Білген Шайыр айтады

Жүсіпбекқожа Шайхисламұлының мысал өлеңдері

Жүсіпбекқожаның қолжабасынан алып дайындаған Сейт Омар Саттарұлы

Жалғанның жаздым быраз мысалдарын,

Әзірге қолдан келген осы барым.

Қанағат барға шүкір, жоққа сабыр,

Қомсынып қоңырайма құрбыларым.

 

Бабы жоқ жұмыстағы біз бір арық,

Күй қайда үзіп шығар топты жарып.

Ат тұрмақ сабағада жел бітеді,

Тарсылдап шапса біреу қыйқу салып.

Бар болса жүрек сонда қызар еді,

Есітсе құлағына дүбір барып.

Әйтпесе арық шауып өрлі төмен,

Жүргенде қамыт басып, қажып талып.

Мақтасақ есерсоқтар толып жатыр,

Кім жақсы, кім жаманы Аллаға анық.

Арқаны алаңдасақ байқар едік,

Қарасаң көкрегіне көзің салып.

Осы мен қайтып жүріп жол болады,

Онан соң әлде кімге қарап алып.

Аспанға жерде тұрып қол созасың,

Қолыңды жақын сермеп жанап алып.

Аузынан сөз, қолынан түк келмеген,

Күшпен жүр көрінгенді талап алып.

 

Міне осы қараңғы елдің қалыптары,

Қалмады өмірінде шарықтары.

Ақыры айтып болмас ойланарсың,

Кейінгі жастан шыққан жарықтары.

Айтады біреу үй деп, біреу бүй деп,

Әйтеуір талап қылмақ қылықтары.

 

Метки

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка вернуться наверх
Закрыть