Білген Шайыр айтады

Бай, бала, молда

Икрам ишан назымдары

Бай, бала, молда.
Я, Кәрім,барша жұрттың падишасына,
Осындай ғаріп құлдың халдарына.
Алмасаң хасылыңмен кәләміңа,
Пенденің асы, жапы көп кінәсы.
Жетпеген біз бір ғаріп қараң,
Ылайық әрне қылсаң лайығымен.
Біз кеттік су түбіне патша Құдай,
Ажарың алмай тұрмас әділдікке.
Күнәһым ойға түспек және менің,
Пейілім жаман ләпсімнен, күнәһімнен.
Жаратқан мүлк егесі жоқтан бар ғып,
Білсемде кінә отын жағалаймын.
Дариясы мағрифаттың кешірмесе,
Мойынға қалың менде тағылмайын.
Тағат қылсам қылмадым сақылықты,
Сонда да қылдым медет сынап бағып.
Бір жылдық күн, бірліктің құрметі үшін,
Рахым қылып ажарыңнан қылғын нәсіп.
Құдая қызметім жоқ саған жағар.
Қылғаным бастан аяқ ауыр, азар.
Егесі екі ғалам бір өзіңсің,
Әр жұмыс жақсы-жаман сеннен тірі.
Құдая пенделікті ал, кек қылма тек,
Жаңылыссам өзің қара мүшкіл қылып.
Бей пәруа, ғапыл жүрген біз бір пенде,
Алданған бес күн жалған, кемді күнге.
Мұсылман қылғаныңнан тауып риза,
Арасында біз тұрамыз қауып болса.

Зәредан жарылқайсың, қарғайсың да,
Ешкімге мүшкілің жоқ затың мырза.
Жұманның дүние болды әлің тағы,
Заманның қызығы жоқ ақырдағы.
Сөзі бар айтып кеткен бұрынғының,
Жігіттің шақар болар ақымағы.
Біз болдық сол ақымақ білімі жоқ,
Әркімге мәлім болдық ғалымы жоқ.
Шарлыққа шерлікпенен өнер алып,
Бұл іске душар болдық келімі жоқ.
Дүние деген ащы су,
Ішкен сайын шөлдейсің,
Ұлық байлық қанағат,
Таусылмайтын көлдейсің.
Құлшылық қыл пенделер,
Аштан адам өлмесін.
Зініңді тапсыр еліңе,
Мүлкін өзі жұмсасын.
Қанша жақсы көргенмен,
Жігітім қатынға ермесін.
Баба сөзін білсе де,
Қапыда пенде жүрмесін.
Нашарлардың кеткенін,
Көрсе де көңілің сенбесін.
Шарафың сақы хан дүние,
Кеткенін біреу білмесін.
Бір мысалы дүниенің
Жауған жауын секілді.
Бұлттанып келсе де,
Көтеріп айдар жолдарды,
Дүниеге ғашық болмаған,
Әсілі сол ер десін.
Ғашық қасіретін білгеннің
Назарына ісім білінді.
Ашылайын пендесі

Неге адамның
Ташқы келмейді?
Ауаланып көп адамдар,
Не боларын білмейді.
Өткен өмір басыңа,
Тағы айналып келмейді.
Қанша жақсы болғанмен,
Жақсылығы болмаса.
Басылады тілдері,
Ажал келсе жете алмас,
Болса керек,
Нажан пендесі.
Адамдыққа шүкір ғып,
Қылғаным ғазыр білдірсе,
Әмірін тұтсаң, ауырмен,
Шарбағың жасыл көрінсе,
Наз нығметі әр түрлі,
Бәрі таяр тұрады.
Барғаныңда сол жаққа.
Шайтан дұшпан көндірсе,
Дүние бұзық бір зындан.
Қараңғы тұман түн десе,
Ақылды ерлер тұманда,
Шаттанып күлмейді,
Сөзіне еріп дұшпанның.
Айтқанына көнбесе,
Отта қалар оннан соң,
Дайымы әркез сөнбейді,
Алдауға түскен жылаумен.
Дүние залым сұраушы,
Жылаушысы алданбас,
Сөзіме менің көнбесе,
Жақынсынып жүрмесе,
Қаладай дүние толтырса.
Айтқанына Алланың,
Пендесіне болсында

Тәпсірінде айтқанның,
Осы сөзім туралы,
Түсінсе бұған адамдар,
Дүниеден көңілін бұрады.
«Мән Аласту»дегендер,
«Қалу бәлә» деген соң,
Уәдеде тұрады.
Дайымы қылып пәрмәнды,
Тағатымда жүр дейді.
Ада болмас дәуренде,
Ақыретті сүр дейді.
Тал шыбықтай бұралған,
Қыз мекермен жүр дейді.
Саздықпен егем жеткергей,
Күнәға ғаріп мін дейді.
Ғаріп болып жақсылар,
Дүниеге болма әуейі,
Шариғатпен жүріңіз,
Кітап сөзін біл дейді.
Ғапылдықпен өтпеңіз,
Қамыңды жемей болып нас,
Өзіңді таны ер болсаң,
Нәпсіңді жібер қылып қас.
Өлмеймін деп ойлама,
Артыңды кетпе қылып лас.
Барар жерің қараңғы,
Болып мұңлық ғазиз бас.
Бармастан тұрып қамын же,
Көзіңнен ағып қанды жас.
Өлместен бұрын өзің өл,
Барша жанға болып бас.
Ажал келсе кетерсің,
Қойсаңда қылып қорған тас.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button