Сыр-сұхбат

Өркені өскен атаның ардақтысы Совет аға 80-жаста

2011 жылдың күзінде Екібастұздан Сарыағаш шипажайына Совет деген азамат жұбайымен дем алуға келді. Біреуден есітіп, хабарласыпты, осылайда-осылай бір жігіт қожаларды іздеп жатыр деген соң барып жолықтық. Жалпы білетіні, қожалар ішінде «бұлтқа мініп ұшатын қожа – сейіт болуы керек» деген сөз айтты. Олай болса біраз нәрсе біледі екенсіз, қолыңызда не бар десек, бұрын бұлар тұратын өлке Семей уезіне қараған, «Қызыл ағаш» болысы, қыпшақтың Өтеп атасының ішіне сіңіп кеткен. Кешегі «Қожа мен молданы қамшымен қойдай қуған» заманда ата тегін айтуға қорқып, Қыпшақ болып жүрген. Өзара осы уақытқа дейін Өтеппіз деп отырады. Бір жақсы жері, әкесі соңғы кезде бабалары «Құлыбайдың әкесі Өтеген» деп айтып кеткен екен. Совет аға өз шежіресін табуға көп еңбектенген, соңғы кезде жарық көрген шежіре кітаптар, газет-журналдарды қатты қадағалап отырып, өз шежіресінің сұлбасын жасап қойған екен.

ӨМІРДЕРЕК

Павлодар облысы Екібастұз қаласы Қонаев көшесі 52-үй,1-пәтер тұратын Совет Жангелдіұлы Әбіқожадан.

Әкем Жангелді 1899 жылы алты айлығында әкесі Әбіқожадан жетім қалған, шешесі алты жасқа келгенде дүние салған. Әкесі Әбіқожаның  Әшім, Мырзабай, Мырзатай, Рысбике, Мырзакелді, Жанкелді туады. Атамыз Әбіқожа Ертіс ауданындағы Өтеп зиратында жерленген. Нақты қай жерде екенін білмейміз. Өтеп зиратының сыртына 2010 жылы «Осы қорымды атамыз Әбуқожа 1836 туған, 1899 қайтыс болған, балалары Әшім, Мырзатай, Мырзабай жерленген» деген жазуы бар тасты орнаттық (суреті бар). Әбіқожаның әкесі Құлыбайдың Ертіске қашан келгені бізге беймәлім. Құлыбай атамыздың да, Әбіқожа атамыздың да бәйбішелері қыпшақ – өтеп. Содан Қызыл империя кезінде қожа емес, қыпшақ болып жүрген. Әкем Жанкелді 1987 жылы дүние салды. Біз шыққан тегін сұрағанымызда Бұлтқа мінген қожамыз Әкем Әбіқожа, оның әкесі Құлыбай, оның әкесі Өтеген. Өзім әкеден алты айлық кезімде қалдым. Ағаларым ерте қайтты деп отыратын.

1916-1920 жылдары қожамын деме, қыпшақ – өтеппін де деп үйреткен соң, қожаны ауызға алуға дәтіміз бармады. Білетінім арғы затым – Бұлтқа мінген қожа.1916-1920 жылдары жаспыз әрі шежірені қуалап сұрайтын кісі де болмады. Қожалар қуғын сүргіннен қорқып, қай ауылда тұрса, сол руда болып жүретін. Қыпшақтын ішіндегі қожалар – қыпшақпын, қанжығалының ішінде қожалар -қанжығалымыз деуге мәжбүр болды деп отырушы еді. Қолымыздағы қожа шежілерін қарап отырып атамыз айтқан аттарды тек қана шөмекей шежіресінен тауып, төмендегі болжамға келіп отырмыз: Шежіреде Шаһ Бүзүрікті /лақап аты Сабұлт/ «Бұлт Падишаһы» бұлтқа мініп  жүреді екен. Шаһ Бүзүрікті көне Өзгент шаһарында 1470-1520 жылдары дүниеге келген. Сүйегі көне Өзгент қамалының шығыс жақ іргесіндегі Әлиқожа, Сүлеймен, Уәли, Яқияқожа, Айнақожа бабалар жатқан жерге жерленген. Бибі Фатима анамыздан Әлиден тараған ұрпағы. Қазақ оны «бұлтты күні жаңбыр жауғызады» деп сенген. Сабұлт қожалар Қызылорда, Жаңақорған, Сырдария аудандарында. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бөгем, Шаян және Шымкент, Түркістан қалаларында, Өзбекстанның Қарақалпақ, Хорезм облысы, Бұхара облысы, Тамды ауданы, Самарқанд қалаларында делінген.

Әбіқожа бабамыздың бәйбішесі қыпшақ «Алқұлы өтеп» – руынан, атамыз сол өтеп руында молла болған діни сауатты адам. Жангелді әкем 6 айлығында әкесі қайтыс болған. Ағаларының айтуынша: «біз қожамыз (бұлтқа мінген – Сабұлт екенін білмейміз), бірақ, қуғын-сүргіннен қожаларды «қойдай қуған» әбден зарезап болған, «қыпшақ ішінде өтеппіз» –  деп отыратын. Қазір әсіресе бала «шындықты айтып қояды» деп қожа дегенді естімеген.

Әшім оба ауруынан қайтыс болды. Мырзатай ағамды ақтар  Ертісте К Полка көшесінде атып тастаған, мен «16 жастағы  кезім» деп Жангелді әкем айтып отыратын. Рысбикеден  –  Шарипа –  Боранбай, Қанипа –   Мәпішкеннен (Ақбет, Салтанат, Серік, Зару, Мақсұт, Құралай). Ашим ағасы Ақжарқынға үйленеді. Тәбек бидің қарындасы қарама қарсы құда болып, Рысбике қарындасын Тәбек бидін інісіне береді. Ақжарқын әжеміз бала көтермепті. Шариғат заңында бала тумаған әйелге қырық уықтан бір уық бөліп беріп төркіне апарып тастайды. Қыздан қыздың артық шылығы жоқ па деп Рысбике апамызды екі кызымен төркініне әкеліпті. Жиендер қайткан жиеншарлармен қатынасып отырамыз. Әшім, Мырзабай, Мырзатай аталардан ұрпақ жоқ.

Жангелді әкем әптиек иманның шарттары – деп оқып отыратын молладан оқыған аз-маз діни сауаты бар, соғыс кезінде Военкоматта, сосын жай көп жылдар қара жұмыста істеген, намазын оқып, оразасын ұстап өтті. Болжап  айтып отыратыны болатын, анам Бағила Шамшитқызы қыпшақ жолаба Жангельды әкемнен (Ләтипа, бір ұл, Күлайым), Дәметей, Совет (Жақсылық, Ермағамбет). Даметей апай 1938 жылғы – Павлодарда тұрады – Ләззат, Ерболат, Қайрат, Гүльшат – 4 баласы бар.  Дәметей апамыз экономист-бухгалтер, қазір зейнеткер. 1940 жылғы Советтен – Тасболат, Бекболат, Бибігүл, Айгүл. Совет СПТУ бітірген ауыл шаруашылық механизмдерінің маманы, Целиноград қаржы- финанс техникумын бітірген. Қамсыздандыру инспекциясының төрағасы қызметін атқарған, қазір дербес пенсионер. Лениннің 100 жылдық медальімен, еңбек ардагері медальімен, Тауелсіздіктің 20 жыл медальімен, Екібастұздың 50 жыл медальімен, Коммунистік еңбек озаты, социалистік еңбек озаты. 1999, 2007, 2013 жылдары Мекке Мединада болып қажылық сапарын өтеді (өзі үшін, анасы үшін, әкесі үшін). 2010 жылы Әл-Ақса мешітінде болып қайты (Палестина, Иордания, Израйль, Египет) путевкасымен. 1999 жылдан мешітте Ревизионный комиссиясының төрағасы. 2009 жылға дейін. 2009 жылдан қажылар қоғамдастығының Екібастұздағы төрағасы. Павлодар облысы қажылар қоғамдастығының мүшесі, 2016 жылға дейін Екібастұз қалалық ардагерлер алқасының мүшесі.

 Тасболат Советұлы – 1962 жылғы, үйленген (келін Шаттық Ешмұратқызы Сүйінішева – Атыраудан, кіші жүз руынан, Павлодар пединститутын бітірген). Павлодар педагогикалық университетінің дене шынықтыру факультетін бітірген, бокстан жаттықтырушы, қазір бизнесте. Үш баласы бар. Алан Тасболатұлы – 1985 жылғы, Қазақ-Ресей университетін экономист менежмент факультетінің бітірген. 7-8 тілді игерген, әкесімен бизнесте. Үйленген 2 баласы бар, келін Меккеден Самира Хихметқызы (Сейтқожа руынан), Мұхаммед 2013 жылы, ал, Фатима 2016 жылы туылған.

Тасболатұлы Ғалықайдар – 1988 жылғы, үйленген, қаржасқызы Алия Болатқызы Екібастұздан КРУ-нің заң факультетін бітірген, қазір бизнесте. Үш баласы бар – Ясин 2008 жылы, Ямила 2010 жылы, Яфати 2016 жылы туылған. Әбуқожа – 1994 жылғы, ол да бизнесте.

Бекболат Советұлы – 1964 жылғы, Павлодар индустриальный университетті бітірген, жолдасы Ләйлә Қуанышбекқызы қанжығалы руынан, 6 баласы бар. Алия Бекболатқызы – 1993 жылғы, Италияда оқып жатыр. Сания Бекболатқызы – 1994 жылғы, Англиядан телерадио-журналистика факультетін бітіріп, Астанада телевиденияда істейді. Абдулмұрат – 1998 жылғы, Павлодарда университетта оқуда. Алиислам – 2001 жылғы, мектепте. София – 2011жылғы.Исмаил деген ұлы бар – 2013 жылы туылған. Бағила – 2014 жылғы. Бибігүл Советқызы – 1966 жылғы, Карағанды мед.институтын бітірген, 3 баласы бар: Жамила, Алмаз, Әмина, қазір бизнесте. Айгүл Советқызы – 1970 жылғы, Карағанды мед.институтын бітірген. 3 баласы бар: Нұрислам – Алана, Нұргүл, Нақия. Екі қызы Алматыда – КазГЮУ, КБТУ-да оқып жатыр, өзі қазір бизнесте.

Мырзагелді – әкемнің ағасы, 1897 жылғы, 1983 жылы қайтыс болды. Өте еңбекқор адам еді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Малдың қөзіне түскен ноғалісін сылып алып тастап отыратын. Шәқира әжеміз қаржас руынан, 5 балалары болды: Нұрғайша – 1937 жылғы, Ракен – 1939 жылғы, Зикен – 1944 жылғы, Мақен, Рақыш – Айнагүл, Алмагүл, Нұргүл, Арман – Мәлика, Нұрлан – Айсұлу. Рақыш 1947 жылы туылған, 2007 жылы қайтты. Целиноград техникумын бітірген, финанс бөлімінде, ақырғы жылдары жүргізуші жұмысын атқарды. Нұрғайшадан жиендер Зарқын, Алтыншаш,  Қаламқас, Жантемір, Жанболат, Бақытжан. Ракеннен – Ботақоз. Зикеннен –Батима, Жанна, Даметкен, Серік, Гүлнар. Гүлнардан –  Әлима. Макеннен ұрпақ жоқ. Алмагүлде – Темирлан, Асанәлі, Дарина. Нұргүлде – Рамазан. Айнагүл сауда  техникумын бітірген. Арман индустриальный институт бітірген, Алмагүл салық инспекциясында істейді,Нүргүл юрист, банкте. Нұрлан монтажник ГРЭС-1-де істейді.

Құлыбай атамыздан тараған-Дүйсеннен – Зағипа,  Базарбай, Әйтімбет. Базарбайдан –  Жағыпар, Зағипа, Саттар, Ыдырыс. Жағыпар – Павлодар облысы Качир ауданы, Песчан совхозында қөп жылдар мал шаруашылығында вет.врач болып қызмет істеген. Жағыпар баласы – Қалау әке жолын қуып мал шаруашылығында істеді. Қалау балалары – Әкірам, Нұржан дүниеден өткен, Әкім –  ұстаз, казір бизнесте істейді. Әкімнен екі ұл. Ерлан – мед.академиясын бітіріп, Павлодарда істейді, Нұрлан трактор заводында істейді. Әкірамнан – Темерлан, Меруерт, Дина, Әсел. Қалаудан – үш қыз Әсима, Шайзат, Марзия. Нұржаннан – Дамир.

Базарбай баласы Саттар. Саттардан – Қиман,  Қисан, Майра. Саттар атамызды 2 кісі келіп алып кеткен, содан бүгінге дейін хабар жоқ. Майра апай- Данияр Ақмаровқа(Амангелді Апушевтің туысы) – тұрмысқа шыққан. Майра апайдан – Мұхтар, Тоқтар, Асқар, Назар. Одан –  Сәуле, Орынтай, Айгүл жиендер бар, қатынасып тұрамыз. Жағыпар атаның бәйбішесінен Әшен әжеден (төре қызы) қалған, әруақтар тізімінде Өтеген – Құлтай – Құлыбай – Дүйсен – Базарбай – Жағыпар – Қалау (Жұмабике, Шаимбек, қайтыс болған балалары Мария, Биқардар). Қалаудан – Әқрам, Әбілқайыр, Нұржан. Базарбайқызы Зағипа апамызды төреге (бөлтірік төре) тұрмысқа берген. Жағыпар ағам үйленгенде әкем (мен баламын 7-8 жастамын) 5 тенге күміс ақша берсе ышқырдан  тастап жіберем, екінші біреуі алады да тағы береді, сол бір 5 тенгеге шаршағанша билей береді екенмін – деп айтып отыратын. Сол Әшен әжеміздің құран бергенде атайтын әруақтары тізімі жазылған дәптерді келіні Үмітпен, немересі Әкімнен алдық. Саттар атаның немересі  Нұралы да берген сондай әруақтар тізімі төмендегідей:

Өтеген – Құлтай – Құлыбай – Дүйсен – Базарбай – Жағыпардан Жұмабике, Шайимбек, Мәрия, Биқардар. Қалаудан – Нұржан, Әкрам (марқұм). Әкрамнан Әбілқайыр (марқұм). Базарбайдан – Саттар – Кисан – Нұралы.  Ал, енді Зағипа апамыздан Тұманбай, Тұманбайдан – Қабимолла – Иранғайым – ұрпақ жоқ деп Дәметей апамыз айтып еді. Бүгінгі Өтеген әулиенің Әулетінің де сол жолдарды куып келіп, ортамызға қосылғанына таңданудың қажеті жоқ. Мақтануға болады. Сіздің барлығын тексере келе Өтеген, Қасым, Құлыбай, Дүйсеннен «Бөлтірік төреге» тұрмысқа берген Зағипа апамыздан – Тұманбай – Қабиболла, Иранғайыптан ұрпақ жоқ, Есенқожа, Әбіқожа, Әбзілда.

Ал, енді Әшен әжеміздің әруақтар тізіліміне үңілсек (Жағыпар ата Дүйсен немересі Базарбай ұлының бәйбішесі) Өтеген – Құлтай – Құлыбай – Дүйсен – Базарбай – Жағыпар осының қасына сенеміз. Ол Айтбай бауырымыз Өтеген – Тұрсын, Данияр, Қасым (Гинвар) – Құлыбай дейді.  Сонымен, (Данияр)Гинвар, Кұлтай, Қасым осы үшеуінің қайсысы біздің анық атамыз?

Айтимбет атамыз ертеде Ертіс ауданында, тұрған. Айтимбеттен – Аманбай, Сейтбай, Кәкіш, Нүрғали, Сембай. Аманбай атамыз (жеңгелері қазірет деп атаған) әкем екеуінің арасы 6 ай деп отыратын. 1977 жылы қайтыс болды. Аманбай атамыз ескіше сауатты, арабша таныған, құранды аударған, оқыған. Аманбай атамыз көзін аша алмай қалған балаларды, үлкен адамдарды үшкіріп, дем салған. Партия қатарында болған. Көп жылдар загот конторада қызмет атқарды. Аманбайдан Қапар 1941 жылы Ертісте туған – 2006 жылы қайтыс болды,  2003 жылдан  Павлодар қаласында тұрды. Сонда жерленді, 4 жыл морфлотта қызметте  болды. Целиноград ауыл шаруашылық институтын бітіріп – зоотехник,. Компартия мүшесі, Райкомда инструктор болып қызмет атқарды, ауыл шаруашылығында істеді. Қапардан – Қанат – Жана – Жанар Павлодарда турады. Қанат 1969 ж туған Ақтобе милиция мектебін бітірді органда істеді, қазір мұнай өндірісінде қызмет атқарады, 4 баласы бар: Наргиз, Шынғыс, Дінмұхамет, Темірғали. Наргиз – Алматыда Нархоз бітірген, қазір Павлодар қаласының Білім департаментінде экономист кызметін атқарады. Жанат 1971 жылы туған, Павлодар индустриальный институтын бітірген – электрик инженер. Екі қызы бар- Дильназ, Аружан. Екібастұз ГРЭС 1 инженер начальника участка. Жанар 1978 жылы туған, Семей мед. институтын бітірген, Екібастұзда тұрады. Роддомда хирург – анестезиолог. Аманбайдан Күләш 1938 жылғы, Павлодарда тұрады, зейнеткер. Екі қызы бар – Шолпан – 1962 жылы Қарағандыда тұрады. Қарағанды университетін бітірген, Сауле – 1964 жылғы, Павлодарда анасымен бірге,  мед. училище бітірген, поликлиникада психолог. Майдашаш (Аманбайкызы) 1946 жылы Екібастұзда тұрады, зейнеткер. Екі кызы, бір ұлы бар. Айнұр – Садиша, Жасмин. Анар, Арман. Аманбай, Сейтбай жолдасы Қүлшайра (суреті бар).

Айтимбеттен Сейтбай 1908-1950 жылы қайтыс болған, женгелері «қажы бала» деп атаған, тақуа, діни сауатты болса керек. Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер. Сейтбайдан – Марияш – Мұхтар 1945-2016 жылы қайтыс болды. Астанада тұрған, Ертісте жерленді. Ертістің Сбербанк төрағасы, білім департаментінде экономист қызметін атқарды. Мұхтардан – Серік (Елдана, Асылхан), Раушан (Айым, Жұлдыз), Асия. Серік – 1973 жылғы, Астанада тұрады, КИМЭН бітірген. Раушан –  1975 жылғы, Астанада тұрады, мәдениет орнында қызмет істейды. Әсия – Ақтауда, тұрмысқа шыққан, сонда тұрады.  Құлыбайдан – Есенқожа – Жекей – Нұрыш – Тоқай жиен.  Мұстафа, Думат жиендер, жиеншарлар бар.

Әбзілдадан – Мұқыш – Қомаркен (Марат, Қымбат). Қомаркен ағам 6 жастан әкем Жангелдіде тәрбиеленген. Даметкен, Шәкен апаларымен әке-шешесі қайтыс болған соң үшеуін әкем  тәрбиеледі.    Қомаркен ағам 1926 жылы туып – 1990 жылы қантар айында қайтыс болды. Ұлы Отан соғысының ардагері. Қомаркеннен – Марат 1950 жылғы, бұрын Көкшетауда тұрған, қазір Екібастұзда тұрады, зейнеткер. Мараттан –  Руслан – Нұрислам, Тимур – Динара, Самир, Ринат – Дарина, Илияс.    Қымбатта екі ұлы бар, Қуандық – Қарим, Қайрат – Солтан.

1972 жылы Ертістен көшіп Екібастұзға келген соң (Аққөл Екібастұз ауданына қарайды) қызмет бабымен Аққөлға барғанда, 1975-76 жылдары сәлем беріп шығайын деп Жандарбек атаға келдім. Ата «ия, бір қожа келді деп естіген едім, рахмет, салем беруге келгеніңе» деп батасын берді. Сонан-соң ата, осы, бізді «қожа» дейді, сонда қалай туыс боламыз десем, ата айтады «немене қожамын деп мақтанасың ба? Мен қожа емес қанжығалымын. Қожаны іздейтін кез келеді, сонда қожа боласың, қазір қыпшақ болып жүресінбе, сол қыпшақ болып жүре бер. Тағы қандай сұрағың бар, бір нарсені айта алмай отырсың, айта бер» деді. Ата мені Аққөлдағы қожалар «сен қай қожасың? қышқылдайсың, темекі тартасың» дейді десе, «сен қызмет бабымен қазір олай істейсің, ертең оның бәрін қоясың, осы ауылға ислам орталығын салатын, осындағы әруақтардың басын оң қарататын өзің боласың, айтқандар айта берсін» – деді. Ата болжап отыратын, келе жатқан кісіні не үшін келе жатқанын, не айтатынын біліп отыратын. 2000 жылдан Екібастұз қаласының мешітінде Ревизионный камиссияның бастығы болып істедім. Бабылбеков Арғын имам діні оқуға барайын деп, Жандарбек атаның батасын алайын деп, жолда келе жатып атаға беретін ақшамды бөліп алайын деп, қомақтылауын жолға, атаға осыны алайын деп екінші қалтама салып алдым. Ата батасын берді «аман жақсы бітіріп қайтасын» – деді. Енді садақа саларда әлі жолға деген ақшаны алып жатсам «балам оны жолға қалдыр, маған деп салған екінші қалтадағыны бер» – дейді, соны біліп қойды.  Арғын имамның ата-бабасы қанжығалы руынан, бала күнінен сол ауылда бірге тұрған. Атадан кішкене күнінен бата алып келген сол әдетімен барғаны ғой. Жандарбек атаның айтқаны 1975 жылдары келді. Тасболат пен Бекболат 2000 жылы Аққөл ауылында мешіт салды. Бұдан бұрын үш рет мешіт қабырғасын қаласа құлап қалады екен. «Қожа салып еді, күні бүгінге дейін істеп тұр! – дейді Аққөлдықтар.

Тасболат 3-атаға мешіт Аққолда салғанда қомақты қаржыны жұмсады, Ақтаудан ақ мраморды алдырды. Көзін ашқан құдыққа 63 литр зәмзәм суын Арабстаннан алдырды, намазхана салдырды, келгенде зиярат етуге қонатын үй салуға көмектесті. Газет-журналдардан қожа туралы мақалаларды тізіп, 1998 жылы ислам әлемі журналында мөрі басылып расталған 16-17-18 ғасырда Арабстаннан келген қожалар тізімінде №38 Құлбай қожаны қөріп атамыз ба деп болжадық, 2000 жылы Сарыарқа самалы газетінде «Исмам әлемі» журналынан қазақ халқының құрамындағы қожа этносы мақаласының  (көшірмесін жіберіп отырмын.)  Осы мақалада бұлт үстіндегі әулие Шаһ Бұзырық (Сабұлт) көне өзкентте жатыр деген мәлімет алдық. Қожа туралы шежірелер жиа бастадым. Жүсіп Әлқожаның Шөмекей шежіресінде Өтеген атаны таптық. 1992 жылы Түркістанға барғанда, Сейт қожалар шежіресін Алакөлге апарғанда, 2004 жылы Аягөзге Әзіз әулет кожалар туралы кітап алдық, 2009 жылы Айтбай Қәріпбековтың ислам және қожалар кітабын 2010 жылы Сейітомар Саттаровтың М Әуезовтың ата-тегі кітабын.

Автордың адресін Алматыдан Амангелді Иранғайып алып берді, қарасақ Сарыағашта тұрады екен, телефон номері де бар. Қажылыққа барған 1999 жылдан «қожа бауырым» деп Амангелді Иранғайыппен таныстық, Сарыағашта курортта Сейіткенмен таныстық, 2007 жылдары Сарыағаштан Әбдісаттар, Әбдіжаппар, Әбдіғаппар, Әбдішүкір бауырларымызды Меккеде Хихметпен таныстық, «Пайғамбар ұрпақтары» 3том Кемел Жүністегінің қітабын алып өзімен таныстық. 2006 жылы Жандарбек атаның 100 жылдығына Мұрат Әуезов келді.

Конференцияны өткізген Жамбыл Артықбаев. 2011 жылы Исабек ишан кесенесі салынды. 2012 жылы Ақкөлда Исабек ишан мен 3 атаға мешіт салған, күмбез көтеруге де қомақты қаржы берген Тасболат болатын. 2011 жылы қыс түсіп қалған соң 2012 жылы шілдеде ашылу рәсіміне Тасболат алыстан келетін қожаларға 12 қанат киіз үй тігіп, өзі қарсы алды. Астанадан Бурханов, Сарыағаштан Сейітомар, Әбдісаттар, Әбдіжаппар, Атматыдан Батырбек Айтжанов, Қызыл Ордадан Исабек ишан әулетінен тікелей ұрпақтары келді. Әшірбек Америкадан келе алмады.

Торғай Иранғайыпұлы Нұрлыбектің үйінде

Сейітомар бауырыммен 2011 жылы Сарыагаш курортында 1-ші рет кездескенбіз, 2012 жылы 2-ші рет кездестік, 3-ші рет 2013 жылы Ашірбек, Ұлан, Сейтекенмен кездестік, 4-ші рет Ашірбек пен Сейітекен қарақұдық пен 25-жылдық Муткенов кеңшарына келді. 2011 жылдан Сейітекең мен Ашірбек бауырлар оған Амангелді Апушев қосылып Қожалар көбейдік, енді 5-ші рет Арқалықта Амангелді кеншарында, Амангелді Иранғайыптың әкесінің 70-жылдығында кездестік. 2012 жылы Кожакентке Сабұлт баба кесенесіне барып Кызылорда, Жаңақорған, Кожакенттегі қожа бауырлармен таныстық. Сабұлт қожа шежіресін алдық, бірақ, онда біз жоқпыз. 2013 жылы Құрбан айтын сол қожакентте өткіздік, баба басында 1 қой беріп, құрбанды өткіздік. Сегізінші рет 2014 жылы Кызылордада тағы кездестік. 2015 жылы Амангелді Апушевтер ата-баба шежіресін тауып, қожаларды жиып, Павлодарда құрылтай өткізді.

2016 жылы маусымда 10-шы рет Балқашта, Қарағанды  облысы Ақтоғай ауданы, орта Дересінде Қараменде бидің зиратына болдық. Қәрі Шакиров Омар, Сатбек Рымқұл, Балхашта Ештанаев Казбек Опиұлы, Есенгелді Алтайұлымен кездестік. Балқашта барып кеткенімізді естіген сол жердегі Өтеген ұрпақтары артынан Шаймурат қожа звондап жатты.

Керим – Садық – Әбділмұрат – Шаймұрат,  адресі – Балқаш, 3а микрорайон 35 кв, тел: 7-11-93 мешіттің қасында тұрады. «Өтеген баба Дересінде, Қараменде би бөліп берген жерде тасқын шолақта жерленген» –  дейді  Шаймұрат қожа. Сапармұрат – Оспан – Әбіш – Асылхан – Бекет – Серік 1960 жылғы Қарағанды облысының ауылында тұрады. Ол да Шаймұраттың айтқанын айтты, жас кезімде мән бермедім «жалын журналында 1980-90 жылдар аралығында Өтеген бабанын арғы аталары берілген» – дейді Серік 11-ші рет 20016 жыл сентябрь айында.

2013-2014 жылы Ақтауда Ерменбет, Елеген (Сабұлт) қожалармен кездестік, Шаяннан жездесі мен апасы қонаққа келіп жатыр екен. Турцияда 4 жыл тұрып  дінді оқып келген, 2 баласы сол Ақтауда молла екен. Елеген Ақтауда қожалар қауымдастығын ашқан, соның басшысы екен. Елекеңнің үйінде де болдық. Елекең 2015 жылы қайтыс болды деп естідік. Жангелді келіні Гүлжиян қажы 1942 жылы туған, орта білімді,  медицина саласының қызметкері. Осы шежірені басынан бастап аяғына дейін зерттеп, 20 жыл уақыт жинақтап, өткен қожа аталарын іздестіріп, толықтырып, жоқ, аталмай қалған аталарын тауып, қазақстанның әртүрлі жерлеріне бардық. Қызылорда, Кұмкент, Қанакент, Торғай облысында, Амангелді, Жангелді аудандарында, Карағанды, Балқаш, Ақтоғай, шет аудандарын, Шымкент, Кентау, Түркістан, Алматы, Семей, Алақөл, Ақтау, Атырау қалаларында қожа аталарына кездесіп, сұрастырып, жинап, ерте кеткен аталарын зертеп, атасының ертеде айтқан қожа тегі туралы өнегелі сөзін тыңдап, Жангелді атасының қожа тегін, арғы атасын іздестіріп, бісыпыра тер төгіп, денсаулығына қарамастан, атқарып орындады. Гүлжиян Жангелді келініне балалары, қалдырған қожа туыстары, ағайындары, қайынапалары, тегіс бүкіл Құлыбай ұрпағы риза. Гүлжиянға шексіз ризамын.

Баянауыл маңы және Совет аға естеліктері.

 Алтай бауырым Балқашқа барғанда «маусым айында пішенде жүріп жолыға алмадым, келіп қонақ болыңыздар» деген соң, Сейітекеңмен бардық, ол қісінің айтуы бойынша: «Данияр, Тұрсын, Айнақожа, Жармағамбет, Алпысбай (Айтбай) мен атам Жармағамбеттің бауырында өстім, сонда атам Өтегеннен Данияр (Гинвар, Қасым, Турсын). Гинвар атты баласы Семей жаққа молла болып кеткен, содан хабар жоқ, одан тараған бауырларым сіздер» дейді. Сол Айтбай бауырымның «Ғинуары» Данияр шығар. Сонда Құлыбай Даниярдың баласы болуы керек. 12-ші рет Қызылордада наурызда кездестік.

Исабек ишан асына ұрпағы Камелидин ұрпақ шежіресін алып келді.
Исабек ешан басында
Ағайындар Павлодарда бас қосты
Жаңақорған-Жолдасқожаның үйінде
Хорасан ата басында. Іштегі ықластың жалыны жеңешенің төбесінен көрінді.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button