Асыл мұра

Сегізінші бап. Арақ, боза, хамир, темекі тарту баяны дүр

Қаулуһу тағала: «Иннәмәл хамру уәлмәйсиру уәләзләму рижсум мин ъамәлиш шәйтан[1]» (Арақ, құмар, бал ашатын оқтар лас шайтанның істерінен). Мәселен арақ ішу, құмар ойнау, пұтқа табыну, әйелдер ойыны, бұлардың бәрі шайтанның амалы дүр. Расулуллаһ айтты: «пейіш жүзін көрмес, хамир, боза, арақ ішкен уә темкі-шылым тартқан бұлар ата анасына азап қылған кісідей» деді. Арақ, боза ішкен кісілерге тозақтың ішінде жылан-шаян тістеген жерінен аққан қан іріңді ішкізеді.

Расул саллалаһу әлейһиссалам айтты «зінһар, боза, арақ ішкенге мәжілістес болмаңыздар уә қыз бермеңіздер. Таурат, Інжіл, Зәбур, Құранда мәлім дүр. Мен ол кісіден безермін. Әр нәрсе ішсе мас қылар һәм ақылды кетірер болса, ол нәрсе харам дүр. Мейлі қайнаған, мейлі қайнамаған болсын, мейлі арпа, мейлі тарыдан болсын, әр нәрсе мас қылатын болса харам дүр.

 Хикаят

Бір күні пайғамбарымыз салаллаһу әлейһи уә сәллам мешітінде отыр еді. Бір араб кірді де айтты: «Иа, расул Алла, маған Құран үйрет» деді. Расул әлейһиссалам хазіреті Шаһмардан Әліге рази аллаһу әнһуға бұйырды. Хазіреті Әлі «Ықылас» сүресін және де «Бираббиннасты» үйретті. Араб айтты: «Ия, Әлі, һәлһәнің мәнісі не» деді. Бұл сөзді хазіреті Расул естігенде зар-зар жылады да айтты: «Е, араб, һәлһә 7 тозақтың астында бір құдық, ол құдыққа жеті түрлі кісі кіреді» деді. Әуелі ата анасын ренжіткен, 2) намаз оқымаған, 3) зина қылған, 4) шарап, арақ, боза ішкен, 5) құмар ұтыс ойынын ойнаған, 6) нәуһагар мәнісі бірі өлсе бетін жыртып, үйін ойран қылып бетпақтық қылғандар, 7) залымдық қылып, мұсылманға зауал тигізген деді. Егер шын ықыласымен Аллаға тәубе қылса, зарлық өкініш қылса Алла тағала рақым етсе әжап емес, Аллаһу әғләм[2].

Хикаят

Бір күні Сыддыққызы Айша рази аллаһу әнһә отырып еді, бір қатын кіріп келді. Хазіреті Айша сұрады: «Ей, қатын қайдан келесіз» деді. Ол қатын айтты «Йа, Айша бір сауалым бар, рұқсат берсең айтайын» деді. Хазіреті Айша айт деді. Қатын айтты «менің ерім саудагер» деді. «Менімен көп айдан бері ишарат істемеді, мен нәпсіге шыдамай зина қылдым» деді. «Екі қабат болдым, туар уақытым болды, сонан соң бір қараңғы үйге кіріп бойымдағы баланы тудым, сол уақытта есікте бір дауыс болды, асығыстан баланы бозаға салдым, ол бозаны ішпедім саттым» деді. «Соның үшін өкініп сізге келдім, тәубе қылсам болама» деді. «Құдай кешірер ме екен» деді. егер шын ықыласы бір Аллаға тәуба қылса, зарлық, өкініш қылса Алла тағала рахым етсе ғажап емес, Аллаһу әғләм.

Хикаят

Бір күні Сыддық қызы Айша рази аллаһу әнһә отыр еді, бір қатын кіріп келді.

Хазреті Айша сұрады: «Ей, қатын, қайдан келесіз?» – деді.

Ол қатын айтты: «Ия, Айша, бір сауалым бар, рұқсат берсең айтайын», – деді.

Хазіреті Айша: «Айт», – деді.

Қатын айтты: «Менің ерім саудагер, – деді, – менімен көп айдан бері ишарат істемеді. Мен нәпсіге шыдамай зина қылдым, – деді. – Екі қабат болдым, туар уақытым болды. Сонан соң бір қараңғы үйге кіріп бойымдағы баланы тудым, сол уақытта есікте бір дауыс болды, асығыстан баланы бозаға салдым, ол бозаны ішпедім, саттым, – деді. – Соным үшін өкініп сізге келдім, тәубе қылсам бола ма? – деді. – Құдай кешірер ме екен?» – деді.

Хазіреті Айша айтты: «Ей, үйден тез кет, сенің сұмдық кесапатың бізге тиер», – деді.

Ол қатын шығып кетті. Оның басқан орнын қырып тастады. Сол заман Расул әлейһиссалам кіріп келді. Хазіреті Айша қатын әңгімесін баяндап айтып берді. Расул Алла айтты: «Не оқиға қылса да, ықыласпен тәубе қылса, Құдай тағала кешірер», – деді. Хазіреті Айша ашуланып айтты: «Мұндай үлкен күнәні кешіре ме?» – деді. Расуллулләһ: «Әттәйибу минәззәнби кәмән лә зәнбә ләһу[3]» деді. «Әркім ықыласымен тәуба қылса, намаз оқыса мұсылман деп біліңіздер. Арақ, боза, хамр[4] ішпекті, құмар ойнамақты харам» деді. «Қаулуһу тағала иннәмәл хамру уәл майсиру уа әнсәбу уәл әзләму рижсун мин амалиш-шайтан» жаңа мынау аят келді. «Фаижтәнибуһу лағаллакум туфлиһун» «Арақ ішпекті, құмар ойнамақты ұлық күнә» деді. «Фиһима исмун кабирун» деп «бұл екеуі үлкен күнә» деді.

Бір күні Мәдинеде сахабалар боза, шарап ішіп, мас болып ұрсысты, ол уақытта арақ мәкруһ еді. Бір бірінің басын жарды. Бұл хабар саллалаһу әлейсаламға келді. Оны мәкруһ[5] көрді. Онан соң мына аят келді: «Қаулуһу тағала иә әйуһәл-ләзинә әману иннамал хамру уәл майсиру мин амали шайтан» жаңа рауаят[6] болды.

Бір күні Әбдірахман ибн рази аллаһу әнһу ас даярлап, сахабаларды шақырды. Ауқат жеді, боза, арақ ішті, ол уақытта молла еді, кеш болды бір имам болды мас уақыты еді. «Лә әғбуду мә тәғбудуун уә лә ъәбидууна мә әғбуд[7]» деп оқыды. Онан соң бұл аят келді. «Ия айуһал-лазинә әману лә тәқрәбус-сәлата уә әнтум сукәрә[8]», «Мас болып, арақ боза ішкен Аллаға серік келтіргенмен барабар және де арақ ішіп, мас болып намаз оқымасын» деді. «Һәйізі келген қатынның куәлігі алынбас, мас болып арақ ішкеннің куәлігі алынбас. Енді мәлім болды барлық күнәлардың ішінде мас болғанның күнәсі жаманырақ екен. Тағы да біліңдер зәруратта[9] ашыққанда азық табылмаса шошқаның етін жеп, намаз оқыса дұрыс болар, бірақ арақ ішіп намаз оқымақ дұрыс емес» деді және Расул әлейһисаламнан сұрады: «Күнәнің ұлық анасы қайсы күнә?» деді. Пайғамбар айтты: «Күнәнің үлкені арақ ішкен» деді және шайтан әләйһи лағнә[10] айтты: «Мен адам балаларын екі мезгілде азғырып жеңем, бірі арақ ішкенде, бірі құмар ойнағанда. Әркім арақ ішсе ақылы кетер, күпір сөздерді сөйлер, қатыны талақ болар, бала болса зинадан туған болар, харам зада болар, нәғузубилләһи миназзалик» деді және «әркім арақ ішсе 40 күнге шейін тағаты қабыл болмас, тәубе қылмай өлсе тозаққа кетер, қиямет күні беті қара, көзі көк болады» және Пайғамбар саллалаһу әләйһи айтты: «Бес түрлі кісінің тағаты қабыл болмас:

1) қатыны ерінің айтқанын қылмаса,

2) мұсылманды ренжітсе,

3) зинашы әйелдерді көп ойланса,

4) арақ ішсе,

5) намаз оқымаса.

Пайғамбар мұстафа саллалаһу әлейһиссалам айтты: «Әркім мас адамға сәлем берсе яки бір жұтым тамақ берсе, жегізсе діні ойран болар, егер арақ ішкенмен мәжілістес болса қиямет күні көзсіз көрден соқыр болып тұрар, егер тәубасыз өлсе» деді және рауаят қылды:

Әбділ әзиз ибн Дәуіт рәһмәтулләһи әлейһи айтты: «Бір күні Мәдине мешітінде отыр едім, қатындар жылап жатыр екен, барып көрдім, жан берер халде екен. Ол жігітке калима шаһадатын[11] айтуға бұйырдым. Ол калима шаһадатын айта алмады, күпір сөздерді сөйлеп жан берді. Мен сұрадым: «Бұл жігіттің қандай жаман ісі бар еді?» деп. Олар айтты: «Арақ, боза ішер еді» деді. Салих әлейһисалам қауымы араққа мас болып түйесін бауыздады, тегіс өлді. Енді біліңдер, куә болыңдар, күнәнің үлкен анасы арақ ішпек дүр. Енді әлбетте тәубе қылып, Құдай тағаланың рахымынан үміткер болыңдар.

Темекінің баяны дүр

 Темекі шылым тартқанның орны тозақ

Тозаққа баратын кісілердің әдеті шылым шегеді: «мән тәшәббәһә би қаумин фаһуә минһум» (кім адамдарға еліктесе, ол солардың бірі) пайдасыз дүр. Өмірге малы ысырап дүр. Қаулуһу тағала: «Инналлаһа лә йухиббул муфсидиин[12]» (Алла бұзақыларды сүймейді) Құран аяты дүр, өздерін жаман сасық иістен періште, қатын жиіркенерлер. Періштелер барлық әнбиелер[13] һәм әулиелер безер және хабар берді: «мән әкәләл һунсә фәкә әннәмә зәнә уммеһи филкағба сәбъинә мәрратан» деген мәнісі бір адам темекі шылым тартса Кағба ішінде анасымен 70 мәрте зина қылғанмен барабар дүр деп пәтуа берген дүр. Зинһар[14] бұдан сақтанып тәубе қылғайсыздар.

[1] «әл-Мәида» сүресі, 90-аят

[2] Аллаһу әғләм – Алла біледі

[3] Күнә жасағанға өкінген адам, күнәні жасамағанмен тең

[4] Хамр – шарап

[5] Мәкруһ – зиянды, арам зат

[6] Рауаят – әңгіме

[7] Cендердің табынғандарыңа табынбаймын, сендер де менің құлшылық қылғаныма қылмайсыңдар («әл Кәфирун» сүресі).

[8] Әй, мүміндер! Сендер мас болып, не айтқандарыңды білгенге шейін намазға жақындамаңдар («ән-Ниса» сүресі, 43-аят).

[9] Зәрурат – қажеттілік

[10] Әләйһи ләғна – оған лағнет жаусын

[11] Калима шаһадат – лә Иләһа илалла, Мұхаммадун расулалла

[12] «әл-Қасас» сүресі, 77-аяттың соңы

[13] Әнбиелер – пайғамбарлар

[14] Зинһар – ашық айту

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button