Бүлдіруші бар, түзеуші қайда?
Шет аудандық музей 1993 жылдан Шортанбай жыраудың атында еді. Сол жылы Ұлы жыраудың алғаш рет 175 жылдығы аталып, оған Қ.Сұлтанов бастаған 20 дан аса парламент депутаты, С.Қирабаев К.Кәкішев, Қ.Мұхаммеджанов, М.Мағауин, А.Сейдімбек, Қ.Сұлтанов, С.Сматаев, Р.Нұрғалиев бастаған 20ға жуық ғалым, жазушылар қатысып, музей ресми түрде Шортанбай жыраудың есімін берген. Сол документ те қолымызда. «Егемен Қазақстан» газеті дүрілдетіп мақала да шығарған.
Қазақтың бағына біткен, қараңғы тұста жұртына сәуле шашқан аз ғана жұлдыздары арғы заманда да, бергі заманда да екі жүзді, іші тар күншілдерден не көрмеді. Солардың бірі әрі де патшаға мойынсұнғандар, беріде қып-қызылға берілгендер есімін айтпай тастаған Шортанбай жырау. Ұлы жыраудың қисаларын айтқаны үшін небір асыл азаматтар «халық жауы» деген кеселге ұшырады. Осы елдегі Анарбек Ақсақал Шортекеңнің екі шумақ өлеңі үшін 18 жыл түрмеде ғұмыр кешті.
Тәуелсіздікке де қол жеткіздік. Қазақ үшін тірінің дозағын көрген небір асыл тұлғалардың есімін қорғап-қолдап жүрміз бе? Әй, қайдам дейсің. Әліде Шортанбайлардың соңына түсіп, ит қылықтарын көрсетіп жүрген кесірлілер баршылық.
18 жыл Ұлы жыраудың атында болған музейден сылтау тауып есімін алып тастағандар, жырауға арналған бөлмені қиратып, жыраудан қалған мұраларды шашты.
2018 жылы Шортанбай жыраудың 200 жылдық мерейтойын тыныш өткізе алдық па? «Мамыр айында біздің бабамыз ренесанс жасаған адам. Ол тұрғанда Шортанбайды тойлатсаңдар ген прокуратура үстерінен қылмыстық іс қозғаиды» деген «қаһарлы» арыз түсті. Бабасы бір ауыл аймақтың биі ғана. Шіркіндер «ренесанс» дегеннің не екенін біле ме екен.
Жау жоқта дау іздегендердің кенет беті қайтып қалған. Қазақ ғалымдары Б.Омаров пен А.Шәріп өткен ғасырда Шортанбайды Америка зерттеп, Томас Виннер деген ғалымы оның жырларын ағылшын тіліне аударғанын жария етті.
ХІХ ғ Петерборда оқып жүрген қазақ жастары Шортанбай жыраудың «Зар заман» кітабының ықпалымен орысқа қарсы «Зар заман» деген ұйым құрып, оған 20 жасында Әлихан Бөкейханов мүше болғанын газеттер жарыса жазды.
Шортекең дүниеден өткен соң қарақалпақ, қырғыз, татар, башқұрдың талай ақындары ұлы жыраудың үлгісімен «Тар заман», «Зар заман», «Тал заман», деген ондаған дастандар жазғаны, оны бар түркі жұрты үлгі тұтқаныңын айғағы.
Сәл бұғып қалған қара ниеттілер тамызда тағы бір арыз түсірді. «шортанбай бұл жақта тумаған » дегеннен басталған езбесі бар. Арызды ұйымдастырушы әкім М.Жандәулетовтың прес-хатшысы Е.Жәнібеков деген жетпістен асқан адам. Ол арызға қол қойдыру үшін кейбіреулерге «мұндай арыз обл әкімі Е.Қошановқа керек боп тұр» дегенді айтқан.
Сонау тоқсаныншы жылдары әкім К.Сархановтың өткізген бір жиналысында осы Е.Жәнібеков «Шортанбайдың музейін жауып тастау керек, қажеті жоқ» деп өзеурегенде біз (К.Жүністегі) «Музейді ашқан да сен емессің, жабатын да сен емессің. Көрші Ақтоғай музейінде 7 адам, Жаңаарқадағы Сәкен музейінде 5 адам істеп отыр. Шетті солардан сорлы етіп көрсеткің келгені ме?» – деп тоқтатқан екен.
Кәзір… Сол музейдің есігін ашып, Ұлы жырауға тиесілі жәдігерлерге көз жүгіртсең әуелі пәуеске көзге түседі. Оған ешкім білмейтін біреудің атын іліп қойыпты. Сол пәуескені Шортекеңнің 14 жасынан атқосшы болған, 94 жасқа келіп, 1958 жылы қайтыс болған Әбеу ақсақалдың жасырын сақтап қалғанын Әбекеңнің немересі бүгінде сексеннің бесеуіне шыққан Адамқұл аға айтып та отыр, қолына куәлікте берген.
Онан кейінгі Ұлы жыраудан қалған ірі жәдігер Нұра өзенінің бойына салған су диірмен тасы. Оған ХІХғ мүлкі деп қана қойыпты. Музей басшысы диірменді Шортанбайға бұйыртқысы келмеді. 1993 ж түсірілген деректі фильмде Жұмабай, Зәбира ақсақалдар диірмен тасының тағдырын айтып, Шортанбайдың мына Қатпар тауы ішінде дүниеге келгенін айтса да, іштей қарсы музей басшысы ол деректі фильмді өз қызметкерлерімен жасырады. Сонан барып музейдің бір қызметкері «дирмен таста Шортанбайдікі деген жазу жоққой» дегені айтады.
Япыр-ай, ана Бұхар жыраудікі, Бөгенбай батырдікі, Мөңке бидікі, Абылай хандыкі деген жәдігерлерге олар өз аттарын жаздырып кетіп пе екен? Мынау сондай тұлғадан қалған жәдігер дегенге ел сеніп, қуана қабылдап жатқан жоқ па. Ал, шеттің музейіндегілер барды жоқ етіп әлек. Ұлы жыраудың өмір жолын зерттеуші, шашылып кеткен мұраларын жинаған біздің үстімізден бұрқыратып «сотқа береміз» деп арыз жазып әлек. Кешегі Ресей империясының, онан кейінгі қызыл заманның қазақ ұлтына қарсы әсіре теріс оқуы қандарына терең сіңіп кеткендей.
Шортанбай жырауды әулие тұтқан халық қарап қалған жоқ. Әуелгі 45 адам қол қойған, музейге Шортанбай жыраудың есімін қайтару туралы өтініші жауапсыз қалды. Екінші рет әкім М.Жандәулетовке 25 адам қол қойған, Ұлы жыраудың есімін музейге қалпына келтіру туралы өтініш жауапсыз қалып, рушылдық дертін қоздырғандардың қарсы арызына жол берілді.
Кешегі совет заманында, КГБнің қылышы жарқылдап тұрғанда Ұлы Шортанбай жырауға 1980 жылы Көктас қойған, ұлы рухты ардақтаған ауданның 72 азаматы 2020ж 18 маусым күні облыстың мәдениет саласын басқарып отырған Е.Жүмекеновке тағы өтініш түсірді.
Е.Жүмекенов мәселені музей қызметкерлерінің музейге Шортанбай жырау есімін беру туралы қолдауы арқылы шешпек болған. Қызметкерлері «қарсымыз» дегенге қол қойған . Сол «қарсымыз» деген музейдің үш қызметкері Динара, Барқыт, Әсет ертеңіне менің үйіме кешірім сұрап келді. «Ешқандай жиналыс болған жоқ. дайын хаттаманы алып келіп, бізге бастығымыз қол қойдырды»-деді Динара, Барқыт, Әсет. Ертеңіне музей басшысы Салтанатқа барып, «жиналыс болды ма
» деп сұраған едім, әділіне кетті. «Болған жоқ, сырттай дайындап әкелді, соған қол қойдық» -деді. «Сырттағылар» кімдер? Музей оларға неге тәуелді?
Осы жағдайды айтып, Е.Жүмакеновке барған едік. «Шеттен звондап жатыр, Шортанбай сарт көрінеді ғой » деп қарап отыр. Ау не дейсің? Шортанбайдың әкесі Қанай мен атақты жазушы – драматург Қалтай Мұхаметжановтың бабасы Күдері қожа шөбере. Бұл не масқара дедік. Түбі Араб А.С.Пушкинді орыстар 19 ғасырда да бүгінде орыстың ұлы ақыны дейді. Ал, біз 21ғасыр…. түбі шикі, әкесінен дұрыс тумаған, өзі шата біреулердің сөзін көңірсітіп отырмыз.
Өзбектер екі әтешті төбелестіріп қойып, қызықтап отырады. Тап осындай бір жағдайды бізде бастан кештік. Облыс мәдениет саласын басқаратын Е.Ағымбаев пен аудан әкімі М.Жандәулетовтың ұстанымы екі бөлек. Әрқайсы өзіңің айтқанын орындатқысы келеді. Е.Ағымбаев музейдегі дауды шешу үшін аудан халқының жиналысына салайық деп өзеурейді. М.Жандәулетов музей қызметкерлерінің протоколын алып шешейік дейді. Ақыры лауазымы жоғары Е.Ағымбаев аудан басының халқын жина дегеніне М.Жандәулетовті көндірген. Елді жинау міндеті аудан әкімінде. Оныңда ұтылғысы жоқ. Оны ертеңіне көрдік. Шортанбай жыраудың рухына тағзым етушілер шақырылмаған. Шортекеңді пір тұтатын жазушы Өмір Кәріп, Алтай Смет тағы тағылар естімегенде. Есесіне жырауға қарсылар толып отыр. Тіпті Қарағандыдан бір әумесерді алдырыпты. «Біз кеше естіп жиналдық» деген Жарықтан келген Төлепберген. «Бізді ойбай келіңдер» деп музей басшысы Салтанат кеше шақырған» деген Е.Жәнібеков.
Е.Ағымбаев өзінше жеңді. Ішіне бүккені бар әкім М.Жандәулетов өзінше жеңілді. Ру аралық араздық қызды. Екі мықтының «көмегімен»Ұлы жыраудың рухы тапталды.
Облысқа кейін келген басшы Е.Жүмакенов біздің ру араздығын қоздырмайық дегеніне қарамай музей қызметкерлерінің қол қойған хаттамасын алмақ болмақ еді, онысы «сырттан әлдебіреулер дайындаған қылмыстың иісі аңқыған қағаз болып шықты. Мұндай сорақылыққа төзбеген музейдің Динара, Барқыт, Әсеттері үйімізге келіп кешірім сұрады. Мұны музей басшысы Салтанатта мойындады. Бірақ, іс орнынан жылжымайды. Әлдебіреудің жылжытқысы келмейді.
Сонау 1993 жылы аудандық музейге Шортанбай жыраудың есімі берілгені білетін Қазақстан жазушылар одағының басшысы Ұлықбек Есдәулетов мәселенің дұрыс шешілуін айтып облыс әкімі Ж.Қасымбековке жазбаша өтінішпен шыққан еді. Оған жауапты обл әкімі емес, Е.Жүмакенов берген екен. Жауабына күлуге де, жылауға да, жиренуге де болады. Иісі аңқыған қылмыста жатыр.
а) Музейге Шортанбай атын беруге музей қызметкерлері «қарсы» болды депті Жұмекенев. Сондай протоколдың сырттағы біреулердің қолымен жасалғанын, оны музей басшысы ның өзі мойындағанын, музейдің үш қызметкерінің мұндай жалған іске қарсы екенін біліп отырып, Е.Жүмакеновтің заңнан тыс жауап беруін кім қалай түсіндіреді. Бұл дегенін Ұлы жырауға деген қарсы әрекет. Тіпті, кешегі замманның шовинист –коммунистері, белсенділері де бұлай ете алмас еді.
Б) Музейге Шортанбайдан басқа «атын беруге тұрарлық Ұлы тұлғалар баршылық» депті Жүмекенов. 19 ғасырдың Кеңесарымен бірге тәуелсіздік үшін ашық күрескен азаттық соғысы жеңіліс тапсада, бар қазақ даласын аралап, жұртты күреске қайраған Шортанбайдан басқа кім бар екен. М.Мағауин «19 ғасыр қазақ әдебиетінің алтын діңгегі» деген Шортнбай жырауды кіммен шендестіріп отыр ол. Иә, арызқойлар өздерінің бабасы, бір ауылдың биі, Жаңғұттыны ұсынып әлек. Е.Жұмакенов мына сөзімен сол арызқойларды жақтап шығып отыр. Япыр-ай, адам өз бетін осылай да ашады екен –ау.
С) «Пәуескенің құжатының түп нұсқасы музей қорында сақталған» депті. Мен музей бастығынан пәуескенің құжатының түп нұсқасын көрсетуін сұрағанымда «бізде емес, обл музейде» деп жауап алатынмын. Облысқа барып, бастығынан сұрғанымда «бізде емес, өздері сақтайды» деген жауап алдым. Осы сөзді бетке ұстап бастық Салтанатқа тағы бардым. «әкел деп бұйырды ол қызметкері Барқытқа». Осы заманның жылтыр қағазына түсірілген құжатты қолыма ұстатты. Бұл подделка ғой деп қалтама салып алдым. Музейдегі тағы бір жиалыста мұны мен Е.Жүмакеновке көрсетіп, қылмысты жағдай екенін жұрттын көзінше айтқан едім. Әрі, көне қағазға түсірілген түп нұсқа менде екенін де естіген . Ендігі ісі мынау. Бұндай өтірікке неге барып отырғанын иманды адам болса өзі айтар.
д) Байменов Көпжаннан алынған жез легеннің Шортекеннің мұрасы екенін музей қызметкерлері «енді ғана естіп-біліп отыр деп жазады Е.Жүмакенов». Мен музейді алғаш құрған адаммын. Музейге әр барған саын қызметкерлеріне сұраулары бойынша әр мүліктің, тастың кімнен, қашан, қайдан алынғанын түсіндіремін. Оны бәрі мойындайды. Естігісі келмегендер, жоғалтқысы келгендер не істемей жатыр. Тіпті, онан әрі жез легенді Күзгібеков Мұқаш тапсырды деген тағы бір өтірікті жалғапты. М.Күзгібековтен мен алып келген Шоң бидің 15 литрлік самаурыны мен жез легенді музейдегілердің жоғалтып жібергенін Е.Жүмекеновке бар жұрттың көзінше айтқан едім. Оның құлағына да кірмепті.
Ж) Жарық стансасында тұрған Смағұл молладан 1880 жылы Қазан баспасынан шыққан Шортанбай жыраудың көнерген кітабын алып, музейге қойғанымды бұлар енді ғана біліп отыр. Осындай өтірікке «имандай» сеніп Е.Жүмакенов жазушылар одағынын басшысы Ұ.Есдәулетовке жауап жазады. Бұл не сорақылық?»
Менің қолымда тұрған тізімде бар, жоғалып кеткен 15 ең тәуір жәдігер туралы бір ауыз сөз жоқ. Музейдегі жоғалып кеткен жәдігерлердің болғанын 90 жылдары осы Шортанбай атындағы музейде біраз жыл қызмет еткен Манура Өткелова ашық айтып отыр. Мұның бәрі де өзінің қолында болған жәдігер екенін айтады. Қыздарбек күйшінің үлкен портреті ілулі тұратын. Шоң бидің самаурыны мен үлкен легеніде тұрған. Кішірек жез леген Шортанбайдыкі болатын. Ана потифон жұмыс істеп тұрған. Аса таяққа жұрт қызығушы еді. Көнетоздау кісе де жақсы сақталған. Шортанбайдың Қазаннан тым ертеде шыққан көнетоздау, бірақ барлық беті сақталған кітабы да болған, – дейді Манура бәрін түгендеп. Иа, сонымен бүгінгі жоқтын бәрі болған екен. Болған дүниені «жоқ» деушілер, жоқ қылушылар музеиде. Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам деген осыда. Облысқа ие болып отырғандардың осыны түгендеудің орнынна арызқойлардың сөзіне ергеніне тансың.
Облыс басшысы да оның замы А.Нукеновте осындай өтірікке малданып отыр. Үкіметтің шешімімен Республикалық ономастикалық комиссияның ұсынуымен бекітілген Қазақстанның кез келген облыс, аудан , ауыл, мектпеп, музейлерінің есімін беруге болатын тұлғалардың ішінде Шортанбай жырау 58-болып тұр. Абылайды, Абайды, Махамбет, Дулатты, Бұқарды, Сәкенді, Мұхтарды т.б ешкім дауға салмайды. Ал, бізді не сор басты. Осыған жол беріп отырғандар осы қызметте қазақ ұлты үшін қызмет істей ала ма?!
Академик Т.Кәкішев «Аса ірі идеолог» деп баға берген.
Жазушы Ж.Қашқынов «Патриот, күрескер тұлға» деп бас иген.
М.Мағауин «ХІХ ғ Қазақ әдебиетінің алтын діңгегі» -деп ру хына сүйсінген. Әлихан Бөкейханов Шортанбайдың «Зар Заман » кітабының атымен жасырын құрылған ұйымына мүше болған.
Түркі жұрты мойындаған. Қырғыз ақындары Шортанбай үлгісімен «Тар Заман», «Зар Заман» , «Хал заман» деген дастандар жазған.
Бұл Ұлы Шортанбай жырау.
Өтірік пен өсекке белшесінен батқандар Азаттық үшін аянбай соңғы демі біткенше күрескен Ұлы Шортанбай жырау рухын осылай қорлап отыр.
Кәмел Жүністегі
20.05.2021ж
Мақалаға пікір
Ералы Оспанұлы: Созақ деген кентте, кезiнде Қазақ хандығының астанасы болған, Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың туысы Бурахан деген әулиенің кесенесі бар болатын… Болатын деп өткен шақта жазып отырғаным, ол кесене әлі де бар, бірақ егесi ауысып кеткен елiмiз егемендік алған соң. Енді оны таса рухының бір атасы Қарабура әулие тәркілеп иеленiп алған. Әрине өзі емес, рухы да емес, бүгінгі тамалардын белсенділері. Басында отырған шырақшысын көшipiп, өздерінің адамын отырғызып қойған. Жалғыздын шаңы көрiнбес деп ол шырақшы, Бурахан әулиенің басында туған қожа кici енді басқа жерде үй салып сонда отыр. Оның нағашы атасы, нағашы апасы Бурахан әулиеге шырақшы болған, кеңес кезінде қорықпай, әкесі соғыста шейіт болып, өзі шырақшы болған. Тәуелсіздік келген соң енді барып батыл болып шыға келген тамалардын бір қара шалы бұл біздің бабамыз деп ол қожаны көшірiп жiберген. Сол сияқты бұл жерде де асып-тасып жатқан патриотизм жоқ, рулық сана жетегінде жүрген адамдарды әрекеті жатыр. Шортанбай ақын мың жерден қайран қазағым деп зарласа да, жемге-жем келгенде сол жерде тұратын таза қазақтар өзінің iшiнен шыққан азаматқа бүйректерi бұрмай тұра алмайды. Бұл қазақтың түбіне жететiн ауру ешқашан қалмайды. Ақыры олар дiттегенiне жетеді. Ұлттық сана жоқ қазақтарда, тек рулық сана бар, соның көрiнici бұл Шортанбай ақынға жасалып жатқан қиянат. Ауруын жасырган өледі дейді қазақтар, бiрақ ол асыл сөзге өздері құлақ аспайды. Шортанбайды солар оқиды деп ойлайсыздар ма? Жоқ, олар аузынан суы құрып бiздiң шешен өйтіп айтқан екен деп екі ауыз сөзді сапырып жүре береді – бүкіл әлем адiре қалсын деп. Кезінде Қожа Ахмет Ясауиды да қаңлы, өзіміздiн түркі нәсілiнен деп әбден шулаган болатын оңтүстік жақтың зиялы із деген қазақтары, ақыры қойды, себебі атақты сопы ақынның әрбір хикметi мен қожамын деп бiтiп тұр, оның үстіне бүкіл түркі әлемі оны қожа деп таниды. Әттең Шортанбайды олай танымалы, содан оның да рухы қазақтан ақыры безіп кетеді. Менің атам айтатын – қазақ алдымен пipiн жейді, сосын бipiн бipi жейді деп. Сол заман келді.