Жарық нұрдың сәулесі

Дастан ишан

Ауғанстандағы қожалардың тарихы

Қадыр ОРАЗБАЙҰЛЫ

Ауғанстандағы тағы бір үлкен тұлға – Дастан ишан. Әулие кісі болған. Кеңес жендеттерінен қуғын көріп, Ауғанстанға өтіп кеткен. Ол кісі ату жазасына кесілгенде, іздеп екі солдат келеді. Содан айдалаға барғанда қазақтың екі жігіті екен. – Ата сіздің жолыңызға бір қозы құрбан, Біз қайтып барайық бізді атсын, сіз бізге керексіз ғой, деп жол көрсетіп, «осы жолмен тіке барсаңыз елден шығып кетесіз» депті. Сол жүргеннен Амудариядан өтіп, Ауғанстанға  жетеді. Не дегенмен Алланың сүйген құлы, әулие болғандықтан Алла оны құтқарған ғой. Біраз уақыттан кейін Герат қаласында қайтыс болып, сонда жерлейді. Әуленің жанбасы тиген жер ол кездері қаланың ортасы емес, шеті. Кейіннен қала кеңейіп, біраз уақыт өткеннен кейін мазарат орны орталық болып қалады. Қаланың жаңа билігі қорымды көшірмек болады. Жан-жақтағы мазараттарды алып, Дастан ишанға келгенде жұмыс жүрмей, техника тоқтап қалады. Адамдар күрекпен қазса, қолы қарысып қалады. Сонымен кейбіра адамдар  түн жарымда жалаңаштанып барып қазса,  қабір бұзылады дегенге сеніп  түнделетіп барса онда да бұза алмайды. Онда да болмаған. Сонымен жергілікті  билік бұл қандай адам болған, сүйекті алуға күшіміз келмей жатыр деп ізденген екен. Сол жақтағы білгіштер бұл қазақтың ішінде Саид қожаның ұрпақтары ана жерде тұрады деп, жөн сілтеген. Дастан ишанның баласы Ботбайды шақыртып, мына мазарат сенің әкеңнің мазараты ма, біз бұны бұза алмай жатырмыз, не істесек екен деп сұрайды. Ол кісі ештеңе білмейтінін айтады. Менің әкем ғалым, қожа, ишан, әулие кісі болған. Бұзасыздар ма, бұзбайсыздар ма, өздеріңіз білесіздер деп кері қайтқан. Сол түні  ишан баласының түсіне кіріп, аян алады. «Балам, мен Меккеге кеттім, мазаратымды ала беріңдер» деген соң ертеңіне өкіметке барып айтады. Әулиенің құдіретіне таң қалғандар, аруағын құрметтеп, орнын биік қылып көтеріп, айналасын қоршап қойған. Ол күні бүгінге дейін бар. Шырақшысы отыр. Зират басы тозды, жөндеуден өткізсе жақсы болар еді.

Дастан ишаннан екі бала болады. Үлкені Сисалам ишанның бірінші әйелі Жамалдан Ұлболсын дейтін қызы бар. Алматыда тұрады. Екі әйелі болған. Өзбек әйелінен үш бала, бір қызы бар. Ботбай ишаннан төрт бала бар. Екінші әйелі Жұмагүлден бір бала болған. Алматыда қайтыс болған. Бірінші әйелі Рақия Түркияда тұрады. Екінші әйелінен төрт бала болған. Жаңақорғандағы Абдолла Ботбай ишанның өгей баласы болған. Ол Ғаппар ишанның баласы еді.

Дастан ишан бабамыздың кереметтері өте көп болған. Бұрынғы ақсақалдар осы баба жайлы көп айтушы еді. Біз жас болғандықтан онша еске алмадық қой. Қолында Қожалардың шежіресі болған. Үлкен кісілерден естуіміз бойынша Ауғанстанда түнде үйге ұры түскен. Ұры сандықты көтеріп кеткен. Шежіре сол сандықтың ішінде болған. Содан ақсақалдар шежіре кітапты іздеген. Тапқан адамға мынанша сүйінші бар. Сандықтың ішінде осы кітап бар, басқа ештеңе керек емес деп қанша іздегенмен, шежірені таба алмаған.

Ботбай қожаның баласы 1925 жылдары туылған дейді. Бір қызы, Өтенбай қожаның әйелі Түркістан қаласында тұрады. Ботбай қожа халық арасында екі кісіні татуластырады, болмаса қарғаймын дейді екен. Өйткені қарғысы өткір болған. Қожалар бұрыннан дін жолын ұстанған, құлшылық жасаған, тахуа адамдар еді.

Ауғанстандағы қожалар тарихы түгелденіп болған жоқ. Мына мәліметтерді тоқсанға таяған қажы Саттар қожаның айтқанынан алынған еді.
-Біздердің ата-мекеніміз Қызылорда облысы Қармақшы жақта еді. Қыстауымыз қазіргі Өзбекстан жеріне өтіп кеткен Науаи облысы Үшқұдық, Жыңғылы деген жерден едік. Баяғы 1928-30 аралығында Кеңес Одағы қызылдардың саясатымен қожа-ишан молдаларды қудалап жатқан заман еді. Сол нәубет бізге де келді. Ауылдан әкемді ұстап алып кетті. Сібірге айдады. Аты қажы Қалмұхаммед. Оның Сібірге айдағаннан кейін біздің әулеттегі шамамен отыз шақты адамдай Ауғанстанға қарай көшеді. Ол кезде менің дүниеге келмеген кезім. Сонымен «жол азабы – көр азабы» деген, біраз қиыншылықтармен Амудариядан өтіп, біраз қиналған екен. Сонымен өзеннен өтіп, әрі қарай Ауғанстан жеріне жетеді. Жолай кездескен Ходжадүкен деген ауылға барады. Барса, тұрғылықты халқы босқындарды «шурави» деп ауылға кіргізбейді. Яғни, орыс, мұсылман емес, басқа діндегілер деп жолатпайды. Амалсыздықтан ауылдың шетін паналайды. Содан халықтың іші кетіп, бала-шаға ауырып қайтыс болады. Әлсіреген қарттар дүниеден өтеді. Әбден ел шаршап қалады. Ел шаршағаннан кейін сол жердің үлкендері ишан, ғұлама Сыддық қожаның баласы Асылы қожа деген ишан бабаға келіп, тығырықтан жол табуын сұрайды. «Бала-шаға қырылып әбден қиналды, жейтін азық қалмады, бар-жоғымызды тауыстық. Ауылға кіргізбейді, жақын жерде ел жоқ. Не істейміз, бір шара көрсеңізші» деп ауылдың ақсқалдары өтініш жасайды. Сол кезде хат жазады екен. Ғалымның хаты оңай болмауы керк. Бұл хатты сол елдің үлкен биіне ме әкіміне апарып бер деп бір баланы жұмсайды. Хат ауған ауылының басшысының қолына түскен кезде халық мешітке жиалып жатыр екен. Ол да үлкен әлім болуы керек. Ғалымдар бір бірінің тілін түсінеді. Кім берді деп сұраса, анау шөлде жатқандардан келгенін айтады. Сонымен хатты алып оқиды. Басшысы хатты оқыған сайын еңіреп көңілі босай береді. Соңына дейін оқи алмай, ортан белінен тоқтап басқа адамға оқуға береді.
-Мынаның қалғанын оқуға шамам жоқ, біз қарабет болдық. Біз бұларға не деп жауап береміз. Нағыз мұсылман біздер емес, нағыз мұсылман осылар екен ғой. Пайғамбардың жолын қуған солар екен ғой» деп дереу жиналып, ауылдың сыртында жатқандардан кешірім сұрап, барлығын бауырына басып ауылға алып келеді. Барлығына үй-жай бөлісіп береді, сауылдың басшысы осы ишан бабаға мешіттің кілтін тапсырып: «Мына мешітке имам болуға біз емес сіз лайықтысыз» деп кілтті тапсырады. Артынша Кабулға: «бұл қазақтар – мұсылман қазақтар, туыс болып қалдық. Бұларды бізден алып кетпеңіздер. Бұларға азаматтық беріңіздер» деп өтініш-хат жазады. Өткені ол кезде Ауғанстанға ауа көшкен қазақтарды елден тысқары жерге айдап жібереді екен. Отыз шақты қожалардың әулетін осы Қожадүкен деген жерде алып қалады. Содан отыз шақты жыл өткенде менің әкем Қалмұқаммед қажы сібірден қашып келеді. Шөлмен, адырмен аш-жаңалаш болып ес-түсін білмей сүйегін сүретіп әрең жетеді. Оны қырық күнге дейін байлап қойып бағып қоректендіріп, қатарға қосады. Бірден су тамақ көп ішіп қалса қайтыс болып кетеді екен ғой. Сол ауылда елу жылдай тұрдық. Өте керемет халық араласып отырдық.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button