Қайрат Есенгелдіұлы – 50 жаста

Қазақта «атасынан, анасынан айналайын» деген ұғым бар. Ерекше сүйсінгеннен айтылары қаһ. Осы сөзді Алла табыстырып, туыс, аға-бауыр еткен Есенгелдінің ұлы Қайрат бауырыма деген ерекше құрметпен ата-анасына айтар едім. Жан дүниесі маржандай таза, жүрегі жақсылық пен ізгілікті жиған сыр сандықтай асыл адам. Иман нұры шалқыған, қаһтан нәр алып тұрғандай сезіледі. Сыр өңіріне барсаң Анаңдай құшағына алып, атаңдай еркелететін жүрегіне, адамға деген махаббатына риза болып қайтасың. Әулетінің қамқоршысы, жақсы Аға атанған жанды елінің үлкен-кішісі құрметтеп жатады. Анасын ардақтап, Әкесін қүметтеп, Жарын аялап, ұрпағына ұлағатын төгіп жүрген бауырды «Аға» деп құрметтеймін. Әр ағаның, әр ру басының сөзін аманат ретінде қабылдайтын жүрегі бөлек. Алыстағы ағайынды жанына жақындатып, жатты бауыр етіп жүретін Қайратжанға баршамыз ризамыз. Сыр өңірінен құтты қоныс теуіп, ұлағатымен ел есінде сақталып, қасиеттерімен қастерлі болған Қожа бабаларымыздың мәңгілік жайларын ерекше қамқорлыққа алып, ағайынға ұйытқы болуы баршамызға үлгі-өнеге. Қайратжанның өмір жолына үңілсең қиында, қызық, қуанышты сәттері бар. Сынға сынбаған, қиналғанда сыр бермеген беріктігіне таң қаласың. Құласа да, қайта тұрып өзінің жақсы атын айшықтаған бауырым – Ұлы адам. Ұлылылығын мойындадым. Оның ақындығы, әншілігі бір басқа. Шежіремен жұмыс жасауы, әр тармақтың тарихына мән беруі өзін құрметтеуден туындаған. Қайрат Есенкелдіұлын мақтаудан гөрі. Онымен мақтану керек. Азаматтың ажарын ашып, бағын тасытып, әр әкелген қонағына құрмет жасайтын Келін Шақырынсаға ерекше ризашылығымды білдіргім келеді. «Мықты Азаматтың артында дана Әйел тұрады» деген ұғымда нақ айтылған. Сыр бойы даналықтың, ұлылықтың мекені десем әр перзенті осы даналықтан тәлім алып, ұлылықтың бұлағынан қанып ішкен. Менің бауырларым сондай жандар. Бүгінгі күні менің бауырым Қайрат Есенгелді ұлы мен Шақырынса келін жарты ғасырды еншілеп, өмірдің келесі кезеңіне бата-тілекпен қадам жасауда. «Жақсы адамдар өмірдің көркі, көңілдің сәні» десем менің бауырларым сондай жандар. Қайрат бауырым, қадірлі Шахи келін туған күндерің құтты болсын. Ұрпақтарыңмен мың жасаңдар. Алла тіл-көзден сақтап, алдымызда абыздық жасқа жетіңдер.
Құрметпен, Бекзат Алтынбек








