Туған елге
Хат жаздым туып өскен елге таман.
Шалқыған шағалалы көлге таман.
Суы бал, жесең шекер, жемісі мол.
Қойнауы қазыналы жерге таман.
Жайқалған жапырағы талға таман.
Жасы үлкен аға-іні, қатар құрбы,
Тілектес кемпірменен шалға таман.
Хат жаздым сауық сайран өз еліме.
Кешікпей бара қойса тез еліме.
Қайран ел қалды қараң көрінбестен.
Сан ойлап өрт түседі өзегіме.
Өсірген тәрбиелеп ата-анаға.
Ата-ана бізді ойласа жата ала ма?
Кеткен соң ұзақ жолға елден ұзап.
Хат жаздым сауық сайран – сахараға.
Ал, көке мені ойлап етпе уайым,
Уайым ете берсең кетер жайың.
Болмасты бір күнгідей барып қалсақ,
Жаныма жәрдем берсе бір құдайым.
Талайдың мен секілді баласы жүр ,
Көзінің ағыменен қарасы жүр.
Біреудің ақылгейі, ардагері
Біреудің сырбаз басқан сарасы жүр.
Мейірбан шыбын жаны жақыны жүр.
Біреудің жүзден озып жүлде алған
Артығы асыл заты ақылы жүр.
Біреудің топты жарған сөз зергері,
Ақ алмас болаттайын асылы жүр.
Бәріде ата-анасыз туған емес
Артында кемпір-шал мен масылы жүр.
Сүйріктей суға шыққан жалбызы жүр.
Біреудің жан дегенде жалғызы жүр.
Ел іші алтынай бесік дегендей- ақ,
Салулы сары алтын сандығы жүр.
Бірімін мен де соның қайран әке,
Болмаңыз бұл қалай деп қайран әке.
Дұп-дұрыс денсаулықтын саясында
Қатармен етіп жүрміз сайран әке.
Бәйгеге қосқан менде жүйрігіңмін,
Қалар деп ойламаныз тойдан әке.
Қалуға қарап тұрсам лайық па,
Көппенен көрген ұлы тойдан әке.
Қапа боп қайғырмаңыз, жүдемеңіз,
Жүріңіз мықтап белді байлап әке.
Ойласаң ой түбіне жете алмайсың,
Сондықтан не қыласың ойлап әке.
Ермексіз емессіз ғой, шүкірлік ет
Барармыз бізде бір жайнап әке.
Бөрідей қақпан түскен бүктетілмей,
Жүріңіз сабыр суын бойлай әке.
Бәйгеге неде болса басты тіктім,
Артының не боларын қайдам әке.
Туғандай тумаса да болған анам,
Дені сау уақыты күш тәуір балаң.
Қатармен көрген қызық бәрінен де,
Көп ойлап көніліне салма алаң.
Адамды қайғы-қасірет басып кетсе,
Болады ішкені арам, жегені ірің.
Сол себеп жол берменіз уайымға ,
Мен дағы көшпен бірге тойға барам.
Аққөке, аға едің алдымдағы,
Жүріп мен талай жерден аман өтіп
Дей берш, құтты болсын барған жағы.
Өзіннің көрген қызығың ғой
Деп айтшы керегі сізге тағы.
Ініннің алыстағы өтініші,
Сынбасын көзіңді сал шалдың сағы.
Барғанша туған елге қайта оралып,
Өзің ғой қалайдағы қолда бары.
Қамқоршы қара теңіз ана жаным,
Алыста ойлай берме бала жанын.
Намазда бес уақыт дұға қып тұр,
Бізге сол оң көзіңмен қарағаның.
Мырзеке, Ертай сынды ағаларым,
Орынбор, Троцкий, Атбасардың,
Бәрін де көзбен көріп жағаладым.
Арада айтылмаған толып жатыр,
Қартадан табарсыздар қарағаның,
Төменде бір ауыз сөз айтам өтініш,
Сонымды орындасаң жарағаның.
Сипай жүр маңдайынан өзімдей ғып
Арттағы шалдың қалған балаларын.
Ешкімнің таяғын жеп жыламасын,
Сүйріктей сусыз шыққан салаларым.
Дәм жазса менде бір күн оралармын,
Үй жақын көзі түссе жұбатар деп.
Бұл хатта екеуінді шамаладым.
Серікжан қатарыңнан көркем інім,
Не болар менен қалып көрген күнің.
Қолымнан жігіт қылып өсіре алмай.
Соны ойлап күрмеледі қызыл тілім.
Жүрегім, ақ қанатым – бауырым,
Оқи бер қатарыңнан алып білім.
Жігіт бол мен барғанша жібектей бол,
Сыпайы сөйлеп үйрен болып шырын.
Өзіңнен үлкендерді сыйлап үйрен,
Жұмсаса, бармаймын деп кетпей қырын.
Көп оқы, сабағына көп дайындал,
Дәуірде қиын – қыстау биік шыңның.
Қазына таусылмайтын байлық білім,
Қарағым қалмай оқы таппай тыным.
Ойынға көніл бөлмей көп оқысаң,
Боларсың алғыр тапқыр ойлы миың.
Бабалар айтқаны бар «оқы» деп үш,
Қабыл ал, сол бабаңнын айтқан сөзін.
Қағаз ал конфет алма тәтті екен деп,
Қалтана түсе қойса жалғыз тиын.
Көкеңді күні-түні есіңе алып,
Жүрсінбе болушы ед деп үйде жиын.
Бетіңнен сүйер көкең әлі-ақ бір күн,
Дәм айдап Алла жазса емес қиын.
Тобықтай тоқсан сөздің түйіні бар,
Көп оқы жалықпастан үйрен ғылым.
Қолымнан тәрбиелеп жүрмеген соң,
Алыста осы болды айтқан сырым.
Қайырбек, Жақан, Бисен қанаттарым,
Жүрегім соғып тұрған сағаттарым.
Бәріңде саламат бол сау болындар,
Қонсам құйрық, ұшқанда қанаттарым.
Қайырбек, Серікбайдай қалқаларым,
Қалмасын қатардан кем сабақтарың,
Қатардан артық болып алсаң білім,
Талмайды таудай болып талаптарың.
Ағаңнын алыстағы ақылы осы,
Білімнің бұлақтары қонақтасын.
Ақнәзен, Рыстайдай қарындастар,
Қайыркүл, Қамарбану қарлығаштар.
Бой жетіп мен барғанша қыз болыңдар,
Болмаңдар мисалында толған астар.
Нәзенжан ақылын бар бала едің,
Жастарды жоғарғы айтқан өзін басқар.
Көке деп кездескенде қол алушы ең,
Бал мінез сөзін майда құлыным- ай.
Көкеңнін қайтуына тілектес бол,
Ақылды ашық мінез ақ алмастар.
Бәріңді сағынамын сарғаямын,
Белгісі сағынғанның көзде жас бар.
Әнипа, Қатирадай апаларым,
Бойынды босатпасын қапаларың.
Қалипа, Айкүміспен,Торғын апа.
Бәріңде болса кешір қателерім.
Тұрымбет, Әлиакбар әкелерім,
Балалық болса кешір қателерім.
Болмасты бір күнгідей барып қалсақ,
Құдайға қабыл болсын бәтелерін.
Мейірман, Жұман сынды күйеулерім,
Қасымбек, Алауадин жиендерім,
Үрлайын апатайлар саламат бол,
Қол берер қысылғанда сүйеулерім.
Раушан, Күлшан сынды жеңгелерім.
Шыншағүл, Ұлданадай жеңгелерім.
Ойнаған сағынармыз ойыныңды,
Бәріңнен біріңде жоқ кем көрерім.
Дәнішбен, Шәрипа әже, Хан ағайға,
Бізді ойлап жан ашыған жамағайға.
Дәм жазса қосылармыз құшақ жайып,
Ұқсармыз мысалында туған айға.
Бәріңнің атынды атап жаза алмадым.
Жазуға көп уақыт таба алмадым.
Аты жоқ ағайындар өкпелеме,
Алыңдар жалпы сәлем қалғандарың.
Жасы үлкен тегіс сәлем ағайынға,
Бағасы алтын-күміс жамағайға.
Алыстан сағынышпен сәлем жаздым,
Салғасын құдай басқа шара бар ма?
Тең өсіп бірге ойнаған құрбыларым,
Сендерді өздерінше жыр қыламын.
Бұл хатта кейбіріңді жазғаным жоқ,
Құрматлу қош болындар құрбыларым.
Қош боп тұр туып өскен жалпы елім,
Кір жуып көйлек беріп, кіндік кескен.
Жүрерміз көпке дейін көндіге алмай,
Туған ел жатсақ- тұрсақ шықпай естен.