Басқы бет / 2016 жыл – «Қожа Ахмет Ясауи жылы» / Түркістан – бүкіл түркі әлемінің мәдени астанасы

Түркістан – бүкіл түркі әлемінің мәдени астанасы

tttttБАКУ. ҚазАқпарат – Қазақстанның Түркістан қаласы 2017 жылы бүкіл түркі әлемінің мәдени астанасы болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» АА-нің тілшісі. ТҮРКСОЙ ұйымына мүше мемлекеттердің Мәдениет министрлерінің 34-ші тұрақты кеңесінде және «Шеки – түркі әлеменің 2016 жылғы мәдени астанасы» жылының аяқталуына арналған рәсімде осындай шешім қабылданды. ТҮРКСОЙ ұйымына мүше мемлекеттердің Мәдениет министрлерінің 34-ші тұрақты кеңесінің күн тәртібіне аталмыш ұйымның өткен жылғы атқарған істері, дәстүрлі фестивальдарға қатысты талқылаулар, ағымдағы және жаңа жобаларға қатысты мәселелер енгізілген болатын. «Шеки қаласы 2016 жыл бойына бүкіл түркі әлемінің мәдениет қайраткерлерін жоғары деңгейде қарсы алды. Түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесінің арқасында Әзербайжанның осынау тарихи қаласы өзін әлемге паш етті. Бүгінгі шарада Қазақстанның Түркістан қаласы түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы болып сайланды»,-деді ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов. Сонымен бірге ол Түрік мәдениеті халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) түркі халықтары арасында достық қарым-қатынасты қалыптастырып, баурластық байланыстарды нығайту, түркі халықтарына ортақ мәдениетті өскелең ұрпаққа жеткізіп оны насихаттау бағытында 20 жылдан астам уақыттан бері тиімді жұмыстар атқарып келе жатқандығын атап өтті. ТҮРКСОЙ ұйымының ең сәтті жобаларының бірі – 2012 жылдан бастап, түркі әлемінің мәдени астаналарын сайлау болып табылатындығы айтылды.

inform.kz
http://www.inform.kz/kz/turkistan-turki-aleminin-2017-zhylgy-madeni-astanasy-bolady_a2975625

 

 

 

Сондай-ақ, оқыңыз

«Дордойдың» Түркістанға тартуы

Түркістан қаласы – Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы болып жариялануына орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік …

Бір пікір

  1. Қуанышты хабар. Жалпы Түркілер мемлекеті бірнеше хандыққа бөлінгенімен барлығы бірдей Түркістан қаласына қарап отырған Себебі барлық түркілер мұсылман,ислам дінің қабылдаған еді. Аллаға алаңсыз бас иген қауым (Орталық азия) Түркістан – яғни Түркілер елі деп аталған елдің мүшелері еді.Ендігі міндет Түркілер елі деген сөзге кір келтірмей,Ұлы Шайх ул Ислам Қул Қожа Ахмед Иассауйи жолын насихаттап, қасиетті жолын берік ұстану қажет

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған