Болат баба туралы аңыз
Қожжан қожа бабадан Орта жүз найман тайпасының Бабас руының беделді кісілері: «балаңның бірін бер, сауат аштырайық» деп келіпті. Содан қолындағы үйленбеген жас баласы Болатқа сен барасың депті. Ол бөтен жерге барғысы келмегендей кеуіл танытыпты. Қожжан қожа баласы Болатқа ренжіп: «Барсаң да барасың, бармасаң да барасың Қолыңды жай. Бата беремін. Бақытың ашылсын, дәулетті бол, перзентті бол. Ұрпақтарыңның бастары, бірін-бірі сағынып жүретіндей жерде болсын» деп бата береді. Болат баласы: «баба, қайтадан дұрыстап бата беріңіз деп тілек айтады. Оған әкесі: Ауыздан шыққан сөз, атылған оқпен бірдей. Ойға барарсың, қырға барарсың, қайтып келіп аяқ жағыма жатарсың» дейді.
Сол кеткненнен Болат баба мол кетіп, қарайтып Арқада қайтыс болады. Қайтқан уақыты жазды күні, шілде айының іші екен. Ол кісіні тоғыз қабат ақ киізге орап, әр қабатты бөлек тігіп, артық жүріп, Қожжан бабаның аяқ ағына жерлейді. Осы уақытта кеуде жағы күмбездің ішінде, аяқ жағы күмбездің сыртында жатыр.
Екінші бір аңызда Қылыш бабаның ұрпағы Смайыл Әздер деген үлкейген шағына дейін перзент көрмепті. Содан ол бабаларды жағалап басына түнеп, Аллаға жалбарынып бала сұрайды. Сондай бір кезеңде таңға жақын түс көреді. Түсінде қолында асасы бар ірі кісі: «Балам, біз сенің тілегіңді қабыл алмаймыз» деп аян береді. Бұдан кейін еліне келіп, болған жайды ақсақалдарына баян етеді. Олар Қожжан бабаның барлық ұрпақтарын түгендеп, қожаның бір баласы Болат бабаның өлі-тірісін білмейміз. Ол ертеректе Арқаға кеткен, содан хабарсызбыз» дейді.
Сонымен Смайыл Әздер жолға дайындалып, түйемен әйелі екеуі жолға шығады. Бүкіл жол бойында әйелі – анамыз түйенің құйрығынан ұстап, табанынан таусылып, жаяу жүріпті.
Бұл кездері Болат баба екі көзі суалып, шау артып қартайған шағы екен. Балдарына: «Бір жұпар иіс менің мұрнымды жарып барады, сендер жолға шығыңдар Сырдан бір туыстарың іздеп келе жатыр» дейді. Әкеміз қартайғанда алжып жатқан шығар деп балалары мән бермейді. Содан Смайыл Әздер діттеген жеріне жетуге үш күн қалғанда Болат баба тағы да баларына: «туыстарың жақындап қалды. Шамасы үш күнде жетеді. Тездетіп алдынан шығыңдар» десе тағы да айтқаны істмейді. Болмаған соң, бірер күн өткен соң қолындағы кіші баласын шақырып: «Есіктің алдындағы төбенің басына шығып қара. Мен асымда әкемнің тілін алмай ренжітіп, оң батасын алмай, ағайыннан жырақта жүрген адаммын. Соның реті саған да келіп тұр» дейді. Баласы шолып қараса, бір түйелі адамның келе жатқанны көреді. Соны айтса, «Онда сол туысың алдынан шығып күтіп ал» дейді.
Түйелі кісі де желе жортып төбенің астына келіп қалған екен. Болат бабаның баласы сол жерде күтіп алады. Смайыл Әздер бабамыз әйелін сол жерде қалдырып, өзі Болат Бабаға келеді. Есіктен кіре: «ассалаумағалейкүм» деп сәлем берсе, Баба сәлемін алмайды. «Сеннен де бейнеттеніп, қиналып келе жатқан қасыңда біреу бар, ол қайда қалды?» дейді. Смайыл Әздер: «Ол келініңіз еді, ибалық жасап төбенің арғы жақында қалды» Оны да алып келіп, сосын сәлемдес» дейді. Смайыл Әздер анамызды ертіп келіп сәлемдеседі. Содан бр жетідей қонақ болып, ауылдағы ағайын-туғандардың амандығын айтып біраз дем алады. Бір жетіден соң Болат баба: «Келген жұмыстарыңды айтыңдар» дейді. Смайыл Әздер: «бір перзентке зар болып жүргенін, Қожжан баба бастаға әруақтарды жаңалап түнеп, бір Аллаға жалбарынып бала сұрағанын, бірақ олардың тілегін қабыл етпегенін айтады». Иә, бұл айтқандарың дұрыс, мұның барлығын біліп жатырмын. Әкемнің қайда жүрсең де аяғыма келіп жатасың дегені бар еді, ұмытпаған екен ғой,-деп Болат баба түйіндейді. Мен де қартайдым. Алладан бес бала сұрайтындай қабілетім қалды. Бес бала аласың ба, әлде бес балаға татитын бір бала аласың ба? дейді. Смайыл Әздер «бір күн мәулет беріңіз. Келініңізбен ақылдасайын» дейді. Барып анамызбен ақылдасса ол мен де егде тартып үлкейін қалдым, бес балаға тартитын бір бала сұрайық» деп ақыл қосады.
Ертеңіне Смайыл Әздер әйелмен екеуі Болат бабаға барып: «Алла Тағаладан бір бала сұраңыз, құдай берсе қанағат» дейді. Сонымен Болат баба батасын беріп, келер жылы бір бала дүниеге келер. Оның атын Әбдіхалық қойыңдар. Өмірі болса, ол баланың екі жағы бірдей болады» дейді. Батасын алып, рұқсат сұрап елге қайтады. Келер жылы сол уақыттарда Болат баба айтқандай анамыз ұл табады. Оның атын Әбдіхалық қояды.