Тамшы тамған жер

Мысырлық алым Имам Шарави мешітте сұраққа жауап беріп, әрі керемет уағыз айтады екен. Намазхандардың бірі:
-«Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жуындырған су қайда кетті?»-деген сауал қойыпты. Ғұлама жауап іздеп, бүкіл Расуллуллаһ жайлы жазылған кітаптарды ақтарып, уәж таппады. Мұхаммед- Мустафа (с.ғ.с) қайтыс болғаннан кейін үш күнге дейін жерленбеген. Өйткені халифа сайланбаған. Үш күннен соң Әбубәкір Сыддық ради аллаһ халифа болып, жерлеу рәсімін атқарған. Бірақ су туралы ешнәрсе баяндалмаған.
Имам Шарави екі ракаат намаз оқып, Рабби аьламинге жалбарынып жатып,түсінде Ұлы Пайғамбарымызды көреді.
-Уа, Алланың Елшісі, сізді жуындырған су қайда ақты?- деп сұрайды.
-Мені жуындырған суды Рабб ул иззат бұлтқа айналдырды. Ол бұлт бүкіл дүниені шарлап, қайжерге бір тамшысы тамса, сол жерге міндетті түрде Мешіт салынады,-деп жауап берді.
Мешітке барып, өткендегі сауалдың жауабын айтайын десе әлгі тыңдарман: «Түсімде қолында шырағы бар бір адам Ұлы Ұстазға ертіп барып, жауабын есіттірді. Құдайдың Құдретімен бұлтқа айналған судың жер бетіне түскен әр тамшысының орнына Алланың үйі салынады екен»,-деді.
-Сені қолында шырағданмен жетектеп жүрген адамның жүзіне қарадың ба? Ол-мен едім. Екі дүниенің сардары, ардақтымыз ғылыммен, ғұламалармен, тәлім берумен оны үйренішілермен тығыз байланыста болған. Пайдалы білім оны үйрету Мешіттерде-деп Имам Шарави жамағатпен бірге намаз оқуға кірісіпті. (Ислам тарихынан)
Ұлы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) қасиетті суының бір тамшысы тамған Ақсукент, Әйтеке би аулындағы ЛӘТІП қожа Мешітінде Аса Рахымды, Ерекше Мейрімді Хақ таьғала мумин-мұсылмандардың таьғат-ғибадаттарын қабыл етіп, дұға-тілектеріне, арман-мақсаттарына жеткізгей?!
Ләтіп ата Мешіті құрылысын бастап, оны халық игілігіне тапсырған Ләтіп қожа немересі, Раушанбекұлы Мұратқа көпшілік-ағайындар атынан алғысымыз шексіз.
Өмірі ұзақ, дәрежесі биік, бахытты, бала-шағасының рахатын көріп, екі дүниенің абатшылығына бөленсін.
МЕЙИРША ЛАТИФҚОЖА
Түркістан- Шымкент 01.02.2024 жыл.