Дін тамыры
Дін тамыры – Нубуат, яғни Пайғамбарлар хақтығына сенбек, насихаттарын қабыл етпек амалдарын қолданбақ. Пайғамбарлар да жайлы болған, өздеріне лайық кәсіп еткен. Бірақ олар күнәдан пәк. Алла тағала әзіз жаратқан бәнделер, Құран Кәрімде аты аталған 28 Пайғамбар бар. Олар: Адам, Нұқ, Жүсіп, Ілияс, Һүд, Лүт, Зүлкифл, Салық, Ибраһим, Аюп, Исмаил, Ысқақ, Жүніс, Ыдырыс, Жақып, Аля-сағ, Дәуіт, Сүлеймен, Мұса, Һарун, Жақия, Шұғайып, Закария, Иса және Мұхаммед с.ғ.с. Осы аталған 25 хақ Пайғамбарлар. Ал Ғұзайыр, Лұқпан, Зұлқарнайын үшеуіне келгенде біреулер оларды Пайғамбар дейді, біреулер әзіз әулие дейді. Пайғамбарлардың әуелі Адам ғ.с, ақыры біздің Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. Бұдан кейін Пайғамбар келмес. Ислам шариғаты қияметке дейін барар. Әрбір өзін мұсылман санайтын, Хақты мойындаған адам барлық Пайғамбарларды мойындауы шарт, шәк келтіруге хақы жоқ. Пайғамбар Алланың жіберген елшісі болғандықтан оны мойындамау Аллаға қарсылық көрсетумен бірдей. Пайғамбардың ауысуына, яки басқа Пайғамбардың келуіне үш шарт бар:
- Бұрынғы өткен Пайғамбардың салған жолының бұзылуы, өзгеру мен жаңартуға қажеттілік;
- Олар салған жолдың нәтижелі болмауы, толыққанды, қоғам қажетін өтеуге керекті жолдың қажеттілігі;
- Өткен Пайғамбардың бір ұлтқа, болмаса белгілі аймаққа танылуы, яғни ол басқа елдер мен жерлерге, халықтарға Пайғамбарлықтың қажеттілігі.
Аллаға сансыз шүкір болсын, бүгінгі күні бұл үш шариың ешқайсысы да күшін жойған жоқ, жойылмайды да. Себебі:
- Алладан нәзіл болған Қүран Кәрім алғашқы нұсқасында сақтаулы, мұны «Мұсхаф Оспан» дейміз. Әр жылы мұсылман мемлекеттерінде миллиондаған тиражбен шығып түрған Құран Кәрім қазіргі күнде барша дерлік дүние жүзіне таралды және әрбір мұсылманның үйінде сақталады десек тым асыра айтқандық болмас. Сондай-ақ, баспадан шығып жатқан Құрандардың алғашқы нұсқадан ауытқымауы қатты қадағаланып отырылады. Демек Алланың рахымының арқасында «Мұсхаф Оспан» нұсқасы ислам дүниесіне, дініне әсіл нұсқа болып қалды, техникалық дәуірлеу кезіне жетті, бұрынғы кездегідей енді Құран Кәрімді қолмен аударып отыруға еш қажеттілік жоқ. Дүние жүзіне таралуының арқасында Құран жойылып кетеді деген қауіп енді болмайды.
- Алла тағала өз рахым кәлимасымен, өз елшісі Мұхаммед с.ғ.с. «Мен бүгін Сіздердің діндеріңізді толық шегіне жеткіздім, осымен өзімнің рахымдылығымды білдірдім» деп хабар берді, енді ислам толыққанды дін болып бекітілді, жаңартуға, жақсылауға еш қажеттілік жоқ. Адам баласы өмір сүруі, екі дүниесі мамыр болуы үшін, барлық керекті қағида Алланың кәламы мен Пайғамбардың сүннәтінде толық қамтылған.
- Ислам діні барлық халыққа, барлық уақытқа келген дін, бүрынғы дәуірдегідей бір ұлт немесе бір аймақ емес, әрбір Алланы бір, Пайғамбарын шын деп мойындайтын адам, ұлтына, ақ-қарасына, өмір сүрген ортасына, мекеніне қарамай адал өмір сүруді мақсат тұтса, адал ас жегісі келсе, екі дүниесінің де мамыршылығын тілесе, ұрпағының қамын ойлап, солар Алланың сүйікті құлы болсын десе қабылдай береді. Бүгінгі күнде исламды дүние жүзінің барлық аймағында қабылдап мойынсұнып отырғаны, Алланың жіберген діні – исламның ақиқат екенінің толық дәлелі. Ал осындай көркем сипатты дінді халыққа жеткізген Пайғамбарға сену, иман. келтіру әрбір мұсылманға парыз да, қарыз да Иншалла.
Үшінші дін тамыры әділдік, Алланың бір аты Әділ. Әділдік әрбір өзіне-өзі әлі келетін, тура ойлай алатын адамның мақсаты. Ал Алла жолындағы әділдік барлық әділдіктің жолбасшысы. Ислам жолындағы әділдік әрбір амалды өз орнында, асырмай, кемітпей дәл орындау.
Төртінші дін тамыры Имамат: ақырет істерін дүние істерінен алдын тұтпақ. Яғни, қайсы бір әрекет, амал болсын алдымен Алланың үкімін орындау, дүние істерін кейінге қалдыру, намаздың уақыты, жаназа намазы секілді үкімдер дүние тіршілігімен қатар келгенде, алдымен Алланың үкімін орындамақ.
Бесінші дін тамыры Әмір-и-Мағруф. Алланың Расулі айтты: Әрбір өзін мұсылманмын деген бәнде Әмір-и-Мағруф насихат айтса, Алла Тағаланың және оның Расулінің үгітшісі және нәбиі болады. Ғалымдар өз заманында Әмір-и-Мағруф етпесе, Алла тағала ол халықтар-ға залым падиша жіберер. Ел арасында қымбатшылық жайлап, нақақтан қантөгіс болар, бәнделердің дұғасы қабыл етілмес.
Тағы Расул Алла айтты: Әмір-и-Мағруф айтушы кісіге бес түрлі қасиет керек:
- Өзі ғалым болсын, залым болмасын, ашуы кем, ақылы мол
болсын. Осы айтылғандар болмаса ол насихат айта алмайды;
- Әжеті Алла тағаланың разылығында болсын;
- Мейірбандықпен, кішіпейілдікпен насихат айтуы шарт;
- Халық не айтса да сабыр етіп, төзуі шарт;
- Әмір-и-Мағруф айтушы намазгөй, ораза тұтушы, әдепті болуы
шарт. Әмір-и-Мағруф айтушы әркез Алланың мейірімін адам баласына берген жетістігін, ілгері өткен ғалымдар мен ізгі ниет еткендердің жеткен мәртебесін, Алланың разылығын іздеп, Алла жолында жүргендердің қол жеткерген кереметтерін баян етсін. Әулиелік дәрежеге тек қана Әмір-и-Мағруф айтып, бала, шәкірт тәрбиелеп жеткендігін, Адам Атадан бері қарайғы ислам дінінің, басқа Пайғамбарлар арқылы сатылай өтіп Алланың әмірімен Мұхаммед Мұстафа с.ғ.с. заманында өз тұғырына берік отырғанын, күні бүгінде Алланың әмірінде жүргендермен, араққор, зинақор, өсімқорлардың арасындағы айырмашылықты ашып көрсетіп халықтың көзін ашып, тура жолға, Алла жолына салуға күш жұмсасын.
Алтыншы дін тамыры Нахйи-и-мүнкар – адамдарды арам жолдан қайтару. Өзін білетін ақыл-есі дұрыс адам баласы өзі жақсы дәрежеде тұрып, айналадағы ағайын-туыс, таныс, көршілердің, күнделікті күйкі тіршілікте арам жеп, арам сөйлеп, теріс қылықтар жасап, ауыл-үй арасына, отбасына азар беріп, қарадай адамдық кейіптен шығып бара жатқанына қалай төзеді. Шариғат жолымен, ағайындық насихатпен шама келгенінше сен мұны қой, бұл әрекетің теріс, азып-тозып біттің, бұл дүниедегі жағдайың осы, ертең Алланың алдына қалай барасың? Алла тұрмақ адамдар алдында да қадыр-қасиетің қалмады, адамдық қадырыңды жойып алма, – деп үгіт-насихат айту біздің адамдық, мұсылмандық борышымыз.
Жетінші дін тамыры – Тауалла – Алланың достарын дос тұтпақ. Алланың досы кім? Аллаға шек келтірмейтін, Аллаға серік қоспайтын, Алланың әмірін әркез орындаушы, намазын, оразасын тәрк етпейтін, яғни иманы кәміл адамдар. Алла жолына өмірін сарп еткен, Алланың тылсым дүниесіне қол созып, дәреже алғандарды әулие дейміз. Алла жолында ілім үйреніп, шәкірт тәрбиелеп, Алла жолын халайыққа жеткізгендерді ғалым дейміз.
Сегізінші дін тамыры – Табарра. Алланың дұшпандарын дұшпан тұтпақ. Ал енді Алланың дұшпандары кім? Әрине Алла үкіміне мойынсұнбайды, адал-арамды парық қалмайды, көзін арамнан алып қашпайды, қолын арамнан тартпайды, тілін арамнан сақтамайды. Олар аузына келгенді айтып, алдынан кездескенді, қолы жеткенді алып, мәнсіз сөзімен біреудің көңілін қалдырдым-ау, біреудің ақысын жеп қойдым-ау деп ойланбайды. Яғни езінің осы арамдықтарын Алла тағала көріп тұр, ерте ме, кеш пе, әлбетте, сұрауын беремін, азабын тартамын деп парықтамайтын, бір сезбен айтқанда барлық іс-әрекетімен Аллаға дұшпан. Міне бұл адамдардан қашық жүру барлық мұсылманға міндет. Өзіне, Аллаға дұшпандық еткен адам басқаға ешуақытта дос болып жарытпайды; дос болса, малың үшін, қы.зметің үшін, ақшаң үшін ғана, сенің имандылығың, тазалығың ол адамдар-дың көзімен ақымақтық. Барлық жан заттың, яғни Алла жаратқан мақүлықаттың тамыры болғандай Алланың бізге жіберген хақ дін-исламның өзіне тән тамырлары осы сегіз нұсқа. Егер бір тамыры істен шықса тәнге саулық болмайды, ал осы сегіз тамыры мүкәмал болса дініміз де сау.
Иман-жүйесін – «Шар кітаптан» алып, басқа кітаптар мен толықтырып түзеген Сейт Омар Саттарұлы