Жарық нұрдың сәулесі

Матен қожаның шыққан тегі туралы мәлімет 

Атырау облысының, Қызылқоға ауданының, Қаракөл ауылынан 10-12 шақырым жерде елге белгілі Мәтен қожа әулиенің зираты бар. Ол осыдан 250-300 жыл бұрын қазақ даласына Сауд Арабиясы елінен дін тарату үшін келген. Мәтен қожа әулие атаның ұрпағы Қазақстанның әрбір облысында өмір сүріп жатыр. Мәтен атаның зиратынан шамамен 4 шақырымда «Атаның майы» деген жер бар. Кезін да Мәтен ата өлген кезде, денесін жуындырған орында ағаш үйдің аумағындай жерден мұнай шығады. Жер бетінен 25-30 сантиметр тереңдікте.

   Матен Қожа құлпытасындағы Арабша мәтін:

 باى اولى اچنده خو جا مَتَنْ ابن خوجه تولك بوفانى دنياده 63 ياش عمر سروب عاقبت تقدير خدا ايله 1802 نچى يلده وفات اولوب بومقامه دفن اولوندى اوزى نك تروكنده هم كرامة تدى الوب وفاتندين صوك هم كرامتلى اورن بولدى يرى دان هرتورلى مارازغا مراد لغان هرآغرققه شفا حاضرده هم بولادى بونى قويدى نيمارسى ايسه خوجه قليچ خوجه اوغلى.

    Таранскрипциясы (аударған Сайполла Моллақанағатұлы, шығыстанушы,
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты
):

Бай улы ичинда хожа Матан ибн хожа Толак бу фани дуниада 63 иаш умр суруб аақибат тақдире Худа иле 1802 нчи иилда уафат улуб бу мақама дафн улунди узиниң тирукинда һам караматди улуб уафатындин соң һам караматли уурун болды иеридан һар турли маразға мурадлаған һар ағрыққа шифа һазырда һам болады. Буны қойды нимарасы Айса хожа Қылич хожа уғлы.

   Қазақ тіліндегі мағынасы:

Байұлы ішінде қожа Матан ибн Қожа Төлек бұл фәни дүниеде 63 жас өмір сүріп ахыры Алланың жазуымен 1802 – ші жылы қайтыс болып бұл орынға жерленді. Өзінің көзі тірісін де керемет иесі болып, қайтыс болған соң да кереметі бар орын болды. Бұл жерінен әр түрлі ауруға, мұрат еткен әр дерт үшін шипа бар, бүгінде де болады. Мұны қойды немересі Айса қожа Қылыш қожа ұлы.

Мəтен қожаның басына сырқатқа шалдыққандарды түнетуге алып баратынын бала кезімізден білуші едік. Басындағы құлпытасында Мəтен қожа Төлекұлының 1802 жылы 63 жасында өмірден озғаны оймышталған. Мəтен қожаның əкесі Төлек қожа Кедей қожадан тарайды. Бөкейлік қожалар тізімінде Кедей қожаның Төлек қожа, Өзбек қожа, Ахмет қожа, Қара қожа, Ақ қожа деген ұлдары көрсетілген. Орынбор губернаторына жазған хатында Қалдан қожа Күшік (Көшек) қожа ұлы бастаған бір топ бөкейлік Кедей қожа ұрпақтары Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы Əзірет Əлидің ұлы Мұхаммед Ханафиядан Абдулманнан жəне Абдулфаттах атты екі ұлдың дүниеге келгенін, соңғысынан Абдулжаппардың, ал Абдулжаппардан Абдулқаһардың,   Абдулқаһардан Абдрахман қожаның туғанын, ал осы қожадан өздерінің тарайтынын хабарлайды. Қожалар шежіресі бойынша Абдрахманнан Исқақ (Ысқақ) баб пен Абд ал-Жалил (Əбдіжəлел) баб тарайды. Əбдіжəлел бабтың лақабы Хорасан ата. Осыған орай Мəтен қожа қазақ даласындағы Хорасан қожалар əулетіне жатады деп есептейміз.  Оның үстіне бөкейлік Қарауыл қожа да осы Хорасан қожалар əулетінен. Алайда, тарихшы И.Ерофеева Қарауыл қожаның бабасы Мұхаммед қожаны Сейіт (Саид) қожа əулетіне жатқызады. Ералы сұлтанның хатына иек артқан ғалымның бұл пікірін бүгінде отандық  зерттеушілердің барлығы дерлік   қайталаумен келеді. Біздіңше, Орынбор мұрағатында сақталған Мұхаммед қожаның тікелей шөбересі (Мұхаммед қожа – Мырза қожа – Баба қожа – Қарауыл қожа) Қарауыл қожаның өз ата-тегінің Хорасан қожа əулетінен тарайды деп айтқаны шындыққа  жақынырақ. Себебі, Қарауыл қожа қазақтар арасында Сейіт қожа əулетінен тарайтындар жоқтың қасы деген. Сондықтан ол өз ата-тегінің Хорасан қожа əулетінен бастау алатынын анық айтқан. Яғни, бөкейлікте  оның атасы Мырза қожа есімімен аталатын қожалар əулеті жəне Мəтен қожаның атасы Кедей қожа əулеті де оы Хорасан қожалар тобына жатады. Жалпы қожалар əулетінің тарихында зерттейтін мәселелер жетерлік.

 

Жəнібек Исмурзин, тарих ғылымдарының кандидаты, Орал қаласы

Тақырыпқа қосымша:

Киік сауған қожа немесе Шалмалы қожа – Кедей қожа, Назар қожамен бірге келген, рулас ағайынды болған. Екеуі Маңғыстау еліне бірге келеді. Діни сауатты жас жігіттер мұсылманшылықты кеңінен насихаттап тарату мақсатымен қазіргі Батыс Қазақстан жеріне бару үшін бір керуенге ілесіп, жол тартады. Зор бейнет шегіп келе жатқан жас жігіттердің түпкі мақсатымен жете түсіне алмаған саяси дүние танымы жоқ, шолақ ойлы саудагер-керуенбасы бір түнеп шыққан жерде екеуін оятпастан айдалаға тастап, қашып кетеді. Жігіттер Аллаға тағалаға жалынып, дұғалар оқып өрісте жүрген кйік үйірлерін қастарына келтіріп, сауып, сүтін ішіп, сол жерде жата береді. Ал бұларды айдалаға тастап қашып кеткен керуен адасып, бұлар жатқан жерге қайтып келеді. Жігіттердің қасиетін таныған керуенбасы кешірім өтініп, оларды Маңғыстауға жеткезіп салған екен. Осыдан кйік сауған атанып кеткен. Маңғыстау жерінде Назарқожа Әмембетің қызына үйленіп сол жерде тұрақтанып басындағы шалмасын Кедей қожаға беріп, қоштасып шығарып салады. Кедей қожа әрі қарай Атырау өңірінде болып, одан Ақтөбе аймағында, содан кейін теке (Орал) қаласы яғни Жайық бойын жайлаған кіші жүз руларына барып дін-ислам үйреткен.
______________
Нуридин Үсен Құрайыштар және Сейіттер мен Қожалар «Үш Қиян» Алматы 2006 ж. 132 бет.
Киік сауған қожа-Мәді қожаның (Диуана қожа) алтыншы ұрпағы Темір қожадан-Айқожа, Күнқожа, Ханқожа, Нұрқожа атты төрт ұл болған. Темір қожа екінші ұлын Күнқожаны Маңғыстауға Кіші жүз, Адай еліне берген. Жап-жас балаң жігітті бір елдің жағдайын, тағдырын шешетін пір етіп тапсырды. Жолшыбай керуендегі кейбір пысықтар жап-жас баланы қолды-аяққа тұрғызбай құрметтеп бара жатқандарға күліп, оның қасиеттеріне күмән келтірген көрінеді. Көпшілік соған иланып, жас Күнқожаны сынап көрмекші болады. Содан «адастық, жолдан жаңылыстық, ас судың қорын тауысып алдық, енді не істейміз?» деп оның алдына келеді. Жас жігіт аспай-саспай екі-үш су құятын қауақ ыдыс алып, құм асып ілгері кетіпті. Азғана уақыттан кейін көпшіліктің бір-екеуі құм жотасына келіп жасырын көз тастаған. Сөйтсе жас жігіт ашық алаңқайда түз киіктерін екеу-екеуден қосақтап қойып, сауып жатыр екен. Сөйтіп шөлдегендерге киік сүтін әкеп береді. Содан бастап «Киік сауған қожа» атанып кеткен.

Ұқсас мақалалар

Бір пікір

Акимжан үшін пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button