
Аллаға Хамду бехат,сана сансыз,
Бей мекен бір Алла дүр,ол мекенсіз.
Алланың бірлігіне насих айтар,
Жаралған күллі ғалам жанды,жансыз
Баршасы зікір етер есім затын,
Барлығы бір мезетте айтар атын.
Құранның сүре «Ықылас» – аятында,
Білдірер Құранменен өз сыпатын.
Осындай ол сүренің тахсилі бар,
Құранның тәпсірінде айта дүрлар.
Сүренің нәзіл болған уақтысын,
Имамдар осы түрлі айтадүрлар.
Қырық жасында пайғамбарға уахи келді,
Кәпірді дауғат қыл деп илхам берді.
Құдай бір, мен Расул бархақ болып,
Меккенің кәпіріне хабар берді.
Кәпірлер ұрысқа айтар бамдад уақта,
Көрсін деп құтылармыз бір нажатта.
Сондағы харакеттің асыл нәслін,
Біреуге сәлем айтып айлағыл яд.
Өзінің Құдреті мен Жаббар Құда,
Жіберді бул сүрені хабибына.
Пайғамбарға, перілерге хабар беріп,
Бірлігі барлығының болды Құда.
Үшбү дүр әуел тосқан хиқаяты,
Бірлігі бір Алланың есім заты.
Артықша фәзілаты болғаннан соң,
Сүренің бір лахзада қойылды аты..
Ықылас деп бул сүреге қойылды нам,
Ықыласпен құп оқыса барша адам.
Мақсусы жаһаннамның жанған отын,
Ол құлдың ағзасына қылмас зақым.
Бағзылар «мағрифат» дер бұл сүрені,
Оқыса ықыласпенен әркім әні.
Бері қарай ол бендеге мағрифат көп,
Оқымаса осал болар көңілдері.
«Надр» деп бағзы имамдар айтар және,
Бір кісі әдет қылса бұл сүрені,
Деген сөз ол бендеден шайтан қашар,
Жақындап мекен қылмас бекер оны.
Бағзылар «Нұр» сүре деп айтар мұны,
Бір адам әдет қылса күндіз-түні.
Алланың пәзілімен өлгеннен соң,
Көріне раушан болып толғай нұры.
Құдай ақиқаты мен ілімінің,
Шапағаты мен сипатының көрінісі.
Құран Кәрімнің “Нұр” сүресіндегі
“Алла көктер мен жердің нұры…”
Бағзы дер әр нәрсенің бір нұры бар,
Құранның осы сүре нұры дейлар.
«Риза ал – Мазкрин» кітабында,
Бұл сөзді тапсырымен қылар ызһар.
Және айтар қайсы бенде бұл сүрені,
Үш мәрте ықыласымен қылса ызһар.
Құранды әуелімен ақырынаша,
Бір қатымдай деп айтар сауабы бар.
Бір бенде болсын десе көзі жарық,
Оқысын бұл сүрені қолына алып.
Қараңғы көр ішінде осы сүре,
Мысалы шырақ сыпат тұрар жанып.
Көңіліне күпірліктен қауып айласа,
Иманы бүтін болсын деп ойласа.
Дүниені таза дін мен сапар етер,
Өзінен бұл сүрені еш қоймаса.
Білгін – ки төрт махрап періште бар,
Әр бірі бір жұмысқа дайын тұрар.
Олардың маңлайына бәрінің де,
Қырағат пен сол сүрені жазып тұрар.
Артық дүр шарапаты бұл сүренің,
Бір жерде жеткізе алмас жазып бәрін.
Мубарак өз ләпсі мен баян еткен,
Расулдың білдірейін жаршыларын.
Миғражға келгеннен соң Расул барып,
Ахлаққа бұл сөзді айтты Рухланып.
Маракаф періштенің баршасын һәм,
Айттырдым насхларын қолға алып.
«Ықылас» деп ат қойылған бұл сүрені
Тұрды олар насх қылып айтып аны.
Дүниеде көп оқыған үмматыма,
Сауабын бағыштайды оның бәрі.
Алла айтты-«Я Мұхаммад бол хабардар»,
«Көресің төрт Мехраб періште бар».
Олардың ақырғаша барлығы-да,
Тасбих-қып бұл сүрені айтадылар.
Сол үшін періштенің бәрін жамих,
Пәзліммен мурдар еттім періштенің,
Жат еттім бұл дүниеде уммәтымның,
Көп оқып әзіздесе әркім оны.
Бұл құлым бенделердің сардары деп,
Ат қойып халық ішінде шақырамын.
Дүниеде машһур болған төрт кітаб бар,
Таурат пен Інжіл,Зәбур,Құрандүрлар
Олардың баршасына бұл сүрені,
Зікір етіп құдретіммен қылдым изһар.
Әзіздесе бір кім айтып бұл сүрені,
Айтылған бұл кітаптың баршасын-әм,
Баршасын бір мәртебе затым еткендей,
Беремін пәзілім мен сауаб оған.
Миғраж түн Расул Құда кеткен айтып
Жүр еді кереметтің бәрін көріп.
Расулға жаннатта ұшырасты,
Алдынан Ыдырыс пайғамбар қарсы келіп.
Ыдырысқа Расул айтты Я брәдар,
Алдында бенделердің көп қате бар.
Жан ашып қараңғыда көрген азаб,
Таразы жасап, сауал Руза машхар.
Бұлардың бір лахзада бәрін өтіп,
Жаннатта жүре дүрсің сайран салып.
Аталған қатерлерден құп құтылып,
Өлместен мұратыңа қолың жетіп.
Расулға Ыдырыс айтты жаннатқа ендім,
Әр түрлі ашуының бәрін көріп.
Соңырақын Сізге үммәт болмадым деп,
Әр күні қанша арман қылар едім.
Ыдырысқа Расул Алла айтты және,
Сыраттың сегіз пейіш бәрінде кеш.
Уммәты Мұхаммедтің болмадым деп,
Айтасың не себепті былдыр менгә.
Расулға Ыдырыс айтты: Тыңла, Ей жар!
Жәннатта қанша жақсы сарайлар бар.
Көрмекке қиял қылып жақын барсам,
Ауыз қып ушбу сөзді айтылар.
Деп айтар кіремін деп келмеңіз Сіз,
Мұхаммад үммәтының нәсібіміз.
Расулдың әуәл үммәты келмегенше,
Еш адам кіре білмес бізге әркез.
Мен едім Мұхаммадтың сол үммәты,
Көрместен мағлұм етіп айттың несін.
Қай түрлі қызмет етіп мұны тапқан,
Сен маған білдір дедім шарапатын.
Ол айтты «Ықылас» атты бір сүре бар,
Әр кісі көп айтса қылып такрар.
Һәм және екі рәкәт парыз намаз,
Жұма күн жамағат пен оқысалар.
Олардың хайран артқан сауабтары,
Айтқан мен ада болмас жауабтары.
Махшарға халықтың бәрі жиылғанда,
Пәзлі мен көрсетеді біздерге аны.
Мұны сұрап кіргізбейді ішіне әр кез,
Ыдырыс осы түрлі айтады сөз.
Мен Сізге үммәт болу арманым деп,
Сол үшін арман қылып айтамын сөз.
Және бар пайғамбардан бір хикаят,
Оны да баян қылып айтамын хат.
Бір күні Расул Құда ықыласымен,
Мешітте отыр еді құрып сұхбат.
Жәбрейіл Хақ үкімімен келген жетіп,
Расулға бұл сөзді айтты тамам етіп.
Ықылымда ғажап дәулет бар жақсы адам,
Дүниеден өтер уақта———
Төрт жүз мың зікірін айтып періштелер,
Сап байлап Хақ әміріне қатар тұрар.
Я Расул жылдам барып имамдық қыл,
Баршасы ол ұлыққа намаз қылар.
Пайғамбар Жәбрейілге айтты және,
Қанша жер екі арасы білдір менгә.
Жәбрейіл айтты және жеті жүз тас,
Жол болар екі арасы Мәдинеге.
Пайғамбар және сұрады Жәбрейілден,
Ол жерге қанша уақытта жете дүрмән.
Жәбрейіл Расулға айтты бір лахзада,
Жетесіз бір Алланың әміріменен.
Расул бисмилла деп қадам ұрды,
Жәбрейіл қайраты мен тартып тұрды.
Пайғамбар періштеге имам болып,
Баршасы ол өлікке намаз қылды
Сауал қып Жәбрейілден сұрады Расул,
Осынша ізет тапқан қалайша бұл.
Аспаннан намазына Мәлек түсті,
Аллаға қай қызметі болып қабыл.
Жәбрейіл Расулге айтты: Я, Мұхаммад!
Мен Сізге мәлім етіп айтайын жәйт.
Ықыластың сүресін тірлігінде,
Әдет қылып оқыған бұл адамзат.
Сол үшін бұл дәулетті Алла беріп,
Намазын періштелер оқыр келіп.
Уағда еткен бағы бостан сүре дейді,
Ішіне кірсе керек жәннатқа алып.
Пайғамбар қатарынан орын берер,
Махшарда кәрім етіп Алла оған.
Сол үшін разы болған бір Алламыз,
Шайтанда оған мекен етпес бір кез.
Кәф алды бір сахаба нәпіл айтып,
Кұрайштан бұл туралы сыр білерсіз.
Ықыластың бұл сүресін әркім көріп,
Оқыса шарапатын күндей етіп.
Дүниеде мал,ризықы көп болады,
Пәзлімен берекесін Алла беріп.
Қор қылмас бұл дүниеде қонсысында,
Дүниенің жоқтығынан көрмегей ғам.
Сүрені көп оқыған еңбегі үшін,
Ол Құлға Алла рахметі болмайды кәм.
Расулдың кітаптарда көп жазылысы,
Сүренің пәзілі мен әрбір ісі.
Әсерден қазатына қара салар,
Көрмегей бір адамнан болса қаупі.
Жақсылар ибрат алып мұны тыңда,
Көңілден бұл сүрені халы қылма.
Есіткен ықыласымен оқыса көп,
Көңілден бұл сүрені халы қылма.
Сүренің мағынасында қанша сыр бар,
Әркімге жағып жатса біле тұрар.
Аяттың заһир болған мағыналарын,
Тәпсірде білдіреді қылып ызһар.
Аяттың мүмкін емес бәрін бірден,
Әлемде бәрін бірден оқып білген.
Айтылған мәселенің аумағында,
Сыпатын білдірейін тәркі қылман.
Ақыр дер жам сыпатын, уа хақ сипатын,
Ләм дейді, уа ләм жолы дер кімдер білер.
Серігі, теңдесі мен ортасы жоқ,
Халық еткен Кұрайшин мақұлтайын.
Бұл емес кұрайштың түбі жауһар,
Бұлардың барлығында мақлұқ дерлер,
Жаралған он сегіз мың ашия халқын.
Бәрінен Жаббар құда халы дейлер,
Мақлұқтай Алланың жоқ мүше, жаны.
Көз, қулақ, қол мен аяқ, кеуде, тәні.
Бенденің ақыл, жаны бар әр нәрсенің,
Алланың сыпатында жоқ дүр бәрі.
Әуелде онда жоқ дүр сыяқ, сыпат,
Болмайды ақыр күні асылдары.
Қадым дүр, Нұқсаны жоқ, аманы жоқ,
———————————————
Періште, құр, ғылмандар, инсжындар,
Жоқ еді әуелінде бәрі тамам.
Лақуат мәнзілі жоқ болады әуәл,
Бей мекен, бей мысал дүр, онда жоқ хал.
Мақлұқтың еш біріне мұхтажы жоқ,
Аллаға мұхтаж еді күллі бәрі.
Бір кітап «Ғақаир» деп ат қойылған,
Ішінде жоқ сыпатын зікір қылған.
Жетпіс үш парқы болған мазхабтардың,
Әр түрлі мазхабтар хам айтылған.
Хакімдер оқып көрген білер бәрін,
Талас қып дүние түрлі айтқандарын.
Ағзамның «ахли сүннәт» абзалдығын,
Есіттік сағлум болар ішінде аның.
Имамдар көп айткан дүр хақираны,
Ап – ащы мұсылманның білсін бәрі.
Хазреті Ишан сопы кітабында,
Зікір қып бұл арада айтқан аны.
Білмеген хақираны шайтанға ерер,
Ақыл деп егер мың жыл қылса жылдүр.
Бұл айтқан сыпаты бізге болса дүр,
Түбіне ешбір бенде жете алмас дүр.
Асылында назар салып,қиял етіп,
Білмектің пайдасы жоқ бір хауас дүр.
Сол үшін мақсат еді хабар беріп,
Ойласа зат сапасын көзі көріп.
Ықрар бұл бір көңілде тасир қылмақ,
Әр түрлі құдреттің бәрін көріп.
Расулдың уммәттары айтқанын қыл,
Затына көз жіберіп тұрарын біл.
Бірлігі барлығына тасыр етіп,
Нешік деп талап етіп ашылған тіл.
Имамдар неше түрлі нақыл айтқан,
Әуелі болмаған бұл дүниенің.
Аспан, Жер, Аршы, Күрсі, Лауқы калам,
Сүре мен жәннат, дозақ, күллі ғалам.
Періште, хұр, ғылман, инсжындар,
Осы нұрдан жаралған бәрі тамам.
Мұсылмандар кескінінде барша адам..
Кітаптан көргендері назым қылап,
Жазасың инши Алла келсе шамаң.
Я, Алла! Қатем болса кешіре гөр,
Қарамай асылыма қойсам қадам.
Икрам ишан назымдары. Құрастырып аударған: С.Саттаров, Қ.Абытов, Шымкент 2023. 304 б. алынды