Майлықожа

Майлықожаның мұрасын іздеген жылдар

Майлықожаны білмейтін адам Оңтүстікте кемде-кем. Жастайымыздан есітіп, жаттап, айтып өстік. Ақын еңбегін зерттеуде Ә.Оспанұлы үздіксіз,жүйелі түрде еңбектенді. Тұрсынәлі Айнабеков ерінбей жалықпай жыйғанын Әсекеңе жеткізіп тұрды.     Ақын еңбегі өз алдына 1972-жылы «Нақыл» деген алақандай кітап болып шықты. Кеңестік жүйе тарқаған соң Ә.Оспанұлының қолынан «Дүние-ай», «Тымса», «Қара сөз», (Әмір Әмзе» – быраз дүниесі жарық көрді. 2005-жылы барлығы жыйнақталып «Майлықожа» деген атпен көлемді жыйнақ шықты. Бырақ ел арасында әлі де ақынан қалған көп дүние бар еді. Әсекең аттанып кетті-Ғылым академиясындағы сирек қолжазбалар қоры, М.Әуезов атындағы әдебиет және мәдениет институтындағы қолжазбалар, ел арасындағы қолжазбаны устанып,тутынып отырған азаматтар жетерлік еді. Бадам-Ақ булақтағы Сейтқазы аға, Жарты төбедегі Асан молда қолжазбасы, Жүніс молда қолжазбасы, Жүсіпқожа Қалқожа ұлынан қалған қолжазба-айта берсең көп. Аталған қолжазбаларда көптеген айтылмаған сөздер,термелер,хаттар, арнаулар,көңіл айтулар бар еді.

Қызығу деген іздену-Ел арасында осылар біледі деген азаматтарды аралай бастадым. Сейтқазы ағаның қолжазбасынан Майлы ақынның «Сейтжаппар төреге» жазған хаттары, «Мәдәмин төреге» жазылған хаты,Мәделіқожаның көңлін сураған толғауы «Мұхаммад (С.А У.) ғарға кіргені» туралы дастаны табылды. Ал енді шындап кірістік. Майлықожаның замандасы  Жүсіпқожаның қолжазбасы ұлы Түймеқожаның қолынан өтіп ұлы Диар ағаға-ол кісіден өтіп ұлы Ыбрахымнан алдым. Жартөбеден Асан нағашымның қолжазбасынан Әбжәмил нағашы «Адам ата»  туралы толғауды бірнеше термені оқып отырып жаздырды. Жартөбеден Темірхан марқум іздеп келіп бір қалын дәптер толған өлеңдерді беріп кетті. Сол ізденгенен ҚР-Академияның сирек қолжазбалар қорына келдім. Ең бірінші Қысраубек Амантаевтың атына жазылған 706-папканы ашып жіберсем мен іздеген дүние осында болып шықты-1-дәптер-Зайт ұры. Абдулла бала.2-дәптер-Тотынама, Қанайға көңіл айту,Имамбердіге айтқаны, Насихат,Ақмолда мен Райымқұлды табыстыру, Тұрмаханбет, Тұрлыбекке, Тайтеліге көңіл айту, Ысаға айтқаны, Шәріп пен Майлы, Алты ақын, Бисмілла дедім Я Алла, Бисмілла қалам алалы, Сөздің басы Бисмілла, Атамыз адам пайғамбар, Мәделі батыр ағамыз, Шахмарданға барғаны, Тұрлыбекке, Терме, Зарқум.

2-дәптер-Майлы мен 95-ке келген шайыр,Қабырға сүйер халқыңа, Көштің көркі түйе еді, Қосым ешан мен Майлықожа, Ағашқа шықсаң бекінгін, Әуелі Құдай жаратты, Сөздің басы Бісмілла, Майлы мен Айманқыз, Майлы мен Құлыншақ.     263 папка-Майлы мен Айман қыз, Майлы мен Құлыншақ-айтыстары бар еді   М.О. Әуезов атындағы мәдениет және өнер институнан алғандарым қаншама, бір ғана Монтайтастық Абдраймов Мұраттың өзі неге тұрады бул азаматтың өткізген дүниесінде-«Әуелі сөзім бисмилла», Бисмилла деп бастайын, Ауыл малы бұралқы, Баһар көктем келгенде, Ойдым,ойдым, ойдым жер, Құдреті күшті Құдай-ай,-4-дәптер-Көштің көркі түйе еді, Жарылқамақ тәңірден, Тұрлыбек датқаға,979-дәптер Майлықожаның жиендері Рахманбердіден алынған-Мүлк егесі бір Алла, Майлықожа мен Айман қыз. Қожатоғайдан Кайфиддин інім Қантай ешаннан бергі жердегі қолжазбаны берді. Дербісекте тұратын Нышанбай аға-6-7 бет терме жаздырды. Жүсіпқожа , Асанмолда,Жүнісмолда, Сейтқазы, Керімбек – қолжазбаларынан-«80-күн кесел болғанда», «Пайғамбарлар орнына», «Сейтжаппар төреге» жазылған 3-хат, « Молда Қадырға» жазылған 2-хат- «Айғанымға» жазылған хат,«Ат жақсы арғымақтан шабыс болса» «Наурызбайға». «Мұхаммад пайғамбардың Ғарға кіргені», «Мұхаммад пайғамбардың әлемнен өткені»- «Осы елдің ескі уақытын айтты Майлы», »Түркстанда Көтеншілерге айтқаны» «Майлықожа мен 93-келген шайыр», «Молда Қошықтың асында айтқаны», «Нарбекке жоқтау», «Абдрахманға» жаңа термелер табылды. 2009-жыл Майлықожаның туылғанына 175-жыл толады. Түркстанда халықаралық ғылми-теориялық конференция өттті. Конференция өтті-ғалымдардың лебіздері бір кітап,менің жыйғандарым бір кітап болып шыға келді. 2010-жылы Астана қаласында ҚР-президенті Н.А.Назарбаевтың Мәдениет сарайында Майлы қожаның «Терме кеші» дүркіреп өтті. Қолымда бар дүние мен «Майлықожа Сұлтанқожаұлы-Терме-толғау» атты жыйнақ шықты.

 

Қ.А,Иасауи- ХҚТУ   Түркология ҒЗИ-23-дәптер-Майлықожаның термесі-95 жол, Жалған дүние сен жолдас қанша күндік-42 жол, Жоқтау-296 жол, Әзірет Саллаулаһи Әлейһи ассалам-402 жол, Майлы ақынның молла Қадірге жазған өлеңі-192 жол, Майлы ақын-84 жол, Майлы ақынның сайлаудағы арызының мазмұны-47 жол, Майлы ақынның Сейіт Жаппар төреге жазған өлеңі-370 жол,Майлының молла Есенбайға жазған өлеңі-94 жол, Майлықожаның термесі-572 жол. Енді қолда барды толық  бір жыйнақ шығару қажеттілігі шықты. Қолда бар қолжазбаларды көтеріп Ғылым академиясына  М,Журынов ағаға келдім, ол кісі мені ғылми кітапхана басшысы Төлтаевқа  жіберді. Мундағы азаматтар іске кірісіп барлық дүниені түгел аударып шықты. Табылған дүниелер бірін –бірі қайталап, толтырып жатты, узақ зерттеп жобасын жасадық.  Қарлығаш Қаймақбева,Гулшат Абикова, Тоқтар Әлібек, Нұржұма Елесбай, секілді қолжазба мен бірнеше жылдар айналысқан азаматтарға Алла разы болсын. Мен Майлықожаны біреудің кемшілігін көрсету, төмендету,мақтан үшін емес, шын мәнінде халық сүйген Майлықожаны іздедім. Осы айтылғандардың жобасын айтып не кеңес бересіз деп барғанымда марқум Шілтерханов  Әдіхан аға -Секе! Бул Әсілханның да, менің де, Тұрсынәлінің де арманы еді ғой-деп қуанған еді.

Редакция алқасы:Саттаров С., Әлбеков Т., Елесбай Н., Жандарбек З., Қаймақбаева Қ.Е., Абикова Г.М., Егеубаева Г.Қ.  Жинақты басуға «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы ұсынды. жауапты редакторы: филол.ғ.к. Тоқтар Әлбеков

                                                         Түйін  (РЕЗЮМЕ)

Рухани, мәдени мұраларымыздың бары мен жоғы таразыланып жатқан бүгінгі күнде орындауға тиісті міндеттердің көп екені белгілі. Мұндағы басты мақсат -халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай мұрасын, қастерлі құндылықтарын толық игеру, жарыққа шығару, зерттеу,ұрпақтардың игілігіне жарату арқылы елге, жерге, Отанға деген құрметті, сүйіспеншілікті орнату, сол арқылы тұғыры биік Мәңгілік ел идеясын жүзеге асыру.

Сейіт-Омар Саттаров көп жылдар бойы Түркістан облысы, Өзбекстанның Ташкент өңірінен, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университеті жанындағы Түркология ғылыми-зерттеу институтының, ҚР «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы және М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорлары мен көне қолжазбаларды сақтаушы адамдардан жинақтаған, XIX ғасырда өмір сүрген Оңтүстік өңірден шыққан аса ірі ақындардың бірі Майлықожа мұрасын жеке жинақ етіп құрастырды.

Ұсынылып отырған еңбек Майлықожаның «Толық шығармалар жинағы». Бұл жинаққа бұрын жарық көрмеген, түрлі мұрағат көздерінде жатқан мұраларын араб, латын, қадым жазуларында хатқа түскен мәтіндер кирилл әрпіне аударылып, текстологиялық сараптаулар жасалып, артық-кем тұстары толықтырылған.

Кітап кұрылымы жанрлық тұрғыдан: «Өлеңдері, толғаулары мен арнаулары», «Термелері», «Мысалдар», «Көңіл айтулар мен жоқтаулары», «Бір қақпайлары», «Айтыстары мен қағысулары», «Дастандары», «Майлықожа жеткізген халық мұралары» атты сегіз бөлімге жіктелген. Ақын шығармаларында ең әуелі, Ислам дінінің кұндылықтары, оның қазақтық үғыммен, ұлттық дәстүрімен біте қайнасып,болмысымызға сіңген тамаша қасиеттерін жыр ете отырып, ұрпақты адамгершілікке, тазалыққа, білімділікке, әділдікке шақырады. Арнаулары мен жоқтауларында өз заманындағы Оңтүстік өңірдің көптеген тарихи тұлғаларының істерінен мол мағлұмат берсе, термелерінде адамдық құндылықтарды, ар-намыс, ұят, ана мен атаның қадірі, ел мен жердің қадір-қасиеті т.б. тереңінен түйіндейді.

Майлықожаның Түркстаннан шыққан соңғы жинағы-2020-жыл

 

 

Сейт Омар Саттарұлы

 

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button