Қожа-Шаян ауылының қысқаша тарихы
Сәдірбекұлы Нұржан, тарихшы генеалог. Тарих ғыл. Магистрі, Алматы

Бұл мақалада Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шаян өңірінде тұратын қожалар қауымының бір тобы туралы баяндалады.
This article is about one group of Kozhalar group living in Shayan region of Baydibek district of Turkestan region.
Кілт сөздер: Қожалар, Шаян ауданы, Қожа-Шаян өзені, Байжігіт, Сіргелі.
Keywords: Kozhalar, Shayan district, Kozha-Shayan river, Baizhigit, Sirgeli
Шаян өзенінің Қаратаудағы бастау алар тұсы Жүзім-Шаян өзені деп аталады. Жүзім Шаян өзені келіп Шаян өзеніне қосылады. Аңыз бойынша бұл өңірге қожаларды ХІХ ғасырдың басында (1800 жылдары) Сіргелі Байжігіт руынан шыққан Есіркеп батыр көшіріп әкелген деп айтылады. Бәлкім Байжігіт Жаманқара байдың өзі алып келді деген хикая бар (Сіргелі Байжігіт Шалдар шежіресі, Алматы, 2005. Нұрлы Әлем баспасы). Бірақ тарихи зерттеу мәліметтері одан да анығырақ дәлелдер ұсынады. Тарихи деректерге қарағанда бұл қожалар ауылы Шаян болысының №4 әкімшілік ауылда өмір сүрген. Шаян болысы ол заманда Сырдария губерниясының Шымкент уезіне қараған. Түсіндіре кетейік. Бұл ауыл қазіргі Бәйдібек ауданының орталығы болған Шаян ауылынан бөлек. Қожа-Шаян ауылы өзеннің ең бастау алатын тұсында орналасқан еді, ал қазіргі Шаян ауылы аудан орталығы Шаян өзенінің орта тұсында орналасқан.
Осы қожалар ұрпағы Жүзім Шаян өзені бойына көшіп келген соң өсіп өніп кейін бұл өзеннің басы бұдан былай «Қожа Шаян» – деп аталып кеткен. Мешіт пен медресе салынған. Ескіде мешіт медресе салынғанын қазір хараб болып жатқан орнынан қарап біле аламыз. Бір рет құлап, екінші рет қайтадан салған болуы да мүмкін. Мешітті салуға ауылдың адамдары қатысқан. Бұл туралы генерал Қабдолла Төлегеновтың әкесі Досбала атаның айтқан естеліктерінен білеміз. Негізі біздің ауылдарымызда мешіт үзілмеген. Мешіттер киіз үйде ұйымдастырылған, көшпелі мешіттер болған. Қожалар келген соң ауылда Жұма намазы оқылып, халықтың имандылығы артқан. Азан шақырылған кезде бала-шаға, келіндерге дейін тұрған жерінде тұра қалып немесе отыра қалып, тыныштық сақтап азанның дауысына құлақ түріп, азанның толық айтып бітуін күтеді екен. Әңгіме мен бей-берекет жүрістер тоқтап, тым-тырыс бола қалады екен. Азанның дұғасын қылып, бетіп сипаған соң барып үлкендер жұмысына, балалар ойынның қызығына кеткен. Байжігіттің ақсақалдарының елге үйреткен тәрбиесі осындай болған. Елде қожа келіп жұма намазының басталуына қуанған екен аталарымыз. Мұны Майбұлақ ауылының азаматтары Мырзанәлі Сағымбеков, Мерей Атабековтер Жұмаділла Тіллақожаевтан естігендерін айтып берді. Қожалардың елге құт болып, елмен тату-тәтті тұрған.
Хош, сонымен Қожа-Шаянның тарихынан аз-кәм бәхис етейік. Осы ауылда 1927 жылы қыркүйек айының 28 жұлдызында халық санағы жүргізілген. Сол бойынша ауылда Қожалардан он екі отбасы, сіргелі Байжігіт руынан сегіз отбасы тұрған.
Осы он екі үй қожаның ішінде Сарқожа Құрманқожаұлының әулеті 1925 жылы 15 қыркүйекте Жылыбұлақ болысынан көшіп келген екен (Созақ ауданы Баба Түкті Шашты Әзиз мақбарасы тұрған мекеннен). Бұл дерек нақты. Қожалар ауылының сол кездегі председателі Ахметов Ибақожа, секретары Асқар Мәруәлиев деген кісілер болған. Шәмет Құлқожаұлы «Қожа-Шаян» қауымы атынан уәкіл болып сайланған. Шаяндағы осы бір Қожалардың зүррияты жақсы өсіп өнгенін осы халық санағы мәліметтері растайды.
Құлқожа Құнысқожаұлы әулетінде 10 жан, Сатқожа Мәуленқұлұлы әулетінде 9 жан, Асқар Мәруәліұлы әулетінде 8 жан, Мелдеқожа Ахметұлының әулетінде 8 жан болған. Ауылдағы ең жасы үлкен ақсақалдар, аналар: Сарқожа Құрманқожаұлы 77 жаста, Құлқожа Құнысқожаұлы 73 жаста, Уәлиқожа Жүсіпқожаұлы 70 жаста, Мелдеқожа әйелі Үрайлә 80 жаста болған.
- Сарқожаев Бөкен – өзі 35 жаста, қыстауда үйі жоқ, киіз үйде тұрады.
әйелі Қанай – 25 жаста
қызы Қанкүл – 13 жаста
Сарқожа Құрманқожаев – 77 жаста, Жылыбұлақтан 1925 ж келген.
Шешесі Қымбат – 40 жаста
Інісі Сапарқожа – 13 жаста.
- Құнысқожаев Құлқожа – 72 жаста
Әйелі Жүкей 42 ж.
Ұлы Шәмет 31 ж. Қыстауда үйі бар
Келіні Әлима 30 ж.
Қыздары Қалдайша 10
Бегімше 4
Ажар 17
Ұлы Қожахмет 5
Ұлы Ташмахамбет 1 ж
Ұлы Байділла 24 ж.
- Мәуленқұлов Сатқожа 50 жаста,
Әйелі Дәлайім 40 ж
Ұлы Мантай 20 ж. Қыстауда үйі бар
Қыздары Қосбике 16 ж
Есбике 13 ж
Ұлдары Сейітжан 9ж
Абдырахман 6 ж.
Асан, Үсен егіздер 1 жаста
- Меруалиев Асқар 32 жаста. Қыстауда үйі бар
Әйелі Нұрлайым 30 ж
Інісі Төлеш 17 ж
Қарындастары Телес 6ж, Күлес 2ж
Қызы Сәрсенкүл 4 ж
Інісі Жұмақожа 27 жаста
Келіні Гаухар 19 жаста.
- Қарабалаев Исмет 30ж. Қыстауда үйі бар
Әйелі Алима 21ж
Қызы Айткүл 2 ж
Исметтің анасы Жаңыл 50 ж.
Інісі Алтай 26 жаста.
- Құдайбергенов Нұрмат 30 ж. Қыстауда үйі бар
Бауыры Нұрқожа 35 ж
Әйелі Ақым 20ж
Қызы Оразкүл 1ж
Шешесі Ұлтай 65ж
Қарындасы Теңке 17 жаста
- Ахметов Ибақожа 51 жаста, қыстау үйі бар
Әйелі Бибіхаят 38 ж
Ұлы Исхан 21 ж
Қыздары Пардай 16 ж
Қаным 12 ж
Ұлы Әбдікәрім 7 ж.
Қызы Патима 3 ж.
- Уәлиев (Уәлиқожаев) Исмадияр 30 ж.
Әйелі Мария 30 ж.
Қызы Айдан 7 ж.
Ұлы Мубарак 5 ж.
Інісі Мамадияр 21
Мамадиярдың әйелі Мандақыз 20
Әкесі Уәлиқожа Жүсіпқожаев 70 жаста.
- Ерқожаев Сайдула, 25ж, қыстауда үйі жоқ, Шәметтің үйінде тұрады
Бауыры Байдула 23 жаста.
- Құлов Тәжі, 35 жаста қыстау үйі бар
Әйелі Пытай 40 ж.
Бауыры Абдрасул 25 ж
Қызы Зейнекүл 6ж
Ұлы Сапарқожа 4 ж.
- Ахметов Мелдеқожа, 53 ж. Қыстауда үйі бар
Әйелі Айша 40
Ұлдары Сейітжаппар 21
Сейітқали 15
Қыздары Алтын 12
Күміс 8
Нышан 4
Анасы Үрайлә 80 жаста.
- Майманов Дүйсен 25 жаста, киіз үйде тұрады. 1925 жылы 15 қыркүйекте Жылыбұлақ болысынан көшіп келген.
Әйелі Муташ 24 ж
Ұлы Идият 4 ж
Інісі Айтжан 13 жаста
- Жүсіпов Арын, 30 ж, қыстау үй бар
Әйелі Күлтай 23 ж
Інісі Шәріп 28 ж
Інісі Алпай 27 жаста
- Сабытов Абылкен 26 жаста, үйі бар қыстау
Әйелі Тілла 22 ж
Ұлы Идият 2 жаста.
- Мамытов Қадыр, 30 жаста, қыстау үй бар
Әйелі Күнім 26 ж
Қыздары Тұрсын 7 ж
Қыздаркүл 4
Ұлы Бекайдар 2ж
Бауыры Садық 11 жаста.
1920-1930 жылдарда Ағыбет артелін ұйымдастырған Жүмаділла Тіллақожаев, өзі имам және өзі артель төрағасы болған. 1929 жылы Шаян ауданы бойынша артельдердің қызметін тексерген кезде тексерушілер өзі имам өзі қалай бастық болады деп бұл жағдайға таңғалған. Сол 1929-1937 жылдардағы қуғын сүргінде Шаян қожалары көп қуғын сүргінге ұшырап, бордай тозып кеткен. Қазір сол қожалардың зурриятынан Ағыбет ауылында Шамет қожа, Жұмаділла қожа балалары, тағы басқалары, жалпы саны небары алты отбасы тұрады.
whatsapp +77084705713
kaz-genealogy.business.site