Құраннан 100 үгіт
Дөрекі, тасжүрек болма. (3:159)
Ашу-ызаны жұт. (3:134)
Басқаларға жақсылық жаса. (4:36)
Өркөкірек болма. (4:36)
Кешірімді бол. (7:199)
Адамдарға жылы сөзді бол. (20:44)
Дауысыңды түсір. ( 31:19)
Басқаларды масқаралама. ( 49:11)
Ата-анаңды тыңда. ( 17:23)
Оларға қатты сөйлеме. ( 17:23)
Олардың бөлмесіне рұқсатсыз кірме. (24:58)
Қарыз алды-берді қылғанда, жазып қой. (2:282)
Ешкімге көзсіз еріп кетпе. ( 2:170)
Егер қарыздар қиын жағдайда болса, оған қосымша уақыт бер. (2:280)
Өсімқорлық қылма. (2:275)
Пара берме. (2:188)
Сертіңді бұзба. (2:177)
Аманатқа адал бол. (2:283)
Әділетті зорлыққа араластырма. ( 2:42)
Адамдар арасында әділетпен үкім жаса. (4:58)
Әділет үшін берік тұр. ( 4:135)
Қайтыс болған адамның мирасын әділетпен бөл. (4:7)
Әйелдердің әділ мирастан үлесі бар. (4:7)
Жетімдердің дүниесін жеме. (4:10)
Жетімдерді қорға. (2:220)
Біреулердің дүниесін зорлықпен жеме. (4:29)
Адамдармен бірге өмір сүр. (49:9(
Күмәннен шетте бол, ( 49:12)
Тыңшылық істеме, жала жаппа. (49:12)
Кім алла жіберген нәрсемен іс тұтпаса, олар залымдардан. ( 5:45)
Дүние-мүлкіңнен садақа бер. ( 57:7)
Әлсіздерге тамақ беруге басқаларды қызықтыр. (107:7)
Шын пақырларды тауып, оларға жәрдем бер. (2:173)
Дүниеңді ысырап қылма. ( 17:29)
Садақаңды міндет және азармен бекер етпе. ( 2:264)
Қонақтың көңілін аула. ( 51:26)
Адамдарды жақсылыққа шақырғанда, алдын амалды өзің жаса. (2:44)
Жер жүзінде бұзғындық жасама. (2:60)
Адамдарды мешітке барар жолдан қалдырма. ( 2:114)
Саған қарсы соғысқанда ғана, сен де қарсы соғыс. ( 2:190)
Ұрыс әдебіне де құлақ қой. (2:191)
Шайқаста артқа қарап қашпа. ( 8:15)
Дінге мәжбүр ету жоқ. ( 2:256)
Барша пайғамбарларға иман келтір. ( 2:285)
Етеккір кезінде жыныстық қатынасқа барма. ( 2:222)
Перзенттеріңді толық екі жыл еміз. ( 2:233)
Зинаға жақындама. ( 17:32)
Басшыны қабілетіне қарап таңда. ( 2:247)
Ешкімнен шыдамынан артық нәрсені талап етпе. (2:286)
Бөлініп кетпе. ( 3:103)
Әлемнің жаратылысына ой жүгірт.( 4:23)
Еркек, әйелдер ізгі амалдар қылғанда, ажратылмай бірдей сыйлықтанады. (3:195)
Қаны жағынан туысқан әйелдерге үйленбе. ( 4:23)
Еркектер әйелдерге басшы. ( 4:34)
Сараң болма. ( 4:37)
Көре алмаушылық жасама. ( 4:545)
Бір біріңді өлтірме. ( 4:92)
Сатқындарды қорғама. ( 4:105)
Күнә және дұшпандық жолында қамқорлық қылма. ( 5:2)
Жақсылық пен тақуа жолында қамқорлық қыл. (5:2)
Бір жолда көпшілік болса, ол сол жолдың дұрыстығына дәлел болмайды. (6:116)
Әділетті куә бол. ( 5:8)
Ұрылардың қолын кес. ( 5:38)
Күнә айту мен арам таратудан қайтар. (5:63)
Өлімтік, қан, шошқа еті арам. ( 5:3)
Мас қылатын нәрселерден аулақ бол. ( 5:90)
Құмар ойнама. ( 5:90)
Алладан өзгеге табынатындарды сөкпе. ( 6:108)
Өлшеу мен таразыда әділетті бол. ( 6:152)
Жеп-іш, бірақ ысырап қылма. ( 7:31)
Намаз кезінде лайықты киім ки. (9:6)
Дәретті жүр. (9:108)
Пана сұрағанға пана бер. ( 9:6)
Алланың рахметінен үмітсіз болма. ( 12:87)
Алла білместен жаман амал істегендерге кешірім жасайды. ( 16:119)
Алла жолына даналық және жақсы уағыздармен үндеу жаса. ( 16:125)
Ешкім өзгенің күнәсін көтермейді. (17:15)
Перзенттеріңді кедейліктен қорқып өлтірме. ( 17:31)
Өзің білмеген нәрсеге ерме. (17:36)
Құдайсыз нәрседен жүз үйір. (23:3)
Біреудің үйіне рұқсатсыз кірме. ( 24:27)
Алла өзіне иман келтіргендерді қауіп-қатерден аман сақтайды. ( 24:55)
Жер бетінде шүкіршілікпен жүр. 25:63)
Дүниедегі несібеңді де ұмытпа. ( 28:77)
Алладан басқа ешқандай құдайға табынба. ( 28:88)
Еркектерге жыныстық жақындық жасама. ( 29:29)
Жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтар. ( 31:17)
Жер бетінде бір өзіңдей болып, көкіректенбе. (31:8)
Әйелдер ашық-шашық жүрмей, өзіне лайық болып, үйде отырсын. (33:33)
Алла барша күнәларды кешіреді. (39:53)
Жамандыққа жақсылықпен жауап қайтар. ( 41:34)
Алланың рахметінен үмітсіз болма. ( 39:53)
Істеріңді өзара мәслихатпен жүргіз. ( 42:38)
Алланың алдындағы ең құрметтілерің ең тақуалыларың. (48:13)
Дінде қарсыластық жоқ. ( 57:27)
Кімге білім берілген болса, алла оның дәрежесін көтереді. ( 58:11)
Мұсылман еместермен жақсы және әділетті қатынаста бол. ( 60:8)
Өзіңді ашкөздіктен құтқар. ( 64:16)
Аллаға мадақ айт. Әлбетте, алла кешірім беруші және рақымды. ( 73:20)
Тіленшіні жекіме. ( 93:10)
Кәрім Аппазовтың Фб алынды