Асыл мұра

Сүре Ясынның қасиеті пазилатының баяны

Мукіматіл муслимин кітабынан

Әр кім сүре Ясынды оқыса, Хақ Алла оның күнәсін кешкей. 10 мәрте Құран хатым қылғандай болар, кедей болса бай болар. Әр кісі бәле-жалаға кездеспейін десе, ерте оқыса күн батқанша һәм күн батқан соң оқыса азанға шейін Құдай тағала панасында болғай. Егер өлсе шәйіттер қатарында болғай. Егер жан берерде оқыса 2000 періште келіп жақсылық тілегейлер.

Әзірейіл әлейһессалам ол пенденің жанын оп оңай алғай. Әр кісі сүре Ясынды күніне 7 мәрте оқыса қиямет күні ол пендеге Хақты Алладан нида келгей: «Ей, момын пенде, сізге пейіш есігін ашып қойдым, қай есікке қаласаңыз кір» дейді және Расул әлейһессалам рауаят қылды. «Әркім таһарат алып, ықыласымен Ясын сүрені оқыса оның амал намасына 10 мың жақсылық жазғай. 10 мың күнәсын жарылқағай және әр күнде «Фәтиһә» 100 мәрте «Ықылас» сүресін һәм және бір «Ясинді» оқыса ол кісінің орны пейіш болғай және Расул әлейһесаллам айтты: «Әркім жатар уақытында 5 істі қылмай жатпасын. Әуелі 4000 мың теңге пақырларға садақа берсін. 2) Құран хатым қылмайынша жатпасын. 4) ғаріп көңілін шат қылмай жатпасын. 5) пейішті сатып алмай жатпасын.

Хазіреті Әли айтты: «Ия, расул Алла, бұл 5 істерді бір күн кеште қалай істеуге болады» деді. «Бұл өте қиын іс қой» деді. Хазіреті Расул саллалаһу әлейһесаллам айтты: «Ия, Әли, 4 мәртебе «Фәтихә» сүресін оқыса 4000 мың теңге садақа қылмақпен барабар. 3 мәрте «Ықыласты» оқысаң барлық Құран хатым қылғандай болар. 10 мәрте салауат оқысаң қағбаны тауап қылғанмен барабар болар. 4 мәрте калиманы тәухитті оқыса ғаріпті күш қылғаның, 10 мәрте «астағфирулләһи азим әу әтубу иләйһ120» десе пейішті сатып алған болар. Ибн Аббас рази аллаһу әнһумә рауаят қылды. «Расул саллалаһу әләйһи саламның әр кім баласына ілім үйретсе, ұстазға берсе баласы бір мәртебе бисмилляхи рахмани рахимді айтса тозақтан азат қылғай» және расул Алла айтты «парыз намаз соңында Аятул күрсіні оқыса, ол пенденің орны пейіш болғай», уа тағы да бір кісі расул Алладан сұрады: «Баласына Құран үйретсе пайдасы бола ма» деді. Расул саллалаһу әлейһесалам айтты: «өте сауабы көп дүр, әр әрпінің сауабына жетіп болмас». Сол заман хазіреті Жәбрейіл әлейһесалам жетіп келді, айтты «Ия, расул Алла, Құдай тағала сізге сәлем деді және әр кім баласына ілім үйретсе 10000 мәрте қағбаға тауап қылғандай болар. 10000 мың аш адамды аухат жегізгендей болар. 10000 жалаңаш адамға киім бергендей болар». «Е, мұсылмандар, біліңдер уа әғәһ болыңдар жан бермектің ащысынан қорқыңдар. Мүңкір-нанкір121 айбатынан, 120 Алладан кешірім сұрау, тәубе келтіру 121Мүңкір-нанкір – о дүниеде, қабір ішінде адамнан сұрақ-жауап алатын періштелер көр қараңғылығынан, қиямет уайымынан, тозақ азабынан қорқыңдар. Істеген күнәларыңа тәубе қылып, оқыған бес уақыт намаздарыңды жамағатпен оқуға тілек қылыңдар. Уа, нәпіл намазын оқуға әдет қылыңдар. Түнде тұрып тәһәжут намазын оқыңдар». Күн найза бойы шыққан соң сәскелік намазын оқыңдар. Күн батқан соң ауабын намазын оқыңдар. Уа сүннәт муккәуәні қоймаңдар. Уа тағы да күні-түні намаз, Құранды оқымақты әдет қылыңдар. Егер өзіңіз оқып білмесеңіздер, оқып білетін кісіні шақырып оқытып тыңдаңыздар. Егер бір кісі Құран оқыса естушілер тыңдап отырса, ол кісіге Құран оқығанның сауабын берер. Егер мәнісін білсе, мәнісін пайымдап аңғарып отырсын, білмесе Алла тағаланың мүбарак кәләмі дүр деп әр бір әрпіне он сауап болар деп үміт етіп тыңдап отырсын. Істеп жатқан іс болса ол ісін қойып тыңдасын. Құран оқылғанда зікір тәсбихын да айтпасын. Әлбетте тыңдап отырғанда сауап көп дүр.

Карамат.

 

Қазан баспасы Мукімат Әли қаражаты илән 190 лз: басылған

6/Х-70

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button