Жарық нұрдың сәулесі

 Өсиет

Хазреті Али-Мұххамад Ханафия болып келетін әулеттен  әулеттен елге елеулі  (Қарамолда) Мұхаммеджан дүниеге келген.Әр бенде өз дәуірінің перзенті бұл бенденің емес Алланың қалауы. Қарамолда атамыз кешегі аламан тасырдың құрбаны болып кетті.Артында құлжаның сақасындай үш ұл қалды. Үлкені Әбибулла көзі ашық, көкрегі ояу жан еді.  Ұлы ғұлама Құл қожа Ахмед Иасауийдің  «Хикмет»терін қазақ тіліне аударып, сол кітапты өзі қолы мен устап отырып, маған біреуін өз қолымен жазап берген тұғын.

Әбибулла-Қалтай (Қалиолла) Мұхамеджановтың туған ағасы. Соғыс және еңбек ардагері. Ленинградтың сауда институтын бітірген. Әбекең орыс тілін жетік білумен бірге өз бетінше араб, парсы әліпбиін үйреніп, «Құран Кәрімді» түпнұсқасынан оқитын дәрежеге жетті. Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедтің тікелей басшылығымен жүзеге асып жатқан «Сырдария» кітапханасының бірінші томы Әбибулла ағаның  аудармасы мен Қ.А. Яссауидің «Диуани Хикметінен» басталады.

Өсиет

Бисмиллаһир – рахмани – рахим!

Ойлансын дос-жараның, дұшпаның да,

Әбеке қимылдай бер күш барында.

«Сексеннің серіктікке септігі жоқ»

Деген сөз сол баяғы ұстанымда.

(Дәкәкки қартайғанда шәкірт болған,

Сексеннің сеңгіріне шыққанында).

Шабыт кеп шапқа түртіп шыдатпайды

Шайырдың «Кәрі жыны» ұстарында.

«Өнермен көңіл әсте қартаймайды»,

Дегенін бұрынғылар ұқпадың ба?

Кеткенде тілден дәрмен, қолдан қуат,

Беймәлім қайтып қалам ұстарың да.

Әзелден адамзатқа өмір күрес,

Нейғабыл жығыларың-жықпаңғың да.

Ер Көшек, Күдері ақын, Қарамолда,

Әйгілі әр заманның тұстарында.

Ұлбике Күдерімен көп айтысып,

Бабама жасырмаған құштарын да…

Қос саңлақ қосыла алмай қыршын кетті-ау,

Сайраған сандуғаштай құс бағында.

Тұлпардың тас уатқан тұяғысың,

Құтқармас қашқанын да, пысқанын да.

Жығылып оң жағыңда бәйтерегің,

Өмірдің болдың талай қыспағында.

Жазықсыз жау атанып кетті-ау әкем,

Әсірдің аты шулы қыстағында.

Опат жылы 37 қанды-қасап,

Себепкер заман ба, әлде Сталин ба?…

Аттырып арыстарын қараң қазақ,

«Қуантты» қараулар мен іштарын да.

Халықпыз «шаш ал десе, бас алатын»

Сұрқия саясаттың ықпалында.

(Жан әкем жарықтықтың жайы болғай

Жәннәти «Жауаданның» ұшпағында).

… Қадірін бақ-дәулеттің біледі адам,

Басынан бақыт құсы ұшқанында.

Қасыңа қадір білер мәрт келеді,

Қырсық кеп жан-жағыңнан қысқанында.

Мұндайда ер Бодаштай ерлер қайда?

Ойланбай отқа түскен құтқаруға…

Хас қарау қайырлып қарамайды,

Дегендей «Бәлем, сені ұстадым ба?»

Хас сараң қалғып жатып есептейді,

Күнбе күн ішкенін де, тышқанын да.

Қорқауда қанша жесе қанағат жоқ,

Тойғанын  бір-ақ білер құсқанында.

Көтерген көкірегін көргенсіз бар,

Тал түсте танымаған ұстазын да.

Қазақпыз өкінетін өлсе өкіріп,

Тірісін жұлмалайтын тіс барында.

Білмейтін безірейген безбүйрек бар,

Обалдың сауап пенен мысқалын да.

Өмірде ала да бар, құла да бар,

Жағымпай жәдігөй де,… мыстаның да,

«Төбесі тесік» пенде түсінер-ау,

Не жатыр әпсананың астарында?

Аз өмір аңлағанға өте шығар,

Зымырап ес жиғызбай қас қағымда.

Қонақсың бір-біріңе «сіз-біз» десіп,

Жүріңдер жасамысың-жастарың да.

Бақ-дәулет, құт-береке ынтымақта,

Жүргеннің жайы мәлім бас қамында.

Мұқтажын мұңлы жанның мүлт жібермей,

Өтей біл, өзіңнің де, басқаның да.

Өлгенде мәңгі жайы жер-бесік қой,

Құлдың да, құтаның да, патшаның да.

Осылай тәңір өзі теңелтеді,

Адамның асқанын да, тасқанын да.

Осы ойлар қартайғанда қажап мені,

Келмепті керек кезі жас шағымда.

Оянам кейде шошып өз ойымнан,

Жатса да Құран Кәрім бас жағымда!

Табынып тәңіріме тәубе деймін,

Сексеннен «сенімі жоқ» асқанымда…

 

Әбибулла Мұхамеджанұлы

Қызылорда, 22 сәуір, 2008 жыл.

Алла рахмет етсін.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button