Бір суреттің сыры

Қисуа

Қисуа (араб. كسوة‎) – Қағбаны қымтап, жауып қойған қара түсті  жапқышы. Алланың үйіне деген құрметтің ерекше көрінісінің тарихы – Қағбаның тарихымен тығыз байланысты. Мұсылмандар бұл рәсімге көне заманнан күні бүгінге дейін ерекше мән берген. Қағбаға Қисуа жапқан Исмаил десе, тағы басқа деректерде хижрадан 220 жыл бұрын Мәдинаны жаулап алған Йемен патшасы Туба әл-Хумайури Меккеге келіп, Қағбаны пальма бұтақтарынан тоқылған жамылғымен жабуды бұйырғанын айтады. Үшінші дереккөзде пайғамбардың үлкен атасы Аднанның Қағбаны бірінші жапқандығы айтылады. Қағбаны түрлі-түсті перделермен жабу билік Кусай ибн Килябқа дейін дәстүрге айналдырды дейді. Ол тайпа басыларына Қағбаның жабуды жыл сайын жаңартып тұруды бұйырды. Қағбаның қай ғасырдан бастап тәуір пердемен жабылғанын ешкім айта алмайды, тек Меккеге соғыспен барған бір қатыгез билеуші ​​Қағбаны жамылғымен жабуды бұйырған сияқты деген болжам ғана бар.

Бұл болжамға сенсеңіз, кейбір араб тайпаларының басшылары оны Қағбаға жасырынған сансыз байлық бар, жаулап алыңыз деп аздыра бастайды. Бұған сенген әмірші Мекке мен Мәдинаға қарсы соғысқа шығады. Жергілікті халық Қағбаның Раббысына бір кездері Абрахты жойғандай  жауды құртуын сұрай бастады. Шапқыншылар Меккеге жақындап қалғанда  кенеттен айналаны қараңғылық басып, қалың қолды алдында қаруын алып келе жатқан жануарлар қыңырайып алға баспай, жер бауырлап жатып қалады. Таң қалған әмір не болғанын түсіну үшін ақылмандардан кеңес сұрайды. Олар қасиетті Қағбаға зиян келтіруден бас тартуын, сонда ғана Раббысының оны кешіретінін хабарлады. Әділетсіз әмір қатесін түсініп Меккеге келіп құрбандық шалып, Қағбаны әдемі матамен жабуды ұйғарады. Оның заманында йемендік маталар ерекше бағаланған екен, содан ​​Йеменнің ең қымбат матасынан Қағбаға жамылғы жасауды бұйырған. Осыдан бастап адамдар Қағбаны ашық қалдырған жоқ. Қалай болғанда да, сол уақыттан бері Қағба жамылғысын жаңарту жыл сайынғы дәстүрге айналды.

Исламның келуімен құрайыштар Қағбаның жамылғысын жаңартты, құрайыштардың басшысы Әбу Рабиа Қағбаны бір жыл бойына өз есебінен жабуға, ал қалған құрайыштар келесі жылы жабуға уәде берді. Исламға дейінгі соңғы кезеңде Қағбаның ескі жамылғысын  аяқасты болмасын деп  жерге көміп тастап отырған.

Қағбаның жамылғысын жабуға ерлермен бірге әйелдер де ат салысқан.  Аббастың анасы Набил бинд Хубабтың бұған қатысқаны айтылады. Сондай-ақ мүміндердің анасы Айшаның Қағбаны жаңа жамылғымен жапқаннан кейін ескі жамылғыны сатуды бұйырғаны риуаят етілген. Өйткені Айша Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының ішіндегі ең ақылды әйелдердің бірі болған. Айша анамыз Сахабалардың келісімімен ескі қисуаны сатып, түскен ақшаны Әл-Харам мешітінің қажеттіліктеріне жұмсауды бұйырды. Халифа Омар ибн Абдул Азиз тұсында мұсылмандар байыды, мемлекет қазынасы салыстырмалы түрде толықтырылды және әл-Харам мешітінің барлық шығындарын мемлекет өз мойнына алды, содан кейін ескі пайдаланылған Қағба қисуа құрметті сыйлық ретінде адамдарға тегін, бөліктерге бөліне бастады.

Мұсылмандар Меккені жаулап алған жылы Қағбаны хош иісті затпен түтіндеген әйел абайсызда жамылғысын өртеп алады, содан кейін пайғамбар – оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Қағбаны Йеменнің қымбат матасынан жабуды бұйырды, одан кейін Әбу Бәкір әс-Сыддық. Омар ибн әл Хаттаб пен Осман ибн Афан тек қана Мысырда жасалатын қымбат матамен жапты. Муавия ибн Әбу Суфиян өз билігі кезінде Қағбаның жамылғысын жылына екі рет ауыстырып отырған. Бірінші рет Ашура күні оны жұқа барқытпен, екінші рет Рамазан айының соңғы күні мысыр матасымен жапқан.

Хижри 160 жылы халифа әл-Мәһди Қағбаның жамылғылардың ұзақ уақыт бойы алынбағанын біліп, қат-қабат ауыр матаның салмағы Қағбаға зиян тигізуі мүмкін деп ойлап, ескі қабаттарын алып тастауды бұйырды.

Әр дәуірде қисуаның түсі де әртүрлі болған. Аббаси халифасы Ан Насир тұсында Қағбаны сары түсті жіптермен кестеленген қара барқытпен жабу керек деген ереже қабылданды. Өйткені Аббасидтердің туы қара түсті болды.

Қазіргі заманда, хижраның  1346 жылы (1926) патша Абд әл-Азиз ибн Сауд арнайы қисуа жасайтын цех ашуға бұйрық берді, бұған дейін Қисуа Мысырдың тоқыма фабрикаларында жасалған болатын. 1382 (1962) жылы Файсал королы тұсында цех үлкен зауытқа айналды, ал 1393 жылы Меккеде Умм әл-Джуд аймағында осыған маманданған зауыт іске қосылды. Қағбаны бір рет жабуға арналған бір қисуаның жалпы құны шамамен жиырма миллион риалды құрайды, және ол ең таза жібектен тоқылады.

Қисуаның жапқышының биіктігі 14 метрге жетеді, оның жоғарғы бөлігінде ені 95 сантиметр, ұзындығы 47 метр таспаға Құран аяттары жазылған. Бұл лента тәрізді таспа 16 бөлікке бөлінген, әр бөлігі әртүрлі исламдық оюлармен безендірілген. Лентаның төменгі жартысы Құран аяттарымен толтырылған, аяттардың арасындағы бос орындарда Мейірімді, Раббы Аллаға мақтаулар  оюлап түсірілген.  Алтын және күміс жіптермен өрнектеліп, кестеленген бұл лента Қағбаны толығымен қоршап тұр.  Сондай-ақ Қағбаның есіктерін жауып тұратын бөлігі жібектің ерекше түрінен тоқылған, биіктігі 6,5 метр, ені 3,5 метр күміс пен алтынмен әдіптелген матамен жабылған.

Бүгінде ескі қисуаны Сауд Арабиясындағы құрметті тұлғаларға, үкіметтерге және елшіліктерге сыйлық ретінде ұсынылады.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button