Бір суреттің сыры

Қорым қараусыз қалды

Көне Сауран қаласы маңында қожалардың екі көне Қаратөбе, Мамыт Ата мазараттары бар. Мамыт Ата мазаратына әлі де қойылады. Қазір бұл қорым аралас пантеонға айналған. Ал, Қаратөбе мазараты жабылған. Осы қорым соңғы кезде тозып барады. Қожалар әулетінен шыққан адамдардың бейітінің басына қойылған құлпытастарындағы шағатай тілінде аты-жөні көрсетілген жазулар өше бастаған. Бұл мазарат орналасқан аумақ Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бесарық ауылдық округына қарайды. Сол Қаратөбе мазараты маңында 1950 жылға дейін қожалар ауылы болған. Тың игеру жылдары колхоздарды совхоздарға біріктірудің салдарынан бұл ауыл таратылған. Қазір ол жерде ешкім тұрмайды. Ата-бабаларымыз жерленген осы мазаратта кімдердің жерленгендерін анықтамасақ, құнды жәдігерлерден айрылып қалуымыз ықтимал.

Айтқожа Оразқожаев, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button