Әзәзіл хикаясы тұра тұрсын,
Ібіліске лағнет сөзін айта тұрсын.
Адамның жаралғанын зікір етіп,
Бұл жерде бір рауят рауый[1] қылсын.
Бір кітап ат қойылған «Мавуә нұры»,
Назым[2] етіп Шаһымәшірап жазған мұны.
Кітаптың әуелінде зікір етілген,
Мүбәрәк өз лебізінің үшбу түрі.
Өзінің құдіретімен Қадір[3] Мәулан[4],
Білдірді періштеге қылып пәрмен.
«Адам» деп ол пендеге есім беріп.
Бір махалдек[5] топырақтан жаратармын,
Беремін халифалық амал аңа
Пайғамбар шығарармын одан және.
Жәннатқа арсы-күрсі сәруар болып,
Білдірем ілімін аспан бәрін һәмма.
Сіздерден артық болар сапасы әнің,
Һәм және жасырын сырдың білер бәрін.
Әр түрлі дәулетіме лайық көріп,
Беремін пәк әміріммен әзиз жанын.
Мәләйіктер Аллаға айтты: «Уә бір уә бар[6],
Халифа жержүзіне емес дәргар[7].
Егерде халық жаратсаң, соғыс қылып,
Қан төгіп, түрлі күнә іс қыла-дүрлар.
Пенденің керек болса күнәһары,
Жоқ болып Бәнил жанның кетті бәрі.
Бәріміз «Һамду тасбих» айта дүрміз,
Егерде тағат үшін қылсаң әні».
Алла апйтты: іліми ғайыпты мен білермін,
Еш бірің мұндай сырды білмей дүрсің.
Алладан періштелер мұны естіп,
Өкінді ғамкин[8] болып бәрі тамам.
Күнәһар болғандығын олар біліп,
Аллаға зарланды-лар тәуба қылып.
Азаптың неше түрлі аламаты
Тұрады денесінен һәм білініп.
Күрсіні тауап[9] етті оның бәрі,
Истиғфар[10] мың жыл жатып қылды зары.
Алланың дәргаһына қабыл болды,
Мәләйіктер ықыласымен бұл қылғаны.
Алла айтты нидә[11] қылып періштеге:
«Пазылымнан не тілейсің бәрің һәмма?»
Арыз етіп Аллаға айтты періштелер:
«Білместен не пәрмендік қылдық саңа?
Қауіп етіп қорқадүрміз азабыңнан,
Күнәні бізден өткен ғапу[12] қыл сен».
Алла айтты: «Арыш алдында бір дария бар,
Таһарат[13] қыл, баршаңыз уә әнің бірлан.
Онан соң тәсбі айтып һәм истиқпар,
Бірлігім, барлығымды әйла[14] изһар.
Бұл қылған ғибадаттың себебінен
Ғапу етіп, күнәларың кешілерләр.
Алладан періштелер мұны естіп,
Дариядан таһарат алды, ғұсыл[15] етіп.
Күнәсін барлығының кешірді-ләр,
Асылық[16] аламатының[17] бәрі кетіп.
Арыз етті періштелер бір Аллаға:
«Рахметің жария болды бұл күн маңа.
Күнәні ғапу еткен үшбу пазылың
Мақұлұққа болады ма басқа және?»
Алла айтты: «Мұхаммед-дүр достым аты,
Ақырда хабибімнің бар үмбеті.
Қол-аяқ, бетін жуып таһарат алса,
Өзіне жақсы болғай ғибадаты.
Әр бір құл ықыласымен таһарат алса,
Күнәсі үлкен-кіші, көп те болса,
Пазылыммен ол күнәсін таза қылып,
Жәннатқа нәсіп болып кірер барша».
«Я, Алла, мақлұғың дүр инсі уә жын,
Ғарық күнәһ бас-аяғым асы құлмын.
Маһшарда хабибімнің үмбеті деп,
Фазылыңа бұл айтылған нәсіп қыл сен».
ЖЕТІНШІ ФАСЫЛ
Адам денесін жаратпақ үшін жерден топырақ алғаны
Топыраққа хабар қылды һайиу халық:
«Бір мақұлық жаратамын сенен алып.
Жақсысы жәннат барып рахаттанар,
Тозаққа асылары түскей барып».
Аллаға топырақ айтты қылып нала:
«Бұл қызмет артық, ауыр болды маңа.
Жақсысы жәннат барып рахаттанса,
Өкініп, ренжімеймін ешбір аңа.
Жаманы тозаққа енсе, азап көріп,
Онымен күйсем керек мен һәм еніп.
Отына ол тозақтың сабырым жоқ» деп,
Жылады дәргаһына көп тіленіп.
Дария, көл, жер жүзінде бұлақтанар,
Ол күні жер жылаған жасы-дүрләр.
Топырақтың бұл тілегін қабыл алмай,
Әмір етті Жәбірейілге хақ бір уә бар:
«Топырақты келгін, – деді, – жерден алып»,
Барды-лар рухул әмин хабарланып.
Жер міскін: «Менен топырақ алма» деді,
Өтініп Жәбірейілге көп зарланып.
«Алма» деп бір Алладан қасам[18] берді,
Жәбірейіл топырақ алмай қайтып келді.
«Неге сен пәренімді қылмадың» деп,
Алланың дәргаһынан хиттаб[19] енді.
Жәбірейіл арыз етті бір Аллаға:
«Ешбір уауқыт напәрмендік қылмам саңа.
Жер міскін «менен топырақ алма» деді,
Ала алмай рахым қылып келдім саңа».
Әмір етті Исырпалыға айлап ағаз,
Исырапыл хақ әмірімен жерге барды.
Оған да ілгерідегідей көп зарланды,
Оның да жылағанға рахымы келіп,
Алланың дәргаһына қайтып янды[20].
Әмір етті Әзірейілге Алла және:
«Дүниеден келтіргін деп топырақ маңа?!»
Жеті ықылым жер жүзіне қолын салды,
Рахым етпей жыласа да һәр кез аңа.
Бәрінен бір қысымдай топырақ алды,
Жер беті қырық кез төмен түсіп қалды.
Мекке мен Шам шаһарының арасында,
Ол алған топырақтарын қайта салды.
Ол жерден алған үшін топырақтарын,
Қылған жоқ адамдардың бірдей бәрін.
Біреу ақ, біреу қызыл, біреу қара,
Һәм және бірдей қылмай хал-ақуалын.
Бір Құда Әзірейілге айтты және:
«Алма деп айтпауыма топырақ саңа».
Әзірейіл Аллаға айтты: «Әмірің тұтып,
Айтса да рахым етпедім ешбір аңа.
Деп айтты Әзірейілге Қадір Мәулан,
«Күллі рай мақұлығым көп неше алуан.
Һәм және бұл адамның әулетінің
Қабыз етіп алатын бол жаныны сен».
Әзірейіл аллаға айтты, қылып нала:
«Тапсырсаң бұл қызметті енді маңа.
Әнбия, әсбия мен әулиелер,
Қас болар меніменен бәрі һәмма».
Алла айтты Әзірейілге қылып ызбар:
«Әр түрлі кеселдер мен себептер бар.
Ажалын пенделерім сонан көрер,
Сенімен, менен ешбір көрмегей-ләр.
Өлімнің ықтиярын саған бердім,
Бұрыннан жаратып мен қойып едім.
Пенделер өлмектігін сонан көрер,
Ренжіме, бұл қызметке лайық көрдім».
Аллаға арыз етіп айтты Әзірейіл:
«Өлім деп ат қойылған не нәрсе бұл?
Бұрыннан ол нәрсені көргенім жоқ,
Өзіңнің құдіретіңмен хабардар қыл?»
Бір Құда пәрмен етті періштеге:
«Бір жерге жиылыңдар бәрің һәмма!»
Періште баршалары жиналды-лар,
Өкімді көрсетті-ләр Алла аңа.
Өлімге пәрмен етті Қадір Мәулан:
«Бір мәрте қанат жазғыл, қылып жәулан[21]».
Өлім һәм қанат жазып, көзін ашып,
Суретін көрсетті ол неше алуан.
Мәләйіктер назар етіп көрді оны,
Жығылды есін білмей баршалары.
Сол жайда екі мың жыл жатып қалып,
Есіне қайта келді оның бәрі.
Мәләйіктер Аллаға айтты: «Бір уә барым,
Бола ма мұнан үлкен мақлұқларың?»
Алла айтты: «Бұл өлімді бина қылған,
Бәрінен құдіретім көп артық менің».
Алла айтты Әзірейілге үшбу заман:
«Өлімнің ықтиярын бердім саған.
Күллі һай мақұлғымның бірде-бірі,
Өлімнен шәрбат ішпей қалмас аман».
Әзірейіл арыз қылып айтты және:
«Менде жоқ ұстамаққа қуат-шама.
Көрмекке мен өзімнен қуатты-дүр,
Тұрады ол бағынып қалай маңа?»
Бір Алла Әзірейілге қуат берді,
Өлімді хақ әмірімен ұстатты енді.
Онан соң не десе де оған бағып,
Пәрменін мойын бұрмай қабыл көрді.
Әзірейіл Аллаға айтты арзу қылып:
«Істесем бұл қызметімді енді тұрып.
Өлімге уақыты жеткен пенделердің
Жандарын қабыз етем қайдан біліп?»
Айтты-лар Әзірейілге хәкімі күл,
«Іліми ғайып мен білемін, құдіретім бұл.
Білмекке мақлұқтардың халдері жоқ,
Білсем деп өлер уақытын ашпағын тіл!
Өлмекке уақыты жақын болса әр жан,
Белгісін неше жерден білдірермін.
Төменде айтылатын белгілерден
Жандарын мақлұғымның ала-дүрсің.
Деміне дайындалған періште бар,
Өлерде ада болып, дем таусылар.
Алдыңда демі жоғы білгеннен соң,
Қасыңда қазір болып айтқай бұлар:
Деп айтар: «пәлен ибны[22], пәлен пенде,
Қалмады алар демі ешбір онда».
Ырызғына дайындалған періште бар,
Білдірер ырызғы жоғын ол сол демде.
Алдыңа келіп түскей және бір хат,
Ат-есімін ол пенденің аялағын жат.
Аршыда бір ағаштың жапырағынан
Бір пәрік[23] келіп түскей үшбу пұрсат.
Жазылған ол пенденің есімі-намы,
Ақиқат біле-дүрсің мұнан оны.
Аршыда мақұлұқтардың ол дарақта,
Бәрінің санынша бар жапырақтары.
Және де мұнан бөлек көп белгісі,
Айтпаққа бір адамның келмес күші.
Базысын осы жерде білдірейін,
Кейінгі хабарлансын әр бір кісі».
Әзірейіл тақ үстінде қарар қылар,
Есепсіз оң-солында мәлек тұрар.
Әуелден ақырға ше дайын болып,
Әзірейіл қызметінде тұрған бұлар.
Рахметтің періштесі оң да тұрған,
Денесі жүздерінің бәрі нұрдан.
Пормы жақсы, неше түрлі истері бар,
Запыран мен зүбәржаттан хош бой[24] қылған.
Солында тұрғандардың жүзі қара,
Қап-қара денесінің бәрі һәмма.
Иістері ол мәлектің тіптен сасық,
Аузынан отты жалын шығар және.
Бір тақтай Әзірейілдің алдында тұр,
Бір қағаз хат жазылған даяр тұрар.
Бір лаһза бөтен іске айналыспай,
Тақтай мен ол жазуға назар қылар.
Дарақтан ол легенге[25] жапырақ салар,
Ат-есімін әр пенденің оқып қарар.
Тақта мен ол дарақтан аттары өшіп,
Өлмегі ол пенденің нышан берер.
Әгарда жақсы болса ол сол пенде,
Ұстаған қолындағы жапырақты онда.
Рахметтің періштесі оң да тұрған,
Ұзатып оған бергей ол сом демде.
Періште алдына кеп ол пенденің,
Әкелгей алқымына қысып жанын.
Әзірейіл сол отырған қалыбында,
Алғайлар қол ұзартып жанын оның
Егерде иманы жоқ болса, ол құл,
Сол дағы періштеге бере-дүр біл.
Айбатты, отты күрзі қолына алып,
Аузынан жалын шашып бара-дүр біл.
Пенденің мәлек тартар жанын барып,
Алқымнан қиындықпен келгей алып.
Әзірейіл ол пенденің жанын алар,
Отырған қалыбында қолын салып.
Пайғамбар, нәбилер мен мұрсалдардың,
Өлмекке жақын болса, уақыты әнің.
Әзірейіл көк жүзінен пайда болып,
Әр заман келіп алар тәнде жанын.
Бұл жерде имамдардан рауаят көп,
Назым етіп айта алмадым бәрін бірден.
«Дақайық» кітабына қараңыздар,
Әр кісі хасыл етсе көрейін деп.
Я, Алла, күнәсі көп, мен асы құл,
Кеуілімде арыз етер мүдаһам[26] бар.
Жапырағын леген түсіп өлер уақытта,
Оңдағы періштені ұстайтын қыл.
СЕГІЗІНШІ ФАСЫЛ
Топырақты сурет қылғаны
Адамның хикаясын қойып кетіп,
Бұл сөзді айтып едім мен көрсетіп.
Топырақтан денесінің жаралғанын,
Бұл жерде білдірейін зікір етіп.
Топыраққа жауын жауды бір кем қырық жыл,
Қайғының дариясынан ерді-ләр бұл.
Бір жылы құрсандылықтың дариясымен
Әмір етіп ол топыраққа жаудырды біл.
Адамның соның үшін әулеттері,
Көп болар бұл себеппен қайғы-қамы.
Өзінің құдіретімен онан кейін,
Балшықтан сурет етті Алла оны.
Бұл жерде ықтылап[27] көп имамдардан,
Түрлі ғып рауятты айтады әр жан.
Хазіреті ибн Аббас сақабаның
Нақыл етіп білдіргенін айтайын мен.
Адамның бас топырағын һаийы акбар[28],
Ахсаның топырағынан жаратты-лар.
Мүбәрәк жүздерінің жаралғаны
«Жәннаттың топырағы» деп нақыл қылар.
Кәусардың топырағы-дүр тістері оның,
Оң қолы топырағы-дүр һәм Қағбаның.
Сол қолы бина болып жаратылған –
«Һарсының мәнзелі[29]» деп айтты намын.
Жағы – Үндістанның топырағы біл,
Топырағы әуретінің шаһар Бабыл.
Рақтың[30] топырағы-дүр арқалары.
Тайымның топырағынан жаралды тіл,
Таулардың топырағынан ұстықаны[31].
Каусардың топырағы-дүр көз нышаны,
Жерлердің айтылмаған топырағы-дүр.
Еттері, тамырының әр не бәрі,
Ілгері аты аталған ағзалары.
Берді-ләр әр біріне істі һәр не
Ол жерден қарар алып тұрмақ үшін әні.
Дайындап ақырға ше айтты аңа,
Басынан ақыл келіп орын алды.
Жүзіне мүләйімділік дайындады,
Оң қолға жәрдемдікті нәсіп етіп,
Дайындап шырындықты тілге салды.
Арқадан орын алып тұрды қуат,
Әуретке дайындалды жайы шаһуат[32].
Кеуілдің мәнзеліне иман толып,
Тілге кеп қарар[33] алды һәм шаһауат.
Қаттылық – сүйектерде тұрар еді,
Білдіріп және бір сөз айтты-ай енді.
Адамның денесінен Жаппар Құда,
Шығарып тоғыз жерден орын берді.
Жетеуі бұл есіктің баста тұрар,
Көз, құлақ, ауыз, мұрын білсең бұлар.
Екеуі денесінің астындағы
«Белгілі екі жол» деп нақыл қылар.
Онан соң алты ағзаға Алла Тағала,
Дайындап алты істі берді жәна.
Құлаққа есітпекті нәсіп етіп,
Көз көрер түрлі нәрсе бәрін һәмма.
Мұрынға иіс білмекті дайын қылды,
Келтірді пәрмен етіп көзге тілді.
Екі қол ұстамаққа дайындалып,
Алланың пәренімен аяқ жүрді.
Жан кірмей сурет болып тұрды қырық жыл,
Мәлекқа нида қылды хәкімі күл:
«Суретті рұқсат бердім көріңіздер,
Халық еттім құдіретіммен адамды бұл».
Әр күні пенделерге мәлек келіп,
Таһсин[34] қып таңдандырды мұны көріп.
Ілгері еш мақлұқты қылмап еді,
Адамның порымындай ғып сурет беріп.
Бір күні Әзәзіл һәм болды-лар кез,
Қарнына бармақтарын тигізді тез.
Ішінен ауаз беріп, дауыс шықты,
Мәлекқа қасындағы айтты-лар сөз:
«Қам жеме, – деді сонда, – жолдастарым,
Кеуек[35] қып жаратыпты ішін әнің.
Сабыр етіп осы жерде тұрыңыздар,
Ішінің мен шығайын көріп бәрін».
Әзәзіл ол суретке кірді барып,
Қарады атырабына назар салып.
Әлемде һәр не бәрін көргенінің
Барлығы көрінеді пайымдалып.
Аузы беріп және көрді бір хананы,
Ойланды назар етіп көрмекке әні.
Көруге Жаппар Құда рұқсат бермей
Болмады кірмегіне еш імкәні.
Сырттағы мәләйіктерге айтып келді,
Барлығын көргенінің хабар берді:
«Кірмекке бір ханаға жол таба алмай,
Кеуілімде қапа болып келдім» деді.
Әзәзіл мәләйәктерге айтты және,
Адамды абзал етпес сіз бен маңа.
Әміріне тағат қып, мойынсынып,
Қабыл ғып тұрасың ба бәрің һәмма.
Ауаз қып Әзәзілге айтты бәрі,
Әгарда абзал етсе біздерге әні,
Әміріне не десе де біз көнеміз,
Қай түрлі жари болса, хаһ пәрмені.
Әзәзіл қиял етті кеуліне алып:
«Әгарда адам маған болса ғалып,
Әміріне ешбір оның бағынбаймын,
Алланың бұл әміріне ризаланып.
Әгар мен артық болсам, бұл адамнан,
Әлбетте әлек етіп өлтірермін».
Құданың құдіретіне мәлім етті,
Малғұнның жаман пейілі үшбу қылған.
ТОҒЫЗЫНШЫ ФАСЫЛ
Адам әлейһес-саламның денесіне жан кіргені
Сол уақта жари қылып Хақ пәрменін,
Адамның әзір етті сонда жанын.
«Ішіне бұл дененің кіргіл» деді,
Ол жанға изһар етіп илһамләрін[36].
Алланың пәрменімен жан һәм келді,
Дененің атырабынан жүріп көрді.
Бір жаман көп қараңғы жай екен деп,
Алладан үзір тілеп кірмей тұрды.
Үш мәрте нида қылды Һайиу дана:
«Күшпенен пәрмен еттім, кір деп саңа.
Кірген соң шықпағыңда азарланып[37],
Күшпенен шығасың, – деп, – қайтып және».
Және де иба қылып кірмей тұрды,
Расулдың нұр шарифын[38] әзір қылды.
Ол нұрға ышқы кетіп көргеннен соң,
«Аузынан кірейін» деп майыл қылды.
Бір жүз жыл тамағында тұрды-лар жан,
Онан соң жүрмектікке қылды жәулан.
Дененің қай жеріне дақыл[39] болса,
Еттері бітер еді тамыр мен қан.
Әуелі назар етіп аршыны көрді,
Адамның рухи шарифі көзге келді.
Үмбетін музнибатун орәббун ғапур,
Тауһиттың калимасы жазулы ер-ді.
Аллаға адам айтты: «Я, бір уә бар,
Атыңмен бір есімдер бірге тұрар.
Үмбетің күнә қылса жарылқаймын»
Деген сөз ақырында болған изһар.
Алла айтты: «Бұл Мұхаммед достым менің,
Ақырғы, әуеліңнен болғай сенің.
Я, өзің, я несібіңнен күнәһ қылып,
Келтірсе маған шапағатын оның.
Аттарын хабибімнің құрмет етіп,
Кешемін күнәсінің бәрін өтіп».
Адамға бір ғажайып пікір түсті,
Кеуіліне мына түрлі қиял жетіп.
Баладан өтсе егер әрбір күнә,
Шапағат етсе керек ата мұңа.
Атасы асы болып күнә қылса,
Не үшін жалынады баласына?
Алладан Жебірейілге болды пәрмен:
«Адамнан бұл қиялды тез алғын сен.
Болмаса, һәлак[40] болып өлер» деді,
Жәбірейіл жетіп барды қылып жәулан.
Астынан жүрегінің оның жарды,
Жүректің ол жартысын сыртқары алды.
Жәбірейіл алып барып көмген жерден
Бидайдың ағаштары пайдаланды.
Жартысы көкірегінде қалды және,
Білсеңіз адамдық нәпсі әммәра.
Адамнан әулетіне мирас болып,
Бұл күнде мүптәла[41]-дүр әркім аңа.
Құлаққа жан шарифы қылды фәруаз[42],
Аузына онан кейін барды-лар баз.
Мұрнына жан барғанда түшкірді-ләр,
«Әлһамду лиллаһ» деп айатты-лар раз.
Құданың құдіретінен нида келді:
«Ярһаму халлаһу» деп жауап берді.
Сол үшін түшкіргенде һамду айтқан,
Жауабы қарыз кифая[43] болған ер-ді.
Онан соң көкірегіне барды жаны,
Ойланды хазірет адам қозғалғалы.
Адамның әулетінде мирас болды,
Пенденің асығыста болды бәрі.
Қарнына жан шәрипы және жетті,
Тағамды жемектікке көңілі кетті.
Жәннаттың іштерінен үш миуаны[44]
Адамға алып келіп әзір етті.
Алланың ізіні бірлән хазірет Адам,
Жәннаттың миуасынан жерді тағам.
Қол-аяқ, денесінің барлығына
Онан соң жан жайылып кетті тамам.
Денеге кіргеннен соң адам жаны,
Жаптылар қымбат баға бір хулланы[45].
Жәннаттың хулласымен жабылды-лар,
Қол-аяқ денесінің тамам бәрі,
Бидайды жегеннен соң адам барып,
Хуллані денесінен қойды алып.
Аспаннан асы болып, жерге түсті,
Қол-аяқ денесінде нышан қалып.
Көтерді хазірет басын және,
Мәлекқа нида қылды һайиу дана.
Жаралған әуел, ақыр – күллі шәйінің
Аттарын айтқыз деп бәрін һәмма.
Мәлектар Аллаға айтты арзу қылып,
Әр нәрсе тәлім бердің сен білдіріп.
Құдіреттің көрсетпеген біз істерін
Қаяқтан білдіреміз біздер біліп.
Адамға Жаппар Құда қылды пәрмен:
«Жараттым көп мақлұқат әр нешік жан.
Олардың барлығының есімі затын,
Зікір етіп осы жайда білдіргін сен».
Адамның көңіліндегі пердені алды,
Барлығы іліми ғайыптың раушанланды.
Әр түрлі мақлұқаттың есімі затын,
Білмекке Хақ әміріменен зейіні барды.
Сол үшін хазірет Адам тілге келіп,
Аттарының бәрін айтты хабар беріп.
Адамның әзиздігін көңіліне алды,
Періште, мәләйіктер мұны көріп.
Онан соң пәрмен етті Хақ тағала,
Келтірді отырмаққа бір тақ аңа.
Жеті жүз ол тағының аяғы бар,
Арасы неше жылдық жолдар және.
Ол тақта хазірет Адам қарар алды,
Мойнына дүри гауһар алқа салды.
Жәннаттан саусағына жүзік салып,
Жүздері тіптен көркем сұлуланды.
Қойды-лар кәрәматтың тәжін және,
Үстіне киіндірді неше жама.
Бұл дүние дүниесіне ұқсасы жоқ,
Бейіштің һуллесі еді бәрі һамма.
Тұрар-ды Расул нұры жылда беріп,
Мәләйіктер таңланар-ды мұны көріп.
Мұқарраб періштеге инам етті,
Құданың құдіретінен илһам еніп.
Деп айтты: «Бұл адамды көтеріпсіз,
Аспанның тамашасын көтеріпсіз.
Барлығын өз көзімен анық көріп,
Кеулінде артсын деді ақыл, мінез».
Алланың періштелер әмірін білді,
Көтеріп жоғарыға алып жүрді.
Аспанның тамашасын хазірет Адам,
Мүддатта[46] екі жүз жыл сәйір қылды.
Мүшкіден ажыратып һайиу Икрам,
Пазылымен лақап берді «Маймуна» нам.
Ол аттың екі жүз бір қанаты бар,
Маржан мен меруеттен тағасы һәм.
Ол атқа Ақ әмірімен Адам мінді,
Жәбірейіл шылауларын ұстап жүрді.
Маккайыл оң жағында бірге жүріп,
Исырапыл сол жағында һәм жүрер-ді.
Барлығын адам көріп періштенің,
Аралап жеті аспанның жүрді бәрін.
Ассалаума әлейкум деп сәлем берді,
Қайтарды періштелер жауаптарын.
Адамға нида қылды Һаийу дана:
«Бұл сөзді тәлім қылып берді саңа.
Кейінгі әулетіңнің мөміндері
Мұны айтсын жолыққанда бәрі һәмма».
Әлқисса, болғаннан соң сәйір тамам,
Ол тақта Хақ әмірімен отырды Адам.
«Адамға бәрің бірдей сәжде[47] қыл» деп,
Алладан періштеге болды кәлам[48].
Әуелі Жәбірейіл кеп сәждеге енді,
«Екінші Маккайыл» деп хабар берді.
Үшінші Исырапыл-дүр сәжде қылған,
Төртінші Әзірейіл нам періште еді.
Төртеуі әуел сәжде қылғаны үшін,
Әр іске дайындады әр бірісін.
Уахиға Жәбірейілді дайын етіп,
Маккайыл бере-дүрлар халық ырызғысын.
Қолына Исырапылдың сүрді жазған,
Жан алмақ нәсіп болды Әзірейілден.
Періште, мәләйіктің баршалары
Сәжде етті бір Алланың әмірі бірлан.
Әзәзіл сәжде қылмай тұрып қалды,
Мойнына таухи нәлет Алла салды.
Алланың азабына душарланып,
Бұрынғы суреттері һәм өзгерді.
Сәждеге періштелер жатты жүз жыл,
Базылар «бес жүз жыл» деп айтты-лар тіл.
Сәждеден бас көтеріп Әзәзілдің
Өзгерген суреттерін көрді-ләр біл.
Бұл қылған тағатына ризаланып,
Екінші сәжде қылды басын салып.
Намазда бір рәкатта екі мәрте,
Бұл күнде сәжде етеміз, сонан қалған.
Шайтанға нида қылды Қадір Мәулан:
«Адамға сәжде етпедің не үшін сен?»
Аллаға шайтан айтты: «Жаралғанда,
Адамнан нәсілімде артық-дүрмін.
Әуелі жараттыңыз оттан мені,
Топырақтан бина қылып қойдың әні.
Топырақтан оттың әсілі тіптен артық,
Сондықтан иба қылдым сәжде еткелі».
Сәждеден жүз қайтарды шайтан лағын[49],
Керемет лыпасының[50] алды бәрін.
«Малғұнды таспен ұрып шығар» деді,
Кидіріп лағынеттің лыпаларын.
Әуелі Жәбірейіл кеп таспен ұрды,
Екінші Маккайыл кеп хәмла[51] қылды.
Исырапыл, Әзірейіл мен періштелер,
Ұрумен ол малғұнды қуып жүрді.
Жетінші аспанда еді ұрылғаны,
Алтыншы көк жүзіне түсірді әні.
Жеті аспан аумағынан шығарды-ләр,
Періште, мәләйіктің ұрып бәрі.
Мәләйіктер жержүзіне қуып келді,
Ақыры қашып келіп дарияға енді.
Онан һәм пәдаргі қып ол малғұнды
Аспале сафлиынан орын берді.
Шығарды ол дариядан қуып және,
Көзі көк, болып еді реңі қара.
Әгарда жүзін көрсе мақлұқтар
Қалар ед естен танып бәрі һәмма.
Аллаға арыз қылып айтты шайтан:
«Өзіңе қызмет қылдым қанша жыл мен.
Сол қылған қызметімнің ақысы үшін
Ақырғы уақытқа ше өмір бер сен».
Тілегін Жаппар Құда қабыл көрді,
Өлмейтін ақырға ше өмір берді.
Ол малғұн мұны естіп құрсандалып[52],
Аллаға үшбу сөзді айтар еді.
Деп айтты: «Өлтірмесең уақыт беріп,
Пенденің қайламенен кеуіліне еніп,
Барлығын кеуілін бұзып азғырамын,
Ақыры менен болғай соған серік».
Алла айтты: «Дым білместі қайла етіп,
Хақ жолдан аздырарсың оларды ертіп.
Һеш уақта өзімнің дос құлдарыма,
Өтпегей сен турадан тәсір[53] жетіп.
Сол күннен бізге дұшпан шайтан лағын,
Меһирінен[54] халас[55] етсін Алла аның.
Ібілісті жержүзіне қоя тұрып,
Адамның білдірейін хал-ахуалын.
Адамды Алла қылып Икрам иғраз,
Жәннатқа кәрам етіп кіргізді баз.
Адамға жетпі һуллә киіндіріп,
Басына қымбат баға қойды-ләр тәж.
Мүбәрак белдерінде кемері бар,
Тауһиттың кәлимасын жазған-дүрлар.
Жетпіс мың оң жағында мәлек тұрып,
Жетпіс мың сол жағында мәлек тұрар.
Артында жетпіс мыңы тұрды және,
Жауһардан шашу шашты бәрі һәмма.
Жәннатты Хақ әмірімен көркем етіп,
Аштылар есігінің бәрін аңа.
Жәулан ғып арықтар мен бұлақтары,
Жасанып хоры менен ғұлмандары.
Бұлбұлдар түрлі ән салып сайрайды-лар,
Мәлектар таңғалады көріп әні.
Адамға Алла айтты айлап нида:
«Өзімнің құдіретіммен қылдым бина.
Һәм және қас[56] рухымнан жан кіргізіп,
Жеткіздім илмул әсма-и тәліміне.
Жәннатқа өз пазылыммен кіргіздім мен,
Жүрсін деп іштерінде қылып сайран.
Бұл берген нығыметіме шүкірлік қыл,
Әмірімді менің айтқан бұзбағын сен!»
Аллаға адам айтты: «Я, бір уә бар,
Әміріңді пәрмен еткен әйла изһар?»
Алла айтты: «Бұл дараққа жақындасып,
Дұшпанның тіліменен жеме зинһар[57]!»
Жемеске уәде етті хазірет Адам,
Сәйір етті сегіз бейіш бәрін тамам.
Үзім мен және құрма, інжір еді,
Әуелі жәннаттағы жеген тағам.
Онан соң неше түрлі тағамдарын,
Кеуілінің қалауынша жеді бәрін.
Тағамның қайбіріне кеуілі кетсе,
Тұрады даяр болып алдына оның.
Мұқарраб періштелер әр дем келіп,
Расулдың арқасынан тұрды көріп.
Жәннаттан басқа жайға сайран қылса,
Артынан бірге ілесіп жүрді еріп.
Артықша қылар еді икрам иғраз,
Алладан хазірет адам сұрады-лар баз:
«Не үшін періштелер арттан жүріп,
Салауат, тасбихтарын қылар ағаз.
Алла айтты: «Хабибімнің нұрлары бар,
Арқаңда қарар алып сенің тұрар.
Ол нұрға періштелер тағызым етіп,
Баршасы соның үшін артта жүрер».
Аллаға хазірет Адам өтінді көп:
«Маған да сол нұрды көрсеткін деп?»
Мұхаммед Мұстапаның нұр шарифы,
Шаһауат бармағына тұрды-лар кеп.
Атамыз қол көтерді болды баншат[58],
Оқыды калимасын һам шаһауат.
Бұл қолға соның үшін кітаптарда,
«Шаһадат бармағы» деп қойды-лар ат.
Арыз етті хазірет Адам бір Аллаға,
Арқамда бұл нұрлардан бар ма және.
«Төрт жарының нұры бар» деп айтқаннан соң,
Оны һәм «көрсеткін» деп айтты аңа.
Бәкірдің ортаң қолға нұры келді,
Аты жоқ қолға Омар нұрын берді.
Бармаққа Осман нұры уакіл болып,
Әлінің шынатайға нұры енді.
Бұларға хазірет Адам көзін салып,
Артар ед Мұхаммедті әнша ғалып.
Бидайды жегеннен соң нұрдың бәрі
Қайтадан жайларына тұрды барып.
[1] Рауят рауый қылсын – рауаят /а/ – әңгіме, аңыз; Рауый /а/ – әңгімеші, ертекші. Сонда әңгімеші аңыз қылсын деген мағынада.
[2] Назым /а/ – өлең, поэзия; нәзік сезімді, наз түрінде, шығыстық дәстүрде жазылған өлең түрі.
[3] Қадір /а/ – құдіретті, күшті; Алла тағаланың 99 есімінің бірі.
[4] Мәулан /а/ – ие, қожайын; Алла тағаланың 99 есімінің бірі.
[5] Махал /а/ – жер, орын .
[6] Бір уә бар – Алла тағаланың 99 есімінің бірі: оның барлығын, бірлігін білдіретін ұғым.
[7] Дәргар, Дәркар /а.,п./ – керек, қажет; зәру; іске жарайтын.
[8] Ғамкин /а/ – көңілсіз, жабырқау, қайғылы, дерті.
[9] Тәуап /а/ – құлшылық ету, табыну, тағзым ету, бас ию, қадір тұту.
[10] Истиғфар – Алладан кешірім сұрау дұғасы.
[11] Нида /а/ – жар шақыру, дауыстау, айқайлау; жалбарыну; үндеу; ұран.
[12] Ғапу, әпу /а/ – кешірім.
[13] Таһарат /а/ – дәрет алу, жуыну.
[14] Әйла /т/ – жаса, істе.
[15] Ғұсыл /а/ – жуу, жуыну, суға түсу.
[16] Асылық /а/ – күнәһарлық.
[17] Аламат, Ғаламат – ғажайып, таңғажайып; керемет; пәле.
[18] Қасам /архаизм/ – ант, серт.
[19] Хиттаб, Хитаб /а/ – бақытсыздық; қасірет.
[20] Янды – келді, қайтты.
[21] Жәулан – шабуыл, айбат шегу, шапқылау.
[22] Ибн /а/ – бала, ұл.
[23] Пәрік – мәтін бойынша «парақ» мағынасында.
[24] Хош бой /п/ – жұпар иіс.
[25] Леген /ж.с/ – табақ.
[26] Мүдәһа, Мүддаға /а/ – тілек, ой; мақсат, арман; мүдде.
[27] Ықтылап, Ихтилаф /а/ – алуан түрлі, сан қилы, түрлі; айырмашылық, ерекшелік, өзгешелік; толқу, ауытқу, кезектесу; келіспеушілік, талас, қайшылық; алауыздық.
[28] Һайиы әкбар – ұлы жаратушы, ұлық Алла мағынасында.
[29] Мәнзел /а/ – үй, жер, орын.
[30] Рақ – Ирақ.Екіншіден «жол» деген мағынаны да береді.
[31] Ұстықан /қ/ – жамбас.
[32] Шаһуат /а/ – ынтық, ынтызар, құмар, қатты ынта болу, құмарлық.
[33] Қарар /а/ – бұйрық, жарлық; шешім.
[34] Таһсин, Тахсин /а/ – жақсарту; түгелу; жетілдіру; кемеліне келтіру; мүліксіз ету; дұрыстау.
[35] Кеуек – қуыс.
[36] Илһам /а/ – діни сенімге ие болу; шабыттану; жігер беру, рухтандыру.
[37] Азар /п/ – азап, қорлық.
[38] Шариф /а/ – құрметті, ұлы, қадірлі, ақсүйек, текті; Пайғамбардың ұрпақтарына берілген атақ.
[39] Дақыл, Дахил /а/ – ішке кіру.
[40] Һәлак /а/ – жан тапсыру; қирау; әлек болу.
[41] Мүптала – пәлеге жолығу, кіріптар болу.
[42] Фәруаз, Пәруаз /п/ – жарқыл; сәуле; шұғыла.
[43] Кифая (Кифаят) /а/ – жеткілікті, мол; керекті, қажетті; мөлшер, сан; сыбаға, үлес; бақыт, тағдыр; шама.
[44] Миуа /а/ – мәуе, жеміс.
[45] Хулла /а/ – киім; көйлек-көншек.
[46] Мүддат /а/ – уақыт, кезең.
[47] Сәжде /а/ – тәжім, бас ию; иілу, сәжде қылу.
[48] Кәлам /а/ – сөз, әңгіме.
[49] Лағын, Лағин /а/ – қарғыс атқан; шайтан.
[50] Лыпа – киім.
[51] Хамла /а/ – шабуыл, жорық.
[52] Құрсан, құрсант /п/ – шат-шадыман, қуанышты.
[53] Тәсір /а/ – әсер.
[54] Меһир, Мекер – қу, айлакер, залым.
[55] Халас /а/ – құтылу, арылу, азат болу.
[56] Қас – таза, нағыз, тым, аса.
[57] Зинһар /п/ – ашық, жасырмай айту.
[58] Баншат (Ба-нешат) /п/ – қуанышты, көңілді.