Білген Шайыр айтады

Қасқыр мен қозы

Жүсіпбекқожа Шайхисламұлы

Бұлақтан су ішуге келді қозы,

Жанында серігі жоқ жалғыз өзі.

Бөрі жоқ деме, шығар жар астынан,

Бәлемен қаза қылса келсе кезі.

 

Жол жүріп тамақ іздеп бір аш бөрі,

Қозыға жетіп келді жалғыз өзі.

Жемекке кіна тауып сол арада,

Жала қып міне қасқыр айтқан сөзі.

 

-Сен қозым текке қарап жүре алмайсың,

Соқтықпа маған десем тіл алмайсың.

Мойныңды әзір жұлып алайынба,

Суымды неге бұзып ылайлайсың.

 

Қозының айтқаны;

Қозы айтты: қасқыр тақсыр тыңда азырақ,

Тәңірім кінам болса әділрақ.

Өзіңіз жатқан жерге төмен келіп,

Шықтым мен жүз қадамнан жырағырақ.

 

Бұл жерден ең аз болса жүз ақ қадам,

Мініңді алар болсаң осы арадан.

Су түгіл өзіңе жоқ қиянатым,

Не шара жеткен болса бүгін қазам.

 

Қасқыр:

Алыпсың жаман әдет сенің өзің,

Білесің жалғаншы деп кімді өзің.

Әкеңді алдыңдағы танымайсың,

Балам сен байқап қара, ашып көзің.

Есімнен ол өлгенше кетіп қалмас,

Былтыр осы арада айтқан сөзін.

Қозы:

Кезек бер бір азырақ сөзге тақсыр,

Келемін жарты жасқа күзде тақсыр.

Жаралып дүниеге биыл келсем,

Былтыр неғып тиемін Сізге тақсыр.

 

Қасқыр:

Ендеше сен болмасаң сенің ағаң,

Ойларың мені жоймақ келсе шамаң.

Ит болсын, құсың болсын, қозың болсын,

Жауыздық ойлайсыңдар бәрің маған.

 

Қозы:

Нансаңыз ағамда жоқ інімде жоқ,

О,тәйір нашар қалде мінімде жоқ.

Нақаққа мені тақсыр күйдірмеңіз,

Жауыздық сізге ойлайтын күйімде жоқ.

 

Қасқыр:

Ол саған әлде күйеу, әлде құда,

Сүймейді қой атасы мені жүдә.

Я бөлек,әйтеуір саған ұқсас еді ода,

Қой заты талай зәбір қылды маған,

Соларды мен сенбеймін енді саған.

Кегімді қойдан алмай кімнен алам,

Тауыспа үйде-түзде ойыңды оған.

 

Қозы:

Тақсыр-ау шын жазығым жоқ қой менің,

Жәбір ғой біреу үшін күйдіргенің.

Үйіңе жетер қазір мүсетім жоқ,

Сөйлесіп сені менен қара түрім.

 

Қасқыр:

Алыпсың жаман әдет қарсыласып,

Сеніменен тұрмаймын мылжыңдасып.

Айтайын білгің келсе қозым саған,

Күнәң сол, жегім кеп тұр қарным ашып.

 

Шошыды қозы байғұс қалт-қалт етіп,

Құтылар безгенімен мұннан қайтып.

Болсын ба қозы жұмыс қасакеңе,

Жөнелді иығына салып алып.

 

Орманға қасқыр кетті қозыны алып,

Белгілі істер ісі алып барып.

Әр жерде жазықсызды жазғыратын,

Осындай көшелерде бар ғой тәліп.

Не шара талай адам тартып жеп жүр,

Солардан артық емес шарты деп жүр.

 

Жүсіпбекқожа Шайхисламұлы қолжабасынан алып дайындаған Сейт Омар Саттарұлы Сарыағаш қаласы

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button