бин Оқас көп кәпірді өлтірді. Сол кезде Қағаб бин Мәлік Пайғамбар ғ.с.-ді тау басына көтеріп, маңайындағы мұсылмандарға: «Расулалла аман екен», – деп айқайлады.
Мұсылман жігіттері дереу жиылып келіп, Расулалланың жанында қайраттанып, соғысқа кірісті. Мәшрүктер қаша бастады. Осы кезде Әбусафиан тау басына шығып, әскерлерге «Араңызда пайғамбар ғ.с. бар ма?» – деді. Пайғамбар ғ.с: «Ешкіміңіз үндемеңіз, жауап бермеңіз», – деген. Сол кезде Әбусафиан екінші рет айқайлап сұрады.
Ешкім үндемеді. Сонан соң: «Әбубәкір, Ғұмар бар ма?» – деп сұрады. Бұлардың ешқайсысынан жауап болмағаннан кейін, Әбусафиан бұлардың барлыған да өлген екен деп хабарлайды. Хазреті Ғұмар сөзге кірісіп: «Әй, Алланың дұшпаны! Сен жалған сөйлеп тұрсың. Сұрағандарыңның бәрі де тірі» – дейді.
Әбусафиан: «Әй, Ғұмар! Соғыста жеңу оңай емес екен. Бұл соғыс Бәдүр соғысымен тең болды», – деді. Хазреті Ғұмар айтты: «Соғыс тең болса да, өліктер тең емес. Бізден өлген адамдар жұмақта да, сенің адамдарың тамұқта», – деді. Әбусафиан айтты: «Әй, Ғұмар! Турасын айт, біз Мұхаммедті өлтірдік пе, жоқ па?» – дегенде, хазреті Ғұмар: «Өлтірген жоқсың. Сөйлеген сөздеріңнің бәрін өзі естіп тұр», – деді. Сонда Әбусафиан: «Ғұмар жалған айтпас, Мұхаммед тірі болар. Енді бізге Меккеге қайтудан басқа амал жоқ», – деп барлығы Меккеге қайтты.
Пайғамбар ғ.с. шәйіт болғандарды тексеріп, хазреті Хамзаны іздеді. Тәні пара-пара, мұрны, құлағы кесілген екен. Бұл халді көріп, пайғамбар ғ.с. хазреті Хамза үшін қатты қайғырды. Ешқашан дәл осындай қайғырмаған еді. Хазреті Хамзаның мұрнын, құлағын Әбусафиан қатыны кестірген екен. Бұл соғыста ислам дінін ұстаған 70 адам шәйіт болды.
Расулалла бәрін намаз оқып, қабірге қойдырды. Хазреті Хамзаны Ғабдолла бин Жахышпен бірге қабірге жерледі. Мәшрүктердің өлгені 30-ға жақын еді.
XІІІ ғасырдың аяғы мен XІV ғасырдың басында көне түркі тілінде ірі туындылар әкелген Насируддин Бұрһануддин Рабғұзидің «Қисса-сүл-әнбийя-и» еңбегін татаршадан аударған Роза Мұқанова