Шортанбай (Әли Мұхаммед) Қанайұлы

Нәсіп

Шортанбай Қанайұлы

Жерге біткен тау пияз

Жегенмен тамақ болар ма?

Шернеуде жазған несіпке

Дария құйсаң толар ма?

Сүмбіле туып, күз болмай,

Көкорай шалғын солар ма?

Кәрілік келсе  қайтадан,

Жасарып адам толар ма?

Кәрілік пенен мінезге

Білсеңіз, бағым болар ма?

Сүтке біткен мінезге

Сүйекпен кетпей болар ма?

Иманнан басқа нәрсені

Құдайдан көп сұрама.

 

***

Ерден қадыр кетпесе,

Отырмайды  есікте,

Сөйлес деген мейманға,

Сөз қатқанша кешікпе.

Халықпенен қас болып,

Оңбас түске өшікпе.

Ердің құны сөз емес,

Қисабын тапқан сабазға.

Төрден орын тимейді,

Төреде болса,  малы азға.

Мойын бұрып сөз қатпа,

Көңіл қалған аразға.

Сурет Болат Омарәлиевтің қорынан алынды

Метки

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка вернуться наверх
Закрыть