Білген Шайыр айтады

Я, Кәрім деп

Икрам ишан Қасымұлы (1860-1923ж.ж.)

Бисмилла Рахман Рахым деп,
Худаны жат айтамын Я, Кәрім деп.
Лаж жоқ тәһна қылмай бір Аллаға,
Өткенше қыл сыраттан уайым көп.
Егемнің Алла демек есім заты,
Рахман Рахым дүр,сыпат аты.
Келтірсе әркім шапақ бұл намларға,
Ғажап жоқ қабыл болса мінажаты.

Әр пенде ғапыл болмай бұл дүнияға,
Ықыласпен бір мәртебе десе Алла.
Құдайым мейірбандық қылған екен,
Ләббәйік деп айтпаған он мәртебе.
Құдайым бұл тариха ұлылықпен,
Он мәрте бір жат айтса жауап берген.
Осындай меһрибанды жат қылмаса,
Ісі болмас бұндай жаман пенделермен.
Жас болып әр пенденің екі көзі,
Алланың жады болса айтқан сөзі.
Қабірге ажал жетіп барған уақта,
Меһрибан Пәруардігәр жоқтар өзі.
Жоқтаса әр пендені Пәруардігәр,
Басқадан інші Алла болмас зары
Жат қылған пенделерді жоқтаймын деп,
Құдайым каламында айтқан өзі.
Бір адам бір ғалымнан қылып сауал,
Алдарында баян қылды ғарзы ахуал.
Қабірге жолдас болып бармайды екен,
Әр қанша қатын-бала, мал уа аһуал.
Әркімнің қатын менен балалары,
Һәм және іні менен ағалары.
Әркімнің досы болып жүргендері,
Қабірге бірі кірмей қалар бәрі.
Дүниеде туғанымен қарындасы,
Һәм және жақсы көрген жан жолдасы.
Қабірде ешқайсысы жолдас болмай,
Қабірге кірсе керек жалғыз басы.
Сол кезде толтырып көзден жасын,
Сырының айлағандай бір шамасын.

Алдына сұрақ жауап барған заман,
Достарың қайсы бірі болар жолдас.
Бұл сөзді тамамдап тұрды сұраушы адам,
Жауабын осы ғалым берді тамам.
Ақыры кітабына лажы жоқдүр,
Бұл дүниеге еріксіз келген адам.
Адамдар ақылы бар есін жиып,
Ақырет жол азығын ойлапты көп.
Хаким және айтады екен бағзысына,
Ақырет жайларының азығы деп.
Машһур ғалым кітаптарда айтқан және,
Есітіп құлақ салсаң баршасына.
Әркімнің өлгенен соң барар жайы,
Әр күні шақырады бес мәртеба.
Әуелі бұл тариқа шақырғаны,
Аттарын пәленше деп айтар аны.
Қайқайып жүргеніңмен әлі келіп,
Аласың отан қылып бір күн мені.
Күмән жоқ ақыр бір күн келмегіңе,
Мекен қып қойыныма кірмегіңе.
Қамданып ерте бастан әрекет қыл,
Қуанып бұрын хабар бергеніме.
Келер деп сені қашан болып тәліп,
Қараймын сен тарапқа назар салып.
Жыланға шаян менен қор боласың,
Келмесең қарау алып даярланып.
Екінші шақырғаным болар анық,
Ол жайым бір қараңғы жоқ дүр жарық.
Достығым менің айтқан қор боласың,
Келмесең қараңғыға шырақ алып.

Зәредей келтірмегін көңіліңе,
Қабірге кетеді деп жалғыз тастап.
Барғанша жәннаттағы мекеніңе,
Тұрғайсың жолдас болып дайым менга.
Осынша мұражатты қылдың маған,
Кім сеніп ғарып болды айтар онға.
Дүниеде жүргеніңде Құран оқып,
Хамиша дад қылардың Хақ тағалаға.
Сауабы Әзіз дерман ол Құранның,
Ол жігіт жауаб айтар сонда тұрып.
Жақсылар ықыласпен оқысаңдар,
Құранда осы түрлі сауабы барлар.
Талиха Ахиданы әркім оқып,
Талаб қылса сауабын үміт қылып.
Хасым және таслими талап қылып,
Хамиша такрар қылып жүрсе аны.
Қабірде үкім және қияметте,
Сауаптан мұқтаж болмас бұларға.
Отырып бір мешітте сыр айтады,
Айтты деп баян қылды Расул Алла.
Оқыған жамағатпен бір намаздың,
Барлығының сауабын өтеп оған.
Аспан жер, Аршы, Күрсі, Лаукі-Калам
Баршасын жәннат, дозақ қылсалар әм.
Таулар, барша тастар дүниедегі,
Ыныс-жын, дию-пері, мәләклар һәм.
Хам және аспан, күн жұлдыздарды,
Жинаса құдіретімен жібергенді.
Қылмаққа барша ерліктің бәрін мәлім,
Салсалар таразыға аның бәрін.
Жетпейді жинап теріп салғанменен,
Оқыған жамағатпен бір намазға.

Болғанда қыямет күн көп адамдар,
Таба алмас еш бір түрлі қайыр сауап.
Ізденіп сауап тауып келеміз деп,
Жаратқан бір Алладан сұрар жауап.
Барғайды анасы мен атасына,
Һәм және қатыны мен баласына.
Оларда хайран болып тұрса керек,
Жетпестен жиғандары өз басына.
Барған мен айта алмайды жақсы жауап,
Бір уақыт таба алмайды еш бір сауап.
Сол уақта хайран болып тұрса керек,
Бара алмай дәргәһына көңілі қалап.
Олардан насыр болып қапаланып,
Құданың даргаһына кіргей барып.
Егемнен Пәруардігәр ніда келер.
Әй, пендем келдіңбе деп сауап алып.
Болған соң жаратқаннан ұлық талап,
Кетерін біле алмайда қашып тарап.
Жауапқа әлсіз болып тіл қаталмай,
Тұрады ғыжалат боп жерге қарап.
Мұны айтарға тілі жоқ Бір уа барым,
Сауапқа алып келген Аһы зарым.
Еш сауап таба алмадым іздегенмен,
Өзіңнің әрине қылсаң ықтиярың.
Деп айтар Пәруардігәрға асы пәндә,
Дүниеде тірілікте жүргеніңде.
Бұл қылған Аһы зарды сонда қылып,
Тәубәмен болар еді келгеніңде.
Бұл уақытта жылағаннан жоқ дүр пайда,
Ғапыл боп жыламадың жылар жайда.

Дүниеде тірлікте зар қылмаса,
Дегенмен, уа қасірет сауап қайда?
Жақсылар бұл сөздердің бәрі насх,
Кім мункірден мән шығар болса матлуб.
Бұл дүние ақырдың екен жайы,
Әркімге лайық болмас ғапыл болмақ.
Әр кімге тауфиқ,ынсап берсе Құдай,
Сауап ісін қиын емес болар деген.
Оқыған жамағатпен бір намаздың,
Сауабы шүкір Алла болса мұндай.
Бұл сөзді көп адамдар көріп біліп,
Намазды оқымайды көзіне іліп.
Баруға жамағатқа ерінеді,
Мойнына алғаннан соң шайтан мініп.
Дүниеден өтер уақта Расул Құда,
Ол ерге тәңір жайым болсын пида.
Мүбәрак құлағына есітілер,
Намазға муазиндер қылған нағра.
Есітіп азан дауысын али жанаб,
Бармаққа жамағатқа қылды талап.
Ал харзы мұны есітіп уәзірлері,
Жіберді дерек айтып ол баланы.
Бар еді бір арабта жалғыз бала,
Қолайлы болғанан соң жіберді аны.
Қосылып араб бала атасымен,
Факрда бірге келді баласымен.
Осы деп жалғыз балам фарияд қылып,
Ол пақыр жанжал қылды падишамен.
Падиша һәм әділ еді терең ділі,
Бір залым емес еді қиянатты.

Пақырдың рахымы келіп көз жасына,
Ойлады сол уақытта әділетті.
Патша айтты уәзірлерге қойғын мұны,
Бәріміз бір Құдайдың бірдей құлы.
Уәзірлер маслихатпен арзы қылып,
Пакырға бес жүз тілла берді бәрі.
Тұрғанда патша өзі халайықпен,
Артынан анасы да келді және.
Әй, патша бұл не деген залым едің,
Бұл менің маңдайымда жалғыз бала.
Уәзірлер қатынға айтты қылма фарияд,
Атасын дүние беріп айладық шат.
Билік баласының атасында,
Әр қандай алалық жоқ арасында.
Патшаның қызметінде тұрған адам,
Мәслихат баршалары қалды оңаша.
Жұмысқа риза болып нақрирдағы,
Берділер бес жүз тілла қатынға да.
Жақсылар өңкей өлмес дүниедегі,
Жұмысы бұл дүниенің дүниеменен.
Қолына бес жүз тілла алғаннан соң,
Қатын да риза болып жауап берген.
Қолына әулет қатында нәсіп алып,
Қатын да риза болып жауап берген.
Жоқ екен оқымыстан еш хабары,
Қалыпты араб айла қапаланып.
Тәуіпте даярланып пышақ қайрап,
Құшаққа ол баланы тездеп алып.
Жалынып ол патшаға жылай берді,
Бейшара қорыққаннан парияд айлап.

Жылады нала қылып көп қапаһат,
Отырған қайран қалды көп жамағат.
Бір қанша фарияд қылып жыласада,
Болмады падишадан бір мархабат.
Патшадан күдер үзіп, ғарып бала,
Деп айтқан я, Құдірет Хайи дана.
Баршаның бір өзіңде ықтияры,
Жаныма ықпал қылып қылды нала.
Патшадан күдер үзді һәм хикматынан,
Болмады еш мәрхәмәд басқалардан.
Болмаса рахматыңнан бір дарамат,
Кетпекке бір айналар бұғазынан.
Ата-анам көп дүниеге сатып мені,
Арқалап кетіп қалды көп дүниені.
Жаратқан Пәруардігар мехрибаным,
Хикмет бәрін қойып келдім саған.
Алланың осы уақытта пәрмені мен,
Патшаның ол балаға рахымы келіп.
Құшақтап мойынынан мекем ұстап,
Жылады сол уақытта қорықпа деп.
Тұр еді үміт үзіп бұл жалғаннан,
Бейшара жылай берді қуанғаннан.
Баланың Хақ әмірі мен тамған жасы,
Патшаның ағзасына бір-бір тамған.
Жасының хикматымен тамған жері,
Жазылды Хақ әмірімен тамғандары.
Қылған соң патша рахым ол балаға,
Құдайдың ол патшаға рахымы келді.
Жалынып қайсыбірі бір Аллаға,
Қылмағай инші Алла құр далалат.

Баланың көзін жасы қабыл болды,
Ақиқат жылаған соң падишаға.
Жарандар жалыныңыз бір Аллаға,
Тірлікті қор қылмаңыз жүріп босқа.
Дүниеде Тәубе қылып зар жылаңыз
Инші Алла қабыл болар мақшар жайда.
Бір Алла патшалардың падишасы,
Ойланып білмек керек патша-пенде асы.
Дүниеден үммәтім деп тілеп өтті,
Мұхаммад екі ғалам падишасы.
Бір күні Расул Құда түнде келіп,
Айшаның һужрасына барған кіріп.
Мүбәрак жүздеріне назар салып,
Айша һәм әдеппенен тұрды күліп.
Айшаға Расул айтты осал заман,
Себебін келгенімнің бек айлағын.
Қай түрлі себеппенен келген болсаң,
Тоқтамай жасырмастан қылшы баян.
Айша айтты я, Хазірет Расул Алла,
Тән-жаным жолыңызға болсын пида.
Қолымнан жуалдызым түсіп кетіп,
Таба алмай тұрып едім болып қапа.
Келдіңіз осал уақытта тысқарыдан,
Кірдіңіз осы уақытта тысқарыдан.
Мүбәрак жүзіңіздің нұрыменен,
Бақтыма үйдің іші болды раушан.
Қарадым әуел былай назар салып,
Қуандым жуалдызды тауып алып.
Көрген соң жүзіңізді жарқыраған,
Көңілім сол себепті хурсанд болды.

Көзінен Расул Құда жасын төгіп,
Аһ! – деп осы уақыт жылады көп.
Көңіліне бибі Айшаның келіп қалды,
Себебін жылағанның сұрайын деп.
Айша айтты я, Хазірет Әли жанап,
Мүбәрак жүзіңізді көрдім қарап.
Себебін біз ғарыпке білдіріңіз,
Тұрдыңыз не себепті дархал жылап.
Ан Хазірет жауабына болып машғұл,
Мүбәрак көңілдері болды малул.
Жүзімді қыяметте көрілмеген,
Хәлі не сол мешіттің болар мүшкіл?
Қатесі үммәтімнің еске түсіп,
Бұл күнде не қыларым біле алмадым.
Жоғалса бір адамның жас баласы,
Тұрғанда күдер үзіп ата-анасы.
Баласын сау-саламат тауып алса,
Төгілер қуанғаннан көзден жасы.
Әмір етіп қияметте Жаббар Халық,
Маһшарға жанның бәрі тұрса барып.
Көргенде әрбір ісін үммәтімнің,
Қуаныш әуелгіден болар анық.
Жанымды үммәт үшін қылдым жолан,
Жалынып жаратқанға неше ұлан.
Су ішпей тағам татпай тұрсам керек,
Көрсетіп үммәтімді қадір маулам.
Әуел уақта ташналық болар ғалып,
Көңілім болса керек суға талып.
Жәбірейіл Хақ әмірін ошал уақта,
Кушардан келтіргайлар сұрап алып.

Ташналик халатында көріп мені,
Ішкін деп я, Мұхаммад бергей аны.
Үммәттің ахуалынан қайран болып,
Ол уақта іше тұғын ахуал кәні?
Деп айтар я, Жәбірейіл пірадарым,
Батпайды үммәтімнің көрмей бәрін.
Көңілім үммәтімнан тынбайынша,
Жоқ еді су ішпекке уақытым менің.
Хазіреті бибі Айша қылып сауал,
Баян қып Ан Хазіреттің арзы үшін.
Үммәттің нышанасы қайсыдүр деп,
Айтқанда жауап айтты осал дархал.
Мүбәрак көздерінен төгіп жасын,
Айттылар үммәтінің нышанасын.
Уақытымен бес парызды ада қылып,
Шықпақты үммәт басы падишасын.
Құданың парыздарын қылса тамам,
Жан ділмен бейнетімді тыңдағаны.
Қойсалар қатра қылып үммәтлікке,
Айтқаны амал қылмай өзіменен.
Расулдың осы уақытта бибі Айша,
Болады жауаптары бұл тариқа.
Жақсылар бұл тариқа қорлық болмас,
Әмірін бекер етсе о, дариға!
Құрайыш пенделікте қылма бейғам,
Тауфиқы бір көңіліне, көзінде нам.
Пенденің көп жылаған құрметіне,
Жарылқа я, Раббана біздерді һәм.
Тұрамыз әмірің қылып кітап көріп,
Дайымы жүрмесек те соңына еріп.

Біздің де тұрмағымыз парыз екен,
Жалынып Құдамызға хабар беріп.
Парыздың қылмасақ та бәрін тамам,
Тұрады айтқым келіп келсе шамам.
Мұрғамы жалғыз осы көңілімдегі,
Наф алса деп сөзімнен көре қалған.
Жамағат біздерге айтпақ, сіз жарықтық,
Көресің өз ішіңді өзің нағып.
Адамдар жолы келген қылсаңыздар,
Айтуға және бір сөз келді жақын.
Сөз ұғып мәжілістен хатқа салған,
Көп сөздің көрінеді бәрі жалған.
Куәсі аят сөзбен Құрандағы
Көз көріп білмекке оны қылды арман.
Ғалымға үкім жүрмес шықса жарып,
Жүреміз кітап ашпай көзің көріп.
Айтайын Құрбандықтың мәні жайын,
Құлақ салғын мұсылман болып,көніп.
Мархабат Құдайымнан болып хабар,
Бір түрлі Ихсан турасында аяты бар.
Қай пенде құлшылыққа бел байласа,
Бұйырған Алла ісін қылып тұрар.
Әр пенде халы қымбат болып ақыл,
Болмайды бұйрықтан үстем ақыл.
«Ал әзәли латибек уа ансары» деп,
Құранда осылайша берген нақыл.
Мәнісі айтылады бұлайынша,
Деп айтқан намаз оқы қараңғыда.
Тағыда құрандық қыл деп бұйырылған,
Бір жылға он екі айдың бірісіні.

Уәжіп тұр бұл құрбандық мұсылманға,
Бір жерде мағұм болып усынғанда.
Мойнына қай пенденің болар лайық,
Мақтымды жабармекен қасымнан да.
Мәселен бір адамның болса малы,
Жайылып күні-түні жатса малы.
Артылып қажетінен төрт жүз теңге,
Осы екен құрбандықтың бұйырғаны.
Бір адам еш мал таппай болса жарлы,
Құрбандықтап әр күні келсе малы.
Құрбандық ол адамға уәжіп дерләр,
Қажетін қабыл етсе Жаббар Ғани
Бір адам бай боп жүрсе малдар жинап,
Еліне құрбан күні құран сыйлап.
Мойнынан бұл адамның сақыт болар,
Болмайды бір мал сой деп мұны қинап
Фақия Абу Лайс кітабынан,
Осындай риуаяттар болар мұннан.
Құрбандық мәселесін халайыққа,
Солай деп кітабында нақыл қылған.
Шамасы бұл тариқа келген адам,
Жолына құрбандықтың қойса қадам.
Айтайын сыр сыпатын біразірақ,
Жаратқан бір Алладан болса жәрдем.
Бұлайша айтқан екен Хазірет Әли
Шадиярлар адамдардың ең абзалы.
Құрбандық алмақ үшін үйден шықса,
Қайсыбір халі келген пақырғаны.
Әр басқан қадамына он хасанат,
Жақсылықты есебіне жазар қабат.

Өшірер он күнәсын ол адамның,
Дүниеде жүрген уақта өлмей жайнап.
Әм және он дәреже оған берер,
Сауда қып тұрған жерде және көрер.
Әр сөзін тасдық пенен тақил қылар,
Кәнеки адам болса бұған келер.
Теңгесін алған жерде сауда болған,
Жеті жүз жақсылықты берер оған.
Жақсылар әр жихатта құры қалмай,
Құранның қадірімен бұндай болған.
Жеріне соятұғын жетсе келіп,
Хасылын құрбандықтың көңліне алып.
Хайырдың жеті қабат бәрі мақлұқ,
Сауабын тәслім айтар сонда барып.
Ол малдың қаны ағып болса рауан,
Жаратар он періште тамғанынан.
Күнәсін ол адамның құдірет айлап,
Болғанша қиямет күн, ақырзаман.
Өзіне тиген етін қарасынан,
Шіріктің бөліп алды арасынан.
Қылғандары бір пәсіл азат болса керек,
Кітаптың көрдім қарап арасынан.
Хазреті Хаттаб заты азап шегіп,
Осындай күнә пенде қылды көріп.
Бәріде бұл сөздердің қапқан жайын,
Жалған Раббыға пейіл қылмас Ғаріп.
Зар еттім бір өзіңе Жаббар құдай,
Өтіпті әулиелер жылай-жылай.
Солардың құрметіне ғапу айлап,
Жүреміз мақсұт етіп, дайым ойлай.

Осындай мұсылманның мың бір ғапы,
Ғарқ болған күнәменен әуел ақыр.
Қылагөр жақсылардың қатарынан,
Күнінде ажыралған момын-кәпір.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button