Әлқисса, сонда ол адам айтты:–
Менің затым – мұсылман, атым–
Тыңдаушы деген едім.
Елімізді жау шауып, мен елсізде жүргелі жеті жыл болды, ермексіз болған соң, жер астында бір хан қыз ұзатып, той қылып жатыр еді, соны тыңдап жа-тырмын, – дейді.– Енді менде сізбен бірге ел табайын,– деп, бірге жаяу жолдас болып жүреді.
Екеуі жолдас болып бірге жүрді,
Арада неше күндер ойнап-күлді.
Екеуі тағы бір жыл бірге жүріп,
Бір үлкен өзен-суға кез болды енді.
Жағалап ол өзенді келе жатыр,
Серік боп бір-біріне екі батыр.
Бірі атты, бірі жаяу келе жатса,
Бір адам мылтық ұстап, қарап отыр.
Қасына іркілместен жетіп келді,
«Бұл кім,– деп,– мекен қылған жалғыз көлді?
Әуелі кім екенін білелік»,– деп,
Қасына жақын келіп, сәлем берді.
Ол-дағы сәлем алды түрегеліп,
Тұрады не сұраса жауап беріп.
Мұсылманша тіл біліп, сөйлескенсоң,
Барады екеуінің көңілі еріп.
«Ай, ата, жапан түзден ағып жүрсің?
Қай жұрттан, қайрудан, нәсілің кімсің?
Қолыңда мылтығың бар, жолдасың жоқ,
Жөніңдіайт, балаларыңестіпбілсін».
«Айтайын мен жайымды, балам,– дейді,–
Көңілім қуанып тұр саған,– дейді. –
Далада аңда жүріп, білмей қалдым,
Ел үркіп, кетіп қапты тамам,– дейді. –
Кеткенін елдің қайда біле алмадым,
Қаңғыры пеш бір жаққа жүре алмадым.
Бұрынғы менің елім мекені осы,
Кетуге мұны тастап қия алмадым.
Еліміз мұнан үркіп, кеткен жосып,
Сіздерге кез боп тұрмын Құдай қосып.
Кеше түсте атып ем бір аққуды,
Отырмын осы жерде соны тосып.
Әрқашан құс ауаға ұшушы еді,
Қайратым сонда менің қысушы еді.
Ауада ұшқан құсты бүгін атсам,
Уақытында қайта айналып түсушіеді.
Сөйледім мен жайымды сіздерге енді,
Сіздерде маған енді айт жөніңді».
Бұларда бастан-аяқ айтты сырын,
Сол уақытта аспаннан аққу келді.
Аққуды алып, бұлармен жүрді бірге,
Бір Құдай жолдас қылды Дотан ерге.
Екі жаяу, бір атты жолдас болып,
Келеді неше күндік алыс жерге.
Үшеуі жолдас болып, бірге жүрді,
Сапарда бірнеше күн ойнап-күлді.
Үшеуі жолдас болып келе жатса,
Аң қуған бір жаяуды көзі көрді.
Өзінің тоты құстай басы бар-ды,
Мөлшері жиырмада жасы бар-ды.
Ол жаяудың қасына жақын келсе,
Екі аяқта қазандай тасы бар-ды.
Үшеуі аяңдасып жетіп келді,
Сөйлескелі көңілі кетіп келді.
«Тасбайлап, зыр жүгірген неткен жан?»– деп,
Күлісіп, көп тамаша етіп келді.
Киікті жаяу қуып ұстап алды,
Бұларжақынкелгенсоңтұрақалды.
Екі аяқта қазандай екі тасқа,
Киік ұстап алғанға қайран қалды.
Киікті ұстап, бұларға қарап тұрды,
Көрдіде үшеуіне сәлем берді.
Сәлем алып, үшеуі жауап қылды:
«Дүниеде көрмедік,– деп,– сіздей ерді».
«Сұрасаң, менің атым– Желаяқпын,
Адамзаттан шыққан бір қу аяқпын.
Екі аяққа екі тас байламасам,
Тоқтамай, ғайып болып кетер-ақпын.
Қызырдың маған тиген дұғасы бар,
Құданың өзі берген қуаты бар.
Жапан түзде жүрген мен тірі ғайып,
Айтайын мен жайымды, сұрасаңдар.
Мен өзім тірі ғайып түзде жүрген,
Әркімге жолдастыққа іздеп жүрген.
Ұшқан құстан басқаны жібермеймін,
Бір Құдай осылайша қуат берген.
Ағалар, мен жайымды айттым саған,
Сіздерде айт жайыңды енді маған.
Бұ жермен еш адамзат жүрмеуші еді,
Айдаған не себептен АллаТағалаң?»
Бұларда Желаяққа сырын айтты,
Қалдырмай, бастан-аяқ бәрінайтты.
«Күнікей– Шынтемір хан қызы,– дейді,
Сол үшін барамыз»,– деп барын айтты.
Бұлардың айтқан сөзін біледі енді,
Алладан ізгі пәрмен тіледі енді.
«Сіздермен менде бірге барамын»,– деп,
Желаяқта ілесіп жүреді енді.
Қосылып, бұл төртеуі жол жүреді,
Күн-түні есебі жоқ, мол жүреді.
Бір жылдай жол жүрген соң алдарынан
Тағыда бір адамзат кез келеді.
Әлқисса, бұлар келіп, ол адамға сәлемдесіп, жөн сұрасады. Ол адам айтты:– Мен Көз байлаушы едім, ермек қылып, әр нәрсемен ойнап жүремін. Өздеріңізге жол болсын?– дейді. Сонда бұлар мән-жайын айтты, одан кейін Көзбайлаушы һәм бірге жүрді.
Басында жалғыз еді, бесеуболды,
Оңдағай патша Құдай енді жолды.
Аз да болса, жолдасыбәрі мықты,
Бөгейтін әрқайсысымың-мың қолды.
Ат болды алты жасар Қаракөк тай,
Жолдан жолдас қосылып, көңіліжай.
Хазіреті Қызырдың жәрдемімен
Бұларды берген екен патша Құдай.
Жүргелі бұлар тағы бір жыл болды,
Көреді тірі пенде әр бір жолды.
Қаракөк тұлпарының жүрісіне
Дотанның жылдан-жылға көңілі толды.
Келеді неше қабат тау данасып,
Бір Құдай жапан түзден нәсіп шашып.
Келе жатса, үш биік сүмбіл шырпы,
Алдында төбенің тұр қатарласып.
Ол тауға жетелік деп аяңдайды,
Жүруден қайран жанын аянбайды.
Шетіндегі екі тау қимылдап тұр,
Қорыққаннан қасына таянбайды.
Дотанның жібер еді жалғыз өзін,
Айтқан соң қайырмады жолдас сөзін.
Қол бұлғап, жолдастарын шақырады,
Үштауға өзі барып жақындады.
Олтауларға ЕрДотан сәлем берді,
Алдына жетіп барып, жөн сұрады.
Сәлемін жақсы құптап, алады енді,
Жолдастары қасына барады енді.
«Қалай,– деп,– қоқаң-қоқаң еткендерің?»
Таулардан мәні-жайын сұрады енді
Әлқисса, бұлардиюларекен.
Ортасындағы үлкені жауап беріп, айтты:– Мына екеуі менің екі балам еді, екеуі еншіге таласты, сонан соң мен екеуін таластырмай, күшін салмақтап, күші артығына еншіні көп берейін деп тұр едім,– дейді.– Кіші ұлымның күші артық екен, соған артық берейін,– деп, еншілерін берді. Енді бұлардың жөнін сұрады. Бұлар жөнін айтқан соң: Сіздермен Шынтемірханға менде барып, қызық көріп келейін,– деп, таусалмақтаған дию бірге жүрді.
Басында біреу еді– алтау болды,
Қайғыменен күні өтіп, жалқауболды.
«Шынтемір ханға көктемде жетеміз», – деп,
Алтауы ақылдасып келеді енді.
Мұнымен әңгімеміз тұра тұрсын,
Алтауы аяңдасып жүре тұрсын.
Хан жағынан сөйлейік біраз енді,
Жамағат, қандырайын құлақ құрышын.
Әуелі бисмилла-дүр сөздің басы,
Шынтемірхан– бірталай елдің басы.
Мекені Мұхиттеңіз жағасы екен,
Бар екен жалғыз қызы, бес баласы.
Өзінің Құдай берген дәулеті асқан,
Нелер қиын патшамен жағаласқан.
Қарақылды қақ жарған әділ екен,
Уақытында патша жоқ мұнан асқан.
Уақытында патша болған салтанатты,
Халқына жағымды екен ғадалатты.
Алтындап, неше қабат сарай салып,
Құдайым берген екен артық бақты.
Күнбатыс уәлаятқа патша болған,
Қазынасытоқсанекісарайтолған.
Зүбәржат, лағыл, гауһартас орнатып,
Қызынаалтындатыпсарайсалған.
Оңаша жатады екен Күнікейқыз,
Қасында нөкері бар жиырма қыз.
Алтын сүйек, ақтамақ Күнікейден,
Жарандар, аз әңгіме айталық біз.
Сарайы Күнікейдің зүбәржат тас,
Істер бар тамашалы адамнан бас.
Бақ-шарбағы сом лағыл, алтын қақпа,
Баршасын тамам қылып айтып болмас.
Күнікей бір күн жатып, түс көріпті,
Түсінде көп тамаша іс көріпті.
Шаһарына алты адам келген екен,
Тамам жұрт алтауынан күш көріпті.
Түсінде алты адам көреді енді,
Күнікей қыз да болса зерек еді.
Түсіндегі көргенін айтайын деп,
Ең үлкен ағасына келеді енді.
Күнікей ағасына жетіп келді,
Қорқып, өңі-түсі кетіп келді.
Жүзіне қарай салып Күнікейдің,
«Не жұмыспен келдің?»– деп сұрайды енді.
«Шырағым, неге келдің, Күнікейжан?
Көңілің қапа тартқан, түсің жаман.
Шырағым, жүзің солғын болды неден?
Жаман сөз естідің бе бір адамнан?»
Әлқисса, сонда Күнікейдің ағасына берген жауабы:
«Жанағеке-ау, құлақ сал,
Көргенімді айтайын.
Ішіме сыймай барады,
Сізге айтпай қайтейін.
Құлақ салып тыңдағын,
Түнде көрген түсім бар.
Айтқалы келдім, ағеке-ау,
Көңілімде қайғы ісім бар.
Қатты қорқып бір түстен,
Зағыпырандай сарғайған,
Реңім солған түсім бар.
Сарайда жаттым жасымнан,
Арыстан туған ағалар,
Құс ұшырмадың басымнан.
Қайғы түсті көңіліме,
Бір түс көріп тосыннан.
Келе жатыр алты адам
Ақбөкендей жосыған.
Түсі суық алты адам
Күн шығыстан келіпті,
Орғыта басып желіпті.
Сол сияқты адамды
Осы келген Күнікей
Қарындасың көріпті.
Ішінде бар бір бала,
Мінген аты сұр жайдақ,
Тайраңдай басқан қу жайдақ.
Жеті жыл болды шыққалы,
Дамыл таппай келеді
Атқан оқтай бұлдырап.
Төрт тұяқтың сарыны
Зәремді алып барады,
Түскен мұздай сылдырлап.
Мойыны құлаш Қаракөк,
Кісінеген дауысы
Төбемді жарды шыңғырлап.
Асқар таудың қиясын
Тегіс жердей басады.
Аруағы баланың
Күннен-күнге асады.
Талма түсмезгіл болғанда
Ойынды еті бұлтылдап,
Бота тірсек, бос мойын,
Аузынан көбік шашады.
Алтауының бетінен
Дәу, перілер қашады.
Ішіндегі қу бала
Дариядай көңілі тасады.
Астындағы Қаракөк
Арандай аузын ашады.
Мен білсем, аға, алтауы
Ерегіскен дұшпанның
Қанын судай шашады.
Келе жатыр бір бала,
Қасқыр бетті сұр бала,
Арыстандай жүректі,
Жолбарыстай білекті,
Он сегіз жасар қу бала.
Жауырыны қақпақтай,
Қайғыменен аһ ұрып,
Көзінің жасы көл бала.
Көргенімді айтайын,
Тыңдағын мені, жанаға!
Шаһарыңа келеді,
Қанша дұшпан болса да,
Бәрін жеңіп алады.
Қарсыласқан дұшпандар
Қор болып бәрі өледі.
Ертең түсте келеді,
Өзіңе сәлем береді».
Ағасы сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүйдейді:
«Мен бір жауап айтайын,
Тыңдап мұны тұр,– дейді, –
Көңіліңді бұзбай, шырағым,
Үйіңе қайтып бар,– дейді.–
Келе қалса, шырағым,
Қайратын оның көрерміз,
Сөйлесіп, жауап берерміз.
Саған, қарғам, келсе ол,
Әр іске оны салармыз.
Жарар болса әгарда,
Тұрпатын сынап қарармыз,
Денің сүйсе баланы,
Өзіңе жауап қылармыз.
Еш пендеге шығарма
Ішіңдегі сырыңды.
Күлкі болып жүрмелік,
Көрмей, көңіл сенерме?!
Мынау жақта бар еді
Қалмақ деген бір дұшпан,
Шамасы оған келер ме?
Көп жылама зарланып,
Көрген түске қорланып,
Мұны қалмақ естісе,
Кәріп қылар біздерді,
Бір-ақ күнде қамданып».
Үйіне қайтып келеді,
Ғаріптерді жияды,
Ер басына бір алтын
Құдайы қылып береді.
Мың пақырды жиып ап,
Садақа нәзір қылады.
Патшақызы Күнікей
Бір баланың тілеуін
Ғашықтықпен тіледі.
Алтауы тынбай жүріп келе жатыр,
Бесжаяу, біреуі атты– өңкей батыр.
Арада жеті жылдай сапар жүріп,
Еліне Шынтемірхан жетті ақыр.
Құдайым бұлай айдап, нәсіп етті,
Қорқытып қу жалмауыз тентіретті.
Арада талай бейнет көрген байғұс
Бұралып Шынтемірге жаңа жетті.
Көреді ел қарасын енді бұлар,
Арада талай бейнет көрді бұлар.
Ел қарасын көргенге шүкір қылып,
Бір жерде тамақтанып, демалды олар.
Сол жерде тамақтанып, демалысты,
«Енді елге баралық»,– деп, жолға түсті.
Бір өзенді жағалап келе жатып,
Бір жалғыз қараша үйге кез келісті.
Бір ұрғашы, бір еркек ол үйдегі,
Үстінде лыпасы бар, жоқ көйлегі.
Аш-жалаңаш отырған ол мүсәпір,
Бұларға: «Кімсіздер?»– деп сөз сөйледі.
«Сөйлейді сөйле десең, қызыл тілім,
Мехнат, бәрі қиын көрген күнім.
Жеті жылдай сапарда жүріп келдік,
Қызына ғашық болып ханыңыздың.
Айталық жайымызды енді саған,
Көңіліміз жеті жылда-ай жаңа тынған.
Алыстан даңқымененіз деп келдік,
Ауылы қайсы ханыңның, айтшы маған?
Бұл елдің жақсы адамы кім болады,
Жігітке сапар деген сын болады.
Сұраймыз, әй, мүсәпір, тағы сізден,
Тағыда епті адамы кім болады?»
Ол адам сөз сөйлейді бұларға енді:
«Көңілің мен сөйлесем тынар,– дейді. –
Айтайын білгенімді енді сізге,
Ханымның бес баласы болар,– дейді. –
Көңілің артық туған бала екенсің,
Сен өзің әрбір іске дана екенсің.
Күнікейді мал беріп алайын деп,
Шырағым, талап қылып жүр екенсің.
Сөйлейін енді, балам, саған жауап,
Меккені күші жеткен қылартәуап.
Күнікейдің дидарына ғашық болып,
Он мың қалмақ шаһарды алған қамап.
Өзіңнің артық екен салтанатың,
Жақсы адам шығармайды жаманатын.
Он мың қалмақ шаһарға келіп кетті,
Жазира деп қойыпты оның атын.
Жазира артық патша қуаты көп,
Өзінің ләшкері мол, көңілі тоқ.
«Күнікейді алам», – деп хүкім қылған,
Еш қайрат қыла алмады жиылған көп.
Қорықты жұрттың бәрі көргеннен соң,
Ақырып аюдай боп төнгеннен соң.
Алдынан Күнікей қыз қарсы шықты,
Қорыққаннан ел-жұрты иілген соң.
Көрген соң Күнікейді болған ғашық,
Көңілі қуанғаннан кетті тасып.
Күнікейді бермекке уәде қылды,
Қорыққан ел-жұртымыз қара басып.
Ханымыз бес ұлымен қойдай ықты,
Ол қалмақ Жазира атты, өзі мықты.
«Күнікейді береміз»,– дегеннен соң,
Уәде қылып, шаһарына қайтып кетті.
Жолы бар ол қалмақтың тоғыз күндік,
Бермесек Күнікейді, ақыр өлдік.
Ханымыздың бір баласы– ақын Шорман,
Беліне буынғаны – алтын белдік.
Әзелде ақылы артық баласының,
Саны артық, өзі патша қаласының.
Ала алмайсың Күнікейді, қайтқын, балам,
Тілімді менің айтқан аламысың?
Өзің жалғыз баласың, жолдасың аз,
Шырағым, жаным ашып, қыламын наз.
Өлтірер бәрімізді қалмақ білсе,
Несіне, ай, шырағым, боласыз мәз?»
Ол бала сөз айтады онан кейін,
«Сөзіне бұл адамның мен не дейін?!
Көрерміз қалмақ жаудың мәні-жайын,
Ханыңмен сөйлеселік оған дейін.
Жеті жыл Сарығудан шыққаныма,
Жеті жастан үлгі сөз ұққаныма.
Күнікейді еліме алып кетпей,
Көрмей-ақ қу қалмақтан қорыққаным ба?
Мүсәпір, сенің өзің сөз білмейсің,
Жазира бір ақырса, үндемейсің.
Қаңғырған өңшең жаяу не қылар деп,
Бойыңа біз пақырды теңгермейсің.
Сөзіңді сенің айтқан аңғарайын,
Қалмақ жау күшті болса, таңқылайын.
Ауылын ханыңыздың маған көрсет,
Аулына ханыңыздың мен барайын».
Жас бала осылайша жауап етті,
«Қалмақтан көрдің бе,– деп,– хүкіметті?
Шаһарын патшасының көрсеткен соң,
Алтауы жолға түсіп, жүріп кетті.
Атты-жаяужолменен келе жатыр,
Не көрмес тірілікте пенде пақыр.
Баяғы қыздың түсі рас болып,
Бұларды Шорман аға көреді ақыр.
Алыстан бұлар келді сапар жүріп,
Қайғысы басылды енді, көңілі тынып.
Сымбатын қыздың айтқан таныған соң,
Алдына қызмет қылды зыр жүгіріп.
Баланың түсі кірдібаяғыдай,
Ержігіт айтқан сөзден таядыма-ай.
Жеті жыл сапар жүріп ара жолда,
Ел көрді тірілік пен аяғында-ай.
Данышпан Шорманаға ақылы артық,
Бақыты заманында тұрды шалқып.
Бұларды мейман қылып, күте берді,
Ешбірі сөйлемейді жауап қатып.
Сонда Шорманның бұлардан жөн сұрағаны:
«Жол болсын, сөйлей отыр, меймандарым,
Көңіліңе немене еді алғандарың?
Қай жақтан келесіздер, айт жөніңді,
Біртұқымдас елмісіз осы бәрің?
Әрқайсың мың кісідей бар ғой күшің,
Біледі айтпасаң да, менің ішім.
Қайғылы қапалықпен жүр екенсіз,
Қарасам, әр алуан әрбірісің.
Жас бала, артық екен сәулетіңіз,
Сөз айтар барма бізге нәубетіңіз?
Жасың бар он жетіге жаңа келген,
Қарасам, жаннан артық сипатыңыз.
Сұрасаң, ақын Шорман– менің атым,
Бәріңнің жұрттан бөлек салтанатың.
Жол болсын деп сұраймын, меймандарым,
Боласыз қай рудан, азаматым?»
Сөйлейді сонда жауап Дотан бала,
Нәсілін артық қылған Хақ Тағала.
«Көңілімде әр алуан жұмысым бар,
Айтайын, сіз сұрасаң, жаным аға.
Жерім атын сұрасаң, Сарығу-ды,
Қайғымен көзім жасы бетім жуды.
Басымызға іс түсіп, сапар жүрдік,
Шыққалы елімізден жеті жыл-ды.
Әкем атын сұрасаң, Құбақанбай,
Тілегін артық берген Жаппар Құдай.
Тоғыз қатын әкеміз алған екен,
Жиһанда төрт түліктің бәріде сай.
Әкеміз бай болыпты жасынан-ақ,
Құдайым дәулет берген басынан-ақ.
Әкеміз сегіз сарай үй салдырып,
Астына мінген екен алтыннан тақ.
Бір күні тақта жатып, түс көріпті,
Түсінде сұлу көркем қыз көріпті.
Сипаты жаннан артық бір қыз көріп,
«Мұны қайдан табам?»– деп күш көріпті.
Қырмызы қызыл жібек, айтса жүзін,
Құлақпен есіткендей айтқан сөзін.
Шынтемірхан кенжесі– жалғыз қызы,
Күнікей деп айтады оның өзін.
Әкеміз көрген түсін бізге айтты,
Сөзін бізге айтқан соң, қайта жатты.
«Соны іздеп табыңдар»,– деді бізге,
Әкеме қайғы дерті жаман батты.
Сонан соң талап қылдық ізденуге,
Аралап жер шаршысын кезденуге.
Ағалардан ешбіреу ермеген соң,
Мыналар жолдас болды сонда бізге.
Жеті жылмен шыққалы болған екен,
Көңіліме қапа-қайғы толған екен.
Даңқыңды сыртыңыздан естіп алып,
Үйіңе меймандарың келген екен.
Жасым бар он жетіге жаңа келген.
Тар жолда ғайып пірім медет берген.
Тай еді мінгенімде Қаракөгім,
Ішінен он мың жылқы таңдап мінген.
Келеміз сонан бері арып-ашып,
Айдады бері қарай тағам нәсіп.
Шаһарыңа есен-аман келгеннен соң,
Отырмын алғандай боп көңілім тасып.
Нелер қиын таулардан асып келдім,
Адам баспас жерлерді басып келдім.
Он жасымнан көргенім– жол бейнеті,
Азып-тозып, қуатым қашып келдім.
Бүгін мен келіп түстім өзіңізге,
Хабар айт патшаменен биіңізге.
Ертең тұрып, бүрсікүн жауабың бер,
Тынығып, біз келгенше күйімізге.
Айдаған бізді бұлай Құдай ісі,
Арада тынбай жүрдік жазы-қысы.
Жеті жылдық жолыңды іздегенім–
Әкемнің қайғы болды іші-тысы.
Осы еді жұмысымыз, Шорман аға,
Тайынан Қаракөкке салдым таға.
Жеті жыл азып-тозып жүргеннен соң,
Қалмады ініңізде титтей баға.
Патшаңыз ардақтаған Күнікейін
Қолынан разы болып берсін бізге!»
Сөз айтар ақын Шорман оған қарай:
«Бұл жерге айдап келді Жаппар Құдай.
Көңіліме қатты тиді айтқан сөзің,
Шырағым, Күнікей деген сөзің қалай?
Сөзіңнің артық көрдім затын, сірә,
Қолыңда барма жазған хатың, сірә?
Ұшып келген Сарығудан тотықұстай,
Барма еді Күнікейде ақың, сірә?!
Арада жеті жылдай жол жүріпсің,
Тоқтамай күні-түні, мол жүріпсің.
Неде болса, Күнікеймен өзің сөйлес,
Сөйлесіп, армансыз боп көңілің тынсын».
Ой ойлар неше түрлі ақын Шорман,
Болмайды бәрі тегіс көңілге алған.
«Тез келіп, меймандарға көрінсін»,– деп,
Ағасы Күнікейге кісі салған.
Күнікей шақырған соң келе жатыр,
Күйме мініп, қолға алып алтын шатыр.
Күнікей жарқ-жұрқ етіп кіріп келсе,
Қайран боп қарап тұрды өңшең батыр.
Сәулетпен келе жатыр нөкерімен,
Дүниенің өкінерсің бекеріне.
Қырық қыздың ішінде Күнікейің
Жалтырап маңдайынан күн көрінген.
Күнікей жүдеп жүрген ала жаздай,
Сол елде жалғыз басты көптен аздай.
Күймеден түсті-дағы үйге кірді,
Сызылып көлге қонған қоңыр қаздай.
Әлқисса, Күнікейдің алдынан Шорман ағасы келді.
Сонда Күнікейдің ағасына айтқаны:
«Жанаға, амансыз ба, данышпаным,
Әрқашан дұшпан келсе, алысқаным.
Топқа еш мені, сірә, шақырмаушы ең,
Састың ба бір нәрседен, арыстаным?!
Қырғи құс торғай ілер көкте жүріп,
Жақсы адам іс бітірер ептеп жүріп.
Жақсы мейман келгендей қуаныпсыз,
Алдымнан шыға келдің зыр жүгіріп.
Басқамен менің, сірә, ісім бар ма,
Қараңғы үйді жарық қылар түсім бар да.
Дауысы бір тұйғынның шаңқылдайды,
Жанаға, бұл үйіңде кісің бар ма?
Жағалай өзен-суға бітер құрақ,
Кімдікі мынау тұрған қару-жарақ?
Бұрын өзім көрмеген істер көріп,
Жанаға, соның үшін тұрмын сұрап.
Қыз едім, еркек емес, менің өзім,
Сарғайған сәнаменен қызыл жүзім.
Осынша топ ішіне шақырыпсыз,
Бар еді маған айтар қандай сөзің?»
Сөйлейді сонда ағасы жауап беріп:
«Шырағым, шақырған соң тұрсың келіп.
Неқыларын мұнан былай Алла білер,
Міне, тұр тілеуіңді Құдай беріп.
Бір түсті маған келіп айтып едің,
Асығып, айта салып қайтып едің.
«Шырағым көрген түсі келерме?»– деп,
Ескеріп, сонан бері байқап едім.
Жалтырап сауытымен келген екен,
Бір саған іңкәрболып жүрген екен.
Өзі қалмақ кешегі Жазира итті
Бұларда сырттан сұрап білген екен.
Қарағым, Күнікейжан, ақылың артық,
Жүруші ем қу қалмақтан ішім қорқып.
ЕрДотан өзің айтқан із деп келді,
Біле бер ендігісін ақыл тоқып.
Келтірді сау-саламат жалғыз Алла,
Жүрген соң медет беріп шыбын жанға.
Шырағым, көргеннен соң үйіңе қайт,
Жүрмелік күлкі болып көп дұшпанға.
Дұшпаным осы күнде толып жатыр,
Келіпті сізді іздеп бір өңшең батыр.
Данышпан, ақылы артық адам екен,
Ұнатсаң, мен беруге қылдым ақыл».
Күнікей мына сөзге қуанады,
Ағасы айтқан сөзін құп алады.
Баланы көргеннен соң тамаша қып,
Тез қайтып, өз үйіне жөнеледі.
Үйіне келіп кірді Күнікей қыз,
«Жазира, енді менен үмітіңді үз».
Бір арғымақ құдайы бауыздады,
«Құдай-а, қоса көр,– деп,– балаға тез!»
Құдайға бір арғымақ шалып сойды,
Баланың дидарына көңілі тойды.
Алтын сарай, қазына, ішіктерін,
Бәрінде қуанғаннан ашып қойды.
Көрінді тіпті жақсы қызға бұл іс,
Күнікей енді алмады бір дем-тыныс.
«Құдай-а, бұл балаға қоса көр!»– деп,
Ғаріптерге үлестірді алтын-күміс.
Құдай-ау, бөгеу берме қызыл тілге,
Кез келді алты кісі рулы елге.
Қызды көріп, бұларда қуанады,
«Бір Құдай, медет бер,– деп,– біздей ерге!»
Қызды көріп, жөнелді ханға бәрі,
Дотанның табылған соң теңі-жары.
Хан үйіне «Сөйлес!»– деп жетіп барды,
Көңілінде Күнікей боп ынтызары.
Сөйлес қылып қақпада тұра қалды,
Көрген адам бұларға қайран қалды.
«Алыс жолдан біз келген меймандармыз,
Қонамыз»,– деп патшаға хабар салды.
«Қонсын,– деп,– мейман», үйге кіргізеді,
Алдына қызметкерлер жүргізеді.
Астына кілем жайып, көрпе төсеп,
Неше түрлі тағамдар бергізеді.
Жатады мейман болып ол үйіне,
Бұларда түсіп жүрген зар күйіне.
«Меймандар қайсы жұрттың адамыекен?
Біліпкел»,– депбұйырдыбір биіне.
Ол биі жетіп келіп, сөз сұрайды,
Мейман жайынбілуге тез сұрайды.
«Қай жерлік, қайсы жұрттың адамысыз,
Баян қылмәні-жайың?»– деп сұрайды.
Әлқисса, сол елдеШынтемірханның Бақтияр деген ақыны бар екен, сол домбырасын қолға алып, «Олардың жайын мен білемін»,– деп сөйлегені:
«Ей, ханым, мен сөйлейін, тыңдасаңыз,
Тыңдаңыз, алыс жерді болжасаңыз.
Бар екен Құбақанбай күншығыста,
Айтайын бізге ашу қылмасаңыз.
Жолы бар жеті жылдық, жері шалғай,
Атасықыры құлдың Құбақанбай.
Тоғыз қатын бір өзі алған екен,
Беріпті және қырық қыз ЖаппарҚұдай.
Өзінің Құдай берген дәулеті мол,
Жан-жағы елсіз болар жеті айлық жол.
Һәммасын, мәні-жайын білгеннен соң,
Баян қып алдыңызға айтқаным сол.
Ұйықтапты бір күн өзі тақта жатып,
Құдайым түс көрсеткен таңырқатып.
Түсінде бір сарайға кіріп барып,
Аралап, көп қызыққа қалған батып.
Түсінде ол сарайға кірген екен,
Сарайда Күнікейді көрген екен.
Түсінде қызыңызға ғашық болып,
Құдайым қатты қайғы берген екен.
Құбақан сол түсінен оянады,
«Бұ түсім қалай түс?»– деп ойға алады.
Түсінде Күнікейге ғашық болып,
Ішіне жаман қатты қайғы алады.
Түсінде қызың жөнін айтып берген,
Түсінде бәрін мұның қайтіп көрген?!
Жас бала атасы үшін келгеніздеп,
Қасында бес кісі бар жолдасқа ерген.
Арада жеті жылдай жүрген екен,
Атасы хатқа жазып берген екен.
Тақсыр-ау, кесіп алсаң, міне басым,
Алмаққа қызыңызды келген екен».
Мұны естіп, хан орнынан түрегелді,
Меймандарын көрмекке жүреді енді.
«Қандай жандар екенін білейін»,– деп,
Үстіне меймандардың кіріп келді.
Келді де Шынтемірхан, сөзсөйлейді,
Отырып тізе бүкпей, тез сөйлейді.
«Жұмысың қиын көңіліңе алған, балам,
Келмейді қолымыздан»,– деп сөйлейді.
«Айтайын келмейтұғын жайын,– дейді,–
Қылғалы келіппе едің қайын?– дейді. –
Жазира атты қалмақтың ханы шығып,
Жауболдыбізгеосы дәйім,– дейді. –
Аттаныпмыңсанқолменкелді бізге,
Жарқыным, құлағыңсалмынасөзге.
«Күнікейдібермесең, шабам!»– деді,
Сөзім жоқ айтатұғын мұнан өзге.
Оған біздің халіміз келмес болды,
Қанша айтсақ, өзге іске көнбес болды.
«Күнікейді бермесең, шабамын!»– деп,
Айнала қамап алды оң мен солды.
Қорыққан соң Күнікейдібермекболдық,
Жұрт үшін бір баланы құрбан қылдық.
«Берелік Күнікейді, қайтыңыз,– деп, –
Қайтып келіп алғын»,– деп сөздітүйдік.
Жазира сонан кейін қайтып кетті,
Уағада келемін деп айтып кетті.
Жазираны өлтірсең, қызды аласың,
Мінеки, тыңдасаңызбіздің кепті.
Әліміз біздің, сірә, келмейді оған,
Жауқалма қалмай қоймас, өзі жаман.
Жазираны өлтіріп, ала алмасаң,
Айтатұғын сөзім жоқ енді саған».
Бұл сөзді мақұл көрді сонда бала,
Көңілін ешнәрсеге қылмайды ала.
«Жазираны өлтіріп берейін»,– деп,
Сауытын киіп алдытұра сала.
жалғасы. Басы: https://kozhalar.kz/20209043-dotan-batyr
Қиссаның соңын мына сілтемеден оқисыздар: