Білген Шайыр айтады

Забанилардың сипаты

ЕЛУ ТӨРТІНШІ ФАСЫЛ

Тозаққа дайындалған періштені,

Кітапта он тоғыз дер әдет саны.

Бәрінің мәләк тозақ бастығыдүр,

Осылайша тәу етіп айтар әні.

 

Тозаққа інсі жыннан түссе әр жар,

Сонынша қол мен аяқ періште бар.

Айтылған періштенің бәрінде һәм,

Суретін осы түрлі Алла қылар.

 

Есепсіз әр бірінде аяқ пен қол,

Арасы екі инінің бір жылдық жол.

Біріне ысабы жоқ көп періште,

Қызмет қып тұрар еді хабардар бол.

 

Олардың зорлығында жоқдүр шама,

Жаратты Алла нұрдан бәрін һәмма.

Тозақтың неше түрлі жанған оты,

Қылмайды бір зәрредей тәспір әңә.

 

Аттарын баршасының дер забаны,

Қалқ етті азап үшін Алла әні.

Тозаққа пенделерді олар салғай,

Ешкімге рахым қылмас оның бәрі.

 

Қолымен һәм аяқпен бір қылса киіз,

Тозаққа он мың кәпір боладүр кез.

Бір қылған әрбірінің һәмләсімен

Қырық мыңы жанған отқа түседүр иіс.

 

Көздері бір құдықтай онан да өтер,

Һәм және қадамына ерні жетер,

Аузынан отты жалын демі шығып,

Өгіздің мүйізіндей тесік етер.

 

Тозаққа жақын еткен пенделерін,

Қылғайлар қара жүзді Алла бәрін.

Көзі көк бастары һәм тау мысалы,

Сапсары боладүрлер денесі әнің.

 

Терісін жетпіс қабат оның қылар,

Ішінде жетпіс табақ оттан тұрар.

Әр тері арасында жылан шаян,

Әнбүрден етін үзіп зәрін ұрар.

 

Жетпегей сабыр еткенмен шаттыққа ниіз,

Есітпес жалынса да жауапты тез.

Зәнжірмен от ішінде байлап қойған,

Азаптан құтыла алмас әслә әркез.

 

Су шығар денесінен болып жары,

Пердесіз ашық болар әуреттері.

Ия, Алла, азабымды жеңіл ет деп,

Әрдайым тұрадүрлер қылып зары.

 

Тозақтың ортасында бір тауы бар,

Жоғары жүзіменен тауға барар.

Басына бір мың жылда жеткенінде,

Төменге қайта тастап азап қылар.

 

Арыз еткей әһле тозақ су тіленіп,

Отты тас жоғарыдан жауғай кесіп.

Һәм және неше түрлі жылан шаян,

Әр түрлі зәһрін салар алһам еніп.

 

Мәләкке тозақ әһлі парияд қылар,

Бір мәрте су бергін деп онан сұрар.

Жетпіс мың жыл мәләктен мықдарында

Оларға ешбір жауап келмей тұрар.

 

Мәләкке нида қылар Алла және,

Ыстық су ішпегіне бар деп әңә.

Үстінен ыстық суды төгедүрлер,

Күйгейлер денесінің бәрі һәмма.

 

Аузынан іштеріне ол су жетер,

Баурымен ішегі де күйіп кетер.

Әһле нар тағам бер деп және тілеп,

Заққұмнан жемегіне әзір етер.

 

Пенделер ол заққұмды жегей алып,

Қарны мен бар денесі кетер жанып.

Аузынан һәм тісінен оттар шығып,

Ыстығы тұрадүрлер миға барып.

 

Үстінде оттан болғай киімдері,

Денеде терісінің күйер бәрі.

Көз көріп һәм құлағы есітпегей,

Әр заман өлім тілеп қылар зары.

 

Әрбірі бір шайтанмен зәнжірленер,

Гүнәһі мықдарынша отқа жанар.

Алланың бірлігіне шек қылғандар,

Тозақта ақырғаша бақи қалар.

 

Базы бір кәлимагөй пенделердің,

Көп болғай сауабынан күнәсі әнің.

Әмір етіп забаниларға айтар мәләк,

Тозаққа тастағын деп мұның бәрін.

 

Тозаққа забанилер салғай келіп,

Момындар отқа түскен халын көріп.

Баршасы лә иләһа иллалаһ деп,

Расулым Мұхаммед дер ауаз беріп.

 

Ол отқа Хақтың аты тәспір етер,

Күйдірмей баршасын һәм қайтып елтер.

Бұларды не себептен қайтардың деп,

Мәләкке жанған оттан ауаз жетер.

 

Ол айтар ләиләһа иләлланы,

Зікір етіп айтадүрлер мұның бәрі.

Алла мен расулдың құрметі үшін

Қайтардым күйдіре алмай бұл күн әні.

 

Мәләк дер бір Алланың пәрмені бұл,

Күйдіріп баршасында азапты қыл.

Мұнан соң Алла бірлән расул атын

Аузына жары қылып ашпағай тіл.

 

Оларды от һәм және ұстап алар,

Айталмай Хақтың атын тұрып қалар.

Базы тіз базылары кіндіккеше,

Базысы алқымғаша отқа жанар.

 

Ойланғай күйдірменге бетін және,

Айтұрлар ауаз етіп мәләк әңә.

Беттерін бұл пенденің күйдірмегіл,

Аллаға сәжде еткендүр бәрі һәмма.

 

Һәм және ораза тұтып рамазанда,

Аштық пен су ішпестен жүрген пенде.

Көңлінде күйдірмегіл оның үшін,

Деп айтар қалағанын қылғай Алла.

 

Мұхаммед үмбетінің реңкі түрі,

Өзгеріп бармағайлар ошал күні.

Суреті өзгермеген кімсіздер деп,

Пендеден мәләк тозақ сұрар мұны.

 

Пенделер қорыққандығы хәдтен өтіп,

Көңліне неше түрлі қайғы жетіп.

Мұхаммед үмбетіміз демектікті,

Ұмытып айталмағай ақылы кетіп.

 

Деп айтар бізге келген пайғамбарға,

Бір кітап Фұрхан атты берген Алла.

Айында рамазанның ораза тұт деп,

Әмір етіп кәләмда айтқан онда.

 

Мәләк дер Мұхаммеддүр бұл айтқаның,

Құранға амал қылар үмбет оның.

Баршамыз Мұхаммедтің үмбеті деп,

Көп жылап қыладүрлер аһы зарын.

 

Мәләк дер жыласаңдар өлмей тұрып,

Күнәһыңды кешер еді афу қылып.

Ұялмай енді неге жылайсыздар,

Дүниеде тағат қылмай бекер жүріп.

 

Мұны үш забанилар сонда барғай,

Тозаққа алып барып бәрін салғай.

Аллаға тағат еткен денелері,

Тұрғайлар Хақ әмірімен отқа жанбай.

 

Әр кісі бұл дүниеде бісмілләні,

Әдет қып ықыласымен айтса әні.

Бісміллә жазылғанда төрт кәлима,

Есепте он  тоғыз әріп әдет саны.

 

Егер де асы болса осы пенде,

Апарып салмақ үшін жаһаннамға.

Ілгергі саны айтылған забанилар,

Пендені ұстамаққа келсе әндә.

 

Алдынан он тоғыз әріп қарсы тұрар,

Пендені періштеге бермес бұлар.

Сираттан оң айлықпен тез өткізіп,

Пейішке иншалла дахыл қылар.

 

Бір кітап Мұхаммедке қойған аты,

Баршасы Хақ расулдың хадис хаты.

Ол күнгі хадисадан сол кітапта,

Осылайша жазылғандүр аламаты.

 

Расулдың асы жаны үмбеттерін,

Муаккил періштелер ойдан бәрін.

Тозаққа тастамаққа алып келер,

Алдынан мәләк тозақ шыққай әнің.

 

Қараса қол мойныңда жоқдүр гүлі,

Қарайын өзгермеген реңкі түрі.

Кімсіз деп мәләк тозақ сауал еткей,

Суреті өзгермеген көріп мұны.

 

Деп айтар ал Мәләк сұрамаңыз сіз,

Айтпаққа атымызды ұялармыз.

Тірлікте Құран оқып хажге барып,

Ғазат қып зекетін һәм берердік біз.

 

Жетім мен пақырларға инғам қылып,

Намазды оқыр едік тіке тұрып.

Біздерді осы жерге алып келді,

Баршасын ол қызметтің бәрһәм ұрып.

 

Мәләк дер мұндай болса ғибадатың,

Бермеді кәрәм етіп неге Хақың.

Пенде айтар Алла құлдың ақын жемес,

Біз көрдік нәпсіміздің қиянатын.

 

Істеген тағатымыз рия болды,

Қысаспен ұстамадық тура жолды.

Риялы намаздарды әзір қылып,

Баршасын мойнымызға кәміл қойды.

 

Сол үшін осы жерге келіп тұрмыз,

Нәпсінің сұмдығына ұшырадық біз.

Ия, Мәләк, қайғымызды артық қылып,

Себебін сауал етіп сұрамаңыз сіз.

 

Сол уақта бір Алладан болар әлһам,

Тозаққа тастаңыз деп баршасын һәм.

Мәләк дер ей, пенделер, есітіңдер,

Сіздерді отқа сал дер хайиу акрам.

 

Пенде айтар Хақтың әмірін тұрмыз біліп,

Сүйтсе һәм сабыр етіңіз аз кідіріп.

Баршамыз кім айтысып жыласайық,

Ажырасып бір біреуден кетпей тұрып.

 

Мәләк дер Хақ әмірімен шығып кетіп,

Сіздерді тоқтатпаймын рұқсат етіп.

Бұларға уақыт бергін жыласын дер,

Мәләкке бір Алладан әлһәм жетіп.

 

Есітіп Хақ нидасын асы пенде,

Әрбірі бір сан болғай үшбу дәмдә.

Құранды әнмен шырқап оқығандар,

Әуелі бір сап болып тұрғай әндә.

 

Дүниеде харам малмен хаж барғандар,

Ол күні бір сап болып тұрғай әнләр.

Оларда өз алдына бір сап болар,

Харам мен ораза тұтқан барша жандар.

 

Дүние үшін кәпірлермен ғазат қылған,

Малынан зекет бермей дүние жиған.

Тәртіпсіз ораза мен намаз оқып,

Қатындар ердің әмірін қылмай тұрған.

 

Және де неше түрлі күнәлар бар,

Әрбірі бір сап болып қатар тұрар.

Баршасын бұл жиылған бөлек қылып,

Жыласып ғамкін болып парияд қылар.

 

Айтады бір біріне қылып арман,

Жер едік неше түрлі тағамдардан.

Уәде еткен қиындық күн көңілге алып,

Киер едік киімді һәм неше алуан.

 

Темірден енді бізге киім берер,

Ыстығы еттен өтіп сүйекке енер.

Тозақта біз сипатты асыларға,

Жемекке заққұм атты тағам келер.

 

Осылайша неше түрлі сап түзетіп,

Жылайды неше түрлі нагара тартып.

Өміріне бекер өткен өкінгейлер,

Көңлінде қапалығы хәдтен артып.

 

Сол уақта нида қылар һайиу дана,

Бұлардың отқа сал деп бәрін һәмма.

Баршасын жаһаннамға тастағайлар,

Мәләклар ешбір рахым қылмай әңә.

 

Базысы ашынғаша отқа жанар,

Жанғаны базысының тізге барар.

Базысы беліғаша отқа жанып,

Базысы көкірекғаша күйіп қалар.

 

Үмбеттің базылары тозаққа енер,

Күнәсі мықдарынша жаза көрер.

Ақырын алпыс мың жыл ысабында,

Пазылымен ол тозақтан құтылдырар.

 

Дүниеде неше түрлі көп күнәһар,

Азанды тартпағында артығы бар.

Олар һәм бір бірінен жәрдем тілеп,

Аллаға зары қылар рузы махшар.

 

Тозақта кәпірлер һәм қылып нала,

Сақтанғай екі қалықтан тілеп пана.

Біреуі аманатқа зәмін болған,

Уәдесін бұзған адам бірі жәна.

 

Бір кісі қаза етсе қастан намаз,

Екеуі одан пана тілеудүр баз.

Зинакар сүт қорлардан пана тілеп,

Аллаға бейнамаз һәм қылғай ауаз.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button