Білген Шайыр айтады

Расулдан Бибі Айшаның рауаяты

ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ ФАСЫЛ

Өлгенде пенделерге көп қиын бар,

«Дахайық» кітапбында қылған изһар.

Анамыз Бибі Айша нақыл қылып,

Расулдың бір қадисін айта-дүрлар.

 

Бір күні Бибі Айша отыр еді,

Мешіттен құжырасына[1] Расул келді.

Айшаның тізесіне басын қойып,

Азырақ көзі ілініп, ұйқыға енді.

 

Қараса Бибі Айша назар салып,

Сақалы ағарыпты нышан кіріп.

Мүбәрәк көздеріне жасы келді,

Көңілінде мұндай қиял ойлап тұрып.

 

Ойланды «Расул Құда кетсе өліп,

Артында үмбет тұрар түрі нетіп?»

Пайғамбар ұйқысынан сонда оянды,

Көз жасы беттеріне тамып кетіп.

 

Назар қып расул Құда Бибі Айшаға:

«Себебін жыламақтың білдір маңа?»

Сақалдың ағын көріп көңіліне алған

Білдірді қиялының бәрін һәмма.

 

Айшаға бұл сөзді айтты шаһы әбрар:

«Өлгенде пенделерге көп қатер бар».

«Олардың қайсы бірі қауіптірек-дүр»,

Сен маған баян етіп әйла изһар.

 

Айша айтты: «Расул инсі уә жын,

Бұларды білмектікке данарақсың».

Пайғамбар Айшаға айтты: «рас ерур,

«Сөйтсе һәм білгеніңнің әйла раушан».

 

Айша айтты: «Адамзаттың шықса жаны

Табытпен тысқарыға шығарса әні.

Уәй атап дайанам деп айғай салай,

Артынан жүгірсе-ләр әулеттері.

 

Я болмаса, ол пенденің ата-анасы,

Төгілсе «перзентім» деп көзен жасы.

Өлгенде мұнан артық қиын болмас,

Артында жылап қалса қара басы.

 

Пайғамбар Айшаға айтты қылып изһар,

Ақиқат бұл айтқанның қатты дишуар[2].

Сөйтсе һәм пенделерге өлгенінде

Баян қыл мұнан артық қиындық бар.

 

Айша айтты: «Адамзатты алып барып,

Үстіне топырақ жапса, жерге салып.

Ақыры барша досты қайтып кетсе,

Қараңғы көр ішінде жалғыз қалып.

 

Пенденің сол болғай деп қиын халі»,

Расулға Бибі Айша білдірді әні.

Пайғамбар Айшаға айтты: «Мұнан артық

Мәлім ет, жапа бар-дүр қиын-лары?»

 

Айша айтты: «Я, Пайғамбар хабибуллаһ,

Бұл уақта сізге мәлім болса һәр не,

Мүбәрәк ләбізіңізден есітер ем,

Кәрәм қып білдірсеңіз бұл күн маңа?»

 

Айшаға изһар етіп, айтты Расул,

Пендеге өлгендегі қиындық бұл.

Ғассалар жұмақ үшін барғанында,

Халтілмен осы сөзді айтады біл.

 

Пенде айтар бір Алладан қасат беріп,

Жұмаққа тұрарсыз-лар сіздер келіп.

Денемнің барлығыда жараланған

Әзірейіл шеңгелінен бұл күн өліп.

 

Алыңыз киімімді жұмақ барып,

Қаттылық көтере алмам бұл күнде мен.

Бұл күні ажал жетіп, ғаріп болдым,

Болмаса менде едім сіздермен тең.

 

Өліктің киімінің бәрін алар,

Үстіне құймақ үшін су апарар.

Жан міскін халтіл бірлә париад етіп,

Оларға бұл сөзді айтып бек зарланар.

 

Деп айтар ыстық суды құйма маған,

Суық және құйма үшбу заман.

Денемнің барлығы да жаралы дүр,

Әзірейіл шеңгелінен болмай аман.

 

Жуғалы қалта киіп барса аңа,

Халтімен қасам беріп айтқай және.

Осы күн денелерім жаралы-дүр,

Қолыңды тигізбе дер қатты маңа.

 

Кебінге жуғаннан соң салса оны,

Ойласа, бас-аяғын байлағалы.

Жан міскін халтіменен парияд етер,

Бір лаһзе байламастан қой деп мені.

 

Әһле әйел әулеттерім бүгін келіп,

Қаласыңдар, амандасып мені көріп.

Мұнан соң ақырға ше көрмегім жоқ,

Жатамын қара жердің қойнына еніп.

 

Табытқа онан кейін салса-лар ниіз,

Ойланса асығыспен жүрмекке тез.

Алланың атымен кәләм беріп,

Халтімен жамағатқа айтады сөз.

 

Деп айтар көп асықпай жүріңіздер,

Бар еді әһле әйел, менде дос-жар.

Олармен амандасып ажырайын,

Арыз етіп айтатұғын сөздерім бар.

 

Әулетім жетім болып менің қалды,

Тастадым туыстарға және малды.

Алланың атымен ант беремін,

Ранжітпе ызар беріп жетімдерді.

 

Өлікті жаназа қып алып жүрер,

Адамдар арқасында қадам ұрар.

Жан міскін әлтіл бірлән парияд етті,

Зар жылап неше түрлі ауаз қылар.

 

Жаралған инсі, жыннан басқа жандар,

Есітіп ол ауазды тұрғай олар.

Деп айтар: «Жары, дос, әулеттерім,

Бірәдар дінге серік мұсылмандар.

 

Сіздердің баршаңызға бұл нақылият,

Ұмытпай көңіліңізге тұтыңыз жат.

Бұл дүние бағындырып мені алды,

Сіздерде айналдырып болмаңыз шат.

 

Бейнетпен жинап алдым бұл дүниені.

Бұл күні тастап кеттім сіздерге оны.

Туыстар шаттықпенен ішіп-жерсіз,

Менде тұр күнәсінің есептері.

 

Қоясыз жер астына мені сіздер,

Ұмытып көңіліңізде кетпеңіздер».

Жан міскін осы түрлі көп сөз айтты,

Нала қып, һадден артық қылады зар.

 

Онан соң жаназаға қатар тұрып,

Қайтқанда халықтың бәрі намаз қылып.

Алладан қасам беріп, парияд еткей,

Және де осы түрлі сөз білдіріп.

 

Деп айтар: «Ей, халайық, намазға кеп,

Айтасыз «осы жерде тұрмайын көп».

Жан міскін қапаланып, ғамкин болар,

Лақатқа меніменен бармадың деп.

 

Апарып көп ішіне оны салса,

Топырақпен үстін жауып қайтып янса.

Аллада қасам беріп бұл сөзді айтар,

Өзінің халтілімен жылай әнша.

 

Деп айтар: «Мехнат еткен бұл дүниенің

Бұл күні есе болып алдың бәрін.

Дүниеден ішіп-жемей өтіп кетіп,

Әлбетте мен беремін есептерін.

 

Ас ішіп, бір жапырақ жегенде нан

Бағыштап, жат етіңіз дұға бірлән.

Ұмытып көңіліңізде кетпеңіздер,

Қараңғы көр ішінде қала-дүр жан.

 

Дүниеден ажал жетіп, өлсе әр жар,

Тірінің дұғасына болады зар.

Атасы Қалабаның атты Әзиздан,

Бұл сөздің растығына бір дәлел бар.

 

Ол әзиз ұйқысында бір түс көрді,

Түсінде көп қабірге жүріп келді.

Қабірдің шеттерінен тысқа шығып,

Отырған өліктерді көзі көрді.

 

Алдында баршасының табақтар бар,

Нұр бірлән ол табақтар тола тұрар.

Олардың ортасында бір адамзат

Алдында табағы жоқ құр отырар.

 

Ол Әзиз мұны көріп қайран қалды,

Табақсыз тұрған жанға жақын барды.

«Не үшін алдыңызда табақ жоқ» деп,

Себебін сауал етіп сөзге салды.

 

Ол өлік Әзизге айтты қылып изһар,

Олардың қиыш таба әулеті бар.

Бұларға Құран оқып, дұға қылып,

Садақа, қайырды һәм бере-дүрләр.

 

Олардың бұл себептен көп-дүр нұры,

Менің һәм бір ұлым бар, білгін мұны.

Мен үшін Құран оқып, дұға қылмай,

Һәм және қайыр етпейді дүние пұлы.

 

Сол үшін табағым жоқ, болдым ғаріп,

Бұлардан отырамын көп ұялып.

Қалаба ұйқысынан сонда оянды,

Бұл көрген оқиғаға қайран қалып.

 

Ұғылына іздеп келді, болды-лар кез,

Сөйледі көргенінің баршасын тез.

Ұғылы айтты: «бұл сөздердің жалғаны жоқ,

Дұға қып, қайыр етпедім әсілі әркез.

 

Енді мен тәубе қылдым бұл істерден,

Өмірімше қайыр, дұға қыла-дүрмән».

Дұға қып, атасы үшін қайыр беріп,

Қаншама уақыт өтіп кетті мұның бірлән.

 

Қалаба ұйқысында көрді және,

Өліктің тысқа шыққан бәрі һәмма.

Қабірдің жағасында сұқпат айтты,

Аспаннан нұр табақтар түскен аңа.

 

Ілгері бұл өлікке құр отырған,

Алдына табақ кепті тола нұрдан.

Бәрінен жарық сәулесі асып тұрар,

Күн мысал шұғыла беріп зыя қылған.

 

Ол өлік Қалабаны және көрді,

Алдына тездеп жетіп келді.

Деп айтты: «Ей, Қалабан сен айтқан соң,

Перзентім садақа қып һәр не берді.

 

Сауабын бағыштады, оқып Құран,

Сол үшін бұл дәулетке ұшырадым мен.

Сәнә һәм Жаппар Құда рақмет беріп,

Құтқардың себеп болып бұл мехнаттан.

 

Пенденің өлгендегі үшбу халі,

Ақыры сондай болар халықтың бәрі.

Алланың дәргаһында көп күнә-дүр,

Жыламақ парияд етіп қалғандары.

 

ЖИЫРМА БЕСІНШІ ФАСЫЛ

Мұсибаттың баяны

 

Өліктің оқиғасын қоя тұрып,

Айтайын мұсибаттан зікір қылып.

Қазаға разы болып сабыр етсін,

Уәде мен уәделерін әркім біліп.

 

Өлімнен әр кісіге қайғы жетсе,

Киімін ғазаппенен пара етсе.

Һәм және көкірегіне қолын ұрып,

Ауаз қып жылағаны һәдден өтсе.

 

Күнәсі жаратушы бір Алламен

Найза алып ұрысқанмен болады тең.

Төменде айтылатын үшбу сөзді

Зікір етіп білдірейін мен қадиспен.

 

Әр кісі дарбазасын қылса қара,

Қол ұрып киімдерін етсе пара.

Дүкенін ядырақтың қарап қылып,

Үзсе-лер денесінің қылын және.

 

Әр қылы әр дарақтың санынша біл,

Өлгенде жатса керек тозақта бұл.

Һәм жане жетпіс нәби қанын төгіп,

Гөйһае Аллаға шәк қылады ая құл.

 

Бір Құда қабыл етпес сауаптарын,

Садақа, нәһіл дуға, парыз бәрін.

Бұлардың бірде-бірі қабыл болмас,

Кеткенше дарбазадан қарасы әнің.

 

Қабір һәм болса керек қараңғы, тар,

Есебі мақшар болар дишуар.

Баршасы ол пендеге лағынет айтар,

Аспан, жер арасында періштелер.

 

Жазғайлар амалына мың күнәсі,

Тұрғызар жалаңаштап көрден әні.

Жүзіне қайсы пенде қолын ұрса,

Ол құлға харам болар Хақ дидары.

 

Өлімге көп жыласа қайсы пенде,

Әзірейіл ауаз қылып атар әнда:

«Алланың атыменен ант беремін,

Не пайда жыламақтан бұл күн саңа?»

 

Мен, жыласаңыз қапаланып,

Тұрармын Хақ әмірімен жанын алып.

Әгарда өлік үшін жыласаңыз,

Лажысыз жатып-дүрлар ажыз қалып.

 

Алланың қазасына ырызаланбай,

Жыласаң пенделікті мойныңа алмай,

Бұл пейілің шәк келтірген кәпірлердей,

Жан алып мекеніне қайтып янғай.

 

Және бар Пайғамбардың бір қадисі,

Өлімге жылар болса қайсы кісі

Адамдар атырапында көп отырып,

Олардың ырзалықпен болса хошы.

 

Бәріне бір Алладан лағынет жетер,

Мәлеккут парияд һәм лағынет етер.

Алланың лағынетіне ұшырағаннан

Иманның зәһіл болмай нұры кетер.

 

Өлгендер жылағанмен қайтып келмес,

Жылауды шариғат қабыл көрмес.

Алланың наһи[3] қылған мүңкір ісін,

Қылмаққа мұсылманға лайық емес.

 

Жылады ілгері һәм қанша кісі,

Таппады мүдәғасын ешбірісі.

Хазіреті Имат Хасен қатынының

Айтпаққа ләзім болды қылған ісін.

 

Дүниеден ажал жетіп Хасен өтті,

Артықша қатынына қайғы жетті.

Қабірінен күні-түні еш кетпейді,

Отырып өне бойы бір жыл өтті.

 

Әлқисса, екінші жыл болды-лар баз,

Қабірдің тарапынан келеді ауаз:

«Осынша мехнат етіп отырғанмен

Зайыбың келді ма?» деп қылады ағаз.

 

Ибырат-дүр білгендерге үшбу нақыл,

Өлгенге көп жыламас болған ақыл.

Аузын бәлент етпей көз жасы қып,

Жылаған шариғатқа болғай мақұл.

 

Ыбырайым пайғамбардың еді ұғылы,

Дүние деп жастығында сапар қылды.

Көзінен расул Құда жасын төгіп,

Неше күн аза тұтып жылап жүрді.

 

Әбдірахман Әуіптің ұғылы мұны көріп,

Арыз етіп пайғамбарға айтты келіп:

«Өліктің арқасынан жыламақтық,

Біздерді сіз тыйдыңыз хабар беріп.

 

Жылауды қойып едік ілгері біз,

Өзіңіз көз жас ғып жылай-дүрсіз.

Я, расул, қайсы дүрсіз пәрмен етсең,

Әміріңе жан-ділмен мутиқ-дүрсіз.

 

Пайғамбар Әуіп ұғылына қылды пәрмен,

Мен айттым екі түрлі жылаудан мән.

Біреуі – ауаз естіп парияд етпек,

Екінші – бәйіт айтса, нағыма бірлән.

 

Пендеге бір мұсибат қайғы жетер,

Парияд қып жыламастан сабыр етер.

Көзіне лажы жоқ жасы келіп,

Көңілі Хақ раһметімен еріп кетер.

 

Ол құлда Хақ раһметі бола-дүр деп,

Көзіне жыласа жастары кеп.

Мұсибат тұрасында изһар еткен,

Расулдың осы түрлі қадисі көп.

 

Өлімге сабыр еткенге уәдесі бар,

Ауаз қып жылағанға ғазабы бар.

Хазіреті ибн Аббас Нақып еткен,

Расулдың бір қадисін әйлап изһар:

 

Әуелі күллі мақлұқ жаралғанда,

Әміре етіп құдіретімен Хақ қаламға.

Төменде айтылатын үшбу сөзді

Мақбұзға изһар етіп жаздырды Алла.

 

Мақбұзға жазған хаттың мазмұны бұл деп айтады:

 

«Мен ақиқат Құдаймын біл,

Екінші менен бөлек еш Құдай жоқ.

Мұхаммед расулым-дүр һәм маған құл!»

Қазама қайсы пенде мойын қиса,

Бәлеме сабыр етіп қарап тұрса,

Аз-көп деп батыл қиял көңіліне алмай,

Мен берген нығыметіме шүкір қылса.

 

Бұл айтқан пәрменімді қылса әр жан,

Сыдыққы[4] амалына жаза-дүрмән.

Исрапыл сүрін тартып тіліргенде,

Һәм және тұрса керек Сыдық бірлән.

 

Қазама мойынсынбай тұрса пенде,

Бәлеме сабыр етпесе менің әр не.

Мен берген нығыметіме шүкір етпей,

Айтса-лар нашүкірлік[5] сөзді маңа.

 

Астынан аспанымның шығып кетіп,

Іздесін басқа Құдай талап етіп»

 

Мақбұзға осы түрлі сөз жаздырды,

Қалауын пендесіне Хақ көрсетіп.

 

Жақсылар, ашып қара, ибырат көзін,

Мақбұзға мәлім етіп айтқам сөзін.

Алланың қаһарына қарсы болмай,

Сақтасын бұл пейілден әркім өзін.

 

Пендеге мұсибаттік келген күні,

Жат етіп Хақтың атын алса тілге,

Жіберген бәлесіне сабыр етіп,

Қайғы, қам келтірмесе зәре ділге.

 

Осылай мінез қылып тұрса әр құл,

Алланың ырызалығын қылғаны бұл.

Лағынетті шайтанды да жеңіп алып,

Басына тас-топырақты шашқаны бұл.

 

Сабыр етпек мұсибатқа артық ерур,

Сүйікті құлдарына Алла берер.

Бәленің кәтталары пайғамбарға

Онан соң әулиеге және келер.

 

Хақ жолда жақсы болса қайсы пенде,

Әр түрлі мұсибаттар келер аңа.

Ақыры құрсандыққа жетісер-ләр,

Сабыр етіп, разылықпен тұрса әнда.

 

Бұл сөздің кітаптарда бар дәлелі,

«Әссәбуру мусретаділ фәрһ

Һадитілі бір Құда

Мәртебесін артық етер

Пенденің қайғы көрсе қайсы бірі».

 

Әркімге қайғы-қасірет жетсе пәле,

Күнәға каһа-дүр бәрі һәмма.

Сабырдың дәрежесін мәлім еткен

Өзінің кәләмінде Алла Тағала.

 

Құранда сүресі бар «Бақыраның»,

Ісләм бұл тәпсірінде айтар әнің.

Бір Құда құдіретімен ажыратар-лар,

Момынның тұтылғылардан асыл әрін.

 

Базының дұшпандарын қылар ғалып[6],

Базыға қаһатлікпен[7] аштық салып.

Базылар ораза тұтып, зекет берер,

Базына сынағайлар малын алып.

 

Базы бір пендесіне кесел берер,

Базының нәпсісіне кемдік келер.

Аспан, жер апатына душар болып,

Базылар неше түрлі пәле көрер.

 

Базының миуасы бар дарақтардан,

Жоқ қылып бір себеппен қояр бәрін.

Базының миуа мысал ұғылын алып,

Көңіліне қайғы-қасірет салғай әнің.

 

Пендеге осы түрлі пәле келсе,

Баршасын ырза болып Хақтан көрсе.

«Не қылса өз мүлкі-дүр, құлымыз» деп,

Өзінің пенделігі көңіліне енсе.

 

Өлген соң деп ойласа «тірілерміз,

«Инна лилла уәмина илайһе ражун» деп айтса-лар сөз.

Алланың салғанына разы болып,

Алмаса басқа қиял көңіліне әркез.

 

Осы құлға рақметі мен нығыметі бар,

Жәннатта өлгенінде орнын қылар.

Бұл пейілін сабырларға хабар беріп,

Расулға айтқаны-дүр білсең бұлар.

 

Сабыр еткен пенделерге жақсылық көп,

Айтқанмен ада болмас имканға кеп.

Өзінің кәләмінда хабар берген

Бір Құда «Һесбуру сабыр-ан жамилан» деп.

 

Бұл аят мәнісінде ибн Аббас,

Тәпсір қып осы сөзді айта-дүр бәс:

Қазаға, я пәлеге душар болып,

Дүниеде мұсибатты болса әр кәс.

 

Ахуалын сұрамаққа біреу келсе,

Қайғысыз ол адамды құрсант көрсе.

Бұл үйде мүсливатты адам жоқ деп,

Есіктен келушінің көңіліне енсе.

 

Деп айтады «Сабыр-ан жәмил» үшбу ерур,

Қалаған пендесіне Алла берер.

Намазда, таһаратта, әр амалда,

Сабыр етіп, істемектік лазым дей-ур.

 

Көп жандар ер-қатыннан өткен бұрын,

Артықша сабырлы етті базы құлын.

Кейтінгі естігендер ибырат алсын,

Бұл жерде білдірейін айтып бірін.

 

Бір қатын салеһ еді құп фәрһизгар[8],

Емізген бір жас ұғылы ерді-ләр бар.

Бір күні қамыр илеп, нан жаппаққа,

От жағып тандыр ішін қыздырды-лар.

 

Бесіннің оқитұғын уақыты кірді,

Алмаққа таһаратының қамын қылды.

Қасына жас баласын отырғызып,

Намазға ниетін ғып тіке тұрды.

 

Ол бала тұрамын деп талаптанды,

Тандырдың дәл аузына жақын барды.

Көзінің ұшыменен салеһ қатын

Баланың ахуалына назар салды.

 

Зәредей ойланбады көңілін бөліп,

Намазға асықпады бір мүдіріп.

Ақыры жас баласы аунай-аунай

Үстіне жанған оттың түсті келіп.

 

Онан соң көңіліне алмай қайғы-қамын,

Намаздың ада қылды тамам бәрін.

Қол жайып, ақырында дұға қылып,

Оттағы баласының көрді халін.

 

Қараса от ішінде отыр бала,

Зәредей ешбір зарар тимепті аңа.

Баласын қолына алып құрсанданып,

Шүкір етті шыныменен бір Аллаға.

 

Сабырдың шарапаты мұның бәрі,

Білдірдім ибарат үшін айтып әні.

Өлгенде неше ессе мұнан артық,

Ол құлға Алланың бар уәделері.

 

Уәдесі аһле сабыр жәннатқа енер,

Дәрул һамду атты жайдан орын берер.

«Мәзікі Мафус» атты бір кітаптан

Бұл сөзге тәліп болған шәрпін көрер.

 

Және де «Музакида» бар-ды бұл сөз,

Біреудің ұғылы-қызы өлсе-ләр тез.

Алланың қазасына ыразыланып,

Алмаса нашүкірлік көңіліне һәркез.

 

Баланың жанын алған періштеге,

Айта-дүрләр нида қылып Алла аңа:

«Ол пенде баласы үшін бауыры күйіп,

Қай түрлі сөз айтады бұл құп маңа».

 

Мәлектер: «Е, Құдая, хакімі кул,

Айтпастан тәлім-ерур өзіңе бұл.

Ол пенде өзі беріп, өзі алды деп,

Қазаңа разы болып сөйледі тіл».

 

Алла айтар періштеге: «Жылдам барып,

Жәннаттан даяр еткін, бір үй салып.

Өлгенде ол пендемді кіргіземін,

Қазама тұрған үшін ырызаланып.

 

Қойғыл дер «Дәрул һамду» оның намын,

Періште айтқан істің қылар бәрін.

Кеңдігі бұл дүниедей неше болар,

Кіргізер сабыр етуші пенделерін.

 

Және де осы сөзді Әзіреті Әлі,

Сабырдың үш қысым-дүр білсең бәрі.

Біреуі тағат еткен мезгілінде,

Артықша болса керек сабырлары.

 

Өлімге сабыр ет деп айтты және,

Һәм және сабыр ет деді келсе пәле.

Тағатқа сабыр еткенге қиямет күн,

Алтын жүз бергей деді дәреже аңа.

 

Аспан, жер арасындай әрбірісі,

Айтылған ілгеріде рең-түсі.

Тоғыз жүз дәрежені ақтан алар,

Пәлеге сабыр қылса әрбір кісі.

 

Әрбірі алыстықта аршы аламнан,

Жеті қат жер астына болады тең.

Мұхаммед үмбетімін деген құлға

Бір Құда нәсіп етсін сабырлықтан.

 

[1] Құжыра /а/ – юөлме, үй.

[2] Дишуар /п/ – қиын, ауыр, азапты.

 

[3] Наһи /а/ – тыйым.

 

[4] Сыдыққы – әділ, таза, шын.

[5] Нашүкірлік – шүкірсіздік.

[6] Ғалып /а/ –  жеңу, үстем болу.

[7] Қаһат /а/ – жетіспеушілік, аштық.

 

[8] Фәрһизгар, Парһиз, парһизкар /п/ – ұстамды, салмақты, тәрбиелі.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button