Мағзұм Ағзамның нақыл сөздері
Адамның міндеті – жаратылған барлық жанды нәрселер үшін жауапкершілік жүгін көтеріп, әлемді болашақ үшін сақтай білу, жер бетіндегі байлық пен сұлулықты көбейту.
* * *
Өнер – адамзатты құдайға және құдайды адамзатқа айналдыру.
* * *
Музыка дегеніміз – адамзатты құдаймен байланыстыратын көпір.
* * *
Мүридтің жолдан тайып кету күнәсі – оны тура бағытқа сала алмаған мүршидтің иығында тұрған ауыртпалық.
* * *
Жақсы ғалымдардың соңынан билеушілер еріп жүреді, нашар ғалымдар өздері билеушілердің аяқтарына оратылып жүреді.
* * *
Жұрт түрлі діндер мен мазхабтарды ұстанады, түрлі ұлттар мен ұлыстарға жатады, бірақ бізге, құдайдың құлдарына бұлардың қайсысының бағыты дұрыс, қайсысынікі дұрыс емес екенін білдіру құқығы берілмеген. Адамдарды марапаттау мен жазалау бір Жаратқан Алланың ғана құзырында.
* * *
Ғылым бізге рахат алу үшін емес, мақсатымызға жету үшін қажет. Егер ғылым тіршілікте пайдалы қолданысқа енгізілсе, оның нәтижесі өте зор болады.
* * *
Ғылым деген – маржан тас, ал маржан тас ғылымнан асыл, қымбат бола алмайды. Шынайы ілімді кемеліне келген білімі мен рухани байлығы мол мұғалімнен ғана алуға болады.
* * *
Сопылар өзінің дәруіштерін күтіп, құтханасында отыра бермеулері керек, қайта сыртқа шығып, оларды өздері іздеп тұратын болуға тиіс.
* * *
Ғылымды меңгерген адам өзгермелі күйге түсіп, қарапайым қалыпқа келеді. Нағыз ғылымды меңгерген адам өркөкірек болмайды.
* * *
Дін мен киелі жазулар адам үшін және оның адамгершілік қасиетін жетілдірулері үшін жазылған. Адам дін үшін жаратылмаған, керісінше дін адам үшін жасалған.
* * *
Некелескеннен кейін ерлі-зайыптылардың өзара келісімде болуларының маңызы өте биік, өйткені, келісімсіз жасалған некенің өзі шариғатқа қайшы келеді.
* * *
Адам өзінің адами қасиетін тек өз қауымы ортасында ғана сезінеді, ондағы кемшіліктер мен олқылықтардың, табыстар мен артықшылықтардың бәрі оның өзінен көрініп тұрады. Өйткені, ол өзіне лайықты ортада жүреді, ол өз қауымының айнасы іспеттес.
* * *
Өміршең ұрпақ бұрын өтіп кеткен ата-бабаларының даңқымен мақтана бермейді, керісінше оларға лайықты тұқым екенін көрсету үшін ылғи игілікті істер істеуге ұмтылады және өзінің жақсы атын келесі толқынға қалдырады. Адамдар үшін кімдердің ұрпағы болғандары емес, өздері қандай игілікті істермен даңқтарын шығара алғандары маңызды.
* * *
Қашанда сіздің барыңызды салып, жүрегіңізбен істеген істеңіз жақсы нәтиже береді.
* * *
Әрбір құдайдың құлы өзінің мақсатына жету жолында мығым да байсалды болуға тиіс. Ол сонда ғана көздегеніне қол артады.
* * *
Әділдік дегеніміз – билеушілер үшін ғибадат, әйтпесе хадисте айтылғандай, 60 жыл құлшылық еткеннен бір сағаттық әділдік артық.
* * *
Алланың бар екендігі – айдай ақиқат, ол көшпелі емес, мәңгілік, ал құдайдың құлының тіршілік етуі жер бетіндегі пәндәуи, көшпелі және уақытша тіршілік.
* * *
Адам – саналы, өз әрекеті бар және жаратылысты мойындайтын тіршілік егесі, ол – Құдайдың еркіндегі жай «бұранда» емес, өзіндік ақыл-ойдың арнасы. Адамның жүрегі мен жаны Құдайға ұмтылғанымен, ол тек жер бетіндегі істерді шешуге ғана қабілетті. Инсан осының арқасында өзінің қоғамдық борышын атқарып, отбасын құрады, пайдалы істермен шұғылданады, өз балалары мен жастарды тәрбиелейді. Әйтпесе, біз оны «адам» дей алмас едік.