![](https://kozhalar.kz/wp-content/uploads/422606516_122187323042008839_9122291315185908306_n-1.jpg)
Әуелі жат етейін Жаббар Хақты.
Әлемге мархабатты нұрын жапты.
Опасыз бес күн жалған қызығында,
Берейін қимылдатып тіл мен жақты.
Қимылда тірлігіңде қызыл тілім,
Бір күні уақты жетсе өтер күнің.
Алданба бұл дүниенің әуесіне,
Опа жоқ болған менен балдан шырын.
Ықыласпен бір Аллаға айттым сана,
Баршадан халық ақылы өзі дана,
Ортақсыз серігі жоқ жалғыз өзі,
Онда жоқ ұл менен қыз, ата-ана.
Өзінің Алла дейдүр есім затын,
Құранда мәлім еткен өз сыпатын.
Білдірген Сүре Ықылас аятында,
Ләм иалит, уа ләм иулат,
уа ләм иакул лаһу куфуан аһад,
Аспанда біна қылды жеті қабат,
Самих самауат деп айлады жат.
Жаралды Аршы Күрсі, Лаукі калам,
Дәлелі баршасына бар дүр аят.
Һәм және пайда болды жеті қабат жер,
Құдіретпен жәннат, дозақ жаратылды.
Тау мен тас, дария бұлақ көрген жоқ.
Мақлұқты осы менен айладың сыр.
Жараттың раушан етіп күн менен ай,
Үкіміңде бәрі сенің патша Құдай.
Адамды топырақтан бина қылып,
Әуелде жердің жүзін айлады яр.
Әуелден дұшпан еді шайтан лайн,
Арттырып оның үшін ғапу қанша.
Адамның әуеліне дұшпан болып,
Пуд парас кәпір қылды бағзыларын.
Атамыз топырақтан пайда болды,
Көрсетті перзентіне тура жолды.
Бағзысы кәпір болып,бағзы ислам,
Көбейіп әулетіне дүние толды.
Уақтында пайда болған көп пайғамбар,
Хақ дінді баршасыда қылды ызғар.
Кейіннен дінін бұзған, Масхақ қылған,
Дүниеден кеткенен соң бұл Ғазиздер.
Мұхаммад ақыр заман пайғамбары,
Жаралған туфамлінен жанның бәрі.
Алладан Фурқан атты кітап түсіп,
Жаһанға ислам дінін қылды жария.
Дүниеге жол көрсетіп Расул Құда,
Көрсетті пенделерге тұрар жайды.
Сахаба отыз үш мың, төрт шадияр,
Дін үшін шыбын жанын құрбан қылды.
Кетеді сөзім ұзап айтсам бәрін,
Уақтында болып өткен оқу аның.
Пайғамбар бұл дүниеден өтер уақта,
Құдаға мінәжат қып қылды зарын.
Көңіліме күман болып бара жатыр,
Кейінгі үммәтімнің көрмей халін.
Алла айтқан қапа болма үммәт үшін,
Мархамәт оларға көп құдірет кәрім.
Бәрінде құрметіңе бағышлаймын,
Олардың есепке алмай қылған ісін.
Көңіліңді қапығамнан ұста аман,
Болғанша аздырмаймын ақырзаман.
Осындай Хақ тағала уәде берген,
Қас қылып бұза алмайды ешбір адам.
Нешелер ілгеріде өткен бұрын,
Өзгертті бөтен қылып ислам дінін.
Достының құрметі үшін Жаббар құда,
Мақсатқа жеткізбеген бірде бірін.
Әліде Инши Алла сақтар аман,
Қыла алмас жақсы жолды ешкім қиын.
Кәрімім уағдасына қылар опа,
Момынға рақметімен айлап кәрім.
Пайғамбар тіршілікте көп ғам ұрған,
Жүсіпке перілерімен не іс қылған.
Қай адам пайғамбарға қарсы болар,
Болғанша дін исламнан мойын бұрған.
Жақсылар тәубе қылғын болмаса ынсап,
Дүние абадстан жүрме қашып.
Бұл күнде ақыретін ойламаған,
Барғанда қияметке қалар сасып,
Қиямет мысалы бір ұлық майдан,
Ойланып қорқу керек бірер жайдан.
Дүниеде айтқан әмірін бажа қылып,
Сонан соң үміт қылғын бір Құдайдан.
Жәннат бар даярланған момын үшін,
Хор-ғылман мекен еткен оның ішін.
Инши Алла жақсыларға нәсіп қылар,
Білдіріп мархабат пен құдірет күшін
Дозақты кәпірлерге қылар нәсіп,
Періште азап қылар заһар шашып.
Сол жерден кәпірлерге үйін берер,
Кете алмай кірсе керек онан қашып.
Жақсылар бұл дүниеден жоқдүр пайда,
Ол жерден құтылудың қамын ойла.
Жұмысын қылма деген алып жүріп,
Алланың қыл дегенін әслі қойма.
Кітапта осылайша бар нақылят,
Жақсылар мәлім етіп айлайын жат.
Бір кемпір пайғамбардың өз алдына,
Қапа боп жылап келді бейнихаят.
Себебін сауал қылды Хақ Мұстафа,
Зар еңіреп не себептен болдың қапа.
Бір түрлі бас көзіңе мехнат түсіп,
Біреуден кеп тұрсынба көріп жапа.
Сол уақта кемпір айтты я Расул Хақ,
Түс көрдім өне бойы қайғы мен дат.
Бар еді ерге берген үлкен қызым,
Он түрлі азапта тұр іші дозақ.
Көрген соң күйді менің іші-тысым,
Біле алмай не боларын жалғыз басым.
Я Тақсыр жүре білмей алдын – кейін,
Ағады сол себептен көзден жасым.
Егерде болса рұқсат Сіз тараптан,
Айтайын түсте көрген уақиғадан.
Кейінгі есіткенге ғибрат болсын,
Бәріміз хабарланып ғаламаттан.
Пайғамбар жауап беріп айтып берді,
Ол қыздың есіткен мен көргендерін.
Кемпірде тоқтамастан айта берді,
Арттырып жылауменен ғамға – ғамын.
Ол дозақта тұр басы төмен,
Себебін мен сұрадым, мұның неден.
Деп айтты дүниеге мәнзүр болып,
Намазды оқымадым Оразамен.
Екінші дозақ оты басында бар,
Тұтасып денесімен жанып тұрар.
Себебін сұрағанда айтқан еді,
Шашымды көрген еді беганалар.
Үшінші темір істік оң құлақтан,
Суққанда өтіп тұрар сол құлақтан.
Шыжғырып сұққан уақта өте шығар,
Деп айттым маған білдір не нәрсе деп.
Ол айтты жүрер едім сөзді тасып,
Өзімше тірлігімді бөліп қасып.
Бір түрлі әдет қылып өсек сөзді,
Жүр едім өсек сөзбен халыққа жағып.
Төртінші өтті халман көзін тартқан,
Көр болып екі көзі жапа тартқан.
Деп айтты сұрағанда намахрамға,
Көзіммен қарап едім неше батпан.
Бесінші жүздеріде болған қара,
Адамзат жүре алмасын қарағанда.
Жүзімді шырайлы қып біреу үшін,
Жүріп ем деп жауапты сұрағанға.
Алтыншы періште алып отты танбур,
Онымен тартушы едім жуа қылур.
Құранның құр тілімін тілі аның.
Сыртынан жылқышының шапар билур.
Муттахам себептерін сұрадым мен.
Бұл азап не себептен пайда болған,
Қыз айтты өз еріме қатра сөйлеп,
Қахарат берер едім ыза менен.
Жетінші отты зәнжірменен байлап,
Періште хысабпенен сұрады айлап.
Басына қамшыменен қатты ұрды,
Құданың құдретімен оттар жайнап.
Білмекке мен сұрадым себептерін,
Баяндап айтқын дедім мұны жайлап.
Деп айтты ысрап қылып берер едім,
Әр уақытта есепсіз ердің малын.
Мен көрдім сегізінші мәртебесін,
Есікке екі жылан тіккен басын.
Екеуі азаппенен сұрап жатты,
Бұлайша беріп оның құп жазасын.
Мұны көріп сұрадым мен себебін,
Екі жылан бірдей сұрағанын.
Қыз айтты бар бәлеге ықрар бердім,
Ерімнен рұқсатсыз барғаныма.
Осындай тоғызыншы көрдім аны,
Мысалы дабылдай боп кеткен қарны.
Қарнынан неше түрлі ауаз шығар,
Азаптың бұл да болып нышандары.
Мен айттым нышана деп мұның несін,
Деп айтты арамқорда болды ісім.
Топанның үстінде тағам жердім,
Әр сырым мыңлық болып бар дүниенің.
Оныншы отты кісен аяғында,
Шама жоқ олай бұлай қимылдауға.
Азаптың неше түрлі нышаны бұл,
Көрінді жаман жұмыс бұл соларда.
Себебін сұрағанда келіп оған,
Жауабын бұл тариқа берді маған.
Ерімнен бейрұқсат қадам ұрдым,
Сайран қып той тамаша жүрген жерім.
Осындай әрқайсында бір себеп бар,
Дүниеде пәру қылмай жүрдім бекер.
Ахуалым не қылса да жаман боп тұр,
Ақырда кешірмесе пәруәрдігәр.
Ай ана айтатұғын арзым Сізге,
Айтыңыз дұға қылсын Расул бізге.
Ол ердің бір дуасы себеп болып,
Ансандық болар мекен жарлы қызға.
Асады күннен күнге көңіл қамым,
Келгелі осы болып тұр ахуалым.
Еріме риза бол деп айтса барып,
Рахым қып ахуалыма пайғамбарым.
Көрдіңіз бұл азапты көріп қанып,
Ризалық болмаған соң мұндай болып.
Алланың азабына душар болып,
Дозақта отқа күйіп жүзім солған.
Я, Расул соның үшін тұрмын келіп,
Жад осы түрлі, тұрдым келіп.
Еріне баралық деп Расул Құда,
Тоқтаусыз кемпірменен жүрді еріп.
Пайғамбар ол адамға барды дар хал,
Білдірді бопты деп осы бір хал.
Халыңа ұзақ болса өтті бір хал,
Риза боп өткен іске рахымыңа ал.
Ері айтты үзір етіп Я, пайғамбар,
Артықша мені сөгіп берген азар.
Азап бір көрген жапа ұрысы үшін,
Сіз оған мархаматпен қылдың назар.
Маған көп дүниеде қылған ісі,
Рұқсатсыз болушы еді барша ісі.
Ризалықты бермеспін ол қатынға,
Деп айтты өзгеріліп оның түсі.
Жігітке Расул айтты ашуланып,
Сен егер сөз айтпасаң ризаланып.
Болмайын сеннен енді менде безер,
Тағдырда Құдай бізге құлшылықты.
Ылажсыз ризамын деп жігіт тұрды.
Расулдың аяғына басын ұрды.
Ризалық ол жігіттің сөзін алып,
Кемпірмен Расул Құда қайтып жүрді.
Үйіне кемпір қайтты қадам ұрып,
Ризалық алған соң көңілі тынып.
Түсіне осы қызы тағы кірді,
Жәннатта жүрген екен сейіл құрып.
Жәннатта жатқан екен жақсы жайда,
Көрген соң шүкір етті бір Құдайға.
Тұрғанда қайран болып кемпір ғарып,
Алдына қызы келді болып пида.
Анасын жылдам тұрып көрген заман,
Қолы мен құшағына қысып алған.
Ай Хақ ана Расулге сәлем дегіл,
Айлады ахуалыма көп мехрибан.
Пайғамбар көзден жасын ағызып көп,
Мен үшін қапаланды уайым жеп.
Сол үшін азапларым ансан болды,
Қарайдың пәсілімен қарамы көп.
Ырзалық бергенен соң ерім менің,
Бұл жайды нәсіп қылды Жаббар Хақ.
Ай ана мехнат қылып шаттықта мен,
Бұл уақытта көтерілді қам мен қайғым.
Ұйқыда болғаннан соң кәфир пенде,
Шаттықпен осы Расулға таубе қылдым.
Расул айтқаннан соң хұрсан болып,
Аллаға Хамду, сана қылур би сар.
Соңынан айладылар сөзбен навом,
Оқығанмен есіткен барша адам,
Дегенмен неша маған амир мағруф,
Қылыңыз насихат сөз келсе шамаң.
Жақсылар не түрлі сөз кітапта бар,
Көргенін мәлім қылар не ғалымдар.
Білгендер білмегенге жол көрсетпек,
Құранда хабар берген Хақ біреу ақ бар.
Айтқан соң құтылады обалынан,
Үкім және сақауат боп ғарданынан.
Болған соң қырық парыздың біреуі бұл,
Айтамыз соның үшін әр бір заман.
«Катамарун бал харуф» деген аят,
Әмір қып сауап іске қолданатын.
—————————————–
Кайтарған кінә істен деген аят.
Жақсылар «әмір мағруф, наки мункур»,
Болады үш түрлі адам қылса ———–.
Жақсылар бажа қылсын қолына алып.
Айласын тіліменен амалдарды.
Әуелі бажа қылсын діліменен,
Айтуға әзір болсын тіліменен.
Ауамның әмір мағруф қылған ісі,
Дос тұтса ғалымдарды шыныменен.
Ауамның наки мункар қылған ісі,
Жек көрсе фасық, фажур адамдарды.
Осымен сауаб табар қылғандай-ақ,
Егерде таза болса көңілдері.
Алланың жақсы көрген дос бендесін,
Әркімдер жақсы көрсе қабылымен.
Мункурдің кітаптарда сауабы көп,
Еш адам күмәнменен ойламасын.
Ілгері айтып кеткен заманында,
Әмір етіп періштеге жоқ таласы.
Шахарды пәлен түрлі ойран етіп,
Жайылып жаман жұмыс түрлі онда.
Алланың ол періште әмірін алып,
Айтылған ол шаһарды көрді барып.
Алланың достарынан бір адам бар,
Қараса ол шаһарға назар салып.
Мінәжат Хаққа қылады малаклар жол,
Баршадан өзің дана Я, Зулжәлал.
Ылайық даркаһыңа бір ғалым бар,
Ылажы қандай болар көрсе малал, (ұнамаса)
Алладан періштеге болған парман,
Әуелі сол ғалымды айла ойран.
Оннан соң басқаларын набыт қылған,
Біліңіз парманым сол әмірім білән.
Ғалымның неге деген себебі бар,
Отырып соларменен сұхбат құрар.
Әртүрлі шариғатқа теріс жолын,
Көзі мен көрседағы айтпады олар.
Отырып солар менен құрып сұхбат,
Тыймады күнә сырын қылып әдет.
Халыққа әмір мағруф айтқаннан соң,
Қайыр жоқ қылғанменен қанша қабат.
Періште бір Алланың қылып әмірін,
Әкімді жоқ қылады жыннан бұрын.
Онан соң шаһар халқын ойран қылып,
Лезде жоқ қылады бәрін мұның.
Ғалымдар көріп тұрып қылса әмір,
Күнәні қой демесе қылып сабыр.
Айтылған сол ғалымдай болса керек,
Молдалар өз жанына қылса жәбір.
Сол үшін айтып жүрміз «әмір мағруф»,
Хусусан басымыздан қылып қауіп.
Мойыннан сақыт болсын деп тұрамыз,
Бар болса жақсы нажат алсын тауып.
Қош көріп жақсыларды бағзылары,
Дүниеде бірдей болса жанның бәрі.
Бағзысы жақсы көріп отырғанмен,
Көп болар басқа жаққа алаңдауы.
Біреулер есіткенін ұғып алар,
Олжадан мал тапқандай көп қуанар.
Біреулер көңіл бөлмей есіткенге,
Ешбірі құлағына кірмей қалар.
Біреудің құлағына кіргенменен,
Кідірмей бір жағынан өтер бірден.
Жақсылар есіткенін тұтпаған соң,
Не пайда көп есітіп жүргенменен.
Біреулер қанша жасқа келседағы,
Қылуға сауап жұмыс келмес шағы.
Өзінің кінәсынан әдет қылар,
Көңілдің осы екен деп құшуағы.
Адамдар бұл секілді барша жерде бар,
Көңілі тастан қатты болып тұрар.
Айтуға сауап ісін көңілі бармас,
Өлімнің қорқынышынан алмай хабар.
Батырдың келгенінде қырыққа жасы,
Бұрынғы өзгермесе халі шамасы.
Сол уақта жақсы асып жаманынан,
Көп болмай жүре берсе болып асы.
Пайғамбар рузы мүбәрәк хурсанында,
Тарихи Мұхаммадидің шариқасы.
Тұрмасын деп жақсы жерден қияметте
Айтыпты ол адамның жақсы сыры.
Белгісі жақсы адамның жақсы жақта,
Бармайды өтінсеңде кінә жаққа.
Көңілінде кеше күндіз қуаныш боп,
Деп айтар «Я, Құдая өзің оңда!»
Кейбіреудің келсе дағы қырыққа жасы,
Көңілінен Һәм көзінен болмас жасы.
Жұмысын боз баланың тастай алмас,
Жастармен бірдей болып дәрежесі.
Қарасаң кейбіреуді назар етіп,
Барады кінәменен өмірі өтіп,
Ағарып сақал шашы жүрседағы,
Қалар деп ойламайды ажал жетіп.
Үммәттің қамқор болған ата-анасы,
Мешіттегі ғалымның пәтуасы.
Өлімнің хабары деп айтады екен,
Ағарса қай бенденің сақал шашы.
Жақсылар ораза тұт, оқы намаз,
Аллаға шүкірлік қыл, айлап ағаз.
Айлағын түнде намаз, күндіз ораза,
Құдайға бұл қызметің сонда ғараз.
Жараттың әр түрлі қып әуел баста,
Құдая тауфиқ беріп ауам, насқа.
Намазды оқымаған адамдар бар,
Келседе қырық түгіл алпыс жасқа.
Құранда көп айтыпты намаз жайын,
Көреміз назар етіп ашқан сайын.
Болмаса ораза намаз қай адамда,
Басқасын қабыл етпес бір Құдайым.
Әуелі намазыңнан жауап алар,
Онан соң басқасына назар салар.
Ас салат бин саумин уал кафир деп,
Пайғамбар хурисинда берген жауап.
Бендеге өлім жақын көз бен қастан,
Пайда жоқ қанша көрген өмір жастан.
Намазды оразамен істемесе,
Құдайдың құры қалған рахматынан.
Бұлай деп біз айтамыз ай жарандар,
Құдайдың неше түрлі бендесі бар.
Біреулер ғибадатқа жақын болып,
Біреудің сауап сырдан көңлі азар.
Біреуді дидарыңа қылдың ғашық,
Біреуді надан қылдың, бірді пасық.
Өмірінше кәпірлікпен күн кешіріп,
Біреуді рахатыңнан қылдың қашық.
Біреуді патша қылдың, бірді қазы,
Біреуді зияда қылдың, бірді қажы.
Біреуді хаким қылып,бірді қазы,
Біреулер жылауда жүр қысы жазы.
Біреуге қабат бердің мал мен басын,
Біреулер таба алмай жүр әшіркасын .
Біреуді Атымтайдай сақы қылып,
Біреудің қылып қойдың көлеңкесін.
Біреулер қызға зар боп, біреу ұлға,
Біреулер зар болып жүр тиын пұлға.
Біреуді күнәһәр қып, бірді қазы,
Толдырдың біреулерлің көңілін нұрға.
Біреуді ақылды қып қылдың ғалым,
Біреуді рахымы жоқ қылдың залым.
Біреуді зар жылатып жетім қылдың,
Біреудің қуанышқа қойып жолын.
Біреуді надан қылдың, біреуге ақыл,
Біреуді сахы қылдың, бірді бақыл.
Адамзат біріне бірі ұқсамасын деп,
Кітапта осылайша қылдың нақыл.
Біреулер жүріп жатыр жақсы жолға,
Біреулер кінә асырып алды қолға.
Дүниеге жаратып келтірген соң,
Бендені қарай салдың екі жолға.
Біреуі екі жолдың оңға кеткен,
Біреуі сатылы боп солға кеткен.
Ілгергі ұлылары оңға жүріп,
Көп жылап даражаға зорға жеткен.
Жаман жол ойласаңыз солдағы жол,
Ол жолдың неше түрлі қатері мол.
Құдайым кімде-кімді солға салса,
Барғанда қияметке оңбайды ол.
Құдайға құлшылық қыл ай жарандар,
Бендесін жарылқайтын егесі сол.
Әуелі қыл дегенін қылып тұрса,
Сонан соң болмақ керек өмірі мол.
Жаратқан тағат үшін Жаббар егем,
Алданып бұл дүниеге жүрме деген.
Қарасаң бұл уақыттағы адамдарға,
Хабары көрінбейді ештеңеден.
Бұйырған «әмір мағруф» мұсылманға,
Алла бір, Расул бархақ деген жанға.
Білмейміз ақырымыз қандай болар,
Қып жүрген ісімізге қарағанда.
Дүниенің үлесіне жүрміз еріп,
Жүрсекте опасызын көзбен көріп.
Көзбенен көргеніміз сол ықыласпен,
Келген жан бұл дүниеге жатыр өліп.
Ойласаң бұл дүниенің шайтан, пері,
Ойласақ сол емеспе сөздің жері.
Дос болып бірнеше жыл жүрсеңдағы,
Кетеді бір күн тастан ақыр түбі.
Ада болар бір күнде ақыр ісі,
Бұл дүние бір шыбындай жанның құсы.
Ақыры дос көргенмен жұтпай қоймас,
Бар екен бұл дүниенің жеті басы.
Бұл дүние жұтпай қоймас тірі жанды,
Бірінші туғаннан соң өлім барды,
Алладан бұйрықты ажал келгенен соң,
Пайғамбар үлесінен бәрін алды.
Әуелі келіп кетті Адам ата,
Ойласақ осы сөзде барма қата.
Шиш пенен одан кейін Ибрахим,
Кетіпті ажал суын тата, тата.
Ажалдан құтылмаған Нұх пайғамбар,
Хазреті Иса мен Һәм Искандар.
Сүлеймен жер жүзінің бәрін алып,
Сұм ажал ақырында кетті тартып.
Қараңыз Лұқпан менен Даниялды,
Ғалым мен жер жүзінің бәрін алды.
Алладан бұйрық ажал келгенен соң,
Жатқанда тоқтай алмай берді жанды.
Дүниеге қарынбайдың толған малы,
Бәріде неше түрлі жазаны алды.
Алланың әміріне қарсы келіп,
Тоқтамай жер бетінде кетті бәрі.
Тағдырынша қаншама палуандар,
Ілгері Рүстем Дастан, бабасы Зал.
Күшпенен бұл жаһанда әрне қылып,
Ақыры ажал келіп айлаған хар.
Күш, қайрат ешкім қалмас айламенен.
Тағыда қанша жиған малыменен.
Бір түрлі жақсы жаман болғанменен,
Өлімнің жұмысы жоқ бәріменен.
Мұхаммад баршасына кәміл ғалам,
Аталған пайғамбар деп ақыр заман.
Бірнеше бір Алланың досы барды,
Бұл жалған сол достарды қойнына алған.
Әуелі шадиярдың Әбу Бәкір,
Қоймады өмірімен қоштасты ақыр.
Ілгергі сол секілді ғазиздердің,
Набыт боп бірін – бірін келе жатыр.
Алидей қалдырмады асқан ерді,
Соны ойлап бұл дүниеден көңілім жерді.
Көріңде қай түрлі дос жатпай қалсын,
Жалғаншы ақырында табар жерді.
Жақсылар бұл дүниені осындай біл,
Кетесің ақыр бір күн, жүрсең мың күн
Өзіңнен біреулер нық, біреулер кем,
Соларды көргеннен соң, шүкірлік қыл.
Құданың қанағат қыл бергеніне,
Дүниеге жаратылып келгеніңе.
Дүниеде бір қалыпта бенде тұрмас,
Кемшілік сабырлық қыл көргеніңе.
Құдая есітпеймін дегеніңді,
Білмеймін қай түрлі ісін көргенімді.
Есіткен бір жақсылық ғылымым жоқ,
Білсемде бір күн тастап кетерімді.
Құдая, тауап сырын жүрмін тауып,
Ойласам өз мінімде барша қауіп.
Барғанда қияметке көрден тұрып,
Зарланып тұрамын да қолым жайып.
Аяғы осы менен болды ада,
Көп қызық тыңламаққа болмасада.
Момынға каламымда толып айтқан,
Құдая Рахметіңмен болғын пана.
Икрам ишан назымдары. Құрастырып аударған: С.Саттаров, Қ.Абытов, Шымкент 2023. 304 б. алынды