Жарық нұрдың сәулесі

Ишаннан қалған тәбәрік

Әкеміз Карамат анамыз Пізәйілқызы Мүсәлімнан 6 ұл, 1 қыз – жеті ағайынбыз. Мен қарашаңырақ иесі Караматұлы Әділханмын. Үйімізде төрде орамалға оралған Құран кітап пен Бабадан теберік тақия ілулі тұратын. Оны дәретсіз әжелеріміз, ата-аналарымыз қолымызға ұстатқан емес. Үйіміздің ең құнды бағалы заты. Айқожа бабадан, әкеден балаға мұра болып келе жатқан дүние.
Бұл тақияның екеуі де Айқожа бабамыздан қалған делінеді. Алғашқы тақия туралы шығыстанушы ғалым Әшірбек Муминов – 2002 жылы біз Қоқанда Кәттекенегес деген жерде Қоқан хандардың пірі Уәлихан деген махтуми ағзамның ұрпағының қолында бабаларынан қалған мұра ретінде сақтаулы тұрғанын айтты.

Айқожа ишаннан қалған тәбәрік қалай сақталған? Кеңес кезінде араб әрпінде жазылған бір бет қағаз үшін сібірге жер аударса да, кітап сақтаған әулеттер болды. Бертінірек, алпысыншы жылдары бұл тиым жұмсарып, жасырған қасиетті кітаптарын шығара бастады. Оларды құрметтеп, ақ шүберекке орап төрінде ілінген кілемнің шегесіне іліп қоятын болды. Айқожа ишан тақиясы да сол Құранның ішінде сақталған. Құран кітап теріден жасалған қалтаның ішінде болған. Екі ғасырға шыдас беріп, үшінші ғасырдың қасиетті жәдігеріне айналған «иісті» кие тұтқан ата-аналарымыздың жанкештігінің арқасында бізге жеткен екен.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button