Қожалардың саудасы
Екі жасар болса да анау мынау арқардай қара қошқарым бар еді, соны базарға апардым. Келген малды кіре берістен күтіп алып бас салатын базарбегі саудагерлер болады. Базаршылардай тіс қаққан болмасам да олардың пәтін қайтарардай пайымым бар, ойлағанымнан екі-үш есе асырып бірдеңені айта салдым. Лап еткен толқын жалт етіп кері қайтты. Ішке кіріп ортаға қарай өте бергенімде өзі де еңгезердей, менің қара қошқарым сияқты насатты бір жігіт келіп қолымдағы жіпке жармасты:
-Көке, қанша -деп тұрсыз?
-Жиырма мың -дедім мен нығыздап. Қошқардың құйрығын ырғалта қозғап қойып,
-Он беске беріңіз, алғашқы сауда, алайын,-деді ол.
«Алушыға алтау аз, берушіге бесеу көп» -деген емес пе, -алсаң жиырмаға ал, -дедім тағы. Ол да бір қасарысып қалған неме екен, бір-екі мыңды қосудың орнына,
-Аға! Он бес! Беріңіз енді-дейді.
Осы кезде манадан қарап қойып тұрған базаршылардың бірі сөзге араласты:
Әй, екі қожа! Қалың көптің арасында не бөлісе алмай тұрсыңдар?
Бұрыла қараған жұрт күліп жатыр.
Е, мына ірі жігіт інім болды ғой? Қап, әттегене -ай!
-Оу,сен қожасың ба?Бәрекелді, Алғашқы айтқан бағаңа ала ғой -дедім мен.
-Жоқ аға , малыңыз маңызды екен, жиырмаға бере беріңіз .
-Он беске ал інім.
Бұл інімде қояр емес,
-Қойыңыз аға, малға обал болады.
Жиырма!
Жанымызда тұрған жаңағы адам тағы араласты,
-Мына қожаларға тіпті дауа жоқ екен-ау?! Он бес пен жиырманың ортасы он жеті жарым емес пе? Осыған да келісу қиын ба? О, жарықтық қожекелерім -ай!
Хан базарда қара қошқардың тағдырына таласқан қос қожа мына уәжге қарсы не айтайық, келісе кеттік.
Пайғамбарымыз «Сауданың берекесі -алушы алғанына, беруші бергеніне разы болғанда»-деген екен, айналайын халқым, осыны да бізге өздерің үйреткендерің қандай керемет.
Мақсұт Әбдімомын Фб алынды